Бекітемін
М.Өтемісов атындағы
БҚМУ ректоры
________
___.___________ 2010 ж.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ж. ж. арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
№ | Қызмет түрлері | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушы | Күтілетін нәтиже және аяқталу түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Басқару саласындағы жобалар, сапа жүйелері мен ақпараттандыру және қызметтің негізгі бағыттары | ||||
1.1 | ҚР БҒМ-ның жаңа нормативті құжаттары мен МЖМБС сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік, оқу, тәрбие жұмыстарына бағытталған ЖОО-ның ішкі нормативті құжаттарын дайындау және/немесе толықтырулар енгізу. | Жыл бойы | Проректорлар | Жетілдірілген ЖОО-ның ішкі нормативті құжаттары. ҚР заңнамасын, нормативті актілер мен білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттарды сақтау. |
1.2 | Формулярларға, үрдіс карталарына, қызметтік нұсқаулықтарға, бөлімшелер туралы ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу. Үрдістік көзқарас негізінде СМЖ құжаттарын толық жетілдіру. | Жыл бойы | Сапа бойынша басшылық өкілі. Сапа бөлімінің жетекшісі. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері | Жаңартылған және толықтырылған ЖОО-ның жаңа құрылымы мен нормативті құжаттар талаптарына сәйкес сапа және менеджмент жүйесінің қажетті құжаттары. ИСО 9001сапа стандартымен сәйкестігі. |
1.3 | Ішкі аудиттер өткізу. Инспекциялық аудитке қатысу және құжаттарды дайындау. | Кестеге сәйкес ағымдағы жыл бойы. 2010 жыл Мамыр | Сапа бойынша басшылық өкілі. Сапа бөлімінің жетекшісі. Проректор. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері. | Ішкі аудиттердің нәтижелері туралы есептер. Инспекциялық аудиттің өткендігі туралы куәлік алу. Аймақтағы жетекші білім беру, ғылым және мәдениет орталығы ретінде ЖОО-ның мәртебесін растау. |
1.4 | ЖОО-ның мониторингтің жаңа формалары мен әдістерін, қызметінің талдауын енгізу (университеттің жоспарлау тиімділігі, білім беру қызметінің тиімділігін, заңды ұстану, нарық талаптары мен үлгермеушілік себептері және т. б.) | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор ИӘЖД директоры АСД директоры АТО директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры АО директоры Институт директорлары және факультет декандары | ЖОО-ның қызметін жетілдіру бойынша нұсқаулар және есеп. |
1.5 | Халқаралық аккредитацияға шығарылатын мамандықтардың өзін-өзі бағалауын жүргізу. | Жыл бойы | ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры Кафедралар меңгерушілері | Мамандықтардың өзін-өзі бағалау бойынша дайындалған есеп. Өзін-өзі бағалау бойынша түзетуші және сәйкессіз әрекеттер. |
1.6 | Оқыту бағдарламасында ЖОО-ның студенттерінің (IQ) интеллектуальдық потенциалы мен креативті сапа дамуының дәрежесін бағалау. | Жыл бойы | АО директоры | БҚМУ оқыту үрдісін толық жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен есеп. |
1.7 | ЖОО-да эксклюзивті бағдарламаны қамтамасыз ету үрдістерін есепке алу, әдістемелік қамтамасыз ету, оқу үрдісін ұйымдастыру және т. б. дайындау. | Жыл бойы | IT орталығының директоры | БҚМУ-ғы өндірістік үрдістерді ақпараттандыру. Есеп кезеңіне кемінде екі бағдарламалық өнімдерді дайындау. |
1.8 | Оқу және бейне-материалдар қорын құру. ЖОО ғимараттарында дәрістерді трансляциялау және жаңалықтарды шығаруды ұйымдастыру. | Жыл бойы | IT орталығының жетекшісі ББДАжКОЖӘҚЕО директоры | 200 сағаттан кем емес бейне материалдардың құрылған қоры. Ғимараттар арасында телетрансляция желісін құру. ЖОО оқу үрдісінде инновациялық және TV технологиялар енгізу. |
1.9 | Кадрлық патенциалды және материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану мақсатында университет құрылымын жетілдіру. | Тамыз-қыркүйек 2010 ж. | Проректорлар | Бекітілген университеттің құрылымы. ЖОО миссиясы, мақсаты мен міндеттерінің, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді даму жоспарларының жүзеге асуы. |
2. Оқу үрдісін инновациялық-әдістемелік қамтамасыз ету жобалары және қызметтің негізгі бағыттары |
2.1 | Қашықтан оқытудың желілі формасын апробациялау бойынша тәжірибе өткізу және оқу-әдістемелік қор дайындау. ҚО технологиясын қолдануымен білім беру үрдісін енгізуге рұқсат алу үшін ҚР БжҒМ құжаттар дайындау. | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор ИӘЖД директоры АСД директоры ҚБТ жөніндегі бөлім жетекшісі | ҚО желілі технологиясын апробациялау және оқу үрдісіне енгізу. Мамандықтардың құрылған оқу-әдістемелік қоры. ҚО технологиясын қолдануымен білім беру үрдісін енгізуге ҚР БжҒМ-нен рұқсат алу. |
2.2 | Университет ПОҚ арасында инновациялық жобалар (ең жақсы дәріс, оқытудың инновациялық технологиясы және т. б.) байқауын ұйымдастыру. | Жыл бойы | Бірінші проректор ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры | Байкау материалдарын жариялау, лауреаттарды анықтау. Оқу үрдісінде инновациялық технологияны енгізу. |
2.3 | Нарық талаптарының негізіне сәйкес элективті пәндер каталогын және білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру. | Жыл бойы | ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры СҰжЖОБ жетекшісі | Элективті пәндер каталогын құру. Білім беру бағдарламасының мазмұнын нарық талаптарына сәйкестендіру. |
2.4 | ПОҚ үшін инновациялық педагогика технологиялары бойынша біліктілікті арттыру курстарын және оқыту семинарларын өткізу. Анықтама-бағыттаушы әдістемелік нұсқауын және жинақтар шығару. | Жыл бойы | ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры КБАжКБО директоры | ПОҚ үшін инновациялық педагогика технологиялары бойынша біліктілікті арттыру курстарын және оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу. Студенттерге арналған Анықтама-бағыттаушы әдістемелік нұсқауын және озық педагогикалық тәжірибе мектебі жинағын шығару. Университетте оқыту үрдісін жетілдіру. |
2.5 | Оқытылатын пәндерді оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету және оқытылатын пәндердің теориясы мен әдістемесінің жаңа жетістіктеріне сәйкес жаңартылған ПОӘК қоры, баға қою саясаты. | Семестр басталғанға дейінгі апта бұрын | ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры | Сайтта, АБЖ «Платонда» енгізілген Оқу-әдістемелік кешеннің қалыптасқан және жие жаңартылған қол жетімді электронды қоры. Оқытылатын пәндердің жаңа заманғы талаптарға жауап беретін пәннің оқу-әдістемелік кешенідерімен қамтамасыз етілуі. |
2.6 | Оқытылатын пәндердің тесттік тапсырмалармен қамтамасыз ету. оқытылатын пәндердің теориясы мен әдістемесінің жаңа жетістіктеріне сәйкес жаңартылған тесттер қоры. | Емтихан сессиясының басталуына 2 апта бұрын | АСД директоры ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры | Сайтта, АБЖ «Платонда» енгізілген тесттер тапсырмаларының қол жетімді электронды қоры. Оқытылатын пәндердің жаңа заманғы талаптарға жауап беретін тесттік тапсырмалармен қамтамасыз етілуі. |
2.7 | «Антиплагиат» бағдарламасында қамтамасыз ету үшін дипломдық/курстық жұмыстардың және магистрлік диссертациялардың электронды нұсқасының қорын құру. | Курстық жұмыстар қорғаудан бұрын (кестеге сәйкес). Дипломдық жұмыстар алдын ала қорғаудан бұрын (кестеге сәйкес). | АТО директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры | «Антиплагиат» бағдарламасымен тексерілген курстық және дипломдық жұмыстар. Оқу үрдісінде қолдану және «Антиплагиат» бағдарламасаының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында курстық және диплом жұмыстарының қорын құру. Диплом жұмыстары мен БАҚМА сапасын арттыру. |
2.8 | БҚМУ-де қосдипломды білім беру жоспарын және нормативтік құжаттарды өндеу. | Жыл бойы | АСД директоры ИӘЖД директоры ББДАжКОЖӘҚЕО директоры | БҚМУ қосдипломды білім беру ЖОЖ бекітілгені және өңделген ереже. |
3. Оқу үрдісін жетілдірудегі жобалары және қызметтің негізгі бағыттары |
3.1 | Ынтымақтастық келісім шарт негізінде кәсіптік бағдар беру, әлеуметтік әріптестік бойынша бағдарламалар өңдеу және іске асыру. | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор ТЖжЖС жөніндегі проректор АСД директоры ЖОО дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі Институт директорлары және факультет декандары | Кафедралардың кәсіптік бағдар беру жұмысы және жұмысқа орналастыру бағдарламасы. Дайындау бағыттары және оқу-сараман қорын ұйымдастыру ббойынша кафедралардың ұсыныстары. Педагогикалық мамандықтардың түлектерін 80 %, педагогикалық емес мамандықтардың түлектерін 60 % жұмыспен қамту. |
3.2 | «Платон» жүйесінің автоматтандырылған жұмысын жүргізу мен басқаруды қастамасыз ету. | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор АСД директоры АТО директоры Институт директорлары және факультет декандары | Оқу үрдісін басқарудың «Платон» автоматтандырылған жүйесін жұмыс істеуі. БҚМУ-де электронды құжатайналым. . |
3.3 | Студенттерді оқытудың жеке троекториясын, өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, үлгерімдері мен білім сапаларын көтеруді жүзеге асыру мақсатында эдвайзер қызметінің жұмысын жетілдіру. | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор АСД директоры ИӘЖД директоры Институт директорлары және факультет декандары | Эдвайзер жұмыстары туралы есептер. Кредиттік жүйенің принциптерін және үлгерімдері мен білім сапасын көтеруді жүзеге асыру |
3.4 | Тьютор журналы, топтардың сабаққа қатысуы мен ағымдағы үлгерім журналы, электрондық журнал негізінде студенттердің сабаққа қатысуы мен ағымдағы білімдерін бақылау жүйесін жетілдіру. | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор ИӘЖД директоры Институт директорлары және факультет декандары | Журналдарды тотыру кезіндегі талаптарды сақтау. Ағымдағы бақылау туралы кредиттік жүйенің ережесін жүзеге асыру. Үлгерімдері мен білім сапасын көтеру. |
3.5 | Колледжде жаңа мамандықтар бойынша білім беру қызметін енгізуге рұқсат алу үшін ҚР БжҒМ-не құжаттарды дайындап ұсыну. Колледжде жаңа ТжКО классификаторы бойынша үш жаңа мамандықтардың ашылуы. | Жыл бойы | Бірінші проректор, ОІ жөніндегі проректор Колледж директоры | Колледжде жаңа мамандықтарға лицензия алу. Колледжде талапкерлердің қабылдауын арттыру. |
3.6 | 5В070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету 5В070200 Автоматтандыру жәнебасқару 5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтары бойынша білім беру қызметін енгізуге рұқсат алу үшін ҚР БжҒМ-не құжаттарды дайындап ұсыну. | Жыл бойы | ОІ жөніндегі проректор АСД директоры ИӘЖД директоры Кафедралар меңгерушілері | 5В070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету 5В070200 Автоматтандыру жәнебасқару 5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін -өзі тану мамандықтары бойынша білім беруге ҚР БжҒМ рұқсат алу |
4. Ғылыми – зерттеу, халықаралық ынтымақтастық, кадрлар мен кітапхана ресурстарындаярлау жобалары және қызметтерінің негізгі бағыттары | ||||
4.1 | Магистратурада жаңа мамандықтардың ашылуы. PhD докторантура мамандықтарының ашылуы. | 2011 жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор ЖООКДБ жетекшісі | Кадрларды дайындаудың үш деңгейлі жүйесінің қалыптасуы. Есеп кезеңіне магистратурада кемінде бір мамандықтың және бір докторантура мамандығының ашылуы. |
4.2 | Халықаралық құжаттарға, келісім-шарттарға, алыс және жақын шетелдердің ЖОО-мен әріптестік туралы келісімге қол қою. | Жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор ХЫ қызметінің жетекшісі | БҚМУ-да ғылыми-зерттеу, әдістемелік және оқу жұмыстарын жетілдіру мақсатында халықаралық байланысты дамыту және жағдайлар жасау. |
4.3 | Қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша жасалған келісім-шарт шеңберінде шетелдің ЖОО-да мамандарды дайындауды жүзеге асыру. | Жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор ОІ жөніндегі проректор ХЫ қызметінің жетекшісі | Кемінде екі мамандық бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру. |
4.4 | Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен университеттің ПОҚ инновацияларын енгізу туралы нәтижелерін алыс шетелдегі халқаралық басылымдарда жариялау. | Жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор ҒЗЖ бөлімінің жетекшісі | Аударма бюросы туралы Ережені құру. Алыс шетелдегі басылымдарда кемінде 2 мақала шығару. |
4.5 | Студенттер мен магистранттарды инновациялық және ғылыми –зерттеу жұмыстарына тарту. | Жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор ҒЗЖ бөлімінің жетекшісі | «Жас ғалым-2010» инновациялық жобалардың конкурсын ұйымдастыру, республикалық СҒЗЖ байқауына кемінде 40 жұмыс, СИЖ байқауына кемінде 5 жұмыстан жіберу. |
4.6 | Университет ПОҚ құрамының ғылыми әлеуетін арттыру. | Қыркүйек - желтоқсан | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор | БҚМУ ПОҚ кемінде 10 кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау. |
4.7 | ҚР ЖОО-да, алыс және жақын шетелдердің ЖОО-да, ғылыми-зерттеу институттарында оқытушылар біліктілігін арттыру. | Жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор ОІ жөніндегі проректор Институт директорлары және факультет декандары | Университет ПОҚ біліктілігін арттыру, есеп кезеңінде 50 оқытушыдан кем емес. |
4.8 | Оқу және ғылыми әдебиеттердің қорын жасақтау. | Жыл бойы | ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор Ғылыми кітапхана директоры | есеп кезеңінде кемінде 8 мың данадан алуы. |
5. Тәрбие жұмыстары саласындағы жобалар және қызметтің негізгі бағыттары | ||||
5.1 | «Жоғары оқу орнында студенттік өзін-өзі басқару ұйымын құру мыңыздылығы, проблемалары және келешегі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу | Қараша, 2010 ж. | ТЖжЖС жөніндегі проректор | Конференцияның материалдар жинағын шағыру. Студенттік өзін-өзі басқарудың тәжірибесі негізінде ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқаруды енгізу мен дамыту нұсқауларын өңдеу. |
5.2 | ҚР БжҒМ, университет ректораты бекіткен тәрбие жұмысы жоспарын іске асыру. 1.Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жаңа жұмыс түрлерін енгізу, спорттық секциялар ашу, «Денсаулық» клубының жұмысын жетілдіру. Азияда-2011 насихаттау бойынша кең ауқымдағы жұмыстар жүргізу. 2. Студенттік топтарда өзін - өзі басқаруды енгізу тәжірибесін жалғастару. | Жыл бойы | ТЖжЖС жөніндегі проректо | Жоспардың орындалғандығы жөніндегі есеп. Ашылған спорттық секциялар. Салауатты өмір салтын насихаттау. Тәжірибе нәтижелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулары бар сараптамалық хат. |
5.3 | Атаулы шәкіртақы туралы Ережені жасақтау. Атаулы шәкіртақы тағайындау байқау өткізу. | ҚР БжҒМ жоспары бойынша | ОІ жөніндегі проректор, ТЖжЖС жөніндегі проректор | Өңделген Ереже, атаулы шәкіртақыларды тағайындау. ҚР пәнаралық олимпиадаларда шәкіртақы иегерлерінің 100% қатысуын қамтамасыз ету. Шәкіртақы иегерлерін кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыру, университет ПОҚ кадрлық резервін құру. |
5.4 | Университет студенттерінің еріктілер қызметін ұйымдастыру. | Жыл бойы | ТЖжЖС жөніндегі проректор | «Жас даурен» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, интернат, соғыс және еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алу жұмысы бойынша университет студенттері арасынан еріктілер топтарын құру. Еріктілер топтарын жоспары және қызметі туралы есеп. Әлеуметтік жұмыстарға студенттерді тарту. |
6. Шаруашылық қызметі саласының жобалары және қызметінің негізгі бағыттары | ||||
6.1 | 308 орындық студенттік жатақхана құрылысы. | Жыл бойы | ШҚ жетекшісі | Бөлінген қаражатты меңгеру. Құрылыстың кезекті кезеңін аяқтау. |
6.2 | «Университет» кафесінің күрделі жөңдеуден өткізілуі. | ШҚ жұмыс жоспарына сәйкес | ШҚ жетекшісі | 2011-12 оқу жылының басында кафені пайдалануға беру. Кафенің санитарлық жағдайын талаптарға сәйкестердіру. |
6.3 | № 5 оқу ғимараты терезелерінің күрделі жөндеуден өткізілуі. | ШҚ жұмыс жоспарына сәйкес | ШҚ жетекшісі | Ғимарат терезелерінің жөңделуі. 2011-12 оқу жылының басында ғимаратты пайдалануға беру. |
6.4 | № 6 оқу ғимаратының жабынының күрделі жөндеуден өткізілуі. | ШҚ жұмыс жоспарына сәйкес | ШҚ жетекшісі | Ғимарат жабынының негізгі жөндеуі. 2011-12 оқу жылының басында ғимаратты пайдалануға беру. |
6.5 | Оқу ғимараттарының ағымдағы жөндеуі (линолеум, сантехниканы ауыстыру) | ШҚ жұмыс жоспарына сәйкес | ШҚ жетекшісі | 2500 ш. м. астам линолеум, 80 бірлікке жуық сантехниканы ауыстыру. Университет ғимараттарын пайданануға дайындау. |
7. Қаржы-экономикалық қызмет жобалары және қызметінің негізгі бағыттары | ||||
7.1 | Қаражаттың кірісі және шығысын бақылау және бағалау механизмін жетілдіру. | Ағымдағы жыл бойы | Бас бухгалтер, Бас бухгалтер орынбасары | Бағдарлама бойынша кіріс және шығыс сметаларын қолдану жөніндегі есеп. Университеттің тұрақты жағдайын қаржылық қамтамасыз ету. |
7.2 | Электронды мемлекеттік сатып алуға ашық конкурс жариялау. | Жыл бойы. Бухгалтерияның жылдық жоспарына сәйкес. | Бас бухгалтер, Бас бухгалтер орынбасары | Ашық электрондық байқау жолымен мемлекеттік сатып алу өткізу. ҚР мемлекеттік сатып алу заңдарын сақтау. |
7.3 | Мамандарды дайындау бойынша шығысты көбейту. | Жыл басы. Бухгалтерияның жылдық жоспарына сәйкес. | Бас бухгалтер, Бас бухгалтер орынбасары | Шығыс сметасы. Мамандар даярлауға бір орташа есеппен студентке 15%-ға дейін шығысты көбейту. |
7.4 | ЖОО материалды-техникалық базасын жаңарту, кеңейту және сақтау үшін қаржы қаражаттарын ұлғайту. | Жыл бойы. Бухгалтерияның жылдық жоспарына сәйкес. | Бас бухгалтер, Бас бухгалтер орынбасары | Мемлекеттік сатып алу тауары, жұмыс және қызмет көрсету жоспары. ЖОО материалды-техникалық базасын жаңарту, кеңейту және сақтау үшін қаржыны бөлуді 10 %-ға арттыру. |
Құрастырған:
Бірінші проректор________________________ ғамбетов ____.___________2010 ж.
ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор____________ Ә.Қ.Мұқтар ____.______________2010 ж.
ОІ жөніндегі проректор___________________ ____.______________2010 ж.
ТЖ және ЖС жөніндегі проректор___________ ____.______________2010 ж.
ИӘЖД директоры ______________________ ____.______________2010 ж.
ШҚ жетекшісі ______________________ Қ.О. Мамбетов ____.______________2010 ж.
Бас бухгалтер ______________________ Ұ.Г. Бақтыгереева ____.______________2010 ж.


