Приложение 2 к приказу АО «Казахтелеком»
от «____» __________ 2010 года, № _______
Инструкция
по взаимодействию структурных подразделений АО «Казахтелеком» при предоставлении услуги iD TV абонентам операторов связи
1. Условия сотрудничества с Операторами связи
1.1. При обращении Оператора в филиал Общества с намерением о заключении Соглашения о предоставлении абонентам (физическим и юридическим лицам
) Оператора услуги iD TV филиалам Общества необходимо проанализировать все сведения об Операторе в части:
1) Финансовой устойчивости;
2) Наличия опыта работы на конкурентном рынке;
3) Квалификации персонала;
4) Наличия технической возможности организации услуги.
1.2. Анализ сведений об Операторе должен проводиться по 3 (трем) основным критериям:
1) Юридический – экспертиза правоустанавливающих документов;
2) Финансовый – предоставление Справки об отсутствии задолженности перед бюджетом Республики Казахстан;
3) Технический – специфичность предоставляемых услуг с наличием необходимых условий и оборудования, обеспечивающих соблюдение требований по качеству к предоставляемым услугам.
1.3. Основные условия сотрудничества:
1) Соблюдение Оператором требований по качеству предоставления услуги iD TV и обслуживания клиентов;
2) Соблюдение тарифов на услугу iD TV.
2. Порядок взаимодействия
2.1. По результатам рассмотрения материалов на соответствие установленным требованиям, представленных оператором связи, и после определения технической возможности подключения канала передачи данных и предоставления услуги iD TV филиалами Общества с Оператором заключается Соглашение о взаимном сотрудничестве.
2.2. Оператор принимает заявления на предоставление услуги iD TV от своих абонентов и заключает с ними типовой договор.
2.3. Типовое заявление на подключение к услуге iD TV передается Оператором в течение одного рабочего дня по электронной почте в Абонентский отдел филиала Общества по следующей форме:
№ | Ф. И.О. | Номер телефона абонента | Лицевой счет абонента | Адрес установки | Уникальный 12-й код |
2.4. Для формирования единого счета (по всем абонентам Оператора) филиалом Общества для Оператора создается отдельный лицевой счет, по аналогии с услугой Мегалайн. Посредством данного счета выставляются счета Оператору и производятся взаиморасчеты по комиссионным вознаграждениям. На данном счете отображаются все данные по абонентам (трафик и начисления по каждому абоненту Оператора). По абонентам Оператора на данном лицевом счете формируются наряды на установку iD TV (группа устройств iD TV, используется нумерация Оператора, которую он выделил для данного абонента).
2.5. При закрытии наряда плательщиком услуг указывается Оператор. Наряд на замену данных не создается, т. к. подключение линии производят работники Оператора и техданные не присваиваются. Начисления производятся в наряде на установку iD TV.
2.6. Передача Оператору абонентских приставок STB осуществляется на основании договора о материальной ответственности.
2.7. Заявления на снятие, изменение данных абонента, принятые Оператором, отрабатываются согласно рекомендациям ТОО Real Soft по работе с нарядами на iD TV.
2.8. Список уникальных кодов заносится в таблицу и направляется обратно Оператору (таблица архивируется, пароль для открытия архивированного файла сообщается сотруднику Оператора по телефону), который проводит подключение и регистрацию абонентов.
2.9. Заявления и обращения абонентов на повреждения и качество услуги принимаются Оператором. В случае выявления Оператором проблемы со стороны сети АО «Казахтелеком» заявка должна быть передана в ЦОУ филиала АО «Казахтелеком».
2.10. Для координации деятельности в филиале Общества назначается ответственное лицо, в обязанности которого входит следующее:
1) Координация и курирование всех вопросов по взаимоотношениям с Операторами;
2) Осуществление сбора и обработки материалов, поступающих от Операторов по вопросам продвижения услуг (заявления, письма и др.);
3) Формирование и направление в Финансовый блок ЦА Общества отчетных данных;
4) Ежемесячное проведение анализа;
5) Внесение предложений по совершенствованию взаимоотношений с Операторами в сфере телекоммуникаций;
6) Контроль и учет передачи Оператору и возврата абонентских приставок STB.
2.11. Для передачи Оператору информации о массовых повреждениях и сбоях на сервере филиалы Общества после заключения Соглашения о взаимном сотрудничестве с оператором связи передают в ДИС электронные адреса Оператора. ДИС по предоставленным филиалам электронным адресам осуществляет рассылку информации о массовых повреждениях и сбоях на центральном сервере.
3. Порядок расформирования услуги iD TV
3.1. В случае отказа пользователя от услуги iD TV, Оператор принимает заполненный бланк заявления на отказ от услуги, с обязательным указанием причин отказа. Расформирование услуги iD TV осуществляется в соответствии с условиями, предусмотренными Типовым договором на предоставление услуги телевещания.
3.2. Оператор в течение одного рабочего дня передает по электронной почте в Абонентский отдел филиала, заполненный бланк заявления. Не позднее трех календарных дней, с момента передачи в филиал бланка заявления на отказ от услуги, Оператор обязан вернуть абонентские приставки STB.
3.3. При невозврате или нарушении сроков возврата STB филиал прекращает прием новых заявлений на предоставление услуги iD TV от Оператора, до полного возврата STB, согласно количеству бланков заявления на отказ.
3.4. Процедуры по расформированию услуги iD TV осуществляются в соответствии с «Регламентом взаимодействия структурных подразделений АО "Казахтелеком" при предоставлении услуги телевещания (iD TV)».
Подписи сторон:
Генеральный директор ____________________ «____»_____________2011 г. | Генеральный директор _____________________ «____»______________2011 г. |
«Қазақтелеком» АҚ
2010 жылғы «____» __________ № ___
бұйрығына 2-қосымша
Байланыс операторларының абоненттеріне iD TV қызметін көрсету барысында «Қазақтелеком» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау
нұсқаулығы
1. Байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс жасау шарттары
1.1 Оператор iD TV қызметін Оператор абоненттеріне (жеке және заңды тұлғаларға) көрсету туралы Келісім жасау ниетімен Қоғам филиалына өтініш білдірген кезде Қоғам филиалдары Оператор туралы барлық мәліметтерге мынадай талдау жасауы тиіс:
1) Қаржылық тұрақтылық;
2) Бәсекелес рынокта жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) Қызметкерлерінің біліктілік деңгейі;
4) Қызметті ұйымдастыруға техникалық мүмкіндігінің болуы.
1.2. Оператор туралы мәліметтерді талдау негізгі 3 (үш) критерий бойынша жүргізілуі тиіс:
1) Заңдылық – құқық белгілеуші құжаттардың сараптамасы;
2) Қаржылық – Қазақстан Республикасының бюджеті алдында берешегінің болмауы туралы анықтаманың ұсынылуы;
3) Техникалық – көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайдың және жабдықтың болуымен көрсетілетін қызметтердің ерекшелігі.
1.3. Бірлесіп жұмыс жасаудың негізгі шарттары:
1) Оператордың iD TV қызметін көрсету және клиенттерге қызмет көрсету сапасы бойынша талаптарды сақтауы;
2) iD TV қызметінің тарифтерін сақтау.
2. Өзара іс-қимыл жасау тәртібі
2.1. Байланыс операторы ұсынған материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарастыру нәтижелері бойынша және деректер беру арнасын қосудың және iD TV қызметін көрсетудің техникалық мүмкіндігін анықтаудан кейін Қоғам филиалдары Оператормен Өзара бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім жасайды.
2.2. Оператор өз абоненттерінен iD TV қызметін көрсетуге өтініштер қабылдайды және олармен үлгі шарт жасайды.
2.3. iD TV қызметіне қосылудың үлгі өтінішін Оператор бір жұмыс күні ішінде Қоғам филиалының Абоненттік бөліміне электронды пошта арқылы мына нысан бойынша тапсырады:
№ | Т. А.Ә. | Абоненттің телефон нөмірі | Абоненттің дербес шоты | Орнату мекенжайы | 12 белгісі бар бірегей код |
2.4. Қоғам филиалы бірыңғай шотты жасау үшін (Оператордың барлық абоненттері бойынша) Операторға Мегалайн қызметіне ұқсас жеке дербес шот жасайды. Осы шот арқылы Операторға шоттар ұсынылады және комиссиялық сыйақылар бойынша өзара есеп айырысулар жүргізіледі. Осы шотта абоненттерге қатысты барлық мәліметтер (Оператордың әрбір абоненті бойынша трафик және есептеулер) көрсетіледі Оператордың абоненттері бойынша осы дербес шотта iD TV орнатуға наряд жасалады (iD TV құрылғылар тобы, Оператор осы абонентке бөлген нөмірлеу қолданылады).
2.5. Нарядты жабу барысында қызметтер төлеушісі ретінде Оператор көрсетеді. Деректерді ауыстыруға наряд жасалмайды, себебі желіні қосуды Оператордың қызметкерлері жүргізеді және техникалық деректер берілмейді. Есептеулер iD TV орнатуға арналған нарядта жүргізіледі.
2.6. Операторға STB абоненттік приставкаларын тапсыру материалдық жауапкершілік туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.
2.7. Оператор қабылдаған қызметті алып тастауға, абоненттің деректерін өзгертуге өтініштер iD TV қызметіне нарядтармен жұмыс жасау бойынша Real Soft ЖШС ұсынымдарына сәйкес өңделеді.
2.8. Бірегей кодтар тізбесі кестеге енгізіледі және абоненттерді қосу мен тіркеуді жүргізетін Операторға қайта жіберіледі (кесте архивтеледі, архивтелген файлды ашу үшін құпия сөз Оператор қызметкеріне телефон арқылы хабарланады.)
2.9. Бұзылымдар мен қызмет сапасы бойынша абоненттердің өтініштері мен арыздарын Оператор қабылдайды. Оператор «Қазақтелеком» АҚ желісі жағынан болған проблеманы анықтаған жағдайда, тапсырыс «Қазақтелеком» АҚ филиалының ЖБО-сына берілуі тиіс.
2.10. Қызметті үйлестіру үшін Қоғам филиалында жауапты тұлға тағайындалады, оның міндетіне мыналар кіреді:
1) Операторлармен өзара қарым-қатынастар бойынша барлық мәселелерді үйлестіру мен жетекшілік ету;
2) Қызметтерді өтімділігін арттыру мәселелері бойынша (өтініштер, хаттар және басқалар) түсетін материалдарды жинау және өңдеуді жүзеге асыру;
3) Қоғамның ОА Қаржы блогына есеп деректерін жасап, жіберу;
4) ай сайын талдау жүргізу;
5) Операторлармен телекоммуникация саласында өзара қарым-қатынастарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) STB абоненттік приставкаларын Операторға тапсыруды және қайтаруды бақылау және есепке алу.
2.11. Операторға сервердегі жаппай бұзылымдар мен жаңылыстар жөнінде ақпарат беру үшін Қоғам филиалдары байланыс операторымен Өзара бірлесіп жұмыс жасау туралы келісім жасаудан кейін АЖД-ға Оператордың электронды адрестерін тапсырады. АЖД филиал ұсынған электронды адрестер бойынша орталық сервердегі жаппай бұзылымдар мен жаңылыстар жөніндегі ақпаратты жіберуді жүзеге асырады.
3. iD TV қызметін ажырату тәртібі
3.1. Пайдаланушы iD TV қызметінен бас тартқан жағдайда, Оператор бас тарту себептерін міндетті көрсете отырып, қызметтен бас тарту бойынша толтырылған өтінім бланкісін қабылдайды. iD TV қызметінің ажыратылуы телехабар қызметін көрсетудің Үлгі шартында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
3.2. Оператор филиалдың Абоненттік бөліміне толтырылған өтініш бланкісін электронды пошта арқылы бір жұмыс күні ішінде тапсырады. Филиалға қызметтен бас тарту бойынша өтініш бланкісін тапсыру сәтінен үш күнтізбелік күннен кешіктірмей Оператор STB абоненттік приставкаларын қайтаруға міндетті.
3.3. STB қайтарылмаған жағдайда немесе қайтару мерзімдері бұзылған жағдайда филиал қызметтен бас тарту бойынша өтініш бланкілерінің санына сәйкес STB толық қайтарылғанға дейін Оператордан iD TV қызметін көрсету бойынша жаңа өтініштер қабылдауды тоқтатады.
3.4. iD TV қызметін ажырату бойынша іс-жосықтар «Телехабар (iD TV) қызметін көрсету барысында «Қазақтелеком» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртіптемесіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптардың қолдары:
Бас директор ____________________ қов «____»_____________2011 ж. | Бас директор _____________________ «____»______________2011 ж. |


