Батыс Қазақстан облысы бюджетінің

2010 жылғы 1 шілдесіне атқарылуы туралы анықтама

Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 97 775,5 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері бойынша – 40 732,9 млн. теңге,

РБ трансферттері бойынша – 24 163,1 млн. теңге,

субвенциялар 26 545,4 млн. теңге,

кредиттер717,3 млн. теңге,

кредиттерді өтеу37,4 млн. теңге.

Түсімдер

Түсімдер бойынша жоспар 103,4%-ға атқарылды, болжам 52750,4 млн. теңге болғанда, түсімдер 54535,3 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері – жоспар 20156,5 млн. теңге болғанда, 22095,9 млн. теңгеге немесе 109,6%-ға орындалды,

субвенция – жоспар 18379,8 млн. теңге болғанда, 100% түсті,

нысаналы трансферттер – 13869,0 млн. теңге, түскені – 13712,3 млн. теңге немесе 98,9%,

кредиттерді өтеу – жоспар 15,9 млн. теңге болғанда, түскені 17,6 млн. теңге немесе 110,7%.

Республикалық бюджеттен түскен займдар 328,9 млн. теңге немесе 100,0%.

Шығыстар

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 98,1% құрайды, кезеңге жоспар 56015,5 млн. теңге болғанда, 54946,2 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1069,3 млн. теңге (жалпы сомадан 534,0 млн. теңге - республикалық трансферттер, 81,6 млн. теңге РБ кредиттері, 453,7 млн. теңге – өз қаражаты).

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Облыстық бюджет бойынша атқару 98,9% немесе 49254,1 млн. теңге құрады.

Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 98,0% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Жәнібек және Сырым – 99,2%, Қазталов – 98,9%, Қаратөбе – 98,8%, Тасқала – 98,7%, Жаңақала – 98,4%, Бөкейорда – 98,1% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Ақжайық – 95,8% ауданы бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 98,2% құрады.

Жол картасы бойынша жоспар 3189,9 млн. теңге болғанда, атқару 3163,9 млн. теңге немесе 99,2% құрады. Игермеу сомасы 26,0 млн теңге құрады.

Республикалық трансферттер 96,1%-ға игерілді, жоспар 13709,1 млн. теңге болғанда 13175,1 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 534,0 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 417,6 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 116,3 млн. теңге.

Кредиторлық берешек жедел ақпарат бойынша күтілмейді.

2010 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджетінің қалдықтары 5 166,4 млн. теңге құрады,0 млн. теңге 2009 жылғы 07 тамыздағы №1 Бас Келісімге сәйкес ҚР Ұлттық банкінің салымдарына (депозиттеріне) уақытша бос бюджет ақшалары ретінде орналастырылған.

Қаржы басқармасы

бастығының орынбасары Ф. Раджапова