ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ

МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО

СВЯЗИ И ИНФОРМАЦИИ

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН

БҰЙРЫҚ

_______________________________________

Астана қаласы

ПРИКАЗ

город Астана

Телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары

туралы ай сайынғы ақпаратының нысандарын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-3-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратының нысандары:

1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес ұялы байланыс қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес кәбілдік теледидар желісі бойынша телевизиялық бағдарламаларды (телебағдарламаларды) тарату қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

3) осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес Интернет желісіне қол жетімділік қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

4) осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес жергілікті телефон байланысы (ұсыну) қызметін, жергілікті телефон байланыс абоненттерін ұялы байланыс абоненттерімен қосуды ұсыну бойынша қызметін, жергілікті телефон байланысы арқылы қалааралық (аймақ ішіндегі) телефон байланысын ұсыну бойынша қызметін, жергілікті телефон байланысы арқылы халықаралық телефон байланысын ұсыну бойынша қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

5) осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес мерзімді баспа басылымдарын тарату, тасымалдау және жеткізу бойынша қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

6) осы бұйрықтың 6 қосымшасына сәйкес радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі сараптамасын ұсыну бойынша қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

7) осы бұйрықтың 7 қосымшасына сәйкес тікелей желіні және тікелей парды (желіні) жалға беруді ұсыну бойынша қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

8) осы бұйрықтың 8 қосымшасына сәйкес хабарлау құралдарды эксплуатациялық-техникалық қызмет ету қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

9) осы бұйрықтың 9 қосымшасына сәйкес телеграфтық байланыс қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

10) осы бұйрықтың 10 қосымшасына сәйкес антенна-діңгек құрылыстарда орындарды жалға беруді ұсыну бойынша қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

11) осы бұйрықтың 11 қосымшасына сәйкес телерадио арқылы хабар тарату спутниктік байланыс арқылы телевизиялық және дыбысты бағдарламаларды тарату бойынша қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

12) осы бұйрықтың 12 қосымшасына сәйкес ақылы анықтамалық қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

13) осы бұйрықтың 13 қосымшасына сәйкес тоқ арқылы радио тарату қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

14) осы бұйрықтың 14 қосымшасына сәйкес Қазақстан телерадиокомпанияларымен жасалған шарттарға сәйкес кәбілдік теледидар желісі бойынша телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін;

15) осы бұйрықтың 15 қосымшасына сәйкес троллейбустық сызықтың түйіскен желісінің тіреуішін жалға беру қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс дәне ақпараттандыру комитеті (Р. Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің назарына жеткізуiн қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрінің

2010 жылғы «___» _________

№ ___ бұйрығына

1-қосымша

Нысан

Ұялы байланыс қызметтерін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы ай сайынғы ақпарат

20__ жылдың _________

(айы)

Реттелетін нарық субъектінің атауы: ________________________________________________

Мекенжайы: _____________________________

Телефоны:___________, факсі: ___________, эл. поштаның адресі: __________________

№ т/р

Қызмет атауы

Өндірілетін (өткізілетін)

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемдері

Өндірілетін (өткізілетін)

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары, ҚҚС-сыз теңгемен *

Өндірілетін (өткізілетін)

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) табыстылық деңгейі,

% ***

Өлшем бірлігі

Заттай

мәнінде

Құндық мәнінде, ҚҚС-сыз теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1

Дауыстық байланысы қызметі

Желі ішінде

Басқа ұялы байланыс операторлар желісіне

Жергілікті (тіркелген) телефон байланысы желісіне

Халықаралық бағыты бойынша**

2

Қысқа хабарламаларды жіберу қызметі ****

3

Қосымша ұялы байланыс қызметтері

(абоненттің өтініші бойынша) ****

MMS

Интернет желісіне қол жетімділік

WAP

GPRS/

EDGE

4

Барлығы:

Ескерту:

* Күндізгі/түнгі уақытта баға айырмашылығымен және дауыс байланысы қызметін әр түрлі тарифтік жоспарлар бойынша ұсынған жағдайда, «Тарифтік жоспарлар» кестесіне сәйкес тарифтік жоспарлар бойынша қоңыраулар бағыттары тұрғысында және олардың құнының тарифтік жоспарларының тізімін қоса беру қажет (абоненттер пайдаланатын барлық тарифтік жоспарларды көрсетумен, соның ішінде жабық, бірлескен, акциялық, аймақтық және т. б.);

** Егер ұялы байланыс операторы халықаралық бағытта телефон қоңыраулары қызметтерін көрсетсе, онда осы жағдайда қызметтерге елдер, аймақтар тұрғысында бағалар прейскурантын қоса беру қажет;

*** Субъектiде өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi бойынша шығындарды бөлек есепке алу болмаған жағдайда, Субъектiнiң шығындары Субъектiнiң жалпы шығындарындағы табыстардың үлес салмағы (көлемi, өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар) бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзетiн Субъектiнiң белгiлi бiр қызмет түрiне жататын шығындарды айқындауды көздейтiн жанама әдiстердiң негiзiнде өткiзiлетiн өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерi бойынша бөлiнедi;

**** Күндізгі/түнгі уақытта баға айырмашылығымен және қысқы хабарламаларды жіберу қызметін, қосымша ұялы байланыс қызметтерін әр түрлі тарифтік жоспарлар бойынша ұсынған жағдайда, «Тарифтік жоспарлар» кестесіне сәйкес бағалар прейскурантын қоса беру қажет;

- Өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей табыс ету қажет.

Басшы ___________ ____________ _________ М. О.

(Лауазымы) (Т. А.Ә.) (Қолы)

Бас бухгалтер ____________ _________

(Т. А.Ә.) (Қолы)

Кесте

«Тарифтік жоспарлар»

Тарифтік жоспардың атауы

Тарификация бірлігі

Абоненттік төлем

Қосу құны

Желі ішіндегі қоңыраулар (тәулік уақыты бойынша таратумен), ҚҚС-сыз теңгемен

Желі ішіндегі қысқа хабарламаларды жіберу, 1 sms үшін ҚҚС-сыз теңгемен

Басқа ұялы байланыс операторлар желісіне қоңыраулар (тәулік уақыты бойынша таратумен), ҚҚС-сыз теңгемен

Басқа ұялы байланыс операторлар желісіне қысқа хабарламаларды жіберу, 1 sms үшін ҚҚС-сыз теңгемен

Жергілікті (тіркелген) телефон байланысы желісіне (тәулік уақыты бойынша таратумен), ҚҚС-сыз теңгемен

Шетел ұялы байланыс операторлар желісіне

қысқа хабарламаларды жіберу, 1 sms үшін ҚҚС-сыз теңгемен

MMS жіберу, 1 mms үшін

ҚҚС-сыз теңгемен

Интернет желісіне қол жетімділік, трафик 1 Мб үшін ҚҚС-сыз теңгемен

1

2

Тарификация қадамы

1

2

Тарификация қадамы

1

2

Тарифика

ция

қадамы

WAP

GPRS/ EDGE

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

1

2

Басшы ___________ ____________ _________ М. О.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5