Мектеп басшыларына! 29.ж.

2011 жылдың 26 қаңтарында қазақ және орыс тілінде білім беретін жаратылыстану пәндері мұғалімдері мен мектеп оқушылары арасында қалалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Тақырыбы: «Жер бетіндегі тіршілікке біз жауаптымыз»

Түрі: Оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұп жұмысы

Қатысушы мұғалім мен оқушының өтініші 2011 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.

Конференцияға: химия, биология, география пәндерінің мұғалімдері және 8,9,10 класс оқушылары қатыса алады.

Мұғалім және оқушы туралы мәлімет төмендегідей үлгіде № 36 кабинетке тапсырылсын.

Ескерту: Оқушының толық аты-жөні мен көрсеткіштері ғана жазылады.

Р/с

Мұғалім және

оқушының

аты-жөні

мектебі

санаты

Пед. өтілі

Көрсеткіштері

(республикалық,

облыстық,

қалалық және т. б.)

Жұмыс жасайтын

жеке проблемасы

Ғылыми – практикалық конференция мақсаты: экологиялық білімді насихаттау және оқушылардың экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыта отырып, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

- қоршаған орта саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушыларды анықтау және қолдау;

- мектеп оқушылары бірлестігінің кластан және мектептен тыс жұмыстарын белсендіру;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

- «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ұжымдық шығармашылық істерді жандандыру;

- БАҚ құралдары арқылы оқушылардың азаматтық және патриоттық позицияларын қалыптастыру, туған өлке табиғатына деген қызығушылығын ынталандыру;

- Жаратылыстану пәндері мен табиғатты қорғау саласындағы ағартушылық және тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізуші педагогтарды марапаттау.

Конференция екі кезең бойынша (түске дейін пленарлық, түстен кейін секция жұмысы) өткізіледі. Төмендегідей материалдар зерттеу жұмысын қорғау кезінде болуы тиіс:

1.«Жер бетіндегі тіршілікке біз жауаптымыз» -атты жаратылыстану пән бірлестігінің ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанаты.

2. «Жер бізге және ұрпақтарға » атты шығармашылық жұмыс көрмесі. (20X30 көлемінде макет дайындау)

3. «Табиғатқа дос бола біл» - «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген жұмыстар (слайд материалдары).

4. «Жер бетіндегі сұлулықты сақтаймыз»- атты жұмыстың атауы және қысқаша сипаттамасы 1X80 көлеміндегі баннерге дайындау.

Зерттеу жұмысының тақырыптары:

1.«Табиғат құпиясына ұмтылыс» туған өлкенің флорасы мен фаунасының биоалуантүрлілігін сақтау.

2. «Қоршаған орта - келешек ұрпақтарға».

3. «Табиғат-адам тәрбиешісі»

Шығармашылық жұмысты бағалау критерийлері:

1. Тақырыптың көкейкестілігі және оны таңдау негіздемесі.

2. Практикалық құндылығы*.

3. Әдіс-тәсілдердің орынды қолданылуы*.

4. Қорытындылардың әділдігі*.

5. Орындалған зерттеу жұмысының немесе әдеби анализдің сапасы және толықтылығы.

6. Тұжырымдардың негізделуі.

7. Ерекшелігі.

8. Өз бетінше жұмыс жасау дәрежесі.

9. Күрделілігі.

10.Безендіру сапасы.

(* - тек зерттеу жұмыстары үшін).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі кезең бойынша жиналған балл санына қарай анықталады. Зерттеу жұмысын қорғауға 10 минут уақыт беріледі, артық уақыт есепке алынбайды. .

ҚҒӘО әдіскері А. Садықова