2012 жылы Мәдениет саласы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

Аудандық Мәдениет үйінің теңгерімінде 3 ауылдық клубтар: Канонерка, Ново-Николаевка және Қара-Мырза клубтары бар. Барлығы 41 жұмысшы жұмыс істейді. Оның ішінде: аудандық Мәдениет үйінде 16-шығармашылық жұмысшылар, 7-техникалық жұмысшылар, 3- мерзімді от жағушылар. Канонерка ауылдық клубында барлығы-5, оның ішінде 4-техникалық жұмысшылар. Ново-Николаевка ауылдық клубында барлығы 6-жұмысшылар, оның ішінде 5-техникалық жұмысшылар. Қара-Мырза ауылдық клубы ашылу барысында. 12157 млн. теңге сомасына жобалық- сметалық құжаттама дайындалды, мемлекеттік экспертизасы бар.
Аудандық Мәдениет үйінің негізгі мақсаты: халыққа мәдениет-көпшілік қызметін көрсету. Сонымен қатар 100 баладан және жасөспірімдерден құрылған 10-нан астам ұйымдар жұмыс жасайды.
Олар: би топтары: «Экситон» халық би ансамбілі, жетекшісі- , «Чародеи» үлгілі би ансамблі, жетекшісі - , «АКЦЕНТ»- жеткшісі , «ГауҺар»- жетекшісі , «Ай-Ару»- жетекшісі , «Балғын»- жетекшісі , «Кербез»- жетекшісі , және де «Боди-стайл» 14 жастан бастап 20 жасқа дейін жасөспірімдер тобы.
«Молодежные Дельфийские Игры», «Вернисаж», «Современные ритмы», «Балдаурен» атты облыстық конкурстардың жүлдегерлері халық би ансамблі «Экситон» және үлгілі би ансамблі «Чародеи»,
2009 жылы ауылдық клубтар ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді: 17 млн. теңге сомасында Ново-Николаевка, 10 млн. теңге сомасында Канонерка клубтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылы 20 млн. теңге сомасында аудандық Мәдениет үйінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және өрт сөндіру дабылы жөнделді.
Мәдениет үйінде саяси-қоғамдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі.
5 қаңтар күні  облыс маслихат депутаты ң үгіт-насихат жұмыстары бойынша төралқа өткізілді, одан әрі артістермен концерттік бағдарлама ұсынылды.
26 қаңтарда Мәдениет үйінің залында әртістер және Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп 10 ауылдық округтің арасында тілдер бойынша конкурс өткізілді.
8 ақпанда Бесқарағай ауданының әкімінің есебі өтті, соңынан Мәдениет үйі және ауылдық округтер әртістерінің күшімен аудан орталығының тұрғындарына концерт ұсынылды.
12 ақпанда Ново-Николавка ауылында ретро - кеш өткізілді, онда тұрғындарға ойындар, конкурстар, 70,80,90 жылдардың хиттарымен дискотека өткізілді.
26 ақпанда Борас орта мектеп - балабақшасында Фаиз Ахатович Валиевты еске алуға арналған шағын футболдан турнирдың ашылу рәсімі өткізілді. Жүргізушілер оның өмірі мен қызметі жайлы айтып өтіп, әндер шырқады.
3 наурызда Мәдениет үйінде «Мәуліт» діни мейрамы аталып өтті. Мейрамда Семей қаласының медресесінің шәкірттері діни әндер шырқап, Шәкәрім университетінің студенттері айтысты.
5 наурызда «Томирис» кафесінде «8 Наурызды» мерекелеуге арналған аудан аудан әкімінің әйел - қамқоршылармен кездесу өткізілді.
6 наурызда аудан орталығының орталық алаңында «Широкая масленица» өтті. Онда сауда - саттық мерекелік жәрмеңке, қайырымдылық дастарханы, «тройка» жылқылары  ұйымдастырылды.   Әртістер сахынада ойындар мен конкурстар: арқан тарту, қаппен жүгіру, частушки мен әндердің сайысы өткізді. Барлық іс - шара Масленицаны жағып, береке мен молшылық тілеумен аяқталды.
7 наурызда аудандық Мәдениет үйінің залында «Мисс Бесқарағай» конкурсы өтті. Конкурсқа 10 ауылдық округтің үміткерлері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар аудан әкімі ауданға үлесін қосқан әйел қауымын алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен мараппаттады.
19 наурызда Наурыз мерекесін мерекелеуге байланысты «Мир» мейрамханасында аудан әкімінің қабылдауы өтті.
22 наурызда аудан орталығындағы орталық алаңда «Наурыз мейрамы» өтіп, алаңда мекемелер мен ұйымдардыңдың көмегімен киіз үйлер құрылды, сонымен қатар өзара сайыстар өткізілді. 
14 сәуірде ауданның балаларына Алматы қаласынан цирктік қойылым келді.
21  сәуірде аудандық Мәдениет үйінде 10 ауылдық округтер арасында домбырашылар сайысы өтті. Бағдарламада әртүрлі жанр: күй, домырамен ән шырқау өнері қолданылды. Бас жүлдені Мәдениет үйінде көп жыл бойы қызмет жасаған  Каиргазы Дуйсенбаев иеленді. 1 орынды Беген ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушысы Танатхан Тукусов, 2 орынды Беген ауылдық округінің көремөнерпаздар ұжымынң мүшесі Бекжан Рафиков, 3 орынды Семияр ауылдық округінің тұрғыны, музыкалық колледждің студенті Адлет Төлегенов иеленді.
23 сәуірде Глуховка ауылдық округінде қарағай көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Орман сахынасында әртістер отанға деген сүйіспеншілігін білдіретін әндер шырқады. 
1 мамырда «Қазақстан халықтарының бірлігі күнінде» ауданда тұратын  24 әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс - шара өткізілді.
7 мамырда орталық алаңда қаза болған интернациналист жауынгерлерді еске алу митингі өтті. Әскери мекемелер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
8 мамырда аудан әкімінің Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жауынгер интернационалисттердің жесірлерін қабылдауы өтті. Олардың дастархандары басында әскери әндер шырқалды. Аудан әкімі гүл мен ақшалай сыйлықтар табыстады. 
9 мамырда ауданның орталық алаңында  Ұлы Отан Соғысында қаза тапқандарды еске алу митингісі өткізілді. Әскери мекемелер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң ипподромда ат-спорттық сайыстары өтті. Әртістер аудан тұрғындары мен қонақтарына мерекелік концерт ұсынды.
1 маусымда Балаларды қорғау күніне орай ауданның өнерлі балаларының қатысуымен салтанатты концерт өтті. Олар ән шырқап, түрлі билер, аэробика  және басқа да өнерлерін көрсетті.
9 маусымда орталық алаңда мемилекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған мемлекеттік рәміздердің шеруі өтіп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Соңынан мерекелік концерт ұйымдастырылды.
14 маусымда аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерін құрметтеу іс - шарасы өтті. Іс - шарада медицина саласының қызметкерлері ән шырқады.
22 маусымда «Қазақстан Республикасының полициясының 20 жылдығына» орай аудандық Мәдениет үйінде әртістер мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен концерт өтті.
23 маусымда ауданға жерлес генерал Кайдаров  іссапармен келіп, соғыс ардагерлеріне мерейтойлық төсбелгілер табыстады.
28 шілдеде  Риддер қаласында «Туған жер - алтын бесігім» облыстық акция аясында «Бесқарағай ауданының мәдени күндері» өтті. Таңертеңнен бастап жәрмеңке мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Кешке қарай Мәдениет сарайында 3 блогтан тұратын концерттік бағдарлама: «Еңлік - Кебек» пьесалық қойылымы /режиссері - Болат Камзин/; Алқабы астықты, койнауы карағайлы, гүлденген өлке Бесқарағай; Шырайлы Шығыс Қазақстанға 80 жыл атты концерт ұйымдастырылды.
18 тамызда ауданның орталық алаңында Қазақстан Республикасының шекара қызметіне 20 жыл толуына орай  салтанатты жиын ұйымдастырылды. Митингте мерейтойлық төсбелгілер мен грамоталар табысталды. Іс - шара соңынан Мәдениет үйінде мұғалімдердің Тамыз кеңесімен жалғасты. Затем в Доме культуры состоялось Августовское совещание учителей.
20 тамызда Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин келді. Ауданның ардагерлері өз өнерлерін көрсетті.
29 тамызда ауданның орталық алаңда «Ойна, гармонь, күмбірле домбыра» алғашқы аудандық  фестиваль ұйымдастырылды. Оған 10 ауылдық округтердің саз шеберлері қатысты. Соңынан, 29 тамызда, «Қазақстан республикасының Конституциясы күніне » арналған салтанатты жиын және облыстық турнирдың жеңімпаз футболистерін құрметтеуге арналған іс - шара өтті.
8 қыркүйекте ауданның орталық алаңында «Денсаулық фестивалі» өтті. Фестивальде Мәдениет үйінің әртістері концерт қойды.
«Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» 14 қыркүйекте Қара - Мырза ауылында, 16 қыркүйекте Жыланды ауылында өткізілді.
15 қыркүйекте аудан орталығында АХАЖ бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
1 қазанда «Томирис» кафесінде қарт және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды аудан әкімінің қабылдауы өтті. Қабылдауда әртістер мерекелік концертін ұсынды.
5 қазанда Бесқарағай ауылы әкімінің қарт және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдауы өтті.
12 қазанда аудандық Мәдениет үйінде «Әлеуметтік қызметкер күні» өткізілді.
13 қарашада «Әсер қатарына шақырылғандарды шығарып салу» өтті.
1 желтоқсанда ауданымызға облыс әкімінің орынбасары  Владимир Кошелев  жұмыс бабымен келді. Оның қатысуымен ТҚС, оңтайландыру орталығы, «Нұр Отан» стелласының ашылуы, «Бесқарағай жастары Тұңғыш Президентті қолдайды» акциясы, сонымен қатар «Еңбек пен даңққа бөленген бесқарағайлықтар» атты салтанатты концерт  өтті.
6 желтоқсан күні маңызды оқиға-Ново-Николаевка ауылында халық ақыны Нұрлыбек Баймуратовтың 125-жылдығынмерекелеуі өтті.
7 желтоқсан күні «Томирис» кафесінде Мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен «Ауыл шаруашылығы жұмысшылары күні» өтті.
16 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде «ҚР Тәуелсіздік күні» мерекесі өткізілді, осы мерекеде 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының кадрлары көрсетілді, аудан белсенділеріне аудан әкімі алғас хаттар табысталды.
26 желтоқсаннан бастап 28 желтоқсанға дейін Мәдениет үйінде ұйымдары мен мекемелер қызметшілерінің балалары үшін  шырша мейрамы өткізілді.
27 желтоқсан күні таңертен аз қамтылған отбасылар балалары үшін шырша мейрамы өткізілді, сонан соң мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін аудан әкімінің шыршасы өтті.
31 желтоқсанда ауданның орталық алаңында халықтық қыдыру: үштік аттар, балаларға арналған сырғанақ, жаңа жылдық мүсіндер мен шырша ұйымдастырылды. Ең үздік частушкалар, баянмен ән шырқау би билеу сайыстары өткізілді. Сондай - ақ аудандық Мәдениет үйінде жаңа жылдық бал- маскарад: ең үздік карнавалдық костюм, сайыстар мен ойындар, дискотека ұйымдастырылды.