Батыс Қазақстан облысы бюджетінің

2011 жылғы 1 сәуіріне атқарылуы туралы анықтама

Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 80 510,0 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері бойынша – 49 822,9 млн. теңге,

РБ трансферттері бойынша – 14 881,1 млн. теңге,

субвенциялар 13 983,9 млн. теңге,

кредиттер – 1 327,0 млн. теңге,

кредиттерді өтеу – 16,4 млн. теңге.

Түсімдер

Түсімдер бойынша жоспар 105,4%-ға атқарылды, болжам 16 259,4 млн. теңге болғанда, түсімдер 17 140,5 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері – жоспар 7 439,1 млн. теңге болғанда, 8 407,6 млн. теңгеге немесе 113,0%-ға орындалды,

субвенция – жоспар 6 468,4 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті,

нысаналы трансферттержоспар 2 351,9 млн. теңге, түскені 2 239,7 млн. теңге немесе 95,2%,

кредиттерді өтеу – жоспар 0,04 млн. теңге болғанда, түскені 24,7 млн. теңге.

Шығыстар

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 94,1% құрайды, кезеңге жоспар 16 721,9 млн. теңге болғанда, 15 733,4 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 988,5 млн. теңге (жалпы сомадан 706,4 млн. теңге - республикалық трансферттер, 282,1 млн. теңге – өз қаражаты).

Облыстық бюджет бойынша атқару 96,9% немесе 12 765,1 млн. теңге құрады.

Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 90,3% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Зелнов – 97,7%, Сырым – 97,5%, Жанақала – 97,4% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Бөрлі – 81,3%, Ақжайық – 84,0%, Теректі – 89,6% және Қазталов – 89,9% аудандары бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 87,3% құрады.

Республикалық трансферттер 70,0%-ға игерілді, жоспар 2 351,9 млн. теңге болғанда 1645,4 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 706,4 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 283,2 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 423,2 млн. теңге.

2011 жылдың 1 сәуіріне облыстық бюджеттің қалдықтары 1 683,3 млн. теңге құрады.

Қаржы басқармасы

бастығының орынбасары А. Жабалбаева