Тәжен селосы бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстардың есебі.
Тәжен селосының 165 тұрғыны бар, отбасы саны да көбейіп, селоға басқа да елді мекендерден көшіп келушілер артып келеді. Тұрғын үй саны – 25, олардың ішінде отбасы саны - 35. Жаңа 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Село тұрғындары ішінде зейнеткерлер саны – 12 адам, мүгедектік топта - 3 адам, алтын алқа алған 3 ана, күміс алқа алған 6 ана бар. Үстіміздегі жылы осы 9 анаға және де мүгедектік топтағы 3 тұрғынға тегін «Отау тв» қондырылды. Мектеп жасына дейінгі бала саны - 32, мектеп жасындағы бала саны – 35, студенттер саны - 8.
Жүктілігі бойынша есепте тұрған 9 ананың қазіргі таңда 6 - ауы босанды. Ана мен бала арасында өлім болған жоқ.
Жұмыс жасайтын адамдар саны - 41 адам. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркелген 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды. Жастар іс-тәжірибесімен бір тұрғын қазіргі таңда «Тәженмедпунктіне» медбике болып тұрақты жұмысқа орналасты.
«Тәжен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне екі жоғары білімді жас маман конкурс арқылы тұрақты жұмысқа орналасты.
Тәжен мектеп балабақша кешенінде 5 адам, «Бейнеумәдениет» мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорнының «Тәженмәдениет» бөлімшесінде 7 адам жұмыс жасайды.
Селода тазалық айында кәсіпкерлік нысандар, үйлер және әкімшілік ғымараты әрленді, 189 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Жыл ішінде селода ауқымды жұмыстар атқарылды. Мамыр айында Ақжігіт-Тәжен су құбырының жұмыстары аяқталып, ауылға Қығаштың суы келді. Елбасының тапсырмасына сай «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында селоға ауыл-ішілік су құбырлары толықтай тартылды. Қазіргі таңда әрбір үйдің жанына су құбыры келіп тұр, сондай-ақ «ПРИМАСАН» су тұшытатын қондырғы халық игілігіне қызмет көрсетуде.
Село тұрғындары газбен, электр энергиясымен толықтай қамтылған, «Билайн» байланыс жүйесі бір қалыпты жұмыс жасап тұр.
Кәсіпкерлік нысандары бойынша кедендік-шекаралық бекеті жанында орналасқан 8 шайхана жұмыс жасайды.
Село қарамағында «Жандос» және «Тобыш» шаруа қожалықтары бар. Бұларда қазір 6 адам еңбек етеді. Қазіргі таңда түйе –409 бас, жылқы – 226 бас, қой, ешкі - 351 бас. Жыл бойына ауыл шаруашылық мамандарымен біріге тұрғындардың жеке меншігіндегі және шаруа қожалықтарының мал басын бірдейлендіру, егу жұмыстары жүргізілді.
Тәжен селосының бас жоспарының жобалық сметалық құжаттары мен «Тәжен мектеп-балабақша» кешенінің жобалық сметалық құжаттары жасақталуда.
Село әкімі Б. Нурхожаев


