Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Ф 7.11-12

қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

м. о. әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

«менеджмент» кафедрасы

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

«ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ» пәні (GRE3302)

Мамандықтар бағыты: «050507» Менеджмент

Курс: 3

Семестр: 5

Кредит саны: 3

Лекция: 30 сағат

Практикалық сабақ: 15

ОСӨЖ : 22,5

СӨЖ : 22,5

Межелі бақылау: 7 және 15 апта

Емтихан: 3 семестр

Оқытушы туралы мағлұматтар: – аға оқытушы, педагогикалық өжыл, қызмет саласы – экономика.

Кеңсе: «Менеджмент» кафедрасы

Мкен-жайы: Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы 5, Бас оқу ғимараты, к 412

Тел: 212367

Е - mail:

Кеңес беру уақыты: (сабақ кестесіне сәйкес)

ШЫМКЕНТ 2010ж.

Оқу бағдарламасы (SYLLABUS) «Менеджмент» кафедрасының мәжілісінде бекітілді

Хаттама № 1 « 26 »___тамыз_2010 ж.

«Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі: ________ э.ғ.д.,доцент Құралбаева А. Ш.

«Экономика және қаржы» факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған:

«____»__________2010 ж, хаттама № 1

Комиссия төрайымы: ____________________

Факультет администраторы: ______________

1 «Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсының мақсаты мен міндеті

Курстың мақсаты мен міндеті

Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді көп деңгейлі білім жүйесінің, жоғары мамандандырылған білім спецификасымен және білім стандарттарының ерекшеліктерімен таныстыру. Жоғары оқу орнында оқу процесін ұйымдастыру, негізгі мамандықтар бойынша мемлекеттік мамандандырылған білім сипаттамасына көп көңіл бөлу қажет. «Мемелекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» мамандықтарының студенттерінің болашақтағы негізгі мамандықтарымен байланысты және Қазақстан Республикасының экономикалық қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді.

Пәнді оқыту міндеттері. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттерді шешу алға тартылды:

-  экономиканы мемлекеттік реттеу негіздерінің теориясын оқыту;

-  экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау;

-  басқару классификациясын әр түрлі белгісіне байланысты, басқарудың әр түрлі деңгейдегі сатысын анықтау;

-  менеджменттің профессионалдық қажеттілігін анықтау;

-  экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік іс-тәжірибесін оқу.

Курстың пререквизиті

Жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасына сәйкес көлемдегі білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

Курс постреквизиті

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқып үйренудің негізгі бөлігі транзиттік экономиканың проблемалары, нарықтық қатынастар сферасының кеңеюі жағдайында оны мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру мен оның методологиясы бойынша студенттердің жеткілікті білімдері болуын талап етеді.

2 Курс саясаты

1.СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі.

2.Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес тапсырады.

3.Ағымды аптада тапсырманы дер кезінде орындамаған жағдайда бағасы 20% төмендетіледі.

4.Студент семестр барысында оқытушы анықтайтын тізбеге сәйкес кем дегенде 6 тапсырма орындауы тиіс.

5.30-дан кем емес балл жинаған судент емтихан тапсыруға жіберіледі.

Пәнді бағалау: балл

Кіріспе бақылау - 5

Практикалық жұмысты орындау және қорғау - 30

Эссе жазу - 3

Глоссарий жазу - 2

Реферат дайындау және қорғау - 5

Кроссворд жасау - 3

Нақты оқу жағдайын талдау (кейс) - 2

Шептік тапсырманы орындау (коллоквиум, презентация) - 10

Барлығы 60

Емтихан 40

Барлығы 100

Студенттердің білімін бағалау

Әріптік жүйемен бағалау

Балл

%- дық мазмұны

Дәстүрлі әдіспен бағалау

А

4.0

95-100

«өте жақсы»

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

«жақсы»

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

Д+

1.33

55-59

Д

1.0

50-54

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

3 Курс мазмұны

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

3.1 Дәрістің тақырыптық жоспары

1 модуль. Экономиканы мемлекетiк реттеудiң теориялық негiздерi

1- Тақырып. ЭМР-дің теориялық астары мен оның объектісі

1. Мемлекеттің экономикалық рөлі туралы мәселелердің негізгі ғылыми бағыттарына талдау жасау және оның әлеуметтік экономикалық процестрге араласуының объективті қажеттілігі.

2. Институционализмнің мәні. Тауар (қызмет) өндіріс тиімділігінің проблемасы және оның институционализм құрылымының күрделілік деңгейіне тәуелділігі.

3. Трансакциялық шығын түсінігі мен оның өсуінің негізгі себептері; оны төмендетудегі мемлекттің рөлі.

4. ЭМР-дің негізгі объектілері мен субъектілері.

2- тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

1.Транзитті экономика үлгілерінің жүйесі және олрдың біреуін таңдап алу проблемасы.

2.Тауар-ақша қатынастарының дамыуына және нарықтың мөлшерлі функциясына тұрақты жағдай жасаудағы мемлекеттің мүддесі мен рөлі.

3.ISLM үлгісі ақша ұсынсы және тауар нарығындағы жағдайды макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі ретінде.

3-тақырып. ЭМР-дің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері

1. ЭМР-дің түсінігінің ғылыми негіздері мен өзгермелілігі.

2. ЭМР әдістерінің құрамы мен басыңқылығы. Олардың объектілері мен мақсатты бағдарламаларына тәуелділігі.

3. ЭМР әдістемесін үнемі жетілдіріп отырудың объективті қажеттілігі мен оның заңдылық-ұйымдастыру астары.

4-тақырып. Экономиканы реттеудің ұйым-дастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

1. ЭМР-ді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру –құқықтық негіздері мен транзитті экономика жағдайындағы өзекті мәселелері.

2. Қазақстан экономикасын орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жүйесі және олардың реттеу сферасындағы функционалды міндеттері.

3. Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

5- тақырып. Экономикалық өсудің негізгі фак-торлары мен оны қамтамасыз етудегі мем-лекеттік шаралар

1. Мемлекеттің жалпыэкономикалық және құрылымдық саясатын негіздеу методологиясы;экономикалық өсу мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары.

2. Өндіріс факторларын ұтымды пайдалану үшін жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі және оның тиімділік деңгңйін өлшеуге макроэкономикалық тұрғыдан келу.

3. Экономиканың салалық құрамын реттеудің және өндірістік сфера салаларының басыңқылығын таңдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік астары.

6-тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау

1.Экономикалық болжаудың мәні, мағынасы және ғылыми-методологиялық негізі.

2.Мемлекеттік ұлттық бағдарламаларды, экономика салалары (өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералар бойынша) мен аймақтар дамуының стратегиялық және индикативті жоспарларын жасақтаудың ролі, ұйымдастырылуы және методологиясы.

3.Өсіңкілік қатардағы экстрополяция тәсілі

7- тақырып. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемле-кеттің рөлі.

1. Мемлекеттің ғылыми-техниклық және иновациялық саясаттарын қалыптастырудың факторлары, қағидалары мен ұйымдастырушылық негіздері.

2. Ғылыми-техникалық пргреске мемлекеттің әсер етуінің әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизмдері.

3. ҒТП-ті болжаудың методологиялық астары.

2 модуль. Салаларды реттеудегi мемлекеттiң рөлi

8-тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтк қорғауды мемлекеттік реттеу.

1. Халықты еңбекпен ұтымды қамтамасыз ету жолында мемлекеттік шараларды жүзеге асырудағы оның интелектуалды күш-қуаты мен гендерлік ерекшеліктерін анықтаудың рөлі.

2. Жұмыссыздықтық негізгі себептері мен оның деңгейін төмендетудің әлеуметтік-экономикалық маңызы. Оукен заңы.

3. Инфляция, жұмыссыздық пен еңбек ақының өзара байланысы және оның елдің еңбек әлеуетін пайдалануға мемлекет тарапынан келгендігі ескерілуі. Филлипс қисығы.

9-тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері.

1. Инвестициялық концепция және мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастырудың маңызды қағидалары.

2. Инвестицияға сұраным мен онвң ұсынымы арасындағы тепе-теңдіті қамтамасыз етудегі мемлекеттің іс-әрекеті және оның механизмі.

3. Мемлекеттің инвестициялық тартылымдылығын анықтауда ескерілетін факторлар мен олардың мінездемесі.

10-тақырып. Жер ресурс-тарын тиімді пайда-ланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі

1.  Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиіді пайдалану мен оның өндірістік ұйымдастырылу-технологиялық негіздермен байланысы.

2.  Аграрлы секторға мемлекеттік қолдау көрсету механизмі және оның салалары дамуының басымдылығын ғылыми негіздеу.

3.  Жерді пайдаланудың әрі экономикалық, әрі экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен мал шаруашылығының дамуын ғылыми-технологиялық жағынан қамтамасыз етудегі мемлекеттік және ұлттық мүдделер.

11-тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері

1.Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру жағдайлары.

2.Сұранымды мемлекет тарапынан ынталандыру және мемлекеттік шығындарды жоспарлау.

3.Бюджетке салық түсімдерін көбейтудің мемлекеттік шаралары мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру проблемалары.

12-тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері

1. Ақша-несие қатынастарын және ақша айналымын мемлекеттік реттеудің ұйымдастыру-құқықтық негіздері.

2. Мемлекеттің монетарлы саясатты таңдауының жағдайлары мен әлеуметтік-экономикалық мағынасы және оны жүзеге асыру әдістері.

3. Бааға құралымына мемлекеттің әсер етуінің негізгі әдістері мен оларды пайдаланудағы шетелдік тәжірбие.

13-тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

1. Транзитті экономика жағдайында мемлекеттің аймақтық саясаты қалыптасуының құқықтық астары, факторлары мен қағидалары.

2. Аймақтық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жасақтаудың концептуалды негіздері.

3. Қазақстанның басыңқылықты және дағдарысты аудандарына мемлекеттік қолдау көрсету әдістері мен оларды жетілдіру.

14-тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерін реттеу

1. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты дұрыс пайдаланудың әлеуметтік және экономикалық маңызы.

2. Қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету мен ресурс үнемдеуді ынталандырудың негізгі жолдары және мемлекеттік шаралар.

3. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың статегиялық астары және экспорт бағдарламасын жасақтау.

15-тақырып. Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылымның рөлі және оның дамуын нарық қызметінің жағдайында мемлекеттік реттеу

1. Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылым, оның құрамы, рөлі

2. Көліктік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу

3.2 Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары

1 модуль. Экономиканы мемлекетiк реттеудiң теориялық негiздерi

1. Мемлекеттің экономикалық рөлі туралы мәселелердің негізгі ғылыми бағыттарына талдау жасау және оның әлеуметтік экономикалық процестрге араласуының объективті қажеттілігі.

2.Тауар-ақша қатынастарының дамыуына және нарықтың мөлшерлі функциясына тұрақты жағдай жасаудағы мемлекеттің мүддесі мен рөлі.

3.ЭМР әдістемесін үнемі жетілдіріп отырудың объективті қажеттілігі мен оның заңдылық-ұйымдастыру астары.

4.Кәсіпкерлік пен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастырушылық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

5.Өндіріс факторларын ұтымды пайдалану үшін жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі және оның тиімділік деңгңйін өлшеуге макроэкономикалық тұрғыдан келу.

6.Мемлекеттік ұлттық бағдарламаларды, экономика салалары (өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералар бойынша) мен аймақтар дамуының стратегиялық және индикативті жоспарларын жасақтаудың ролі, ұйымдастырылуы және методологиясы.

7.Мемлекеттің ғылыми-техниклық және иновациялық саясаттарын қалыптастырудың факторлары, қағидалары мен ұйымдастырушылық негіздері.

2 модуль. Салаларды реттеудегi мемлекеттiң рөлi

8.Халықты еңбекпен ұтымды қамтамасыз ету жолында мемлекеттік шараларды жүзеге асырудағы оның интелектуалды күш-қуаты мен гендерлік ерекшеліктерін анықтаудың рөлі.

9.Инвестицияға сұраным мен онвң ұсынымы арасындағы тепе-теңдіті қамтамасыз етудегі мемлекеттің іс-әрекеті және оның механизмі.

10.Аграрлы секторға мемлекеттік қолдау көрсету механизмі және оның салалары дамуының басымдылығын ғылыми негіздеу.

11.Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру жағдайлары.

12.Мемлекеттің монетарлы саясатты таңдауының жағдайлары мен әлеуметтік-экономикалық мағынасы және оны жүзеге асыру әдістері.

13.Аймақтық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жасақтаудың концептуалды негіздері.

14.Мемлекеттің экономикалық және азық-түліктік тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатында Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының тиімділігін арттыру проблемасы.

15.Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылым, оның құрамы, ролі.

Студенттің өзіндік жұмыстары

Модуль бойынша СӨЖ-дің тақырыбы

Ұсылынған әдебиет

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1 модуль. Экономиканы мемлекетiк реттеудiң теориялық негiздерi

1

Мемлекеттің экономикалық рөлі туралы мәселелердің негізгі ғылыми бағыттарына талдау жасау және оның әлеуметтік- экономикалық процестерге араласуының объективті қажеттілігі

5,6,7

Эссе

3 апта

2

ҚР-ның қазіргі кездегі аграрлы саясатының қалыптасуы мен іске асырылуының ерекшеліктері.

6,7,13

Реферат

6 апта

1 Шептік бақылау

Коллоквиум/ ауызша сұрау/ жазбаша жұмыс

7 апта

2 модуль. Салаларды реттеудегi мемлекеттiң рөлi

3

Қазақстандағы демографиялық жағдай және қоғамның еңбек әлуетін қалыптастырудың болашағы

5,6,7,8,13

Реферат

9 апта

4

Мемлекеттің инновациялық саясатының маңызы, өзектілігі және оны жүзеге асыру әдістері және ммлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.

5,6,7,8,13

Реферат

12 апта

5

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыру концепциясы мен қағидалары.

6,7,13

Реферат

15 апта

2 шептік бақылау

Коллоквиум/ ауызша сұрау/ жазбаша жұмыс

15 апта

8 Ұсынылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер тізімі

1.  Очерки макроэкономического планирования. Учебное пасобие в 3- томах - М: Прогресс.2000ж

2.  Ихтанов мемлекеттік реттудің қажеттілігі мен мағынасы, 2005ж

3.  Мамыров регулирование эконимки в условиях Казахстана. (Теория. Опыть. Проблемы), 2003ж.

4.  Аттапханов система государства: Роль и вопросы совершенствования. А. Ғылым, 2007ж.

5.  Владимирова и планирование в условиях рынка. М-2005г.

6.  Государственная экономическая политика: Опыт перехода к рынку. Под. ред. М.-2000ж.

7.  Государственное регулирование рыночной эконоимки. Под. ред. С-Петербург - 2003ж.

8.  А. Аганов и др. Государственное регулирование экономической деятельности. М -2003ж.

9.  Жатқанбаев Е. Государство и рынок. Учебное пасобие. А. -2005ж.

10.  Есиркепов государственной собственности в республике Казахстан в условиях перехода к рынку. А -2000ж.

11.  , Идрисова развитых зарубежных государствах. А -2005ж.

12.  , Сансызбаева -финансовые механизмы государственного регулирование экономики. А. -2005ж.

13.  Теневая экономика: тендеции развития. Москва : Атамұра. 2003.

14.  Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента, денег. М -2002ж.

15.  и др. Формирование государственного предпринимательства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. А. -2003г.

16.  Мамыров развития экономики и образования в Казахстане. А. Дәуір, 2005ж.

17.  , О Государственное регулирование в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы. Учебное пасобие. А. -2005ж.

18.  , , Ахметова и бизнес. А.-2007ж.

19.  Мамыров инвестиций в промышленном производстве монография. КазГАУ. Алматы: Экономика, 2001г.

20.  Молдабеков доходов и бедность в переходной экономике. Алматы, 2000г.

Қосымша әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы.

2.Рыночная экономика Казахстана: проблема становления и развития. В 2 томах Под ред. Кенжегузина , 2001 ж.

3.Қошанов А. К. и др. «Формирование государственного предпринимательства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики». Алматы, 2000 ж.

4. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000 ж., №2, 46-49.