Мектеп басшыларына! 26.03.2014 ж.

ҚҒӘО оқу жылында бірінші біліктілікті санатқа өтуге және қайта растауға ниет білдірген музыка және бейнелеу өнері пән мұғалімдеріне арналған ақылы семинар өтетіндігін хабарлайды. Мұғалімдер өздерімен бірге портфолиоларын ала келулері керек. Семинар барысында мұғалімдерге портфолио жасақтау, электронды орта шығару қызметтері бойынша жәрдем беріледі. Семинар ақысы 3000 теңге.

Семинар өткізетін:

Өтетін орны: №11 ОМ

Өтетін күні: 28 наурыз

Басталуы: 15.00

МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА!!!

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің қорғаншы және қамқоршы органы көктем айы басталысымен және көктемгі, жазғы демалыс кезінде әр түрлі құқықбұзушылықты болдырмау шараларын бақылауда ұстау қажет екендігін хабарлайды.

Қорғаншы және қамқоршы органы

213620

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы ММ

Тілдерді оқыту орталығы МҚКК

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МҚКК мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қызметінің барлық саласына енгізу ісінде көзделген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда, қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру және Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардан ақпарат беру мақсатында 4 айда 1 рет шығарылатын «Мемлекеттік тілді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық – әдістемелік бюллетенін дайындауда.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

2014 жылғы сәуір айында бюллетеннің алғашқы санын шығару жоспарланып отыр. Бюллетень мазмұнына келесідей айдарлармен берілетін әдістемелік материалдар мен ақпараттар енеді:

1.Редактор бағаны: жаңалықтарға шолу, редакция поштасына келген хаттарға, сауалдарға жауап, мереке күндерімен құттықтау.

2. Қазақ тілі - мемлекеттік қызметте: мемлекеттік қызметтің барлық саласында мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау ҚАЗТЕСТ жүйесін насихаттау мақсатын көздейтін мақалалар, Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызмет саласы қызметшілерінің мемлекеттік тілді дамытуға қосатын үлесі туралы материалдар беріледі;

3. Жаналықтар таспасы (лентасы): Ақтөбе қаласында, Ақтөбе облысының 6 ауданында (Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Хромтау, Мұғалжар) мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардан ақпарат беріледі.

4. Табыс кұпиясы: тілдерді қолдану мен дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін насихаттауда, қоғамның тіл мәдениетін дамытуда табысқа қол жеткізген тұлғалар туралы мақалалар беріледі.

5. Педагогикалық практикум: тілдерді оқытудағы жаңашыл, озық іс – тәжірибе (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сабақ әзірлемесін), тілдерді оқыту мәселелері бойынша мақалалар беріледі.

6. Әдістемелік портфель: мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал ету, әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу бағдарламаларын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, ресми ісқағаздарының түрлері, жоспар және талдау түрлері беріледі.

7. Хабарландырулар тақтасы: 2014 жылға арналған үйлестіру – әдістемелік жоспарына сәйкес төрт айлық іс-шаралардың жоспары, хабарландыру, ақпараттық хаттар және т. б. беріледі.

Ақпараттық – әдістемелік бюллетеніне ұсынылған материалдар келесі талаптарға сай болуы керек:

Мақала немесе сабақтың әдістемелік әзірлемесінің көлемі 3 беттен көп болмауы керек. Беттің жоғарғы және төменгі жағынан 2 см., сол жағынан 2 см., оң жағынан 2 см қалдыру керек. Жазу шрифті KZ Times New Roman, Times New Roman, кегль 12, жоларалық ашықтық 1 пт. 2 интервалдан кейін автордың аты-жөні; бос интервалдан кейін мекеменің аты, қаласы, ауданы көрсетіледі. Мақаланың негізгі мәтіні 2 интервалдан кейін басылады. Мәтіннің соңында 1 интервалдан кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі (алфавиттік жүйеде) беріледі. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1:23-25] рәсімделеді. Файлдық құжаттың атауы автордың фамилиясымен аталуы қажет. Кесте, иллюстрациялық сызбаларды беруде Microsoft Office бағдарламасын қолдану қажет. Мақалаларды немесе сабақтың әдістемелік әзірлемесін электронды поштамен мына электронды мекенжайға жіберу қажет: *****@***ru және материал мәтіні баспа түрінде тапсырылуы тиіс.

Бюллетеннің алғашқы санына материалдар 2014 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

Материалдар Ақтөбе қаласы, ағ.Жұбановтар, 257/«Б», СтарТайм ғимараты, 3 – қабат, Тілдерді оқыту орталығында қабылданады. Тел: 8 (71, . «Мемлекеттік тілді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық – әдістемелік бюллетенінде жеке тұлғалар үшін материалдар жарнасы 2000 теңге.

Жариялау жарнасы келесі реквизиттер бойынша:

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы

«Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК

Қазақстан Республикасы,

Ақтөбе қ. заңды мекен жайы: Тургенев к., 86.

тұрақты мекен жайы: ағ.Жұбановтар к, 257/Б.

СТН:

БСН:

Е/ш KZ85319V

БИК: ABKZ KZ KX

«БТА Банк» АҚ Ақтөбе филиалы