Отаным - кең далам орманды

атындағы жалпы білім беретін

№ 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылар -

ды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәмізде-

рін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы

аңсаған тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, нағыз ұлтжанды, рухы

мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеу.

Формасы: ертеңгілік

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе.

І- жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

ІІ – жүргізуші:

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,

Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.

Шіркін – ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

І – жүргізуші:

Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! – дей отырып, ұлағатты ұстаздар, оқушылар қауымы 2 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Отаным - кең далам орманды» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Көрініс:

Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады.

Немересі: Ата, не ойлап отырсың?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды, еліміздің өткен өмірі жайлы ойлаймын.

Немересі: Өткен өмір деген не, ата?

Атасы: Ә, балам, өткен өмір деген сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ал ол жол қандай болады, ата?

Атасы: Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атым,

Жинадым кісілерден тарих хатын.

Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан, балам сен де өз тарихыңды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының қосылып, халық болып қалыптасуынан басталады. Бұл – тарих.

1-оқушы: 1923 жыл. Ел жайлауға көшіп, қаннен-қаперсіз күн көріп жатқан елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра көшіп, тарихта аты қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталып кеткен қиын заман болды. Жұрт Алакөлге аяңдап, Қаратауды паналады.

2-оқушы: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ елі өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті, киелі, қасиетті.

3-оқушы: Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты, елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы сынайтын күн туды. Жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады.

4-оқушы: Қырылмаса аштықтан батырларың,

Жазықсыз құрбан қылып шыбын жанын.

Қазақ деген қандай ел болар едік,

Көркейткен байлығымен әлем санын.

5-оқушы: жылдарда адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді.

6-оқушы: Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып, шешек атып көгерген жер.

7-оқушы: Неткен мықты бұл қазақ!

20-жылғы кәмпескеден,

30-жылғы аштықтан және репрессиядан,

40-жылғы алапат соғыстан,

50-жылғы сталиндік бұғаудан,

70-жылға созылған мәңгүрттіктен қазақ халқы аман қалды.

8-оқушы: Қырғи қабақ соғыстың,

Соқтықпауын тілеймін.

Қорғасынды көк ұшқын,

Оқ шықпауын тілеймін.

Адамдардың әлемде

Туыстығын тілеймін.

Шын достықтың әр елде

Тым ыстығын тілеймін.

9-оқушы: 1986 жыл.

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

10-оқушы: Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғасыр бастаған да – Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуылып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

11-оқушы: Шықты тарап ой данадан,

Бет қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

12-оқушы: Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс тартты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым ол.

13-оқушы: «Елтаңбасы»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Қара шаңырақ – ел күні

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

14-оқушы: «Біздің ту»

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда - жас қыран.

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

15-оқушы: «Әнұран»

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Тауымыздың, көне күннің,

Даламыздың байтақ үні.

Ол әні ғой жүрегімнің

Мың қайталап айтам мұны.

16-оқушы: Б. Момышұлы: «Отбасының өнегесі –Отан өнегесі»

17-оқушы: : «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері».

18-оқушы: Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де талай қорлық азаппенен.

19-оқушы: Бір ата бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда – тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

20-оқушы: Біз жас ұлан – Отан ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

21-оқушы: Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын – көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.

Хор: «Отан»

ІІ-жүргізуші: Отан туралы, жер туралы мақал-мәтелдер.

1. Сағынған елін аңсайды,

Сарала қаз көлін аңсайды.

2. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

3. Туған жерге туың тік.

4. Туған жердің түні де ыстық.

5. Елінен безген ер оңбас,

Көлінен безген қаз оңбас.

22-оқушы: Азабыңды шеккен ел,

Тозағыңнан өткен ел.

Батысыңда қар жатса,

Шығысыңда көктем ел.

Бір шеті мен бұл шеті

Жеткізбейтін неткен ел?

Қорытынды:

Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.

Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласы