Батыс Қазақстан облысы бюджетінің

2010 жылғы 1 наурызға атқарылуы туралы анықтама

Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 86 408,6 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері бойынша – 33824,9 млн. теңге,

РБ трансферттері бойынша –,3 млн. теңге,

субвенциялар 26 545,4 млн. теңге,

кредиттер717,3 млн. теңге,

кредиттерді өтеу1 119,1 млн. теңге.

Түсімдер

Түсімдер бойынша жоспар 113,8%-ға атқарылды, болжам 18355,3 млн. теңге болғанда, түсімдер 20 886,6 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері – жоспар 5 062,4 млн. теңге болғанда, 7 920,7 млн. теңгеге немесе 156,4%-ғе орындалды,

субвенция – жоспар 8 433,5 млн. теңге болғанда, 100% түсті,

нысаналы трансферттер4 765,6 млн. теңге, түскені – 4 529,7 млн. теңге немесе 95%. Республикалық бюджеттен кезеңге жоспардан жалпы сомасы 235,9 млн. теңге нысаналы трансферттер жете түскен жоқ,

кредиттерді өтеу – жоспар 63,9 млн. теңге болғанда, 100% түсті.

Шығыстар

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 93,6% құрайды, кезеңге жоспар 18 355,3 млн. теңге болғанда, 17 189,4 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1 165,9 млн. теңге (жалпы сомадан 570,9 млн. теңге - республикалық трансферттер, 595,0 млн. теңге – өз қаражаты).

Облыстық бюджет бойынша атқару 95% немесе 16 837,3 млн. теңге құрады.

Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 93,6% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Бөрлі – 96,5%, Сырым – 96,2%, Қазталов – 95,9%, Шыңғырлау -95,2%, Теректі – 93,0%, Жәнібек – 92,7%, Тасқала – 92,1%, Зеленов – 91,3%, Жаңақала – 94,1%, Бөкейорда – 90,0% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Ақжайық – 87,9%, және Қаратөбе аудандары бойынша – 86,7%. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 96,9% құрады.

Жол картасы бойынша жоспар 72,0 млн. теңге болғанда, атқару 71,0 млн. теңге немесе 99,8% құрады.

Республикалық трансферттер 88,0%-ға игерілді, жоспар 4 765,6 млн. теңге болғанда, 4 194,7 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 570,9 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 512,7 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 58,2 млн. теңге.

Қаржы басқармасы бастығының

орынбасары А. Жабалбаева