13.04.09.
Мектеп басшыларына!
17 сәуірде (2009 ж.) №40 орта мектепте өтетін «Абай оқуларына» қойылатын қосымша талаптар:
I. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу бағытында
1.Қазақ класының оқушылары үшін: Жатқа оқитын өлеңінің саны -50-ден кем болмау керек, өлең саны одан кем болса, қатыспауға болады.
2.Орыс класының оқушылары үшін: Жатқа оқитын өлеңінің саны -20-дан кем болмау керек, қатысушының жатқа айтатын өлең саны одан кем болса, қатыспауға болады.
II. «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша Абай мен Шәкәрім
әндері мен күйлерін ең жақсы орындаған қатысушының айтқан әні музыкалық сүйемелдеусіз де тыңдалатынын ескертеміз.
Ұйымдастыру алқасы.
13.04.09 жыл. Мектеп директорларына!
2009 жылдың 10 сәуірі мен 25 мамыры аралығында облыстық Есет батыр атындағы әскери-полиция мектебінің қызметкерлері мамандық таңдау бағытында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 9-шы класс ер балаларымен кездесу жұмыстарын жүргізеді. Мектеп әкімшіліктеріне мамандық таңдау бағытында әңгіме өткізуші қызметкерге қолдау көрсету сұралады.
ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С. Сраж


