Батыс Қазақстан облысы бюджетінің

2011 жылғы 1 мамырына атқарылуы туралы анықтама

Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 87 590,9 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері бойынша – 51 569,0 млн. теңге,

РБ трансферттері бойынша – 18 266,2 млн. теңге,

субвенциялар 13 983,9 млн. теңге,

кредиттер3 666,0 млн. теңге,

кредиттерді өтеу – 105,8 млн. теңге.

Түсімдер

Түсімдер бойынша жоспар 100,7%-ға атқарылды, болжам 24 964,5 млн. теңге болғанда, түсімдер 25 130,7 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері – жоспар 12 266,5 млн. теңге болғанда, 11 626,5 млн. теңгеге немесе 94,8%-ға орындалды,

субвенция – жоспар 7 901,2 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті,

нысаналы трансферттер жоспар 4 759,0 млн. теңге, түскені 4 092,6 млн. теңге немесе 86,0%,

кредиттерді өтеу – жоспар 24,2 млн. теңге болғанда, түскені 26,7 млн. теңге немесе 110,3%.

Шығыстар

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 90,0% құрайды, кезеңге жоспар 25 831,0 млн. теңге болғанда, 23 241,8 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 2 589,2 млн. теңге (жалпы сомадан 1 281,0 млн. теңге - республикалық трансферттер, 1 308,2 млн. теңге – өз қаражаты).

Облыстық бюджет бойынша атқару 94,5% немесе 19 216,6 млн. теңге құрады.

Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 87,8% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Жанақала – 97,8%, Сырым – 97,2%, Тасқала – 97,1% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Бөрлі – 65,1%, Бөкейорда – 90,0% және Ақжайық – 90,1% аудандары бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 85,7% құрады.

Республикалық трансферттер 71,5%-ға игерілді, жоспар 4 497,1 млн. теңге болғанда 3 216,1 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1 281,0 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 919,3 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 361,7 млн. теңге.

2011 жылдың 1 мамырына облыстық бюджеттің қалдықтары 2 238,4 млн. теңге құрады.

Қаржы басқармасы

бастығының орынбасары А. Жабалбаева