3-кейс
Қазақстан Республикасындағы «жасыл экономика»: перспективалар, мүмкіндіктер шектеулер.
Жағдайдың мәні: Елдің «жасыл экономикаға» ауысуна «РИО + 20» саммиті түрткі болды, оның ұсынымдарының бірі барлық елдерге «жасыл экономикаға» ауысу болып табылады.
«Жасыл экономика» стратегиясының бірнеше бағыттары бар, оларды таңдауға әр жеке мемлекет үшін жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігі тәуелді болады, өйткені әр ел бар табиғи капитал деңгейі бойынша ерекшеленеді. «Жасыл экономикаға» ауысудың негізгі бағыттарын бөліп көрсетейік:
· жаңғыртылатын энергия көздерін енгізу;
· тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы энергия тиімділігі;
· ауыл шаруашылығындағы органикалық жер шаруашылығы;
· қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;
· су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру;
· эко эүйелерді сақтау және тиімді басқару;
· энергетикалық шығынды кәсіпорындардағы шығарылымды бақылау;
· өндіріс тиімділігін және ауыл шаруашылық секторы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
· халықтың әл-ауқатын жақсарту.
Елдің «жасылд экономикаға» ауысуының негізгі құралдары ретінде экономикаға келесі стратегия ұсынылады:
· жүктемені еңбекке салынатын салықтардан ластануға салынатын салықтарға ауыстыруды ескеретін «экологиялық» салық салу жүйесін реформалау;
· тиімсіз субсидиялардан бас тартуды, табиғи ресурстарды құндық бағалауды қоса алғанда «жасыл» баға құрылымын енгізу;
· экологиялық таза өнім шығаруды ынталандыратын «жасыл» мемлекеттік сатып алу саясатын енгізу;
· тұрақты өндіріс және тұтыну модельдерін пайдалану;
· тұрақты инфрақұрылымды дамыту (қоғамдық көлікті, жаңғыртылатын энергия көздерін, энергия тиімді ғимараттарды салуды қоса алғанда);
· экологиялық таза технологияларды құрумен байланысты зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекеттік қолдау.
Проблемалар:
Елде өңдеу және өндіру өнеркәсібі дамыған. Ірі өнеркәсіптік объектілер салынып, пайдалануға беріліп жатыр, ол ауаның ластануын арттырады, жалпы экологияны нашарлатады. Қазіргі уақытта ел аумағында барлық қалдықтар жасырыну үшін қоқыс орындарына жеткізіледі. Бұл ретте, астаналық қоқыс орнын қоспағанда бірде-бір ҚТҚ қоқыс орны санитариялық нормаларға және жасырудың экологиялық стандарттарына сәйкес келмейді. Республикада екіншілік материалдық ресурстар, сондай-ақ «жасыл» энергия мен компост өндірісі үшін биологиялық бөлінетін фракциялар алынатын қоқыс қайта тиеу (сұрыптау) станциялары жұмыс істемейді. Көмірсутектерді өндіруде жанама және табиғи газды кәдеге жарату үлкен проблема болып отыр. Жанама газды факелдерде жағу кезінде атмосфераға азот қышқылының, күкірттің екі еселенген қышқылының, күйенің тастанымдары байқалады. Су орындарының ластануы бірнеше өзендер бассейіндерінің табиғи биологиялық және гидрохимиялық режимдерінің бұзылуына алып келді. Су орындарының негізгі ластаушылары қара және түсті металдар, мұнай мен химия өнеркәсібі тастанымдары болып табылады, олардың ағындары суда зиянды заттардың және т. б. үлесін арттырады.
Сұрақтар:
1. Сіздің пікіріңізше, «жасыл экономика» стратегиясының жоғарыда аталған қандай бағыттары маңызды болып табылады?
2. Елдің «жасыл экономикаға» ауысуы үшін қандай институттар қажет және негізгі бағыттар шеңберінде қалу үшін елдің экологиясына теріс әсер ететін қолданыстағы ұйымдарды қалай түрлендіру қажет?
3. «Жасыл экономиканың» даму және индустрияландыру процесін қалай ықпалдастыру қажет?


