Жоба

Өсімдік шаруашылығының шығымдылығы

мен өнім сапасын арттыруды 2013 жылы

субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5), 5-1), 5-2) тармақшаларына сәйкес, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 000 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының 2013 жылға арналған тізбесі;

2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялардың 2013 жылға арналған нормалары;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

3) осы қаулының 3, 4, 5 қосымшаларына сәйкес тыңайтқыштардың және гербицидтердің түрлері бойынша субсидиялардың 2013 жылға арналған нормативтері белгіленсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары жүктелсін.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

_____________________А. Мамытбеков

2013 жылғы «____»________________

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___» __________

№____қаулысына

1 қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының

2013 жылға арналған тізбесі

р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1

Жаздық бидай

2

Күздік бидай

3

Күздік қарабидай

4

Масақты дақылдар қоспасы

5

Қарақұмық

6

Тары

7

Арпа

8

Сұлы

9

Дәндік жүгері

10

Дәнді бұршақ тұқымдастар

11

Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор)

12

Рапс, қыша, арыш, майлы зығыр

13

Қытай бұршақ

14

Картоп

15

Көкөніс және бақша дақылдары

16

Жабық топырақта өсірілетін көкөністер

17

Ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер

18

Бірінші, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

19

Біржылдық шөптер

20

Судан шөбі

21

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___» __________

№____қаулысына

2 қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялардың

2013 жылға арналған нормалары

 р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Бюджеттік субсидиялардың 1 гектарға нормасы,

теңге

1

Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілетін дәнді дақылдар

2000

2

Дәнді дақылдар (бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы)

600

3

Жемдік дақылдар (арпа, сұлы, дәндік жүгері)

1500

4

Жарма дақылдары (қарақұмық, тары)

1500

5

Бұршақ дақылдары (асбұршақ, аңқа)

2000

6

Масақты дақылдар қоспасы

600

7

Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

1200

8

Біржылдық шөптер

600

9

Судан шөбі

1500

10

Ағымдағы жыл егісіндегі бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

3000

11

Екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

2000

12

Ағымдағы жылы егілген астық тұқымдас көпжылдық шөптер

1500

13

Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор)

2700

14

Рапс, майлы зығыр, арыш, қыша

10000

15

Қытай бұршақ

10000

16

Көкөністер

50000

17

Бақша дақылдары

10000

18

Тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін көкөніс және бақша дақылдары, картоп

60000

19

2 дақыл айналымына арналған жабық топырақта өсірілетін көкөністер

2600000

20

Картоп

50000

2013 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған қаржы қаражатының көлемі Шығыс Қазақстан облысы бойынша (бір миллиард сегіз жүз он миллион бір жүз алпыс алты мың) теңгені құрайды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2013 жылғы «___» __________

№____қаулысына

3 қосымша

Отандық өндірушілер сатқан 1 тонна тыңайтқышқа субсидиялардың 2013 жылға арналған нормативтері

р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге

1

Аммиак селитрасы (N-34,4%)

тонна

50

28900

2

Аммофос (N-10%:P2О5-46%)

тонна

50

45000

3

Қарапайым суперфосфат (P2О5-19%)

тонна

50

24500

4

Сульфоаммофос (N-18%: P2О5-18%: S-17%)

тонна

50

34250

5

Хлорлы калий (К2О-42%; KCL-65%)

тонна

50

32500

6

Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) (К2О-53%)

тонна

50

77500

7

«В» маркалы суперфосфат (P2О5-15%)

тонна

50

21281

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2