Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Жаңақорған аудандық мәслихатының « жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2012 жылғы
19 желтоқсандағы кезекті ХІV сессиясының № 000 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106 бабының
2 тармағының 4 тармақшасы, 4 тармағы және 112 бабының 6 тармағы негізінде әзірленді.
КІРІСТЕР
жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістер бөлігі 2013 жылға нысаналы трансферттер есебінен 532356 мың теңгеге кемітіліп, салықтық түсімдер есебінен 62351 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер есебінен 690 мың теңгеге көбейтіледі.
ШЫҒЫНДАР
Шығындар бөлігінде нысаналы трансферттер есебінен:
Құрылыс бөлімінен Республикалық бюджеттен Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын салуға қаралған 400 000 мың теңге, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға қаралғанмың теңге, Сүттіқұдық ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысына қаралған мың теңге, Бірлік ауылындағы № 55 мектептің спорттық зал, асхана, шеберхана құрылысына 38 900 мың теңге, жиыны 691348 мың теңге нысаналы трансферттер шегеріледі.
Білім бөліміне №3 мектеп-интернаттың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 145143 мың теңге;
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке 13751 мың теңге;
Осы жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтiк төлемдердi есептеу, төлеу мен жеткiзу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 98 мың теңге бағытталады.
Бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 177836 мың теңге, салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен 63041 мың теңге және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен абаттандыру және көгалдандыру мен жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз ету бағдарламаларынан шегерілетін 10150 мың теңге, Қыраш ауылдық округі күрделі шығыстарынан шегерілетін 193 мың теңге, барлығы 251220 мың теңге төмендегі мақсаттарға көзделуде.
Аудан мәслихаты аппаратына телекоммуникация қызметіне Интернет желісі үшін ақы төлеуге 571 мың теңге, «1С Бухгалтерия» бағдарламасын орнатуға 152 мың теңге, қызмет көрсетуіне 457 мың теңге, барлығы 1180 мың теңге;
Аудан әкімі аппаратына кеңсе ғимаратынан қоқыстарды шығаруға 343 мың теңге, «Қазтест» оқу орталығында мемлекеттік қызметкерлердің оқу ақысына 913 мың теңге, іс-сапар шығындарына 275 мың теңге, жаңа жиһаз және кабинет жабдықтарын сатып алуға 4000 мың теңге, кеңсе өжіресіне жай жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3000 мың теңге, әскери жиын пунктіне медициналық құрал жабдықтарын жаңартуға 638 мың теңге, барлығы 9169 мың теңге;
Жаңақорған кенті әкімі аппаратына «1С Бухгалтерия» бағдарламасын орнатуға 152 мың теңге, қызмет көрсетуіне 457 мың теңге, кеңсе ғимаратының күрделі жөндеуіне ЖСҚ жасатуға 560 мың теңге, «Ақбота» бала бақшасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1000 мың теңге, «Жалын» бала бақшасының ғимаратына есік-терезе сатып алуға 420 мың теңге, жай жөндеу жұмыстарына 1500 мың теңге, кенттегі Нақипов, Байкежеев көшелерінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 18295 мың теңге, Амангелді және Байкежеев көшелерін жарықтандыру жұмыстарына 4700 мың теңге, Әлшекей көшесінің жолдарын жай жөндеу жұмыстарына 6700 мың теңге, барлығы 33784 мың теңге;
Шалқия ауылдық округі әкімі аппаратына ауылға трансформатор орнатуға 1500 мың теңге, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге күл-қоқыстар шығаруға 1000 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 3000 мың теңге;
Қандөз ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасымен жол төсеу жұмысына 1500 мың теңге;
Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратына кеңсе ғимаратын сатып алуға 11000 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 11500 мың теңге;
Келінтөбе ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, бала бақшаға дейін жол төсеу жұмысына 1200 мың теңге, барлығы 1700 мың теңге;
Аққорған ауылдық округі әкімі аппаратына заңгер-маманның бір жолғы материалдық көмегіне 152 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, елдi мекеннің көшелеріндегі жарықтандыру бағаналарын орнату үшін ЖСҚ жасату жұмысына 542 мың теңге, барлығы 1194 мың теңге;
Қожакент ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, елдi мекеннің көшелерiн жарықтандыруға 1500 мың теңге, барлығы 2000 мың теңге;
Өзгент ауылдық округі әкімі аппаратына компьютер сатып алуға 150 мың теңге, сатып алынған бала бақша ғимаратына тех.құжатын жасатуға, жерге мемлекеттік акт алу үшін 166 мың теңге, өрт дабыл қаққыш орнатуға 500 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 1816 мың теңге;
Сунақата ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге күл-қоқыстар шығаруға 171 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, Еңбек ауылында жолға тас төсеуге 1500 мың теңге, барлығы 2171 мың теңге;
Төменарық ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 400 мың теңге, 1 дана трактор сатып алуға 3500 мың теңге, барлығы 4400 мың теңге;
Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі аппаратына ауыл әкімі ауысуына байланысты еңбек өтілі коэффициенті өзгеруіне айырма 67 мың тенге, мемлекеттік акті, төл құжат рәсімдеуге 11 мың теңге, кеңсе ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 3450 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 4028 мың теңге;
Ақүйық ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, Нарымбаев көшесіне 1,5 км электр желісін тарту жұмыстарына 1948 мың теңге, барлығы 2448 мың теңге;
Бесарық ауылдық округі әкімі аппаратына елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге күл-қоқыстар шығаруға 500 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 1000 мың теңге;
Кейден ауылдық округі әкімі аппаратына қызметтік автокөлікке, су таситын автокөлікке, аяқ су айдайтын насостың қосалқы бөлшектерін сатып алуға 494 мың теңге;
Жаңарық ауылдық округі әкімі аппаратына ауыл әкімнің қызмет өтілі өсуіне байланысты жалақысы өсуіне 170 мың теңге, бес көшеге тас төгіп тегістеу жұмыстарына сметаға сәйкес 5080 мың теңге, барлығы 5250 мың теңге;
Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратына ауылға трансформатор орнатуға 1500 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 2000 мың теңге;
Талап ауылдық округі әкімі аппаратына кеңсе ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ жасатуға 250 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 750 мың теңге;
Қожамберді ауылдық округі әкімі аппаратына ауылға трансформатор орнатуға 1500 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, ауылға төл кұжат жасату жұмыстарына 540 мың теңге, барлығы 2540 мың теңге;
Манап ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, Талап бекетіне шағын спорт алаңқай сатып алуға 5000 мың теңге, барлығы 5500 мың теңге;
М. Нәлібаев ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге;
Қыраш ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, елді мекен көшелеріне электр желісін тарту жұмыстарына 1700 мың теңге, құжат рәсімдеу мен тіркету үшін 400 мың теңге, барлығы 2600 мың теңге;
Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппаратына бала бақша ғимаратын сатып алуға 10000 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 10500 мың теңге;
Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратына мемлекеттік акті, төл құжат рәсімдеуге 126 мың теңге, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге күл-қоқыстар шығаруға 178 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, барлығы 804 мың теңге;
Қосүйеңкі ауылдық округі әкімі аппаратына ауылға трансформатор орнатуға, щит, электр желілерін ауыстыруға 1773 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге күл-қоқыстар шығаруға 167 мың теңге, асфальт жолға су шаймас үшін темір-бетон кольцалар орнатуға 250 мың теңге, барлығы 2690 мың теңге;
Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратына бала бақша ғимаратын сатып алуға 10000 мың теңге, елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, қызметтік автокөлікке қосалқы бөлшектер сатып алуға 300 мың теңге, барлығы 10800 мың теңге;
Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратына елдi мекендi абаттандыру мен көгалдандыруға 500 мың теңге, елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін дизель су насосын сатып алуға 1500 мың теңге, барлығы 2000 мың теңге;
Қаржы бөліміне мемлекеттік мүлікті есепке алу бірыңғай операторы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ қызметіне 646 мың теңге, нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді облыстық бюджетке қайтаруға 14557 мың теңге, облыстық бюджетке қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге 5 мың теңге, барлығы 15208 мың теңге;
Білім бөліміне № 000 орта мектепке жылу қазандығын алуға 1600 мың теңге, №54 мектеп ғимаратын жай жөндеу жұмыстарына 2000 мың теңге, № 000 мектептің ауласын қоршауға 1300 мың теңге, мектептерге өрт дабыл қаққыштар орнату жұмыстарына 4130 мың теңге, «Тау самалы» тынығу лагері ғимаратын жөндеу жұмыстарына 3000 мың теңге, Қыраш елді мекенінде № 000 мектепке ғимарат жалға алуға 1600 мың теңге, № 000,№ 000,№ 000,№ 000,№ 000,№ 000,№ 000,№ 000,№ 000 мектептеріне экологиялық рұқсат құжаттарын алуға 800 мың теңге, № 000 орта мектебіне қосымша 1 бірлік вахтер, 1 бірлік іс-жүргізуші штатына 872 мың теңге, білім бөлімінің теңгеріміндегі ғимаратты жөндеу жұмысына 126 мың теңге және өрт дабылы қондырғысын орнатуға 650 мың теңге, бөлімнің теңгеріміндегі автокөлікке дөңгелек алуға 100 мың теңге, № 000 мектептің теңгеріміндегі ғимаратына жөндеу жұмыстарына 24136 мың теңге, № 000 орта мектептің бұрынғы ғимараттарына жөндеу жұмыстарына 5000 мың теңге, барлығы 45314 мың теңге;
Сәулет және қала құрылысы бөліміне Жаңақорған кентінің Шығыс мөлтек ауданына жоспарлау жобасын жасауға 8516 мың теңге;
Жер қатынастары бөліміне Жаңақорған кенті жерлерінің шекарасын белгілеуге 2762 мың теңге, аймақтарға бөлу жұмыстарына 4397 мың теңге, қызметтік автокөлік сатып алуға 2800 мың теңге, барлығы 9959 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне «Сумен жабдықтау нысандарын пайдалану және жөндеу» МҚК-н ауданаралық экономикалық соттың шешімімен оңалту рәсімдеріне байланысты санация келісіміне сәйкес 2012 жыл үшін 5169 мың теңге, 2013 жылға 5335 мың теңге, қосымша 1 штат бірлікпен инженер ұстауға 701 мың теңге, құдық қазу жұмыстарына 1700 мың теңге, орталық парктегі ғимараттарды мемлекеттік меншікке сатып алуға 10500 мың теңге, Қаратөбе елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғыртуға ЖСҚ қорытынды алуға 127 мың теңге, барлығы 23532 мың теңге;
Ветеринария бөліміне ветеринариялық анықтамалар бланкілеріне 754 мың теңге;
Дене шынықтыру және спорт бөліміне шарушылық заттар алуға 434 мың теңге, телекоммуникация қызметіне Интернет желісі үшін ақы төлеуге 125 мың теңге, «1С Бухгалтерия» бағдарламасын орнатуға 152 мың теңге, қызмет көрсетуіне 457 мың теңге, спорттық іс-шараларға билбордтар жасатуға 172 мың теңге, бөлімнің теңгеріміндегі ғимаратқа жиһаз, копьютер алуға 553 мың теңге, әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындауға және олардың спорт жарыстарына қатысуына 8437 мың теңге, барлығы 10330 мың теңге;
Құрылыс бөліміне екі коммуналдық тұрғын үй құрылысына қосымша 9092 мың теңге;
Ішкі саясат бөліміне мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу мақсатында «Қазақстан 2050» стратегиясының брощюраларын жасатуға 275 мың теңге;
Кәсіпкерлік бөліміне қызметтік қажеттілік үшін проектор сатып алуға 130 мың теңге;
Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне теңгеріміндегі автокөлікті жай жөндеуге 150 мың теңге;
Ауыл шаруашылығы бөліміне 2012 жылы берілген 1 бірлік штат қарауылдың еңбек ақысына 642 мың теңге;
Сонымен қатар, білім бөлімінде «Жалпы білім беру» бағдарламасынан 11427 мың теңге, «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бағдарламасына;
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасынан 710 мың теңге, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына;
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасынан 280 мың теңге «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына;
Өңірлік оқу орталығының күнтізбелік жоспарына өзгеріс енгізілуіне сәйкес аудан әкімдігі аппаратнынан қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көзделген «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасындағы 47 мың теңге Жаңақорған кенті әкімі аппаратына «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына ауыстырылады.


