Батыс Қазақстан облысы бюджетінің
2010 жылғы 1 мамырына атқарылуы туралы анықтама
Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 94 990,7 млн. теңге құрады, соның ішінде:
өз кірістері бойынша – 38 087,3 млн. теңге,
РБ трансферттері бойынша – 24 024,0 млн. теңге,
субвенциялар – 26 545,4 млн. теңге,
кредиттер –717,3 млн. теңге,
кредиттерді өтеу – 37,4 млн. теңге.
Түсімдер
Түсімдер бойынша жоспар 104,3%-ға атқарылды, болжам 35 406,9 млн. теңге болғанда, түсімдер 36 933,2 млн. теңге құрады, соның ішінде:
өз кірістері – жоспар 11 077,8 млн. теңге болғанда, 13 724,6 млн. теңгеге немесе 123,8%-ғе орындалды,
субвенция – жоспар 14 883,8млн. теңге болғанда, 100% түсті,
нысаналы трансферттер – 9 184,6 млн. теңге, түскені – 8 056,3 млн. теңге немесе 87,7%. Республикалық бюджеттен кезеңге жоспардан жалпы сомасы 1 128,3 млн. теңге нысаналы трансферттер жете түскен жоқ,
кредиттерді өтеу – жоспар 8,4 млн. теңге болғанда, түскені 15,3 млн. теңге немесе 183,5%.
Республикалық бюджеттен түскен займдар 252,4 млн. теңге немесе 100,0%.
Шығыстар
Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 93,5% құрайды, кезеңге жоспар 36 688,8 млн. теңге болғанда, 34 289,9 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 2 397,2 млн. теңге (жалпы сомадан 1 277,6 млн. теңге - республикалық трансферттер, 93,6 млн. теңге РБ кредиттері, 1 026,0 млн. теңге – өз қаражаты).
Облыстық бюджет бойынша атқару 94,7% немесе 31 873,3 млн. теңге құрады.
Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 92,7% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Шыңғырлау – 97,1%, Жаңақала – 96,9%, Жәнібек – 96,5%, Сырым – 95,9%, Қаратөбе – 95,6%, Бөкейорда – 94,9%, Қазталов – 94,2%, Зеленов – 92,3%, Теректі – 90,0% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Ақжайық – 89,1%, Бөрлі – 88,9%, Тасқала – 87,6%, аудандары бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 93,2% құрады.
Жол картасы бойынша жоспар 1 915,6 млн. теңге болғанда, атқару 1 770,2 млн. теңге немесе 92,4% құрады.
Республикалық трансферттер 86,2%-ға игерілді, жоспар 9 248,9 млн. теңге болғанда 7 971,3 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1 277,6 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 694,1 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 583,5 млн. теңге.
Қаржы басқармасы бастығының
орынбасары А. Жабалбаева


