Мектеп басшыларына!

26.01.09ж.

«Ақтөбе – Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес және білім беру саласының қызметін кеңейту мақсатында 2009 жылғы қаңтар айының 28-де (басталуы сағат 9.00) Ақтөбе қаласының №51 гимназия негізінде (м. жмикрорайон) «Инновациялық технологиялар – дарынды балалардың тұлғасын дамыту құралы» тақырыбында қазақ тілінде оқу-әдістемелік семинар өтетіндігін хабарлаймыз.

Семинарға мектеп директорларының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары шақырылады.

Қатысушылардан әдістемелік тәжірибе алмасу ретінде келесі мәлімет талап етіледі: тақырыпқа сәйкес жазбаша ақпарат (мектептегі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстары).

Мектеп директорларына !

26.01.09ж.

Жедел!!!

Мектептегі ата-аналарддың қоғамдық кеңестерінің төрағалары туралы мәліметті төмендегі үлгі бойынша тапсырыңыздар:

р/саны

Төрағаның аты, тегі (толық)

Негізгі қызмет орны

Білім беру ұйымының атауы

1

2

3

4

Тапсырылатын соңғы мерзім 28.01.09ж. № 36 кабинетке Г. Ш.Бақытжанова

Білім мекеме басшыларына!

26.01.09ж.

Індеттілік кезеңде тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциясының алдын алуда және «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында төмендегі сұрақтар бойынша ықпал етіп, қанағаттандыруыңызды сұраймын.

- барлық мектептерде сауықтыру әдістемелерінің белсенділігін күшейту (поливитаминдер қабылдау, оксолин майын қолдану, омыртқаның қисаюының алдын алу, дене шыцнықтырулар жасау);

- денсаулық бұрыштарын безендіру;

- «Валеология» сабағы және тәрбие сағаттарында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу жұмысын кеңінен насихаттап, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу тақырыбындағы ақпараттық білім беру құралдарын көбейтіп шығару.

Г. Ш.Бақытжанова