Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Регистрационная форма

1. Фамилия Кадырова

2. Имя Макпал

3. Отчество Асхатовна

4. Класс 9 А

5. Школа ШЛ им.

6. Населенный пункт пос. Агадырь

7. Научный руководитель Сүлейменова Бибігүл Кәріғұл қызы

8. Секция Қолданбалы математика

9. Тема доклада «Экономикалық есептер»

10. Язык казахский

11. Требуется ли техническое оборудование да

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

Қадырова Мақпал 9А, Ақадыр кенті,

атындағы мектеп-лицейі

Жетекші Сүлейменова Б. К

Мақсаты: Математика пәні арқылы Экономикалық есептерді талдау,

дамыту.

Міндеттері:1. Экономикалық есептерде нарықтық есептеулерді, пайыздық есептеулерді жақсырақ түсінуін, көңіл-күйге әсер етуін, логикалық ойлауын қалыптастыру.

2. Дәлелдеу, ойды дәл және анық тұжырымдай білу мәселелерін дамыту.

3. Математика пәні арқылы экономикалық есептердің тез, әрі ауызша есептеу тәсілдерін меңгеру.

Мәселе: Қарастырылып отырған заттардың құрамы мен құрылымын білу, жаңа экономикалық есептердің моделін құрастыру.

Зерттеу нысаны: экономикалық есептерді әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, олардың пайдасы бар екеніне көз жеткізу.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Болжам: Егерде экономикалық есептерді шығару кезінде нарықтың негізгі ұғымдарын беруге, нарықтық есептеулерді орындауға, тауарды қалай өткізетінін, көтерме және дербес баға қалай қалай пайда болатынын білсек, онда бізге экономикалық есептер қиынға соқпайды деп ойлаймын.

Күтілетін нәтиже: Экономикалық есептерді шығару барысында математика пәніне деген қызығушылықты арттырады.

Нарықтық орта жағдайында кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзіне тән еркіндік алуы оған қосымша міндеттер жүктеледі. Мемлееттік нарықтық экономика жағдайындағы іс-әрекеті өндірістік қызметпен тұйықтала отырып, кәсіпорын өзінің экономикалық-әлеуметтік жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырылады, яғни аралас экономика жағдайында кәсіпорынға иелік беріп, оның өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдаланумен жаратуды кәсіпорын өздерінің шығындары арқылы әлеуметтік шараларға бір бөлігін жұмсайды.

Қазіргі заманғы нарықтық экономикада шығындарды ресурстарды шектеулігін және оларды альтернативті пайдалану мүмкіндігін білу керек. Сонымен бірге пайда шыгын элементі ретінде қаралады.

Экономикалық шығындар бұл фирманың жұмсауға міндетті төлімдері немесе ресурстардың альтернативті өндірістерінде пайдаланып кетпеуі үшін оларды жеткізушіге қамтамасыз етуі тиіс міндетті табыс.

Тұрақты шығындар бұл өндіріс көлемнің өзгеруінен тәуелді мөлшері өзгерін шығындарды айтады.

Орташа шығындар маңызды категория болып есептеледі, яғни өнімнің бір-бірлігіне шаққандағы шығындар. Орташа шығын көрсеткіштері әдетте бағамен салыстыру үшін қолданылады. Шекті шығындар – бұл өнімнің қосымша бір-бірлігіне өндіруге байланысты пайда болатын қосымша шығындар.

Нарықтық экономикада экономикалық құбылыстарды зерттеуге математикалық әдістерді қолданудың маңызы өлшеусіз артып отыр. Оңтайлы жолын табу талап ететін жоспарлық-экономикалық міндеттерді шешуге байланысты математикалық ақпаратты пайдалану қажеттігі айқын сезілуде. Нарықтық экономикада іс-әрекетті тиімді ұйымдастыра білудің мәні өте жоғары.

Міне, осы тұрғыда аналитикалық геометрияның бірнеше әдістерін қолданып, экономикалық есептерді қарастырамыз.

Бұрыштық коэффициенті бар түзудің теңдеуі

Экономикалық зерттеулерде кездесетін қарапайым функция бул: у=ах+b түзудің теңдеуі.

Өнеркәсіп мекемелерінің өнімдерінің толық шығыны екі бөлікке бөлінеді.

а) Айнымалы шығын өнімнің көлеміне тура пропорционал. Өнімнің бірлігіндегі айнымалы шығынды a деп белгілейік.

б) Тұрақты шығын. Мысалы оған жататындар: әкімшілік мекемені керекті заттармен қамтамасыз ету, аренда, несиелердің өтем ақылары және т. б. оны b деп белгілейік.

Есеп №1.

А(х1;у2), В(х2;у2) пунктері арқылы түзу сызықты шоссе өтіп жатыр. Участоктың өлшем бірлігі 10км есебімен берілсін. Қазбалы кен орыны С пунктінде орналасқан, одан қысқа жолмен шоссеге жеткізу керек. Шоссеге шығатын Д нүктесінің координатасын есептеп шығару қажет. Осы жолдың ұзындығы неге тең? Шоссенің және жолдың теңдеуін құр.

Мұндағы: А(3;2), В(11;6), С(7;9)

Шешуі: түзудің (шоссенің) бағыттаушывекторы және нормаль түзу СД (жол)

Шоссенің түзуі АВ: немесе

Жолдың теңдеуі СД: немесе

Шоссе мен жолдың қиылысуындағы Д нүктесінің координатасын есептеймиз. Ол үшін теңдеулер жүйесін шешеміз:

Д(9;5) – пунктінде шоссе жолмен қиылысады.

Барлық арақашықтық 10км бірлікпен берілгендікпен, СД жолының ұзындығы шамамен 45 км тең.

Есеп №2.

А өнімін өндіру үшін токарь станогында 20 сағат, фрезер станоғында 30 сағат жұмыс істеу керек. В өнімін өндіру үшін токарь станогында 40 сағат жұмыс істеу керек. Токарь станогының жұмыс ресурсы 2000 сағат, фрезер станогының жұмыс ресурсы 4800 сағат. Цехтың жұмыс ресурстарын пайдаланып, өндірілетін А, В өнімдерінің сан мәнін (х;у) нүктелері арқылы белгілеп, координаталар жазықтығында Д облысын табу керек.

Шешуі: А өнімнің сан мәні – х, В өнімінің сан мәні – у болсын. . Бұларды дайындау үшін 20х+10у сағат токарь станогында және 30х+40у сағат фрезер станогында жұмыс істеу керек. Жұмыс ресурстарын ескеріп, теңсіздіктер жүйесін құрамыз.

Есеп №3.

2-есептің шартын пайдаланып, А өнімінің немесе В өнімінің 1 бірлікпен түсетін пайда 400 теңге бірлігі болсын. Максимум пайда шартына А және В өнімін өндірудің оптимал жоспарын құру керек.

Шешуі: 400х+400у=с (максимально) түзуі өтетін Д облысын немесе оның шекарасындағы нүктені табу керек.

Ол нүкте (64;72) Д облысының шекарасында жатыр.

n(1;1) – нормаль векторы

n1=60n=(60;60) бұл да нормал вектор.

Қорытынды

Процестер мен жүйелерді экономикалық модельдеу ең күрделі міндет, бірақ онсыз ғылыми қорытындылар және оның практикалық мәнділігі төмендейді. Соның ішінде математикалық модельдеу ерекше орын алатынын ескеру керек. Себебі экономика көп өлшемді жүйе қызмет атқару сипаты және дамуы реттелетін тәуелділігі бар, кездейсоқ байланысы бар шамалардан тұрады.

Экономика адамсыз өмір сүре алмайды. Себебі, адам болмаса, онсыз экономика өзінің басты мақсатын іске асыра алмайды. Адамның, яғни біздің жақсы өмір сүруге құштарлығымыз арта түскеннен, қажеттілік шеңбері кеңейе түсуде. Егер экономика білімі болмаса, шығыны, табысы, бағасы, кірісі белгісіз болады да, экономикалық есептердің мәні болмайды. Сол себепті, қорыта айтсақ , экономика барысында экономикалық білім алу, экономикалық ой өрісті қалыптастыру, экономика салттарын меңгеру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Экономикалық білім негіздері, 5-сынып, Қ.Ж. Ағанина, С. М.Мұсабеков, Ж. С.Мұсабеков, , А.Ө.Дәулетқұлова, Ж. Г.Қасымова. Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

2.Экономикалық білім негіздері, 6-сынып, Қ.Ж. Ағанина, С. М.Мұсабеков, Ж. С.Мұсабеков, , А.Ө.Дәулетқұлова, Ж. Г.Қасымова.

Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

3. Экономикалық білім негіздері, 7-сынып, Қ.Ж. Ағанина, С. М.Мұсабеков, Ж. С.Мұсабеков, , А.Ө.Дәулетқұлова, Ж. Г.Қасымова.

Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

4. Экономикалық білім негіздері, 8-сынып, Қ.Ж. Ағанина, С. М.Мұсабеков, Ж. С.Мұсабеков, , А.Ө.Дәулетқұлова, Ж. Г.Қасымова.

Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

5. Экономикалық білім негіздері, 9-сынып, Қ.Ж. Ағанина, С. М.Мұсабеков, Ж. С.Мұсабеков, , А.Ө.Дәулетқұлова, Ж. Г.Қасымова, . Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

6. Экономикалық білім негіздері, 10-11 сынып, Қ.Ж. Ағанина, С. М.Мұсабеков, Ж. С.Мұсабеков, , А.Ө.Дәулетқұлова, Ж. Г.Қасымова. Алматы «Жазушы» 2003 жыл.

7.Основы экономики: Казахстан в современном мире. Учебник для 9-10 класса. «Достижение молодых». Алматы 2001год.

8.Прикладная экономика Junior Achievement. Москва «Просвещение» 1993 год.

9.Прикладная экономика Junior Achievement. Алматы 2001год.

10. Экономика негіздері 7-сынып «Достижение молодых» Алматы 2007 жыл.

11. Экономика негіздері 6-сынып «Достижение молодых» Алматы 2006 жыл.