Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Білім мекеме басшыларына!
21.01.2008ж.
АОКБА ҚДИ-да 2008 жылдың қаңтар айының 28-30 күндері «Физика пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ге дайындау ерекшеліктері» атты облыстық ақылы семинар мемлекеттік тілде өтеді.
1. Өткелбаева Г.-№ 5 ОМ, Ақтөбе қаласы
2. -№ 3 ОМ, Ақтөбе қаласы
3. Жұмағалиева А-№42 ОМ, Ақтөбе қаласы
4. Қалыбаева З.-Сазды ОМ, Ақтөбе қаласы
5. Жұбатырова Р.-Россовхоз ОМ, Ақтөбе қаласы
6. Жолмурзин Ә.-Елек ОМ, Ақтөбе қаласы
Тыңдаушылар өздерімен бірге жеке іс-тәжірибеден материалдар, әзірлемелер, бейнематериал, сабақ үлгілерімен өздері қиналатын кемінде он тапсырманы жазбаша дайындап ала келулері керек. Міндетті түрде!
Оқу семинары облыстық КБА ҚДИ-ң ғимаратында, № 000 аудиторияда өтеді.
Оқу ақысы - 1500 теңге.
Білім мекеме басшыларына!
21.01.2008ж.
«НұрОтан» ХДП құрамдас бөлігі «Жас Отан» жастар қанаты, елбасы саясатын жастар арасында насихаттауды мақсат тұтады.ҚР заңдары бойынша, «Жастар» деген ұғымның аясына еліміздің 14 пен 29 жас арасындағы барлық азаматтары кіреді. Осыған орай, әр қала мектебінен 1 лидер оқушы, бір класс жетекшісі «НұрОтан» ХДП-ның кеңсесіне 24 қаңтар күні сағат 14.30-да шақырылады. Баратың оқушының фамилиясын тапсырыңыздар. Соңғы мерзім 22.01.2008ж №36 каб. Қатысым міндетті түрде!
Мекен жайы:Сәңкібай батыр даңғылы,143 А
Автопаркке қарама-қарсы.
Г. Ш.Бақытжанова
Дебат командасы тренерлерінің назарына!
Қысқы дебат турнирі төмендегі тақырып бойынша өткізіледі:
I, II лигалар үшін Карл Поппер форматының саяси дебат элементтері қамтылған, тақырыбы: «Үкімет жастар арасында экстремизмнің енуімен күрес жобасын ұсынуы тиіс».
Вниманию тренеров дебатных команд!
Зимний дебатный турнир пройдет по следующей теме: для I, II лиги по формату Карла Поппера с элементами политического дебатирования: «Правительство должно предложить проект борьбы с проникновением экстремизма в среду молодежи».
Мектеп директорларына!
Үздіксіз білімнің сапасын көтеру Қазақстан Республикасының білім саясатының басымдылығын көрсетеді және ол педагогикалық кадрлардың құзыреттілігі мен кәсіптілігіне байланысты.
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2004 жылы 11 қазандағы Президенттің № 000 Жарлығымен ашылған Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты жанындағы білім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру аймақтық орталығы Қазақстанның батыс аймағының жоғарғы оқу орындары мен колледж оқытушыларына, мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне кәсіптілігін көтеру үшін курстар ұйымдастырады.
АқМПИ БҚБК АО өзіндік профильге сәйкес оқытудың әр түрлі бағдарламаларын жүзеге асырады. Курстарға білім берудің жаңашыл үрдістерінің сұрақтары, кәсіптік білімнің педагогикасы мен психологиясы, әр түрлі мамандықты оқытудың әдістемелері кірістіріледі.
Оқыту күндізгі түрде өтеді. Курстағы сабақтың басталуы: 14.01.08, 11.02.08, 10.03.08, 14.04.08, 12.05.08, 09.06.08.
Жеке жоспар бойынша кәсіптілікті көтеру тыңдаушы мен оқытушыға қолайлы уақытта жүргізіледі.
Курстар ақылы негізде ұйымдастырылады.
Оқудың құны:
№ | Біліктілікті көтеру формасы | Ұзақтығы, аптамен есептегенде | Құны, теңгемен |
1 | Топпен | 1 | 3000 |
2 | Топпен | 2 | 6000 |
3 | Жеке бағдарламамен | 2 | 15500 |
Есептесу түрі: ақшалай немесе ақшаны аудару арқылы.
Курс соңында тиісті үлгідегі сертификат беріледі.
Тыңдаушы болып тіркелу үшін төмендегі құжаттарды алдын-ала тапсыру қажет:
- жазбаша өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- оқу ақысының төленгені туралы түбіртек;
- келісім-шарт бланкісі-2 дана;
Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 100 А үй, АқМПИ №2 оқу ғимараты, № 000 кабинет, тел/
Мектеп директорларына!
2008 жылдың ақпан айында Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының жанындағы Білім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру аймақтық орталығы, қалалық білім бөлімі және облыс мұғалімдерінің «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігі «Зерттеуші мұғалім: басқаша көреді» «Учитель-исследователь: другое видение» атты №4 облыстық конференциясын өткізеді. Конференцияға «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» семинарларынан өткен қала және облыс мектептерінің мұғалімдері шақырылады.
Конференция секциялары:
№1. Зерттеу тәжірибесі және мұғалім толғанысы; №2. Білім саясаты: философия, білім миссиясы және сапасы; №3. Оқу мен жазудың дамуы. Ақиқат пен мәселелердің арасындағы байланыс. №4. Оқыту және мораль: қайда және қалай «тәрбиелеу керек». №5. Жақсы азамат қандай болуы керек және біз оған қалай жетеміз. №6. Қоршаған орта мен социумды зерттеу арқылы оқыту. №7. Сауаттылық өркендеген мектептер. №8. Бағалау: біздер нені, қалай және не үшін бағалаймыз. | №1. Исследования практика и рефлексия учителя. №2. Образовательная политика: философия, миссия и качество образования. №3. Развитие чтения и письма. Связь с реальным миром и ситуациями. №4. Обучение и мораль: где и как «воспитывать». №5. Каким должен быть хороший гражданин и как мы этого добиваемся. №6. Обучение через исследование окружающего мира и социума. №7. Школы, где процветает грамотность. №8. Оценка: что, как и для чего мы оцениваем. |
Баяндамаға қойылатын талаптар:
- баяндама мәтіні 12 шрифтпен, аралығы 1,5 жазылған 5 бетке дейін болу керек. Онда зерттеу мақсаты, нысанасы және зерттеушінің тақырыппен жұмыс жасау барысында неге үйренгендігі көрсетілуі тиіс;
- тек электрондық түрде, Times New Roman KZ және Times New Roman қабылданады;
- конференция қазақ және орыс тілдерінде жүреді.
Конференцияға қатысушыларға қойылатын міндетті талаптар:
- баяндаманың қазақ тілінен орыс тіліне немесе орыс тілінен қазақ тіліне қысқаша аудармасын жазбаша түрде ұсынады. Аударма машинада терілген және 30 данадан кем болмауы тиіс. Баяндамашылар өз аудиториясын аудармамен баяндама жасар алдында өздері қамтамасыз етеді;
- баяндама интерактивті әдіспен оқылады;
- тіркелу жарнасы – 1500 теңге (осы бағаға «Дауыс пен көрініс» журналының 4 нөмірі кіреді).
Баяндамалар 2008 жылдың 1 ақпанына дейін электрондық поштамен қабылданады: zauresh 1959 @ ***** немесе Тургенев көшесі, 100 А үй, 320 кабинет. Телефон .
Конференцияның нақты болатын уақыты және өтетін жері қосымша хабарланады.
21.01.08ж. Мектеп басшыларына!
24.01.08ж. сағат 10 – де № 36 ОМ - те Жас психолог мектебінің 2 отырысы “Психологиялық жеке кеңес беру” тақырыбында өтеді. Барлық қазақ мектептерінің психологтары шақырылады.


