Регистрация








Ссылка на сайт:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамалық негіздері
Скачать файлы:
Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің негізгі арқауы болып табылады.

Өйткені, Тәуелсіздік – Ол кісінің мүддесі мен үмітінің нәтижесіндегі қазақ халқының ғасырлар бойындағы арманының орындалуы.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІНІҢ

20 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2010

«Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар

 үшін аса қасиетті құндылық»

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті – Ел басы 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу

 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің

тұжырымдамалық негіздері

 

Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тұлға Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» деген сөзі Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің негізгі арқауы болып табылады.    

Өйткені, Тәуелсіздік – Ол кісінің мүддесі мен үмітінің нәтижесіндегі қазақ халқының ғасырлар бойындағы арманының орындалуы.  

Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың үздік көсемдігінің арқасында қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы   төрт негізгі қағидадан тұрады: 

Тұжырымдамалық, философиялық, құндылықты. Бұл жерде «Тәуелсіздіктің» түсінігі, оның көп өлшемді мазмұны талданады. Мемлекеттің барлық өмірінің негізі тәуелсіздік болып табылатынына сүйенуіміз керек. Дәл осы Тәуелсіздіктің нығаюы – Елбасы және барлық мемлекеттік органдар қызметтерінің негізгі мағыналық желісі.

Сонымен қатар, бұл өте маңызды құндылық. Мемлекет және еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздікті сақтау үшін барынша күш салуы қажет. Бұның мәнісін ашу үшін біздің ғылыми институттарымыздың жұмысы (Қазіргі заманғы тарих институты, Философия және саясаттану институты), ғылыми конференциялар мен симпозиумдер өткізу керек.

Тарихи. Қазақ халқы көп ғасырлардан бері тәуелсіздікке ұмтылып келді. Бүгінгі күнгі Тәуелсіздікте көптеген ұрпақтың қыруар еңбегі бар. Сондықтан мерекелеу әрбір қазақстандық үшін ерекше мәнге әрі маңызға ие.

Қазіргі ұрпаққа ерекше тарихи – Тәуелсіздікті сақтау және нығайту міндеті жүктелген. Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары осы құндылықтарды қоғамдық  санаға жеткізуге бағытталуы тиіс.

Идеологиялық. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – 2011 жылмен қатар еліміздің барлық тәуелсіздік жылдарындағы басты оқиғалардың бірі. Сондықтан еліміздің өз Көшбасшысының жетекшілігімен қол жеткізген барлық жетістіктерін көрсету қажет. Барлық салалық министрліктер мен әкімдіктер БАҚ-тарды және инновациялық ақпараттық PR- технологияларды кеңінен қолдана отырып, көлемді көрсетілімдер өткізулері керек. 

Халықаралық. Әлемдік қауымдастық Қазақстанның тұрақты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет құру жөніндегі жетістіктерін, Елбасының ұлттық бірлікті нығайтудағы жүргізіп отырған саясатын жоғары бағалайды. Тәуелсіз Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарды басқарды. Тәуелсіздіктің мерейтойын мерекелеу оның 20 жылдық дамуының контекстіндегі елімізді кеңінен таныстырумен сүйемелденуі мүмкін. Бұл жұмыстарды Сыртқы істер министрлігі және Қазақстанның шет мемлекеттердегі елшіліктері жүргізетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕРЕКЕНІҢ ИДЕОЛОГЕМАЛАРЫ

 

 

«Жұмыла отырып, біз өзіміздің миссиямызды табысты орындаудамыз – тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз».

 

Н.Назарбаев

(Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық –

жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы

 

 

БОСТАНДЫҚ

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, халық және әрбір азамат өзінің болашағын өзі дербес құруға шынайы бостандыққа қол жеткізді.  

 

«Қазақстан Тәуелсіздігінің формуласы – бұл тең мәнді екі ұғымның – АЗАТТЫҚ пен ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ қосындысы».

 

Н.Назарбаев

(ҚР Тәуелсіздігінің 17 жылдығына арналған

салтанатты жиналыс, 2008 ж.)

 

 

БІРЛІК

         Қазақстан тәуелсіздік таңы атқаннан бастап тең құқықтықтан, достықтан және келісімнен құралған барлық елдің бірлігін, өз дамуының негізі ретінде белгіледі.

 

 «Ұлттық бірлік – біздің Стратегиялық таңдауымыз».

 

Н.Назарбаев

(Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы)

 

 

ТҰРАҚТЫЛЫҚ

         Қазақстан қол жеткізген барлық жетістіктері үшін елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірінде салтанат құрған тұрақтылыққа борышты.

 

  «Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылық».

Н.Назарбаев

(ҚР Конституциясы күніне

арналған әскери шеру,

2009 жылғы 30 тамыз)

 

ӨРКЕНДЕУ

Қазақстан таңдаған дұрыс мақсатының арқасында уақыттың барлық сынағына төтеп берді, елдің, өз халқының, әрбір қазақстандықтың өркендеу жолына қадам басты.

 

         «Өркенді де күшті Қазақстан – біздің мемлекеттіліктің мақсаты мен мәні осында».

Н.Назарбаев

(ҚР Конституциясы күніне

арналған әскери шеру,

2009 жылғы 30 тамыз)

 

 

Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеудің

КҮНТІЗБЕСІ

 

1.           Қаңтар – «Азиада»

Бұл ай Қазақстан Республикасының жетістіктері мен экономикалық   ауқаттылығы, халықаралық беделі және оның Көсемінің  нышаны ретінде – Азиада жалауының аясында өткізіледі.

Халықаралық спорт қауымдастығының жоғары бағасын алған Азиада, тек спорттық ауқаттылықтың көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар, халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жағдай жасап отырған Қазақстанның экономикалық қуаттылығының көрсеткіші болып табылады. Салауатты өмір салтын шынайы ұстанушы ретінде Елбасының бейнесі және оның спорттық әуестіктері Қазақстандық спорт жетістіктерін кеңінен көрсетумен қатар насихатталады.

 

2.           Ақпан – «Қазақстандық жол»

Бұл ай Қазақстан және оның Көшбасшысының жоғары халықаралық беделіне арналады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на табысты төрағалығының қорытындысы шығарылып, ИКҰ және ШЫҰ-ның ағымдағы төрағасы ретіндегі рөлі атап өтіледі. Бұл жетістіктер Қазақстан Республикасының негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық беделімен тығыз байланысты. Қоғамның назары тәуелсіздіктің ажырамас бөлігі мемлекеттік шекараның делемитация тақырыбына  аударылады. «Қазақстан: Шығыс және Батыс. Өркениеттер үндестігі» тақырыбындағы ауқымды халықаралық іс-шараны өткізу жоспарлануда. 

 

3.           Наурыз – «Дәстүр»

Бұл ай ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарға құрмет көрсетуге арналады.

Ол Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуден бастау алады да әрі қарай Наурыз мейрамына ұласады. Айдың басында Елбасының төрағалығымен Халықаралық әйелдер күніне арналған ауқымды халықаралық әйелдер форумы өткізіледі. Ана мен баланы жан-жақты қолдауға бағытталған еліміздің әлеуметтік саясаты кеңінен жарияланады. Қарапайым еңбеккер ауылдағы дәстүрлі қазақ отбасында дүниеге келіп, халықаралық көлемдегі ірі мемлекеттік қайраткер деңгейіне көтерілген Елбасының бейнесі    насихатталады. 

  

4.           Сәуір – «Ғылым және технология»

Бұл ай Қазақстанның индустриалды-инновациялық серпіндеріне арналған.

Ай бойында елімізді реформалау және экономиканы диверсификациялаудағы ғылым және жаңа технологиялардың рөлі мен маңызы атап көрсетіледі. Озық ғылыми стандарттар мен әлемдік бәсекеге қабілеттілік талаптарына жауап беретін жаңа технологиялық желілер енгізілетін ірі өндіріс объектілерге, ақпараттық технологиялар паркіне, үздік ғылыми мекемелерге Елбасының қатысуы ескеріледі. Нобель және басқа да халықаралық сыйлықтар лауреаттарының қатысуымен ауқымды халықаралық форумдар өткізу мүмкіндіктері қарастырылады. Қазақстанның инновациялық даму моделінің авторы ретіндегі Елбасының қызметі кеңінен насихатталады.

 

5.           Мамыр – «Бірлік»

Қазақстан халқының бірлігі және Отан қорғаушылар айы әскери-патриоттық тәрбиеге арналады.

Толеранттық және Қазақстан халқының бірлігі идеялары насихатталады. Елбасының бейнесі ұлтаралық келісімге бағытталған саясаттың авторы және тәуелсіздіктің берік тірегі – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрушы – Бас Әскери қолбасшы ретінде кеңінен насихатталады. Қазақстан Президенті, Орта Азиядағы ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы жоғары халықаралық беделінің арқасында танылған аймақтық лидер ретінде қарастырылады. Қазақстан халқының бірлігі күнін, 7-мамыр Отан қорғаушылар күнін және 9-мамыр Жеңіс күнін ауқымды мерекелеу жүргізіледі.

 

6.           Маусым – «Патриотизм»

Патриотизм айы.

Ол 4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің күнімен байланыстырылады. Туған еліңе және тәуелсіздікке құрмет Елтаңба, Ту, Әнұран және Елбасы сияқты мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады.  Бұл айда жалпы республика бойынша мемлекеттік рәміздермен қатар Тәуелсіздіктің бір символы ретінде Елбасының бейнесі кеңінен насихатталады. Іс-шараларды өткізуге демалыстың алдында барлық мектептің жоғары сынып оқушылары және студенттер тартылады.

 

7.           Шілде – «Қазақстанның Астанасы»

Қазақстан елордасының айы. Астана – Еліміздің жетістігі, өркендеуі және болашаққа ұмтылысының нышаны.

Оқиғалар қатары – Елорда күнін мерекелеумен байланысты дәстүрлі мәдени іс-шаралардан басталып, Қазақстан Республикасының негізін қалаушы – Елбасының туған күніне ұласады. Мерекелік іс-шаралар кезінде Елбасының елорданы көшіру идеясының авторы және Астананың негізін қалаушы ретіндегі рөлі белгіленіп, Астана мен Елбасының ажырамас тұтастығы ерекше атап өтіледі.  

 

8.           Тамыз – «Тәуелсіздік негіздері»

Тәуелсіздік негіздерінің айы.

Бұл жерде еліміздің Ата Заңының тәуелсіздікті нығайту және Конституцияның кепілі ретіндегі Елбасының рөлін нығайтудағы маңызы аталып өтіледі. Қазақстандықтар үшін Конституцияның қабылдануы тәуелсіздік тарихындағы жаңа дәуірдің басталуымен бейнеленеді.  Конституция Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуінің берік негізі болып табылады.  Ағымдағы Конституцияның әлеуетін барынша пайдалану қажеттігіне ерекше назар аударылады. Елбасының дұрыс демократиялық мемлекет құрудағы рөлі атап көрсетіледі. Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері күшті президенттік билікпен байланыстырылады. Биліктің заңнамалық бұтағын құрудың жетік қазақстандық моделі – бүгінде Орта Азияның басқа мемлекеттерінде белсенді қолданылып отырған қос палаталы парламент, сондай-ақ жалпы қабылданған демократиялық стандарттарға сәйкес келетін тәуелсіз сот жүйесінің жетістіктері насихатталады.

     

9.           Қыркүйек – «Руханият»

Руханият айы.

Ол білім, мәдениет, тіл, рухани келісімге арналады және Білім күні мерекесінен басталады. Елбасының жаңа балалар бақшаларына, интеллектуалдық мектептер мен Назарбаев Университетіне баруы қарастырылады.   Батыстың ірі университеттерінде жас мамандарды дайындауға арналған үлкен жастар форумы өткізіліп, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау жөніндегі «Болашақ» президенттік бағдарламасының қорытындысы шығарылады. Ұлтына қамқор әке ретіндегі Елбасының рөлі кеңінен түсіндіріледі.

  

10.      Қазан – «Ауылды қайта дамыту»

Ауылды қайта дамыту айы.

Ол ауыл шаруашылығы жылының қорытындыларын шығарудан басталады және агроөнеркәсіп кешеніндегі серпінді жобаларды насихаттаумен жалғасады. Агроөнеркәсіп секторындағы қызметкерлердің жалпы ұлттық форумы өткізіледі. Ауылды реформалаудың қорытындылары шығарылады.  Елбасының аграрлық өндірісті индустрияландыруға, ауылды қолдау мен дамытуға бағытталған саясатты жүзеге асырудағы рөлі насихатталады.  

 

11.      Қараша«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму»

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму айы.     

Бұл айда нақты экономикалық тәуелсіздік пен Қазақстанның табысты қаржылық реформаларының символы – ұлттық валюта Теңге күні кеңінен мерекеленеді. Жылдың қорытындылары шығарылады. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың Президенттік бағдарламасы бойынша жаңа объектілердің ашылуы және қатысуы болады. Елбасының «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» объектілеріне, құрылып жатқан халықаралық темір жол магистралдарына, мұнай және газ құбырларының ашылуына қатысуы қарастырылады. Елімізді әлемдік экономикаға табысты ықпалдасуды қамтамасыз ететін «Қазақстандық жол» авторы ретіндегі Елбасының рөлі кеңінен насихатталады. 

  

12.      Желтоқсан«Тәуелсіздік»

Тәуелсіздік айы.

25 қарашадан бастап «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» ұранымен  екпінді             20-күндік өткізіледі. Оның барысында барлық қазақстандықтар үшін ұлт тарихындағы ерекше жаңа дәуірдің бастауы тәуелсіздік жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының құрылу бейнесі ретінде атап өтіледі.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу Қазақстанның барлық тәуелсіздік тарихындағы аса көрнекті оқиғасы болуы тиіс.  Оның мақсаты – Қазақстанның жетістіктерін кеңінен насихаттау, тәуелсіздік жылдарындағы қорытындыларды шығару, сондай-ақ, еліміздің жетістіктері мен мүмкіндіктерін ел ішінде және одан тыс жерлерде көрсету болып табылады.

 

 

 

 

 

20 жұлдызды күн

КҮНТІЗБЕСІ

«Тәуелсіздіктің жиырма шыңы»

(2011 жылғы 26 қараша - 15 желтоқсан)

 

1.                      «Менің Қазақстаным».

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні. Бұл күн шеңберіндегі іс-шаралардың желісі қазақстандықтардың мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Әнұран, Ту және Елбасыға көрсететін шексіз құрметі болып табылады.

 

(«Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетімізбен, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар тәуелсіз еліміздің қасиетті біріктіруші бейнесін көрсетеді.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет Қазақстан халқы күші мен абыройын айғақтайды, біздің патриотизміміз бен жоғары азаматтығызды көрсеткендігіміз болып табылады».)

 

Н. Назарбаев

 

2.                «Атамекен».

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күні. Іс-шаралардың желісі – мемлекеттіліктің маңызды белгісі ретінде шекараны халықаралық – құқықтық рәсімдеудің ерекше мәнін және бұл процестегі Елбасының тарихи рөлін айқындау болып табылады.

Көршілерімен құрлықта он төрт мың километрге жуық шекарасы бар, Қазақстан бүгінде оны «Достық пен тату көршілік шекарасына» айналдырды.

 

«Заңды түрде бекітілген мемлекеттік шекара, көршілерімізбен жақсы қарым-қатынас – мұның бәрі тәуелсіздік жылдарында біз бірге қол жеткізген үлкен ұлттық жетістіктер».

         Н. Назарбаев 

 

 

3.                «Ата заң».

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Іс-шаралардың желісі – Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата Заңның тарихи маңызы болып табылады. Ата заң – оның негізінде жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика құрылып келе жатқан берік іргетас.

«Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.

Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей құрметтеу».

 

Н. Назарбаев

4.                «Бейбітшілік кіндігі».

Бейбітшілік күні. Іс-шаралардың желісі – Семей ядролық полигоны жабылуының, Қазақстанды ядросыз аймақ ретінде жариялаудың, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы туралы әлемдік тарихтағы теңдесі жоқ шешімінің тарихи мәні. Елбасының ядросыз әлем құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылатын болады.

 

«Тәуелсіз Қазақстанның жауапкершілікті саясаты әлемнің үйлесімді дамуына қосқан біздің үлесіміз болып табылады. Егемен Қазақстанның алғашқы қадамдары – Семей полигонын жабу және ядролық қарудан бас тарту – жаһандық саясатқа, көпшілік үшін бүгінде қол жеткізгісіз, мінез-құлықтың жаңа “моральдық стандартын” ұсынды».

Н.Назарбаев

 

5.                «Келісім».

Ұлттық бірлік күні. Бұл күннің шеңберіндегі іс-шаралардың желісі Қазақстандық құндылықтар – еліміздің жетістіктерінің басты негіздері ретінде бейбітшілік, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриотизм және ел бірлігін одан әрі нығайту болып табылады. Қазақстан халқының Ассамблеясына ерекше назар аударылатын болады.

 

«Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр».

 

Н.Назарбаев

 

 

 

6.                 «Азаматтық қоғам».

Азаматтық қоғам институттарының күні. Іс-шаралардың желісі – басты демократиялық институттарды дамыту – сөз және бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы, Омбудсмен институты және Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия және олардың Қазақстанды саяси модернизациялаудағы рөлі болып табылады.

 

(«Біздің алдымызда – демократиялық үрдістер мен заң үстемдігіне негізделген экономикасы, күшті әлеуметтік саясаты, орнықты саяси институттары дамыған, жеке бас және қоғам қауіпсіздігі, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілген мемлекет болу, ұлан-ғайыр міндеті тұр».    

 

Н.Назарбаев

 

 

7.                «Дәстүр».

Бірлік және ұрпақтар сабақтастығы күні. Іс-шаралардың желісі – дәстүрлі құндылықтардың үлкен біріктірушілік мәні (тілге және мәдениетке құрмет, адамгершілік, ұрпақтар байланысы, патриотизм және төзімділік). Отбасы институты мемлекеттің тірегі ретінде.

 

«Әлемнің барлық халықтары әрқашан парасаттылықты, адалдықты, үлкендерге құрмет көрсетуді, әйелдерді сыйлауды, достықта адалдықты, Отанға деген құрметті бағалаған. Бұл категориялар әрқашан бағалы. Өздеріңізді осындай қасиетке тәрбиелеңіздер».

 

Н.Назарбаев 

 

8.                  «Болашақ».

Қазақстан жастарының күні. Іс-шаралардың желісі – Қазақстан тәуелсіздігі мен болашағын нығайтудағы жастардың рөлі. «Болашақ» президенттік бағдарламасына, «Жас Отан» қызметіне ерекше назар аудару.

 

«Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін».

 

Н.Назарбаев

 

 

9.                «Сергектік».

Спорт күні. Іс-шаралардың желісі – Қазақстанның спорт саласындағы жетістіктерін, салауатты өмір салты құндылықтарын, бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамытуды, Тәуелсіздік жылдарындағы спорттық инфрақұрылымды дамытуды насихаттау.

 

(«Қазақстанда спорт мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады. Біз республиканың әрбір тұрғыны әлеуметті тұрмысы мен жасына қарамастан, спортпен айналысуға мүмкіндігі болуына жағдай жасаймыз».)   

 

Н.Назарбаев

 

 

10.            «Ғылым».

Ғылым және ақпараттық технологиялар күні. Іс-шаралардың желісі – Қазақстанның ғылыми-инновациялық саладағы жетістіктері, білім, ғылым және инновация саласындағы мемлекеттің басымдықтары. Қазақстанның    табысты бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалдық ұлт қалыптастыру.

 

(«Әлем инновация мен технологияның жылдам дамуы ғаламдық дәуіріне кірісті. Адамзат дамуының жаңа кезеңі «білім экономикасына» өту болып табылады. Қазақстан бұл процестердің қапысыз қалмауы тиіс».)

 

Н.Назарбаев

 

 

11. «Мәдениет».

Мәдени мұралар күні. Тәуелсіздіктің рухани тірегі ретіндегі мәдениеттің мәні. Қазақстандық мәдениеттің әлемдік деңгейі. «Мәдени мұра» бағдарламасы.

 

«Қазақстан – бұл баға жетпес тарихи мұра. Тарихи мұраны меңгеру – бұл онсыз өз кезегінде шын патриотизм бола алмайтын халықтың тарихи жадының негізі».

 

Н. Назарбаев

 

12.   «Алтын теңге».

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты –  ұлттық валюта күні.

 

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».

 

Н. Назарбаев

 

13.   «Шаңырақ».

Тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысы. Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басымдығы. Тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының нәтижелері.

 

 

«Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш».

 Н. Назарбаев

 

14.   «Ауыл».

Аграрлық сектор күні. Іс-шаралардың желісі – тәуелсіздік жылдарындағы ауылдардың қарқынды дамуы, аграрлық секторды мемлекеттік қолдау. Азық-түлік қауіпсіздігі тәуелсіз және қуатты Қазақстанның маңызды параметрі ретінде.

 

«Қазақстан ауыл шаруашылық саласындағы бұдан да мықты держава болуы тиіс. Бұл үшін бізде әлеует те, ресурстар да жеткілікті».

Н. Назарбаев

 

15.    «Мемлекеттік тіл».

Қазақстан халқының тілдері күні. Іс-шаралардың желісі – Елбасының тапсырмасымен әзірленген Тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау. Ел бірлігінің факторы және Тәуелсіздіктің символы ретіндегі мемлекеттік тілдің ерекше маңызы.

 

«Біз қазақ тілінде сөйлеу қалауы әрбір қазақстандыққа табиғи нәрсе болуы үшін бәрін істеуге тиіспіз. Сонымен бір мезгілде біз Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін бұдан әрі қарай да барлық жағдайды жасайтын боламыз».

 

Н. Назарбаев

 

 

16.     «Білім».

Білім күні. Іс-шаралардың желісі – Елбасының тапсырмасымен әзірленген білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәуелсіздік жылдарында білім саласындағы жетістіктерді («20 интеллектуалдық мектеп», «Астанадағы жаңа университет», Алматыдағы Ақпараттық технологиялар университеті және т.б.) насихаттау. Білімді азаматтар – еліміздің басты ресурсі.

 

«Еліміздің негізгі капиталы – сапалы білім».

 

Н.Назарбаев

 

17.    «Денсаулық».

Денсаулық күні. Іс-шаралардың желісі – Тәуелсіздік жылдарында денсаулық саласындағы жетістіктерді, Елбасының тапсырмасымен әзірленген, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын. Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы.

 

«Халық денсаулығы - ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының  ажырамас құрамдас бөлігі».

 

Н.Назарбаев

 

18.    «Серпін».

Индустриалды-инновациялық даму күні. Іс-шаралардың желісі – Елбасының тапсырмасымен әзірленген және іске асып жатқан елімізді дамытудың үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау. Серпінді жобалар іске асырылып жатқан барлық өңірлермен теледидарлық көпірлер сияқты – түйінді іс-шаралар.

 

 

«Қазақстан табысты индустриальды державаға айналады».

 

Н.Назарбаев

 

19.    «Астана».

Елорда күні. Іс-шаралардың желісі – барлық Қазақстандықтардың болашаққа деген үміттері мен сенімдері бейнеленген тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде Астананың мәні болып табылады. Астананың тарихы біздің Тәуелсіздік тарихымыздың ажырамас бөлігі.     

 

 «Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің басты символы және қуатты факторы болды. Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көп ұлтты халқының біріктірудің қайнар бұлағы».

Н. Назарбаев

 

20.    «Отан».

Бұл күн Тәуелсіздіктің мұраттары мен құндылықтарына арналады.

 

«Біздің аталарымыз қазіргі Қазақстандай ұлан байтақ елді, өзіндік мәдениет және ерекше асқақ рух пен танымды қорғады және бізге мұра етіп қалдырды.  

         Менің кезімдегі ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанды құруды алға қоя отырып, ел тағдырын сеніп тапсырды. Бұл қиын әрі тарихи жауапты міндет болатын, біз оны орындадық».

Н.Назарбаев

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдады. Қазақстан тұңғыш рет халықаралық қатынастардың сындарлы субъектіне айналды. Бұл тарихи оқиға – қазақ халқының ғасырлар бойындағы мүддесі мен үмітінің орындалу нәтижесі.

Өзінің тәуелсіздік даму тарихының қысқа мерзімі ішінде Қазақстан қоғамдық өмірдің түрлі салаларында ауқымды реформаларды жүзеге асыратын  қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды.     

Бүгінгі күні еліміз Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудың ең маңызды бөлігі ретінде қаралады. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында оңды өзгерістердің танылған көшбасшысы болып табылады. Ал ЕҚЫҰ-ға төрағалық – халықаралық алаңдағы өскен беделінің көрсеткіші.  

Алдағы тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын мерекелеу қорытынды шығаруға, жетістіктер мен табыстарды көрсетуге мүмкіндік беретін, тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылдық тарихындағы аса маңызды және жарқын оқиға болуы тиіс. 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаты мемлекеттілікті, Қазақстан халқының бірлігін және негізінде тұрақтылық, бейбітшілік және келісім жатқан базалық құндылықтар айналасында қоғамның топтасуын нығайту болып табылады.

Мерекелеудің негізгі міндеттері:

- Қазақстанды азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісім, Елбасының салиқалы саясатының негізінде күшті, тұрақты дамушы және әлем мойындаған мемлекет ретінде бекіту;

- өз еліңнің, халқыңның өткеніне, тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- Қазақстанның жетістіктерін және мемлекеттің мүмкіндіктерін ел ішінде және шет елдерде кеңінен насихаттау;

- мемлекеттің жаңа онжылдықтағы стратегиялық міндеттерін насихаттау;

- мемлекеттің тәуелсіздігін құру процесіне қатысты екенін және мақтаныш сезімін, ел тағдыры мен ұрпақ болашағына жауаптылық сезімдерін қалыптастыру;

- еліміздің барлық азаматтарын мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге және оларға белсенді қатысуға тарту.

 

МЕРЕКЕНІҢ СЫРТҚЫ АТРИБУТТАРЫ

Мерекенің логотипында республиканың мемлекеттік символдарының (ту, герб) элементтері болуы тиіс.

Көрнекі үгіт эскиздері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи жолын, оның қазіргі заманғы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайын бейнелеуі керек. Оларға реформалар бағытын, еліміздің абыройының өсуін қолдауға, ел ішіндегі және шет елдегі жетістіктерді мойындауға бағытталған  идеяларды салу қажет.

Мерекенің түс гаммасы мемлекеттік символдардың түс гаммасында негізделуі керек, яғни көгілдір түстің алтынмен (охрамен) үйлесінің басым болуы.

 

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

Дайындық кезеңі (2010 жылғы желтоқсанға дейін) – бұл кезеңде мерейтойды мерекелеу бойынша барлық қажетті құжаттар және тиісті шаралар қабылдануы тиіс.

Мынадай жұмыстың негізгі бағыттарын іске асыру көзделуде:

- тиісті нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу (мерейтойды мерекелеуге дайындалу туралы Үкімет қаулысы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын  мерекелеудің жалпыұлттық жоспары, Мерекелеуді ақпараттық-имидждік сүйемелдеу тұжырымдамасы, Мерейтойды ақпараттық сүйемелдеу туралы медиа жоспар және т.б. құжаттар);

- аталған құжаттардың негізінде ұйымдастыру – практикалық іс-шаралар кешенін өткізу.

 

Негізгі кезең (2011 жылғы қаңтар – 2011 жылғы желтоқсан аралығы) – бұл кезеңнің шеңберінде Тәуелсіздіктің мәні мен түрлі аспектілерін айшықтайтын, түрі мен мазмұны жағынан әр түрлі іс-шаралар өткізу. Мерейтойлық жылдың әрбір айдың өзіндік арқауы бар.

Мерейтойлық іс-шараларды дайындауға және оларды өткізуге барлық мемлекеттік құрылымдар, жеке сектор, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдерін, халықаралық сарапшыларды барынша тарту қажет.

Өткізілетін іс-шаралардың географиясы – еліміздің барлық өңірлері. Барлық жерден мереке сезілуі тиіс. Әрбір қазақстандық өтіп жатқан іс-шараларға өзінің қатысы бар екендігін сезінуі тиіс.

Бұл кезеңде БАҚ-тарда мерекелік күн тәртібін көрсететін «Мерейтой күнделігі» немесе «мерекелік оқиғалар күнтізбесі» сияқты оқиғалар тарауы жұмыс істеуі тиіс.        

Дәл сол атаулармен веб-сайттарға жоспарланған оқиғаларға кеңінен тоқталатын күнтізбелер енгізілген флэш-анимациялық баннерлер орналастырылуы керек. Қалаған әрбір кісі қандай іс-шара және қай жерде болатынын білетін болады.  

Сонымен қатар, оқиғалар күнтізбесі және ішінде қысқаша түсініктеме берілген іс-шараның бағдарламасы салынған мерекелік іс-шараларға шақыруларды пошта арқылы тарату ұсынылады.

Күнтізбенің барлық нұсқаларында электрондық болсын, баспа түрінде болсын мерейтойдың логотибі көрініс табуы тиіс.

Негізгі кезеңнің шарықтау шегі «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» 20 жұлдызды күн болады, онда негізгі мерекелік іс-шаралар өткізілетін болады.

 

Мерекеден кейінгі кезең (2011 жылғы желтоқсан – 2012 жылғы желтоқсанға дейін) – бұл кезеңде мерекелеудің қорытындыларын шығару, кітаптар, деректі фильмдер, өнер туындылары, көрмелер және таныстырылымдар түрінде тарату да бекітілген.

Осы кезеңде еліміздің қол жеткізген негізгі жетістіктерін және алдағы уақытта да табыстарға қол жеткізуге ұмтылысын позитивтік түрде көрсетуді барынша қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, мерекеден кейінгі кезеңде еліміздің барлық жетістіктері кітаптарда, деректі және көркем фильмдерде, драмалық, опералық және балет спектакльдерінде, түрлі жанрдағы  музыкалық туындыларда және өнердің басқа да түрлерінде пәндік көрініс табуы керек, ал, барлық әлеуметтік-экономикалық және мәдени акциялар тәуелсіздіктің 20 жылдығы ұранымен өткізілуі тиіс.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету. Қазақстандықтардың саналарында мемлекеттіліктің және тәуелсіздіктің құндылықтарын бекіту. Патриоттық, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылыс сезімдерін қалыптастыру.  

 

Барлық іс-шаралар орталық деңгейлердегі сияқты жергілікті деңгейлерде де өткізіледі.

Жергілікті деңгейлердегі іс-шараларға сол өңірлердің әкімдері жауапты болады.

 

 

 



Пожаловаться

Материал из рубрики: По работе
5
рейтинг рассчитывается на оценке от 1 до 5

Мои другие материалы