Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Біз команда
Тренингтің мақсаты:
Қатысушыларды біртұтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бір-бірлеріне сенуге, бір-бірлерін сыйлауға, бірлесе жұмыс істей білуге деген икем-дағдысын қалыптастыру.
Тренингтің құрылымы:
1.«Қошеметпен қарсы алу» жаттығу
2.«Ұқсастық пен айырмашылық» жаттығу
3.«Бірігу » жаттығу
4.«Қашқындар мен қуғыншылар» жаттығу
5.«Жануарлар хоры» жаттығу
6.Комплимент
Кіріспе сөз
Амандасу
І. «Қошеметпен қарсы алу» жаттығу.
Мақсаты: Әр адам – ол жеке тұлға. Әрбір адамды ол қандай сол қалпында қабылдап, сыйлау керектігінің маныздылығын түсіндіру.
Нұсқау: Қатысушылар тең екіге бөлініп, екі қатар болып тұра қалады. /Көңілді музыка ойнап тұру керек./
Әрбір қатардың шетінен бір қатысушы шығып, қайта кіргенде екі шетте тұрған адамдар кірген адамға қол соғып, қошемет көрсетіпе, өздері тұрған коридордан жоғары өткізіп шығарып салады. Кірген адам екі қатардың бір шетіне тұра қалады. Сөйтіп қатысушылардың бәрі сол коридардан өтіп шықпайынша ойын жалғаса береді.
Талдау:
Бұл жаттығудың мақсаты не деп ойлайсыздар?
Ойыннан қандай әсер алдыңыздар?
ІІ. «Ұқсастық пен айырмашылық» жаттығу.
Мақсаты: Бір-бірлерін толығырақ білуге, басқалардың алдында өзінің жағымды іс әрекеттерімен бөлісу арқылы өз-өзін бағалауын көтермелеу. Өзіне деген басқалардың көзқарасын, ой пікірін жағымды жағына өзгерту.
Нұсқау: Барлық қатысушылар екі-екіден жұптасып тұра қалады. Әр жұп өз сыңарының өзіне ұқсас және айырмашылықтарымен таныса бастайды. (киген киімдерін, үйреншікті әдеттерімен, жақсы көретін іс әәрекеттерімен т. б.) Кейін әр жұп тұрып, өздерінің ұқсас және айырмашылығын айтып не оқып береді.
Талдау:
Кім өзіне басқалар туралы жаңалық ашты?
Ұқсастықты табу мен айырмагылықты табудың қайсысы оңайға түсті?
ІІІ. «Бірігу» жаттығу.
Мақсаты: Біртұтастыққа, бір-біріне жағымды көзқарас тудыруға, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, мәселені бірлесе шешуге көмектесу.
Нұсқау: Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтағы баланың саны 7-8-ден аспау керек. Екі бір мезгілде дөңгелене тұрады да, команда берілгенде көздерін жұмып, қолдрарын алға созып, алға қарай жылжиды да, көздерін ашпаған күйі бір-бірлерінің қолдарынан ұстау керек. Яғни бір бала бір қолымен бір адамды, бір қолымен басқа адамның қолынан ұстау керек. Қолдарынан ұстап болған соң, қолдраын жазбаған күйі көздерін ашады. Ендегі міндет шатасып жатқан бойда қолдарын үзбестен жазылу керек.
Талдау:
Берілген міндетті шешуге не көмектесті?
Берілген міндетті тез орындауға не кедергі болды?
ІҮ. «Қашқындар мен күзетшілер» жаттығу
Мақсаты: Сөзсіз қарым-қатынас жасау икем дағдысы дамиды, бақылау жасай білу және шапшаң қимылдау. Көңіл күйді көтереді.
Нұсқау: Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ орындықтарға жайғасады, ал қалғандары орындықтың артында тұрады.
«Қашқындардың» міндеті: «күзетшілерге» білдіртпей, көздерімен келісіп, басқа адаммен орын ауыстыру. Сөз және жест қолдануға болмайды.
«Күзетшілердің» міндеті: «Қашқындардың» іс әрекетіне мұқият бақылау жасап, қашатындарын сезген кезде, қолдарын «қашқындардың» иығына қоя қою керек. Кейін қашқындар мен «күзетшілер» орындарын ауыстырады.
Талдау:
Алған әсерлерімен бөлісуге болады.
Бұл жаттығу қандай икем дағдыны қалыптасыға арналған деп ойлайсыздар?
Қашқындар болу ұнады ма, әлде күзетші болу ұнады ма?
V. «Жануарлар хоры» жаттығу
Мақсаты: Көңіл-күйлері көтеріледі. Бір-бірлеріне деген достық қарым-қатынастары жақсара түседі. Бірлесе іс-әрекет жасауға икемделеді.
Нұсқау: Қатысушылар дөнгелене тұра қалады. Әр қатысушыға жануарлардың аттары жазылған қағазды таратып беремін (қой, сиыр, ит, мысық). Олар қағазда жазылғандарды оқиды да ешкімге көрсетпей қалтасына салып қояды. Команда берілгенде, көздерін жұмып, өздерінен келген жануардың дыбысын шығару арқылы өз үйірлерін тауып алу керек. Кейін үйір-үйірімен тұрып, «В лесу родилась елочка» әнімен хор айтады. Бір үйір бастаса, екінші үйір жалғастырады.
Талдау:
Ойыннан қандай әсер алдыңдар?
Өз үйірлеріңізді табу оңайға созылды ма?
Кімге қиын болды? Неге?
VІ. «Комплимент» жаттығуы
Мақсаты: Бір-бірлеріне деген жағымды көқарасты дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Басқаның жақсы қасиеттерін басу айту арқылы өз-өзіне деген сенімділікті арттыру. Мәртебесін көтеру.
Нұсқау:
Қазір біз қатысушылардың өзіміз таныған жақсы қасиеттерін айтып, «Мен сен.... қаситеттіріңді бағалаймын» деген сөйлемді аяқтаймыз.
Талдау.
Көңіл-күйлеріңіз қалай өзгерді? Сендер үшін кімнің айтқан сөзі сіздерге жаңалық болды.


