1. Бөгенбай ауылдық округі, Изобильный ауылы әкімдері аппаратының бас маманы (барлығы 2 бірлік), санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру; жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, ауданның жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды ұйымдастыру; ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу; село әкімімен белгіленген өзге өкілетті жүзеге асыру; профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебіне жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді; ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринариялық есепке алуды және есептілік жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыну; ауыл шаруашылығы жан-уарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; селолық жерлерде жануарларды жаюға арналған орындарды анықтау; селодағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беру; үй жануарына ветеринариялық паспорт беру.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: ветеринария саласында жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.

2. Бөгенбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы жетекші маманы, санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бюджеттік қаражатты мақсатына байланысты қолдануды, есеп операцияларын, жылды қаржыландыруға бюджеттік тапсырыс жасауды, қазына басқару арқылы жүргізілетін жұмыстарды қамтамасыз етеді; айлық, тоқсандық, есептік уақытын білгілеу, қаржы құжаттарын толтыру; бюджеттік есеп айыру жағдайын бақылау, құндылықтарын сақтауды бақылау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: экономика және бизнес шеңберінде (есеп және аудит, экономика және қаржы) саласында жоғары білім немесе орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бо-
йынша орта техникалық немесе аталған мамандықтар бо-йынша кәсіптік білім болған жағдайда жіберіледі.

3. Изобильный ауылы әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: штаттық тәртіпті сақтауды, бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастыру; бюджеттік өтінімдерді құрастыру, бюджеттік бағдарламалар мен алдағы кезеңге жеке жоспар дайындау; тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді және жеткізушілермен өзара есеп айырысуды уақытылы жүргізілуін бақылау; кент әкімі аппаратының салық декларациясы мен статистикалық есеп, қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша есеп беруді жасау; бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу, жүйеге келтіру мен сақтау.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: экономика және бизнес шеңберінде (есеп және аудит, экономика және қаржы) саласында жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.

4. Қырық құдық ауылы әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: ауыл әкімі аппараты жұмысының регламентіне, осы лауазымдық нұсқауларға және басқа да ңұсқаулық құжаттарға сәйкес қатаң жұмыс істеу; заң бойынша кеңес беру, азаматтардың үндеулерін, өтінімдерін және шағымдарын уақытылы және сапалы қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасы конституциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін азаматтармен, заңды тұлғалармен орындауға көмек көрсету; құжаттармен жұмыс жүргізу; ауыл әкімі аппаратының болашақтағы және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; ауылдық округ әкімі аппаратының атқарушылық тәртібіне талдау жасау.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер, әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария саласында жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.

5. Ақсу кентінің әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кент әкімі тапсырыстарын, шешімдерін, өкімдерін, жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету. Жастарды әскери үстел шақырылымдарын ұйымдастыру есебін жүргізу. Жергілікті салықтар есебін жүргізу. Кентті көгалдандыру, абаттандыру және қоқыстан тазалау шараларын ұйымдастыру. Негізгі ұйымдастырушылық жұмыстармен байланысты құжаттарды дайындау. Жоғары мекемелердің құжаттарын дер кезінде орындау және сапалы қамтамасыздандыруды бақылауын жүзеге асыру. Қызметтік нұсқауларға сәйкес, кент әкімі аппаратының жұмыс регламенті бойынша жұмыс істеу. Басшылардың басқа да тікелей тапсырмаларын жүзеге асыру.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария саласында жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.

6. Ақсу кентінің әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кент әкімі тапсырыстарын, шешімдерін, өкімдерін, жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы, сапалы орындауды қамтамасыз ету және бақылау. Шығыс, кіріс құжаттарын тіркеу. Кент әкімінің тұрғындарын жеке қабылдауын ұйымдастыру. Аяқталған істерді мұрағатқа тапсыру жұмыстарын жүргізу. Шаруашылық есебін жүргізу. Кент әкімі аппаратының жоспарын жетілдіру. Қызметтік нұсқауларға сәйкес, кент әкімі аппаратының жұмыс регламенті бойынша жұмыс істеу. Басшылардың басқа да тікелей тапсырмаларын жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдар, қызметтер, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария саласында жоғары білім немесе орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта техникалық немесе аталған мамандықтар бойынша кәсіптік білім болған жағдайда жіберіледі.

7. Заводской кентінің әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кенттің архив ісін жүргізу. Кент әкімінің қызметін қамтамасыздандыру жұмысын үйлестіру және бағыттандыру. Заңды және құқықтық сұрақтар бойынша жұмыстарын орындау, ұсақ құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту, хаттамасын жүргізу. Құқықтық түсіндіру жұмысы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Кадрлар қызметі бойынша жұмысты ұйымдастыру. «Сайлау» бағдарламасы бойынша, сайлаушылар тізімін жүргізу. Кент әкімі аппаратының жоспарын жетілдіру. Қызметтік нұсқауларға сәйкес, кент әкімі аппаратының жұмыс регламенті бойынша жұмыс істеу. Басшылардың басқа да тікелей тапсырмаларын жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер, әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария саласында жоғары білім немесе орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта техникалық немесе аталған мамандықтар бойынша кәсіптік білім болған жағдайда жіберіледі.

8. Бестөбе кентінің әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: штаттық тәртіпті сақтауды, бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастыру; бюджеттік өтінімдерді құрастыру, бюджеттік бағдарламалар мен алдағы кезеңге жеке жоспар дайындау; тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді және жеткізушілермен өзара есеп айырысуды уақытылы жүргізілуін бақылау; кент әкімі аппаратының салық декларациясы мен статистикалық есеп, қаржылық-шаруашылық қызмет бойынша есеп беруді жасау; бухгалтерлік құжаттарды ресімдеу, жүйеге келтіру мен сақтау.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: экономика, бизнес шеңберінде (есеп және аудит, экономика және қаржы) саласында жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.

9. Бестөбе кентінің әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Халықтан салық жинау. Іс жүргізуді және құжаттандыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Кент әкімі аппараты бойынша есеп берулерді жасау және тапсыру. Кент әкімі анықтайтын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе ветеринария саласында жоғары білім немесе орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта техникалық немесе аталған мамандықтар бойынша кәсіптік білім болған жағдайда жіберіледі.

10. Бестөбе кентінің әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кент әкімі аппаратының ұйымдастырушы-кадрлық жұмыстарын жүргізу. Әскери міндеттілер және әскер қатарына шақырушылардың әскери есебі бойынша жұмысты жүргізу. Т-2 формалы карточкалармен жұмыс жүргізу. Карточкаларды Степногорск қаласының ҚББ-мен тексеру. Кент әкімі анықтайтын басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария саласында жоғары білім немесе орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта техникалық немесе аталған мамандықтар бойынша кәсіптік білім болған жағдайда жіберіледі.

11. Шаңтөбе кентінің әкімі аппаратының бас маманы, санаты Е-G-3.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ету мен жұмыссыздарды кәсіби дайындау мен қайта дайындау, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру. Азаматтарды қабылдау мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй көмегін алуға құжаттарды ресімдеу. Отбасын, ана мен баланы қолдауға бағытталған, сондай-ақ, әлеуметтік көмекке мұқтаж халықтың жеке санатына әлеуметтік көмек шараларын дайындау. Жасына байланыс-ты зейнетақы төлемін тағайындауға, арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға құжатарды ресімдеу. «Кедейлікті төмендету жөніндегі» бағдарламаның және басқа да әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау жөніндегі комиссия отырысын дайындау және өткізу. Кент әкімімен анықталған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.

Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: экономика және бизнес шеңберінде (есеп және аудит, экономика және қаржы) саласында жоғары білім. Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бо-
йынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.

12. Шаңтөбе кентінің әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты Е-G-4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Іс қағаздарын жүргізу. Әкім аппаратының құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа өткізуге дайындау. Әскери міндеттілерді есепке алу. ҚР Қарулы күштер қатарына жыл сайынғы азаматтарды тіркеу және шақыру іс-шараларын ұйымдастыру. Әкім аппаратының жеке құрамының кадр құжаттарын ресімдеу мен кадрлар бойынша мәліметтер (есептер) құру. Кент әкімі аппаратының орындаушылық тәртібін талдау. Орта және шағын бизнесті дамытуға ықпал ететін жұмыстарды ұйымдастыру. Жастармен жұмысты ұйымдастыру. Кент әкімімен анықталатын басқа да өкілеттікті іске асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, өнер, жаратылыс ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары, қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), ветеринария саласында жоғары білім немесе орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша орта техникалық немесе аталған мамандықтар бойынша кәсіптік білім болған жағдайда жіберіледі.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі сурет пен осы қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) № 000/У нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Әңгімелесуге жіберу туралы хабар алу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Степногорск қаласы әкімі аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиісті.

Мекен-жайы: пошта индексі: Степногорск қаласы, 4 шағынаудан №1 ғимарат, 48 бөлме, анықтама алу үшін телефон: 12-80, электрондық мекен-жайы: *****@***ru