Батыс Қазақстан облысы бюджетінің
2010 жылғы 1 желтоқсанына атқарылуы туралы анықтама
Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 105 974,4 млн. теңге құрады, соның ішінде:
өз кірістері бойынша – 45 973,5 млн. теңге,
РБ трансферттері бойынша – 27 110,0 млн. теңге,
субвенциялар – 26 545,4 млн. теңге,
кредиттер –717,3 млн. теңге,
кредиттерді өтеу – 48,9 млн. теңге.
Түсімдер
Түсімдер бойынша жоспар 99,0%-ға атқарылды, болжам 94284,4 млн. теңге болғанда, түсімдер 93378,5 млн. теңге құрады, соның ішінде:
өз кірістері – жоспар 42474,0 млн. теңге болғанда, 41565,7 млн. теңгеге немесе 97,9%-ға орындалды,
субвенция – жоспар 25135,2 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті,
нысаналы трансферттер – 25937,8 млн. теңге, түскені 100,0%,
кредиттерді өтеу – жоспар 27,0 млн. теңге болғанда, түскені 28,7 млн. теңге немесе 106,3%.
Республикалық бюджеттен түскен займдар 710,4 млн. теңге немесе 100,0%.
Шығыстар
Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 95,4% құрайды, кезеңге жоспар 99789,7 млн. теңге болғанда, 95152,2 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 4637,5 млн. теңге (жалпы сомадан 2177,8 млн. теңге - республикалық трансферттер, 257,0 млн. теңге РБ кредиттері, 2202,7 млн. теңге – өз қаражаты).
Облыстық бюджет бойынша атқару 97,3% немесе 83239,2 млн. теңге құрады.
Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 95,3% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Шыңғырлау – 98,7%, Ақжайық – 98,5%, Сырым – 98,1% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Бөрлі – 88,6% және Тасқала – 92,4% аудандар бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 95,4% құрады.
Жол картасы бойынша жоспар 5694,1 млн. теңге болғанда, атқару 4959,6 млн. теңге немесе 86,6% құрады. Игермеу сомасы 764,5 млн теңге құрады.
Республикалық трансферттер 91,4%-ға игерілді, жоспар 25421,6 млн. теңге болғанда 23243,8 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 2177,8 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 1511,0 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 666,8 млн. теңге.
2010 жылдың 1 желтоқсанына облыстық бюджетінің қалдықтары 1837,2 млн. теңге құрады.
Қаржы басқармасы
бастығының орынбасары А. Жабалбаева


