1998–2012 жылдардағы Астана
Тұрғындар, астана қонақтары, сондай-ақ, бүкіл Қазақстан халқының астананың 15 жылдығын тойлау күні алыс емес. Осындай мейрамның қарсаңында сандарға көз жүгіртіп, Астананың соңғы он бес жыл ішінде қалай дамығаны туралы мағлұмат барлығына қызықты болар деп ойлаймыз.
Астана қаласының 1998 жылы жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі- ЖӨӨ),1 млн. теңгені1 құрады, ал алдын-ала мәлімет бойынша 2012 жылдың Астана қаласындағы ЖӨӨ-і2 ағымдағы бағамен 2 ,4 млн. теңгені3 құрады. Астананың ЖӨӨ-нің құрылымында айтарлықтай маңызды өзгерістер болды, егер, 1998 жылы құрылыс және өнеркәсіп үлестері 19,2% және 14,7%-ды құраған болса, онда 2012 жылдың қорытындысы бойынша аталған экономика секторлары 10,3% және 3,6%-ды құрады. Өнеркәсіптегі ЖӨӨ-нің үлесі едәуір төмендегеніне қарамастан, өнеркәсіп өндірісі 2012 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 16,5 млрд. теңгеден4 196,4 млрд. теңгеге өсті. Осы кезеңде өнеркәсіп кәсіпорындар саны (қала өнеркәсібі негізінен өңдеуші өнеркәсіп, электр жүйесімен қамтамасыз ету, газ, бу беру, ауа баптау, су беру және кәріздік жүйе, қалдықтарды жинау және тастауды бақылаумен айналысатын кәсіпорындар есебінен ұсынылған) 1,7 есеге артты. 1998 жылы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары 56,9%-ды құраса, ал 2012 жылы 82,2%-ды құрады. Өңдеуші өнеркәсіп құрлымында да өзгерістер орын алды, машина жасау өндірісінің үлесі едәуір артты (6,8%-дан 48,9%-ға) (Астанада дизельдік локомотивтер, жолаушы вагондары, сұйықтықты қайта айдап, ортадан серпетін сорғыш, компрессорлар шығарыла басталды, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу мен орнату саласында қызметтер көрсетіледі), резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі (2,1%-дан 8,1%-ға дейін), құрылыс материалдарының өндірісі (17,1%-дан 22,9%-ға дейін) (негізінен бетоннан жасалған құрылыс өнімдерінің, бетоннан жасалған құрылыс конструкцияларының, тауарлық бетонның, құрғақ құрылыс қоспаларының өндірісі), ал, керісінше, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің үлесі 2,2 есеге, азық-түлік өндірісі 5 есеге азайды. 15 жылдың ішінде азық-түлік өндірісі қазіргі қолданыстағы бағамен 4,7 млрд. теңгеден 16,3 млрд. теңгеге артты. Өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны да, 17,4 мың адамнан 23,5 мың адамға, ал, құрылыста 16,9 мың адамнан сәйкесінше, 2012 жылы 57,6 мың адамға артты. Жан басына шаққанда, 1998 жылы ЖӨӨ көлемі 186,8 мың теңгеге өсті, 2012 жылы 3 573,0 мың теңгеге өсті. Астаналықтардың орташа жалақысы 11,5 есеге өсіп, 2012 жылы 148 287 теңгені құрады. Астананың оң экономикалық серпіні кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндіктер жасады, яғни, 1999 жылы тіркелген заңды тұлғалардың саны 5 782 (шағын – 5 325, орта – 375, ірі – 82) бірлікті құраса, ал, 2012 жылдың аяғында - 36 702 (шағын - 35 650, орта – 815, ірі -237) бірлікті құрады. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінде шет елдік және бірлескен меншіктегі кәсіпорындар аз емес.
Астана сыртқы және ішкі, құйылып жатқан ресурстардың шоғырымен сабақтасқан, экономикалық дамудың жоғарғы серпінімен ерекшеленеді.
2012 жылы Астананың негізгі капиталына құйылған инвестициялар көлемі 615,5 млрд. теңгеге5 жетті, бұл 1998 жылдың деңгейінен 8,4 есеге асты. Осы кезеңде ең үлкен көлем, жеке меншік нысандағы кәсіпорындармен игерілді. Егер 1998 жылы олардың үлесі 22,6%-ды құраған болса, онда, 2012 жылы олардың үлесі 66,8%-ға дейін жетті. Сол кезеңде, мемлекеттің меншік нысанындағы кәсіпорындар және басқа мемлекеттердің кәсіпорындары, олардың заңды тұлағалары және азаматтарымен негізгі капитал үшін инвестиция игерулерінің едәуір төмендегені байқалды.
Қаржыландыру көздері бойынша, қала инвестициясының жалпы көлеміндегі бюджеттік қаражаттардың үлесі 1998 жылы 67,8%-дан 2012 жылы 32,6%-ға дейін төмендесе, керісінше кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаражаттарының үлесі 19,6%-дан 57,7%-ға дейін артты. Бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын негізгі капиталға инвестиция құю көлемі 2012 жылы 200,4 млрд. теңгені құрады.
Қала экономикасына инвестиция тартуға себепкер экономикалық ынтымақтастық формаларының бір түрі - бірлескен кәсіпорындардың шет ел фирмаларымен қарым-қатынасы. Құрылысқа қаржы салумен қатар, Астананың тәжірибесінде түрлі технологияларды берудің түрлері жүзеге асырылды, сонымен қатар, гранттық (балалар ауруханасына, перзентханаларға арналған медициналық құрал-жабдықтар, Астана тұрғындары үшін жедел-жәрдем қызметіне көмек ретінде арнайыландырылған автокөлік). Соңғы жылдары шет ел инвесторлары құрылысқа, Халықаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, дипломатиялық қалашық нысандары, «Хазрет Сұлтан» мешіті, Ұлттық кітапхана, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауықтық орталық және т. б. маңызды нысандарға едәуір капитал құйды.
15 жыл ішінде Астанада кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындар арқылы 2791,9 млрд. теңге көлеміндегі негізгі құралдар іске қосылды. Жалпы көлемі 11363,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал осы кезеңдегі өсу қарқыны 10,8 есеге жуық артты. Жыл сайын дерлік, жалпы білім беру мектептері іске қосылды, 29 мыңнан астам оқушы орындары пайдалануға беріледі, яғни, барлық білім беру сатыларының оқушылар саны 15 жылдың ішінде 2,4 есеге өскенін айтар болсақ, бұл – маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылмақ.
Сауда астананың дәстүрлі саласы болып қала бермек, өткен жылы да солай болған. Өйткені, сауда бастапқыда қыруар шығындарды талап етпейді және салым табысын тез арада ақтайды. «Сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу» экономикалық қызмет түрі астананың шаруашылық субъектілері үшін анағұрлым тартымды болып табылады және аталған қызметпен айналысатындар, Астана қаласы бойынша, 2012 жылы жалпы тіркелген кәсіпорындардың – 35,3%, яғни, үштен бірі, бұл дегенің, 1998 жылғы тіркелген 2,3 мың заңды тұлғалар қатынасына шаққанда 12,9 мың заңды тұлғаларды құрайды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, 1998 жылдың 12,2%-мен қатынастырса, 2012 жылы қалада жалпы өңірлік өнімдегі саланың жалпы қосылған құн үлесі 25,9%-ға жетті.
1998 жылмен салыстырғанда, 2012 жылдың жедел мәліметтері бойынша бөлшек сауда көлемі 11,1 есеге өсті және, 403 481,4 млн. теңгені құрады, бұл, жан басына шаққандағы тауар айналымының едәуір өскеніне септігін тигізді. Егер 1998 жылы өсім 40,4 мың теңгені құраса, ал, 2012 жылы көрсеткіш 530,5 мың теңгені құраған. Бөлшек сауда тауар айналымының макроқұрылымында азық-түлік тауарлар үлесінің өзгерісі орын алған, 1998 жылдың 52,1%-нан 2012 жылдың 35,5%-на азайған.
Бөлшек сауданың негізгі айналымы, үлесі жыл сайын артып келе жатқан, сауданың мемлекеттік емес секторы есебінен құралды. 2012 жылы бұл сектор 99,96%-ға жетті (403 325,5 млн. теңге, яғни, 1998 жылдың 12,3 млн. теңге қатынасына).
2012 жылы жалпы тауар айналымының 31,2%-ы нарықтағы жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалардың тауар саудасын құраса, ол 1998 – 46,9%-ды құрады. Нарықтағы сауда бағасының тартымдылығына қарамастан, сатып алу артықшылығы, тұрақты орындарында сауда жасайтын кәсіпорындардан тауар сатып алумен айырбасталып бара жатыр, өйткені, тек, мұнда ғана қызмет көрсету мәдениеті және саудаға шығарылатын тауарлар сапасын қадағалауды қамтамасыз етудің тиісті деңгейі бар.
Ресми тіркелген кәсіпорындардың бөлшек тауар айналымының көлемі 2012 жылы 277 440,2 млн. теңгені құрады (жалпы бөлшек сауда тауар айналымының 68,8%), яғни, 1998 жылдың көлемінен 13,9 есе жоғары.
15 жыл Астана астана болғалы шет ел капиталының және кәсіпорындарының үлестік қатысушы немесе толық шет ел инвесторына тиесілі кәсіпорындар саны артты. Егер 1998 жылы 82 бірлескен кәсіпорын болса, онда 2011 жылы олардың саны артып, 1 247 кәсіпорынды құрады. Өндіріс көлемін 1998 жылдың 718,3 млн. теңге көлемімен қатынастырса, 2011 жылы,1 млн. теңгені құрады. 2011 жылы ішкі нарықта тауарлар және қызмет көрсету, 1998 жылғы 10 153,9 млн. теңгеге сома қатынасына шаққанда, 338 311,8 млн. теңге сомасында іске асырылды.
2011 жылдан бастап, ҚР Статистика агенттігі кедендік одақ мемлекет-мүшелері арасындағы өзара сауда статистикасы туралы деректерді жинауды ұйымдастырды. 2012 жылдың алдын-ала мәліметтері бойынша, кедендік одақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда айналымы 1 964 927,6 АҚШ долларын құрады, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 32,0%-ға артық.
Астананың экономикалық даму басымдылықтарынің бірі туризм болып табылады. Бурабай, Зеренді, Сары-Оба, Қорғалжын сияқты табиғи інжу-маржандардың бары, сонымен қатар, астананың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туристік қызметті дамытуға зор мүмкіндіктер береді. Астанаға, яғни, заманауи келбет пен инфрақұрылымы бар, мемлекеттіміздің жаңа астанасына деген ынталы қызығушылық туризм саласын сипаттайтын көптеген көрсеткіштермен расталады. 2013 жылдың 1 қаңтары жағдайындағы есеп бойынша, Астана қаласында 270 туристік фирмалар және 135 қонақ үйлер жұмыс істеп тұр (жеке кәсіпкер қызметін қосқанда). Мәселен, 2000 жылы қалада 48 туристік фирмалар және 18 қонақ үйлер тіркелген (жеке кәсіпкерлер қызметін қосқанда). 2012 жылы қаланың туристік фирмалары және қонақ үйлері 637,4 мың туристке қызмет көрсетті, оның ішінде, келу туризмі 104,1 мың адамды құраса, кету туризмі – 55,2 мың адамды құрады. 2000 жылы аталған көрсеткіш 59,3 мың туристі құрады, оның ішінде келу туризмі – 0,7 мың адам, кету туризмі – 6,9 мың адам.
Қала негізгі, көлік ағымдары Оңтүстік және Орталық Қазақстан, Батыс Сібір және Орал, Поволжье және орталық Ресей экономикалық байланыстарымен айшықталатын географиялық орын. Бүгінде, Астана басты көліктік күре жолдар - республикалық ауқымдағы көліктік, темір жол және әуе жолдарын байланыстыратын ірі көлік торабы болып табылады.
2012 жылы атвокөлік құралдарының жүк айналымы 6 120,4 млн. км болса, 1998 жылы бұл көрсеткіш небәрі 24,2 млн. км құраған болатын. Астана көлігімен (жүк көлігі бар және коммерциялық тасымалмен айналысатын көліктік емес ұйымдар және жеке тұлғалардың жүк тасымалдау көлемін бағалауын есепке алғанда) 1998 жылы 0,7 млн. тонна жүк тасымалданса, 2012 жылы – 122,6 млн. тонна жүк тасымалданды.
Қаланың автокөлігімен, жеке кәсіпкерлерді қосқанда, 2012 жылы 1 750,1 млн. адам тасымалданса, ал, 1998 жылы 39,7 млн. адам тасымалданған, яғни, жолаушылар тасымалының айналымы 2012 жылы 13 962,9 млн. ж/км болса, ал 1998 жылы 499,2 млн. ж/км құраған.
Қаланың байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызмет көлемі 2012 жылы,4 млн. теңге көлемін құраса, ал ол көрсеткіш 1999 жылы 132,4 млн. теңге болды.
2012 жылы байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ұялы байланыстың үлесі – 0,1%, ғаламтор – 31,4%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері – 12,8%, жергілікті телефон байланысы – 12,0%, өзге байланыс түрлері – 43,7% болды.
2013 жылдың 1 қаңтарында тіркелген халықтың жергілікті байланыспен сөйлескен телефон желілерінің саны - 231,2 мың бірлікті құрады (1999 жылы – 65,8 мың бірлік). Цифрлық телефон станцияларына 257,1 мың желі қосылды.
Пошталық және курьерлік қызмет көрсетуден түскен кәсіпорындардың табысы 1999 жылы 1,0 млн. теңгені, ал 2012 жылы–1544,8 млн. теңгені құрады.
Астанадағы әлеуметтік-экономикалық өсу Астана тұрғындары санынының өсуіне ықпал етті. Соңғы он бес жыл ішінде қала саны 300,5 мың адамнан 2013 жылдың басындағы мәлімет бойынша, 778,2 мың адамға көбейді (477,7 мың адамға өсті). 2013 жылдың бірінші қаңтарының жағдайы бойынша, астана халқының тығыздығы, бір шаршы километрге 1096 адамды құрады. Соңғы деректер бойынша, астана тұрғындарының орта жасы 30-ды құрайды. Астана халқы құрылымында жыныс және жас жағынан елеулі өзгерістер байқалды. Ерлердің үлесі 1,7 пайыздық тармаққа өсті (1998 жылғы 46,6 пайыз 2012 жылғы 48,3 пайызға) және ол 2013 жылдың басында 375 697 адамды құрады. Әйелдер үлесі 53,4%-дан 51,7%-ға азайды. Және де, 15 жыл ішінде астана халқының құрылымында жас жағынан елеулі өзгерістер болды. Халықтың жалпы санында 0-15 жасындағы балалар үлесі көбейгені (1998 жылғы 23,8%-дан 2013 жылдың басында 24,0%-ға ұлғайды, тек бір ғана 2012 жылы астанада 19500 сәби дүниеге келді) және 60 жас және одан жоғары жастағылар құрамының төмендеуі (10,4%-дан 6,5%-ға дейін) байқалады. Астанадағы мұндай жас құрамы, негізінен көші-қон үрдістері салдарынан қалыптасып отыр. Еңбекке жарамды жастағы халық санының өсуі, астанаға жұмысқа тұру және білім алу мақсатымен келген көшіп-қонушылар есебінен қалыптасты. 2013 жылдың басында еңбекке жарамды жастағылардан кішірек халық саны 186 889 адамды (халықтың жалпы санының 24,0%-ы), еңбекке жарамды жастағы халық саны 540 851 адамды (халықтың жалпы санының 69,5%-ы), еңбекке жарамды жастан үлкенірек халық саны 50 458 (халықтың жалпы санының 6,5%-ы) құрады.
Астанада халықтың табиғи өсімі 2012 жылы 15 995 адамды құрады, бұл, 1998 жылға қарағанда 12,2 есе көп.
Астана халқы санының көбеюі білім беру мекемелерінің санын, оқытушылар және медициналық мамандарды тартуды талап етіп отыр.
Астанада 2012 жылы 1998 жылмен салыстырғанда білім беру сатыларындағы оқушылар саны 2,4 есеге өсті.
2012 жылы қалада 125 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеген, бұл, 1998 жыл деңгейінен 2,6 есе көп және білім алушылар саны 25 286 баланы (48,8% қыздар және 51,2% ұлдар) құрады. Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар санынан бала-бақшалар саны –,6%) құрады, бөбекханалар саны –,0%), «мектеп-бала-бақша» кешендерінің саны – 7 (5,6%), мектепке дейінгі шағын орталықтар – 11 (8,8%) құрады.
2012 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлер саны – 4 898 адам, оның ішінде педагогикалық қызметкерлер 2430, ал медбикелер – 172 адамды құрады.
оқу жылының басында Астанада 90 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде,,5%) мемлекеттік болса, 12-сі (13,3 %) жеке меншік, 2-і (2,2%) өзге мемлекеттік немесе олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншіктері. 15 жыл ішінде мектеп саны 43 бірлікке артты, оқушылар саны – 43,2 мың адамға артты. Күндізгі жалпы білім беретін мектептің 1,1%-ын бастауыш мектептер құрайды, 1,1%-ы – негізгі, 86,7% - орта, 2,2% - зияткерлік, 7,8%-ы «мектеп-бала-бақша» кешені, ал, 1,1%-ы – дамуда мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған мектеп.
Қалада оқушылар саны – 380 бірлікті құрайтын, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп бар.
Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде ашылған, бүгінде, қалада – екі мектеп – «Тұңғыш Президенттің физикалық-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебі» және «Тұңғыш Президенттің химиялық-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектебі» жұмыс істейді. Бұл мектептер дарынды балаларға арналған.
Астана қаласының барлық мектептері интерактивті тақта және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған.
оқу жылы басында Астана қаласында 37 колледж және кәсіптік-техникалық мектеп жұмыс істеді. Оқушыларының жалпы саны 31 219 адамды құрады, оның ішінде, әйелдер – 15 433 немесе 49,4%. оқу жылымен салыстырғанда, колледжер мен кәсіптік-техникалық мектептер саны 2,2 есеге, ал, оның оқушылар саны 3,4 есеге артты. Астанада жыл сайын арнайы орта білімді түлектер санының артуы байқалады. 2012 жылы колледж және кәсіптік-техникалық мектеп куәлігін алған бітірушілер саны 9 357 адам болды, оқу жылымен салыстырғанда – 2 есеге артты.
оқу жылының басында қалада 14 жоғары оқу орны жұмыс істеді, оның ішінде 3- мемлекеттік, 11- жеке меншік. Барлығы 48 606 студент білім алды, оның ішінде әйелдер – 27 682 адам немесе 57%-ды құрайды. Ағымдағы жылғы студенттер саны оқу жылымен салыстырғанда, 2,9 есеге артты.
оқу жылының басында қаладағы мамандық алып шыққан түлектер саны 9 983 адамды құрады. Оның ішінде арнайы білімді 987 түлек алса, бакалаврдың академиялық дәрежесін 8 996 түлек алды. оқу жылы оқу жылымен салыстырғанда, 3,8 есеге артты, сәйкесінше білім алушыларды қабылдау 2,8 есеге артты.
оқу жылы басында, астананың ЖОО-да 50-ден астам ұлт өкілдері білім алды. Білім алушы қазақтардың үлес салмағы – 86,4%-ды, орыстардікі – 9,1%-ды, украиндердікі – 0,8%-ды, өзге ұлттардікі-3,7%-ы құрады.
оқу жылы басында, Астана қаласының ЖОО-да 4 668 оқытушылар ( оқу жылымен салыстырғанда 3,5 есеге өскен), оның ішінде – 2012 жылы 10,1%-ы ғылым докторы дәрежесіне ие болса, 32,2% - ғылым кандидаты, 6,7% - профессор және 15,3% - ы доцент атағына ие болған. Академиялық магистр дәрежесіне ие оқытушылар саны - 11,0%, философия докторы (PhD) – 3,7%, доктор бағдары барлары – 0,1%-ы құрады.
ЖОО-дағы студенттердің жалпы саны оң серпін береді, бұл - жоғары оқу орнында білім алу мәртебесінің беделін айғақтайтындығының куәсі. Таяу жылы, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны «Назарбаев университет» ашылды.
жылдары астанаға 612 910 адам келіп, 225 702 адам кетті. Көші-қонның оң айырмасы (412811 адам) негізінен, ішкі көші-қонның салдарынан болды.
Астанадағы халықтың көші-қон өсімінде 2012 жылы, Ақмола облысынан келгендердің үлесі - 19,3%-ы, Оңтүстік-Қазақстан облысынан - 13,4%, Алматы қаласынан - 9,5%, Шығыс-Қазақстан облысынан - 9,2%, Қарағанды облысынан - 9,0% және басқа облыстардан - 39,6%-ды құрайды.
Көші-қон өсіміндегі қазақтардың үлесі - 86,2%, орыстар - 8,1%, украиндықтар - 0,9%, өзбектер - 0,5%, татарлар - 0,8%, немістер - 0,7%, басқа ұлттардың өкілдері 2,8%-ды құрады.
Астана сондай-ақ, республиканың мәдени орталығы болып табылады, қала тұрғындарына қызмет ететін 508 спорттық ғимарат (олар – 3 Спорт сарайы, 4 стадион, 12 спорттық кешен, 19 жүзу бассейні, 176 спорттық зал, 22 теннистық корт, 16 хоккей алаңы және т. б.) бар.
Астанада 47 тарихи және мәдени ескерткіш (35- қала құрылысы және сәулет өнерінің, 12- археология ескерткіштері) бар.
Қалада 6 театр, 27 кітапхана (білім беру мекемесіндегі кітапханаларды есептемегенде), 8 музей, 1 цирк, 6 кинотеатр, 3 балалар музыкалық мектебі, 2 өнер және көркемдік мектеп жұмыс істеп тұр.
Қаланың тұрақты дамып келе жатуы, оның нарығындағы кәсіпкерліктің жоғарғы ынталандырылуы Қазақстан Республикасының саяси, іскерлік және мәдени орталығы ретінде астананың дамуы және оның мәртебесінің нығаюының интенсификациясы үшін тамаша жағдай туғызып отыр.
Сілтемелер:
1 – (1 АҚШ доллары үшін бағам 78,29 теңге) www.zonakz.net/articles/8369?mode=reply
2- мұнда және әрі қарай, ЖӨӨ-нің алдын ала мәліметтері
3 -(1 АҚШ доллары үшін орташа бағам 149,11 теңге3) www.kapital.kz/finance/10011/za-god-tenge-po-otnosheniyu-k-evro-ukrepilsya-na-6/.html
4 – мұнда және әрі қарай 1998 жылмен салыстыру


