Батыс Қазақстан облысы бюджетінің
2011 жылғы 1 маусымына атқарылуы туралы анықтама
Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 95 213,2 млн. теңге құрады, соның ішінде:
өз кірістері бойынша – 51 864,6 млн. теңге,
РБ трансферттері бойынша – 23 868,1 млн. теңге,
субвенциялар – 13 983,9 млн. теңге,
кредиттер – 3 666,0 млн. теңге,
кредиттерді өтеу – 105,8 млн. теңге.
Түсімдер
Түсімдер бойынша жоспар 96,5%-ға атқарылды, болжам 33 110,2 млн. теңге болғанда, түсімдер 31 962,2 млн. теңге құрады, соның ішінде:
өз кірістері – жоспар 17 309,4 млн. теңге болғанда, 15 452,3 млн. теңгеге немесе 89,3%-ға орындалды,
субвенция – жоспар 8 572,4 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті,
нысаналы трансферттер – жоспар 7 169,5 млн. теңге, түскені 6 374,7 млн. теңге немесе 86,0%,
кредиттерді өтеу – жоспар 25,3 млн. теңге болғанда, түскені 29,2 млн. теңге немесе 115,4%,
қарыздар түсімі – жоспар 33,6 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті.
Шығыстар
Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 91,0% құрайды, кезеңге жоспар 34 244,1 млн. теңге болғанда, 31 162,6 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 3 081,5 млн. теңге (жалпы сомадан 1354,8 млн. теңге - республикалық трансферттер, 597,0 млн. теңге – ҚР Ұкіметінің резерв есебінен трансферттер, 1 129,7 млн. теңге – өз қаражаты).
Облыстық бюджет бойынша атқару 94,2% немесе 25 163,5 млн. теңге құрады, кезеңге жоспар 26 708,6 млн. теңге болғанда, игерілмегені 1 545,1 млн. теңге .
Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 89,6% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Сырым – 98,2%, Қаратөбе – 97,6%, Жанақала және Қазталов – 97,0% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Бөрлі – 69,4%, Зеленов – 87,2%, Тасқала – 91,9% аудандары бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 87,5% құрады.
Республикалық трансферттер 78,5%-ға игерілді, жоспар 6 299,5 млн. теңге болғанда 4 944,7 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1 354,8 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 836,1 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 518,7 млн. теңге. Оның ішінде Бизнестің Жол картасы – 2020 нысаналы трансферттері бойынша 260,6 млн. теңгеге немесе 52,3%-ға атқарылды, игерілмегені 237,4 млн. теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020 нысаналы трансферттері бойынша атқарылуы 100,0% немесе 226,4 млн. теңге.
2011 жылдың 1 мамырына облыстық бюджеттің қалдықтары 1 491,6 млн. теңге құрады.
Қаржы басқармасы
бастығының орынбасары А. Жабалбаева


