Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

На сайте «» опубликовано интервью с лидером ППК, кандидатом в президенты Гани Касымовым: «Иным министрам 23 тысячи на завтрак не хватает». Объясняя свое решение принять участие в выборах, кандидат заметил: «У нас сложилась такая ситуация, что в обществе нужны перемены. Это витает как бы в самом воздухе и в настроении людей, наших граждан. Где-то мы подзакислились, где-то топчемся на месте. Нужны новые нестандартные решения, пути выхода из предкризисной ситуации. Экономические реформы идут не очень хорошо, нет отдачи. А люди сегодня хотят жить нормально. У нас очень большие проблемы в сельском хозяйстве. Страна с богатейшими сельскохозяйственными угодьями, профессиональными кадрами, а обеспечить, прокормить себя не можем. У нас такого никогда не было». Г-н Касымов отметил, что на этот раз выборы удастся провести прозрачно лишь при одном условии: «если поднимется общественность, если будут неравнодушны все наши партии, общественные движения, если будет огромное количество волонтеров-добровольцев, которые создадут свои группы по наблюдению за выборами. Мы сегодня обязаны и должны провести честные выборы. Людям надоело уже, когда они дают голоса, а кто-то ими манипулирует». Кандидат также признался, что, как и другие, он испытывает проблемы с финансированием агитационной кампании: «Я тоже хожу, ищу спонсоров. Мероприятий много, а денег нет, остро не хватает. Выделенные средства уже заканчиваются, а впереди еще полмесяца. Я уже свои личные сбережения трачу. Сами над собой смеемся. Даже кандидатам от имени государства не можем помочь, это нонсенс. Четыре миллиарда выделили, из них каждому кандидату дали по шесть миллионов. Это что, новая форма издевательства?».

Сайт «» в статье «Астанинское весеннее обострение» сообщил, что выборы главы государства потеряли остатки сакральности. Сколько-нибудь весовые политические фигуры их проигнорировали, поэтому конкуренцию действующему президенту создавала всевозможная шантрапа. А вместе с тем, заметно упали авторитет и влияние такого государственного органа, как Администрация президента. Результаты уже проявляются. Когда из АП звонят в регионы, там для вида «пугаются», но реально ничего не делают. Исполнительская дисциплина расшатана. «Чекисты» и финполиция, как отмечено в статье, на местах следят только за мелкой рыбешкой, тогда как акулы «распилов» им не по зубам, поскольку стоят выше в «пищевой цепочке» властных полномочий. Механизмом сдержек и противовесов выступают только межклановые разборки и границы сфер влияния да зон интересов, а проходить они могут прямо по министерствам, акиматам да комитетам. Роль Администрации президента на этом фоне все более заметно ослабевает. Все держится на фигуре Нурсултана Назарбаева. Идеи о том, будто выстроенная им пирамида власти будет жизнеспособной и после его ухода — или сознательная дезинформация, или самообман. Столичный бюрократический класс не является единым и однородным, что и обнажила нынешняя весна.


6 Предвыборная деятельность кандидатов к внеочередным выборам Президента РК и их штабов

Сенбі, 19 Наурыз, 2011

Бұл коммунист бұрынғыдан өзгерек

Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан тіркелген кандидат Жамбыл Ахметбеков өзінің сайлауалды бағдарламасымен жұртшылықты жете таныстыру мақсатымен Жамбыл облысына келді.

Халықта «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» деген сөз бар, сол айтқандай, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясынан тіркелген кандидат Жамбыл Ахметбеков өзінің сенім білдірілген адамы В. Сорокин және партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ә.Мамашевті ертіп, артынып-тартынып келіп отырған соң облыс әкімі Қ.Бозымбаев кісілік пен кішілік танытып, үлкен ықыласпен қабылдады.

Қабылдау барысында олар елдегі және жергілікті жердегі атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағ­дай­лар турасында өңір басшысымен жарасымды әңгіме қозғап, кейбір өзекті мәселелерді де сөз етті. Бұдан кейін үміткер Тараз қаласындағы Қ.Сары­мол­даев атындағы №1 балалар үйіне барып, жетім және ата-ана қам­қор­лығынсыз қалған бүлдіршіндер мен жасөспірімдер­дің әлеуметтік құ­қы­ғын қорғаудағы атқарылып жатқан жұмыстармен та­нысты. Бүгінде мұнда жетім және ата-анасының қамқор­лы­ғын­сыз қалған 170-ке жуық бала тәр­биеленуде. Ал балалар үйіндегі жұмыс жақсы жолға қойылған. Мысалы, жылдар аралығында 28 тәрбие­ле­ну­шінің жеке шотындағы жиналған ақшасына пәтерлер сатылып алынып­ты. Мүліктерді жариялау арқылы 5 тұр­ғын үй заңдастырылған. 5 балаға ата-анасынан, әжесінен мұрагерлік ашы­лыпты. Айта берсек, еліміздің бас­қа өңіріне үлгі боларлық мұндай игі істер өте көп. Міне, осының бәрімен президенттікке кандидат Ж. Ахметбеков жете танысып, өзінің де көп балалы от­басында дүниеге келіп, қайсарлықтың арқасында қажымай өсіп-жетілгенін тілге тиек етті. Сондықтан алдағы бо­латын президенттік сайлауда жеңіске жете қалған жағдайда ең алдымен балалар үйлеріне, ондағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және олардың ата-анасы іспетті болып кеткен тәрбие­ші­леріне жағдай жасайтынын қадай жеткізді. Қоғамдағы саяси ахуал туралы да өз көзқарасын білдіріп, азық-түлік бағасының көтерілуіне, айлық жал­ақы­ға және діни ағымдар жөніндегі сауалдарға жауап берді.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Ел президенттігінен үміткер бұдан кейін облыс орталығындағы Жамбыл поли­тех­­никалық колледжінде, Тараз қала­сын­да­ғы  қа­лалық мәдениет үйінде кездесулер өткізді.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.

Жамбыл облысы.

Сенбі, 19 Наурыз, 2011

Ауылға түбегейлі өзгерістер керек

Кеше Қазақстан президенттігінен үміткер Мэлс Елеусізов Оңтүстік Қазақстан облысында болып, халықпен жүздесті. Мақтаарал ауданында болған кездесулер Шымкент қаласында жалғасын тапты. Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты Жастарды кәсіби бағдарлау орталығында өткен кездесуде Мэлс Хамзаұлы жиналғандарды сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстырды.

– Әдетте, жұртшылық мені таби­ғат­ты қорғаудан басқа ештеңе тол­ған­дырмайтындай көреді. Олай емес. Менің сайлауалды бағдарламамда та­би­ғат мәселесі екі-үш ауыз сөйлем­дер­мен шектеледі. Мен негізінен рес­пуб­ликамыздың әлеуметтік-экономи­ка­лық жағдайын бүгінгісінен әрі жақ­сар­ту жайын ойлаймын, – деді президенттікке кандидат.

Сөзін осылай сабақтаған үміткер алдымен ауылдың жағдайын көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті нығай­ту керектігін айтты. Қазір дүние жү­зін­де азық-түлік тапшылығы қатты сезілуде. Біраз мемлекеттер аштыққа ұрын­ды. Ал, жер асты байлығы орасан пайда әкеліп жатқан Қазақстан шикізаттан түсетін табыстарға малдана бермеуі керек.

Ел экономикасын көтеру, жұмыс­сыздықты азайту, зейнетақыны көтеру, индустриялық-инновациялық бағыт­та­ғы бағдарламаны жетілдіру жөнінде бүгінгі жасалып жатқан жұмыстарға тілектес екендігін жеткізген үміткер Кеңес Одағы кезінде жақсы жолға қой­ылған мүгедектер мәселесі бүгіндері сын көтермейтіндігін атап көрсетті. Жемқорлық жегіқұртқа айналып келеді. Жемқорлық жайлаған жерде заң да жұмыс жасамайды, дәрменсіз. Судья­лар­ды халық сайлап қоюы қажет. Әйтпесе, олар кімнің қалтасы қалың, соған жұмыс жасап кете береді.

Қазақстан президенттігінен үміт­кер өзінің үш-төрт мәрте соттасқанда осыған көзі анық жеткендігін қосты.

Әрине, соңғы сөз табиғат мәсе­ле­сіне ойысты, Мақтааралдың күнкөрісі – мақта. Бірақ, көп су керек ететін дақыл улы химикат, тыңайтқышпен өсіріледі. Аралдың түбіне жеткен мақтаны ауыстыратындай дақылдарды іздестіруіміз керек.

Мэлс Хамзаұлы алқаптарды аралап көргенін, тұзы бетіне шыққан топырақтың іркінді суды сіңіре алмай тозып бар жатқанын айтты.

– Бұл кездесулерде маған бүйрек бұратындардың молдығы сенімімді нығайтты, – деді ол. – Халыққа өз ойымды бүкпесіз айтып жүрмін. Таңдау өздеріңде.

Бақтияр ТАЙЖАН.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сенбі, 19 Наурыз, 2011

Дипломаттармен дидарласты

Ел президенттігінен үміткер Ғани Қасымов Патриоттар партиясының сайлауалды штабында Францияның Қазақстандағы елшісі және Алматыдағы бас консул Наржолэ Гийом мырзалармен кездесіп,  сайлау алдындағы ахуал және жалпы саяси мұраттар жөнінде пікір алмасып, ой сабақтады.

Француз елшісі президенттіктен үміткердің саяси тұғырнамасының бірқатар жағымды ерекшеліктеріне тоқталып, ондағы мәселелердің қойы­­лысы, атом энергетикасының проб­ле­маларына көңіл бөлінуі, билік тар­мақтарын демократияландыру бағы­ты өзіне ұнайтындығын мәлім етті. Нақ осы ретте өзінің саяси мұрат-мүддесі Франция президенті Н. Саркозимен сабақтастығын Ғ.Қасымов та теріске шығармады.

Оның айтуынша, көптеген ғасыр­лық демократиялық тарихы бар Фра­н­цияның кейбір статистикалық мә­ліметтері өзінің саяси тұғыр­намасын әзірлеу кезінде ой салған екен. Айталық, халқы бізден әлденеше көп елдің сотталғандар саны Қазақстан­мен салыстырғанда мүлдем аз. Біздегі бостандықтан қол үзіп, түрмеде отырғандар саны әлдеқайда көбірек. Бұған оларды күзететіндерді қосқан­да 200 мың адам масыл болып мемлекеттік бюджеттің мойнында отыр. Бұл – өте тиімсіз. Олай болса,  жа­заны өтеудің баламалы түрлерін ой­ластыру, қылмыстық кодексті ізгілендіру мәселелерін Ғ.Қасымов өзі­нің сайлау алдындағы науқанында бекерден бекер көтеріп отырмаған­дығы айғақталады.

Бұдан әрі мырза сайлауға байланысты сұрақ­тар қойды. Соған орай Ғ.Қасымов бүкілхалықтық референдумның ор­ны­на неліктен мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіліп отырған­дығының жай-жапсарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Бұл сай­лау­дың, әсіресе, билік тармақтары арасындағы дағдарысты болдырмау үшін өткізіліп отырғандығына және қазіргі қалыптасқан жағдайда Мемлекет басшысы тарапынан бірден-бір дұрыс шешім болған­ды­ғына назар аударды. Сөз арасында Ғани Есен­гелдіұлының Батыс елде­рінің осы реттегі тәжірибесінен мысалдар келтірген білімдарлығын, саяси тұрғы­дан ысылған қайраткер екендігін де байқап қалғандай болдық.

Бұдан соң Елші сұрағына жауап орайында президенттіктен үміткер оппозициялық партиялардың сайлау­ға қатысудан бас тартуы немесе оған бойкот жариялауы туралы өз пайы­мын білдірді. Ғ.Қасымовтың ойынша, мұның өзі олардың сыртқы ұстаны­мынан гөрі, ішкі қайшылығын таны­тады. Оппозициялық партиялардың бойкот жариялауы 3 сәуір күні өте­тін сайлауға қандай да бір елеулі әсе­рін тигізе алмайды. Сөйтіп, ол қалай болғанда да бұл сайлауға барлық сайлаушылардың 80 пайызына дейін қатысатындығына өз басының сенімділігін паш етті.

Қорғанбек АМАНЖОЛ.

Алматы.

Қазақстандықтардың Қазақстаны үшін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ҒАНИ ЕСЕНГЕЛДІҰЛЫ ҚАСЫМОВТЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Құрметті қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар!

Қазақстанның  Патриоттар партиясы менің кандидатурамды ең жоғарғы мемлекеттік қызметке – Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынып, маған үлкен сенім артты.

Осы жайтты мен біздің мемлекетіміздегі қоғам өмірін демократияландыру жолындағы өзімнің қарапайым еңбегімнің мойындалғандығы деп түсінемін және партия мен Қазақстан Республикасы азаматтарының алдындағы үлкен жауапкершілік деп есептеймін.

Қазақстанның Патриоттар партиясы бүгінде дұрыс таңдалған стратегия­лық саяси бағыттың арқасында халықтың көп бөлігінің алдында үлкен абырой мен сүйіспеншілікке ие болғандығын мақтан тұтамын.

Бұл жайдың құпиясы өте қарапайым болып шықты. Соңғы 12 жылдың ішінде Қазақстанның Патриоттар партиясы бірде-бір рет халықтың үміті мен  арманын алдамады. Партия еліміздің саяси картасындағы ұзақ жылғы қыз­меті жолында осы бір қысылтаяң жылдары  халық мүддесін қорғау мақса­тында ай сайын, сағат сайын қиын да тынымсыз саяси жұмысын жүргізіп келеді.

Осы күрес жолында заң шығарушы және атқарушы билік органдарының барлық мүмкіндіктері, Парламенттің депутаттық мінбесі, ақпарат құралдары пайдаланылады.

Сіздердің көпшіліктеріңіз сияқты мені де:  «Не үшін осындай қиын да болжауға келмейтін сайлау алды марафонға қатысамын», – деген ой үнемі мазалайды.

«Тақ үшін күрес – бұл ел үшін бұрын жасалмаған жақсылықтарды жасауға мүмкіндік беретін іс», – деген екен даналардың біреуі. Осы қағидатты өздеріңізбен бөлісе отырып, Сіздердің алдарыңызға еліміздің қазіргі кезеңдегі әлеуетті даму стратегиясының тұжырымдамасын ұсынамын.

1. САЯСИ ЖҮЙЕНІ ЖАҢАРТУ

Еліміздің қоғамдық өмірі үшін аса маңызды осы бір жүйенің билік тарапынан еленбеуі өкінішті нәтижелерге әкеліп соқтырды. Мысалы: әлсіз партиялар, шын мәнісіндегі оппозицияның жоқтығы.

Қоғамдық процестер әкімшіліктің қысымы мен  қатаң бақылауымен өткізіледі. Нәтижесінде – ҚР Президенттік сайлауға 9 саяси партияның  үшеуі ғана қатысып отыр.

Олардың кейбіреуі не байкот жариялауда немесе саяси көзқарастарға байланысты сайлауға қатыспауда. Бұл өте қауіпті белгілер. Египет, Тунис, Ливияда болған оқиғалар халықты тығырыққа тіреуге немесе олардың көңіл-күйіне бей-жай қарауға болмайтындығынан сабақ беруде – ол күйреу жолы екендігін көрсетіп отыр. Барлық билік түрлері – тоқтаусыз диалог екенін естен шығармауымыз қажет.

Жүзеге асатын ұстанымдарым

Ресми тіркелген барлық саяси партиялар Парламентке енетін болады. Олардың кейбір бөлігі сайлау барысында, кейбірі Қазақстан халқы Ассамблеясынан шыққан депутаттар сияқты президенттік квота арқылы өтпек. Сонымен қатар, ел Президенті саяси партия өкілдерінен тұратын тұрақты консультативтік орган құрып, басқаратын болады. Партиялардың Парламентке өтуіне 7 пайыздық тосқауыл Заңмен төмендетілетін болады. 3  пайызды тиімді деп есептеймін. Сайлау науқаны кезінде партиялардың саяси блогтарының құрылуына шектеу қою алынып тасталады. Арнайы қызмет пен құқық қорғау органдарының партия ұйымдарының жұмыстарына араласуына шектеу қоятын заң қабылданатын болады.

2. ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНДА ДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙМЫН

Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпанында болған соңғы оқиғалар, әсіресе Парламенттің референдум бойынша шешімі, оған Конституциялық кеңестің анықтамасы билік саласының әлсіз және тәуелді екендігін көрсетті.

Парламент халықтың ерік-қалауын қолдап, Конституциялық Кеңестің даурықпа кедергісіне ұшырады. Алдағы уақытта осындай жағдайға тап болмас үшін, келесі шешімдерді қабылдаймын:

а) Президент пен Парламент арасындағы келіспеушілікті  жою үшін мемлекетте вице-президент лауазымы ендірілетін болады, ол автоматты түрде Сенат Төрағасы бола алады;

б) Парламент үкіметті тағайындайды және шеттетеді, үкіметтің бюджеті мен есептерін бекітетін болады;

в) Парламенттік тексеру тетігі арқылы Парламент  бюджет қаражатының жұмсалуына бақылау жасайды;

г) Парламент барлық мемлекеттік бағдарламаларды, сонымен қатар мемлекеттің қатысуымен жасалатын  100 млн. доллардан жоғары тұратын жобалар мен  келісім - шарттарды бекітетін болады;

д) Парламент құқық қорғау органдарының және күштік құрылымдардың  барлық жетекші лауазымдарын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының елшілері, Жоғарғы Сот мүшелерін, аудандық соттардың төрағаларын бекітетін болады.

Бұл шаралардың барлығы мемлекеттегі «президенттік-парламенттік» басқару жүйесінде ағымды тасымалдауды жария етуді толыққанды жүзеге асырады. Субъектісі Президент, депутат немесе депутаттар тобы, Үкімет, саяси партиялар (жеке немесе басқа да саяси күштермен біріктірілген) болып табылатын заң бастамасы туралы арнайы заңнама қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандықтары мен құқықта­рын қамтамасыз ететін, Конституция нормаларының дәлдігі мен талқы­ла­нуын, билік тармақтары арасындағы келіспеушіліктерді шешу мәселелері негіз­гі міндеті болып табылатын тәуелсіз Конституциялық сот құрылатын болады.

3. АТҚАРУШЫ БИЛІК

Атқарушы билік жүйесінің жетілдірілмегендігі басқару шешімдерінің тиімсіздігін көрсетіп отыр. Соңғы жылдары барлық экономикалық реформалар мен үкіметтің бағдарламаларының орындалуында дұрыс шешімдердің қабылданбауы нәтижеге жетудің  күрт төмендеуіне әкеліп соғуда. Әкімшілік реформалардың аяғына дейін орындалмауындағы тепе-теңсіздікті жоямын.

Бүгінгі күні үкімет жемқорлық ортасы болып табылатын инфрақұры­лымдық атқарушы органдардың бүтіндей жүйесінің жасалуына жағдай жасап отыр. Өткен тәжірибеде бұл – үкімет, министрлік, облыстық әкімдіктер, облыстық салалық басқармалар, аудандық әкімдіктер, аудандық салалық басқармалар болса, бүгінде бұл – үкімет, министрліктер, ұлттық холдингтер, облыстық әкімдіктер, облыстық салалық басқармалар, әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялар, аудандық және аудандық салалық әкімдіктер. Осындай құрылымда экономикалық процесті қалай дұрыс реттеуге болады  деген сұрақ туындайды.  Неге осындай қосарлас құрылымдар  мемлекет бюджетіне ортақтасады? Неге салық төлеушілер сансыз жартылай мемшенеуніктерді асырау керек?

Бұдан шығатын қорытынды – осындай қиын жүйеде экономика әрқашан әлсіздікке және жемқорлыққа душар болады.

Мен мынандай шараларды қолданамын: ұлттық компаниялар мен холдингтердің, мемлекеттік қорлардың, даму институттарының қызметтері­не толық тексеру жүргіземін, барлық тексеру жүргізілген компаниялар мен хол­дингтер  мемлекеттік қордан алған қаржыларын бюджетке қайтарады және өздері бәсекелестікке түсетін болады. Ал қалғандары күйреуге ұшырайды.

Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын қайта жандандырамын. Барлық облыстық құрылымдар  шеттетілетін болады.

Әкімшілік жүйе мынадай өлшемде болады – Үкімет-министрлік –  аудандық әкімдіктер және оның қажетті құрылымдары. Облыс орталықтары ерекше мәртебедегі Алматы қаласындай дербес қалалар болып қалыптасады.  Осы жағдайда аудан әкімдері сол аумақта тұратын халық қалауымен сайланады және Президент Жарлығымен бекітіледі.

Жергілікті аудандық бюджетті, ауыл тұрғындары мен ауылдарды тікелей орталық қаржыландыратын болады. Бұл шаралармен  біз ауылдардың ажарын бірден келтіреміз.

Қазақ ғалымдарының отандық және қолданбалы зерттеулерін тиімді дамыту мақсатында әрі дүниежүзі деңгейінде қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ғылым академиясын құрамын.

Менің негізгі ойым мен қамқорлығым – Қазақстан және қазақстан­дық­тар үшін: өз ресурстарымызды отандық өнеркәсіптерде және ауыл­ша­руа­шы­лық өнімдерінде тиімді пайдалану үшін ішкі қажеттіліктер мен экспорттық тауарлардың өсуін қамтамасыз етуге, еңбек және  зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Қазақстанның ашық экономикаға деген бейілдігін дәлелдеймін. Ұлттық экономика мүддесіндегі сыртқы инвестицияларды ұлғайтамын, отандық тауар­лардың тез алға шығуы үшін, салықтың барлық түрін түсіруді қамта­ма­сыз етемін, «көлеңкелі» капиталдың жария етілуіне нақты шаралар қолданамын.

Шетелдік  жұмыс берушілерге қатаң талаптар қоя отырып, еліміздің индустриялық бағдарламасы жалғасын табатын болады. Қазақстанда шетелдік күштерді пайдаланғаны үшін арнайы салық төлеу енгізілетін болады.

Сыртқы саясат саласында бұрынғы қабылданған халықаралық міндеттерді орындау бекітілетін болады. Қазақстанмен тікелей шекаралас елдер Қытай, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан мемлекеттері арасында халықаралық қатынастардың күшеюінің жаңа алғышарттары болып табылады. Астанада осы сала бойынша мамандар даярлайтын мемлекеттік Орталық Азия университетін ашамын.

Мемлекеттегі гендерлік саясат басты мәселе болып қала береді. Отбасын қорғау, ана мен бала, еңбек орындарындағы әйел құқықтарын қамтамасыз ету, балаларға әлеуметтік жәрдемақылар беру, әйелдердің 55  жаста зейнетке шығу құқын қайтару мәселелерін заң жүзінде атқарушы орталық және жергілікті билік орындарында қалпына келтіру шаралары жүзеге асатын болады.

Экономикалық реформаның ақшалай-қаржы, несие, бюджет, өндірістік және ауылшаруашылық саясаттарына жаңа өзгерістер енгіземін. Негізгі басымдықтар  қарапайым халықтың мүддесіне арналады. Құпия жағдайда  масқаралықпен жүргізілетін девальвациялаулар арнайы заңдармен тыйым салынады. Осымен біз халықты ашықтан-ашық тонаушыларға тосқауыл қоямыз.

Қазақстан мүдделеріне шығын келтірген жағдайда шетелдік компаниялармен жасалған келісімшарттарды дер кезінде қайта қарап, оларда көзделген шарттарды көпшілікке жариялау басымдық деп санаймын.

Ұлттық қордағы қаржыларды пайдалануды бақылау Парламенттің құзырына жатқызу керек, мұнайдан түскен пайданың жартысы білім, медицина, ғылымды түбегейлі қаржыландыру, инновациялау, зейнетақы мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кем дегенде 2 есе өсіруге бағытталу қажет. Табиғи ресурстар – халық байлығы, олар қоғамға жұмсалуы қажет.

Қазақстандық компаниялардың қаржысы Қазақстанның экономикасына жұмыс істеуі тиіс. Қазақстандық компаниялармен дүние жүзіндегі арнайы оффшорлық аймақтарда банктік есеп-шоттар ашу, келісімдер мен банктік операциялар жасауға рұқсат берілмейтін болады.  Арнайы оффшорлық аймақтарда келісімдер мен банктік операциялар жасаудың соңғы өтпелі уақыты 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталатын болады.

Жүздеген миллион долларлардың еліміздің экономикасына жұмыс істеуі үшін жағдайы тәуір барлық қазақстандық кәсіпкерлердің қордаланған капиталдарын Қазақстанға қайтаруды ұсынамын.  Бұл бүгінде елге оралуға жолы кесілген жандарға да қатысты. Олардың жүздеген миллион долларлары ел экономикасына жұмыс істеуі қажет.

Қазақстанда шағын және орта бизнестің нәтижелі дамуына барлық жағдайды жасаймын. Салық салу жүйесін  және салықтық есепті беруді қысқарту – алғашқы қадам болмақ.

Жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат түбегейлі өзгеретін болады. Жағдайы төмендер, мүгедектер, зейнеткерлер мен ардагерлер лайықты өмір сүру жағдайлары мен қаржылық төлемдермен қамтамасыз етіледі. Мемлекет өзінің барлық азаматтарына мейлінше қамқорлық пен қолайлы жағдай жасау қажет.

Сонымен, ай сайынғы мүгедектерге төленетін төлемдер, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мен зейнетақылар қайта қаралатын болады. Барлық төлемдер азық-түлік себетінің, қызмет көрсету мен тағам санатына жатпайтын тауарлардың, сонымен қатар мүгедектердің ерекше қажеттілігіне қатысты медициналық қызметтер, дәрі-дәрмектермен әртүрлі препараттардың ең төменгі деңгейімен  пропорционал болады.

«Ардагерлер туралы» заң қабылданатын болады, соғысқа қатысқандарды коммуналдық төлемдерден босату, қоғамдық көліктерде тегін жүру және стационарларда тегін медициналық жәрдем көрсету мәселелері қарастырылады.

Зейнеткерлерге, мүгедектерге, әскери қызметкерлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін коммуналдық қызмет көрсетудің әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуін 50 пайыздан төмендетудің шараларын қолданамын.

Күнкөрісі төмен азаматтарды қолжетімді және тегін амбулаторлық және стационарлық емдеумен, сондай-ақ барлық өңірлерде, еліміздің қалалары мен ауылдарында дәрі-дәрмекті ақылға қонымды  бағамен сатуды қамтамасыз етемін.

Жас отбасылары үшін қымбат емес және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын, сондай-ақ ұзақ мерзімді 10 жылға арналған белгілі ішкі және сыртқы қаражат көзі анықталған мемлекеттік бағдарламасын қабылдаймын. Ұзақ мерзімді жеңілдетілген тұрғын үй салу мәселесін қалпына келтіремін (жылдық 3-4 пайыздық деңгейінде).

Мемлекеттік құрылыс компаниялары құрылып, әлеуметтік тегін тұрғын үй жаппай салынатын болады. Барлық жеке тұрғын құрылыс салуға  тілек білдірушілерге жер телімдерін беру тәжірибесін енгізіп, оларды қымбат емес құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеміз.

Тұрғын-құрылыс кооперативтерін қалпына келтіреміз. Азаматтар өздері құрылыс фирмаларын құрып, құрылыс жүйесін бақылайтын болады.

Ипотекалық қарызды төлеуге пайдаланатын «Аналық капитал» жүйесін енгізуді қарастыру қажет. Бұл бала туудың өсуін ынталандырады.

Барынша тегін, жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті орта және жоғары білім берудің жағдайын қамтамасыз етемін.

Көптеген мемлекеттік мәселелердің шешілуі – еліміздің өңірлерін игерудің жаңа тұжырымдамасын  әзірлеу мен енгізу болып табылады. Елеулі жер ресурстары республикамыздың негізгі стратегиялық байлығымыздың бірі. Бұл мәселедегі сауатты мемлекеттік саясат – халқы тығыз орналасқан  оңтүстіктің, батыс, солтүстік және шығыстағы халықтың жеткіліксіздік  проблемасын шешеді.

Бұл жұмыс, ең бастысы, шекаралық аумақтардан басталып, одан әрі ел ішіне енуі тиіс. Аталған мәселе ұлт тәуелсіздігі мәселесін тиімді шешуді қамтамасыз етеді.

Шекаралық аумақтарды игеру мақсатында еліміздің азаматтарына шекара маңында жеңілдік несие беру және әлеуметтік шарттары негізінде қайтарымсыз жер телімдерін беруді ұсынамын. Осы орайда қауіпсіздікті күшейту және шекаралық жерлерді қажетті қаржы және материалдық ресурстар берудің тиісті мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді.

Ауылдық жерлердегі жеке дербес және ұжымдық жұмыстарды тауар-ауылшаруашылық өндірісті нақты мемлекеттік қолдауды қаржыландыру және субсидиялау, сыртқы және ішкі нарықта тиімді қорғау  арқылы  іске асырамыз. Ауылдық жерлерді шағын несиелендіру көлемі айтарлықтай ұлғайтылуы қажет.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7