
қатысуға шақырамыз
«Инновациялық даму жағдайындағы білім берудің психологиялық-педагогикалық мәселелері»
II халықаралық ғылыми конференциясы
Алматы, Қазақстан
2012ж. 3 ақпанда «Тұран» университетінде өтеді
Мақсаты: Инновациялық даму жағдайындағы білім берудің өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелерін талқылау, оларды шешу жолдарын анықтау.
Бағыттары:
· ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау
· білім беру саласындағы тәуекел деңгейін бағалаудың заманауи шешімін табу жолдары
· білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі
· білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық мәдениеті және психологиялық қауіпсіздігі
· білім алушылардың әлеуметтік өзін-өзі табуы және әлеуметтік белсенділігі
· педагогикалық процесті ұйымдастырудың технологиялық шешімін табу жолдары
· тапсырылған сипаттармен жүйені жобалау
· инклюзивті білім беру
· қашықтықтан білім беру
· білім беруді басқару
· білім берудің қазіргі замандағы психологиялық-педагогикалық мәселелері, оларды шешу жолдары және т. б.
Конференцияға осы бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген Қазақстан, ТМД және алыс шет елдердегі ғалымдар, ЖОО және колледж оқытушылары, педагогтар және білім беру ұйымдарының жетекшілері, біліктілікті жетілдіру жүйесінің қызметкерлері, докторанттар, магистранттар шақырылады.
Конференция жұмысының нәтижесінде баяндамалар жинағы басылып шығады. Авторларға жинақ 2012 жыл, наурыз айы ішінде жіберіледі. Конференция материалдары «Тұран» университетінің сайтында жарияланады.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ тілі, орыс тілі.
Мақаланы дайындаудың тәртібі
· Жарияланатын жұмыс мұқият оқылып, редакциялануы тиіс.
· Құжат мәтіні офис 2003, редактор Word 2003 үлгісінде беріледі.
· Шрифт – Times New Roman. Шрифт мөлшері – 11, ширина всех полей – 2 см, абзац 0,7 см, формат А5, ориентация – книжная.
· Орта тұстан автордың аты-жөні қара түспен, курсивпен жазылады.
· Бір интервалдан соң мекеме, қала, ел атауы көрсетіледі.
· Екі интервалдан соң орта тұстан қара түспен, бас әріптермен баяндама тақырыбы жазылады.
· Бір интервалдан соң орта тұстан курсивпен аннотация және тірек сөздер жазылады (орыс немесе қазақ тілінде және ағылшын тілінде).
· Екі интервалдан соң мақала мәтіні басталады, ол кәдімгі шрифтпен жазылады. Мақаланың негізгі мәтінінде қара түсті, курсивпен, асты сызылған шрифтпен жазуды қолдануға болмайды. Мақалада автоматты және мәжбүрлі ауыстыру, таңбаларды, беттерді, тарауларды, автоматтық тізімдерді, қатар асты сілтемелерді, фотосуреттерді, түстік элементтерді мәжбүрлі ажыратуға болмайды. Мақалада Word-та жасалған 2 кесте, 2 сурет қолдануға рұқсат етіледі. Формула қосымшаға теріледі – редактор формул (Microsoft Equation).
· Дәйексөздерге сілтемелер сөйлемнің соңында тік жақша ішіне бірінші әдебиеттер тізімі бойынша дерек көзінің номері көрсетіліп, сосын үтір қойылып, бет номері жазылады, нүкте сөйлемнің соңына тік жақшадан соң қойылады.
· Библиографиялық тізім мақаланың соңында цитата тәртібімен қойылады.
Материалдар тек электронды пошта арқылы (*****@***ru) тіркелген файл түрінде қабылданады. («Тема» қатарына «ХҒК-ға мақала» деп жазып барлық қажетті файлдарды тіркеу қажет).
Хатқа файлдарды тіркегенде бірінші автордың аты жазылып мынадай үлгімен тіркеледі 1 Ахметов-өтініш, Ахметов-мақала, Ахметов-төлем, Ахметов-сурет 1.
Жинақта түпнұсқа, бұрын жарияланбаған автордың мақаласы жарияланады. Мақаланың мазмұнына және жасалуына мақаланың авторы жауапты. Міндетті түрде аннотация (3-4 қатардан кем емес), тірек сөздер (3-4 қатардан кем емес) болуы тиіс. Мақалалар талаптарға сәйкес рәсімделмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті оны баспаға жібермеуге құқылы.
Қатысу шарттары
Конференцияға қатысу үшін 2012 жыл, 30 қаңтарға дейін ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне *****@***ru төмендегі материалдарды жіберу қажет:
1.Талаптарға сәйкес жазылған мақала мәтіні.
2.Белгіленген формада жазылған автор туралы мәлімет (бланк қосылады).
3.Мақаланы жинаққа қосуға төлеу туралы квитанцияның скан-көшірмесі (немесе анық сандық фотосурет)
Өтініш қабылданғаннан соң үш жұмыс күні ішінде ұйымдастыру комитеті материалдың тексерілгені және оның конференция талаптарына сәйкестігі туралы электронды адреске хабарлама жібереді.
Материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Мақала (5 беттен кем емес) төлем расталғаннан соң жинаққа енгізіледі. Конференция тақырыбына және жасалу тәртібіне сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Мақала қабылданбаған жағдайда тіркеу жарнасы авторға пошта аударымының құны шегеріліп қайтарылады (ақша аудару жинақ авторын тіркеу формасында көрсетілген «жинақты жіберу мекен-жайына» жіберіледі).
Тіркеу жарнасы 3000 теңге (Қазақстан Республикасы ғалымдарына мақала жеткізілмегенде) немесе 30 АҚШ доллары (рубль курсымен есептесе болады) конференция материалын ТМД елдері және алыс шетелдерде көрсетілген мекен-жайға жіберуді есептегенде. ТМД елдері және алыс шетелдік ғылым докторларының тезистері тегін жарияланады (конференция материалы электронды нұсқада e-mail арқылы беріледі)
Тіркеу жарнасы қолма-қол немесе пошта арқылы Сейітқалиева А. Н. атына мына мекен-жайға жіберіледі: Алматы қаласы Л. Чайкина көшесі 12а, «Тұран» университеті, 417 каб.
Анықтама телефондары: 8(727), . Тел/
Бір қатысушы екі мақаладан артық мақала (тезис) жариялай алмайды. Бір автор (немесе авторлар ұжымы) екі мақала жарияланған жағдайда тіркеу жарнасы әр мақалаға (тезиске) бөлек төленеді. Соңынан материалдардың толық екі нұсқасы екі файлда жіберіледі.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: , «Тұран» университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры, п.ғ.д.., 409 каб, , e-mail: *****@***ru
Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары: Ли Елена Петровна, «Тұран» университеті «Психология» кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Техникалық хатшы: Сейтқалиева Асель, «Тұран» университетінің ғылыми істер жөніндегі проректорының көмекшісі. e-mail: *****@***ru
Байланыс мәліметі
Конференция туралы құжаттар және қосымша мәліметті интернет желісінің веб-сайтынан табуға болады.( http://www. turan. ). Байланыс телефоны: (8327) 38 700 86, 38 732 24, 38 Мәскеумен уақыт айырмашылығы: + 2 сағат).
E - mail: *****@***ru
Жинақ авторын тіркеу формасы
Авторлар | Бірінші | Екінші | Үшінші |
Аты-жөні (толығымен) | |||
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |||
Мекеменің атауы (толығымен) | |||
e-mail, үй және қызмет телефоны (қала кодымен бірге) | |||
Мекеме мекен-жайы | |||
Мақала тақырыбы | |||
Жинақты жіберу үшін мақала авторларының бірінің мекен-жайы (пошта индексімен бірге) |


