ПРОЕКТ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы « » №
қаулысымен бекiтілген
Орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгi ставкалары
№ р/с | Пайдаланудың түрі | Сыйақының ең төменгi ставкалары |
1. Көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу арқылы орындауларды және фонограммаларды пайдаланғаны үшін орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгi ставкалары | ||
1.1 | Кіру төлем ақысы бар қоғамдық тамақтану орындарында, мекемелерінде, би алаңдарында, дискотекаларында, кафелерінде, ресторандарында, казиноларында, түнгі клубтарында, мәдени-ойын-сауық және спорттық-сауықтыру орталықтарында (кешендерінде), көрмелерінде және басқа да ұқсас қоғамдық орындарында орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 2,0 % (кірістің жалпы соммасынан) |
1.2 | Кіру төлем ақысы жоқ қоғамдық тамақтану орындарында, мекемелерінде, би алаңдарында, дискотекаларында, кафелерінде, ресторандарында, казиноларында, түнгі клубтарында, мәдени-ойын-сауық және спорттық-сауықтыру орталықтарында (кешендерінде), көрмелерінде және басқада ұқсас қоғамдық орындарында орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 5 АЕК (айына) |
1.3 | Қонақ үйлерінің, санаторийлардың, демалыс үйлерінің және пансионаттардың нөмірлерінде орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 0,1 % (нөмірлерде тұрғаны үшін түсетін ай сайынғы кірістен) |
1.4 | Жолаушылар көлігінің құралдарында орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 0,001% (билеттерді сату нәтижесінде түскен кірістен) |
1.5 | Сән көрсетуді, сұлулық және кәсіби шеберлік байқауларын, спорттық жарыстарды, спортшылардың көрсетілімдік орындауларын, конькимен, роликпен жаппай сырғанауларды және соларға ұқсас арнайы бөлінген орындарда ертіп жүру ретінде орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 1,0 % (әр іс-шараны өткізу кезінде түскен кірістен) |
1.6 | Кіру төлем ақысы бар театрлардың, кинотеатрлардың, клубтардың, мәдениет үйлерінің фойелерінде, көрмелерде және жәрмеңкелерде, бақша, саябақ және басқа да ұқсас қоғамдық орындардың аумақтарында орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 1,5 % (билеттерді сату нәтижесінде түскен кірістен) |
1.7 | Кіру төлем ақысы жоқ театрлардың, кинотеатрлардың, клубтардың, мәдениет үйлерінің фойелерінде, көрмелерде және жәрмеңкелерде, бақша, саябақ және басқада ұқсас қоғамдық орындардың аумақтарында орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 3 АЕК (айына) |
1.8 | Спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық-сауықтыру клубтарында және кешендерінде жаттығулар өткізу кезінде орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 3 АЕК (айына) |
1.9 | Саябақ аттракциондарында, ай-саябақтарының, аквапарктарының және соларға ұқсас орындардың аумақтарында орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 4 АЕК (айына) |
1.10 | Супермаркеттерде, сауда үйлерінде, бекеттік және басқа да сауда-әкімшілік алаңдарда орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 3 АЕК (айына) |
1.11 | Кіру төлем ақысы бар көріністік іс-шаралар (оның ішінде театрландырылған, концерттік, цирктік және т. б. бағдарламалар) өткізу кезінде орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 3,0 % (билеттерді сату нәтижесінде түскен кірістен) |
1.12 | Кіру төлем ақысы жоқ көріністік іс-шаралар (оның ішінде театрландырылған, концерттік, цирктік және т. б. бағдарламалар) өткізу кезінде орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 3,0 % (іс-шараны өткізуге жұмсалған қаражаттың жалпы соммасына) |
1.13 | Көпшілік іс-шараларын (қала күні, мейрамдар, фестивальдер және соларға ұқсас) өткізу кезінде орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткізу | 0,5 % (іс-шараны өткізуге жұмсалған қаражаттың жалпы соммасына) |
1.14 | Әуендік автомат, караоке және авто жауап беру жүйелері арқылы орындауларды және фонограммаларды көпшілік алдында орындау, көрсету және пайдаланудың басқа да түрі | 4 АЕК (айына) |
1.15 | Орындауларды және фонограммаларды эфирлік телевизия арқылы беру | 1,0 % (кірістің жалпы соммасынан) |
1.16 | Орындауларды және фонограммаларды эфирлік радио-хабарлау арқылы беру | 3,0 % (кірістің жалпы соммасынан) |
1.17 | Орындауларды және фонограммаларды кабельдік (өткізбе) телерадиохабарлау және жерсеріктік телевизия арқылы хабарлау | 3,0 % (кірістің жалпы соммасынан) |
2. Қайта шығару және (немесе) тарату арқылы орындауларды және фонограммаларды пайдаланғаны үшін орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгi ставкалары | ||
2.1 | Орындауларды дыбыс және дыбыстау-бейнелеу жазбаларында қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату | 3 % (әрбiр шығарылған данасының еркін бағасынан, орындаулардың санына қарамастан) |
2.2 | Орындауларды және фонограммаларды музыкалық аппарат, автомат, караоке жүйелерінде және ұялы (ұтқыр, смартфон, айфон, қжк) телефондар үшiн әуен, мелодия және гудок (рингтондар, реалтондар, рингбэктондар) ретiнде қайта шығару және (немесе) тарату | 10 % (туындыны пайдаланғаны үшін кiрiстен) |
2.3 | Орындаулардың дыбыс жазбалары және (немесе) дыбыстау-бейнелеу түріндегі даналарын прокатқа (жалға) беру | 1 АЕК (айына) |
3. Туындыларды құқық иеленушісінің келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық тасығыштарды дайындау және (немесе) импорттау үшін орындаушыларға және фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төменгi ставкалары* | ||
3.1 | Дыбыстау-бейнелеу туындаларын немесе дыбыс жазбалардың туындыларын жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтарды дайындау | 0,33% (әрбiр жабдықтың еркін бағасынан) |
3.2 | Дыбыстау-бейнелеу туындаларын немесе дыбыс жазбалардың туындыларын жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтарды әкелу | 1,0% (әрбiр жабдықтың еркін бағасынан) |
3.3 | Дыбыстау-бейнелеу туындыларын және (немесе) фонограммаларды (дыбыс жазбаларды) жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын аналогты және цифрлық материалдық жеткiзгiштерді дайындау | 1,0% (әрбiр материалдық тасығыштың еркін бағасынан) |
3.4 | Дыбыстау-бейнелеу туындыларын және (немесе) фонограммаларды (дыбыс жазбаларды) жеке мақсатта қайта шығару үшін пайдаланылатын аналогты және цифрлық материалдық жеткiзгiштерді әкелу | 3,0% (әрбiр материалдық тасығыштың еркін бағасынан) |
*Ескертпе: құқық иеленушілер арасында сыйақыны бөлу ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» Заңының 26-бабына сәйкес жүзеге асырылады
Аббревиатураның толық жазылуы: АЕК – айлық есептік көрсеткіш
_____________________________________________


