Батыс Қазақстан облысы бюджетінің

2011 жылғы 1 шілдесіне атқарылуы туралы анықтама

Облыс бюджетінің жылдық көлемі – 95 334,9 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері бойынша – 52 005,1 млн. теңге,

РБ трансферттері бойынша – 23 868,1 млн. теңге,

субвенциялар 13 983,9 млн. теңге,

кредиттер3 666,0 млн. теңге,

кредиттерді өтеу – 105,8 млн. теңге.

Түсімдер

Түсімдер бойынша жоспар 97,4%-ға атқарылды, болжам,1 млн. теңге болғанда, түсімдер 41 818,6 млн. теңге құрады, соның ішінде:

өз кірістері – жоспар 21 245,4 млн. теңге болғанда, 18 674,7 млн. теңгеге немесе 87,9%-ға орындалды,

субвенция – жоспар 10 368,6 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті,

нысаналы трансферттержоспар 9 238,8 млн. теңге, түскені 9 184,5 млн. теңге немесе 99,4%,

кредиттерді өтеу – жоспар 26,5 млн. теңге болғанда, түскені 32,0 млн. теңге немесе 120,9%,

қарыздар түсімі – жоспар 334,0 млн. теңге болғанда, 100,0% түсті.

Шығыстар

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 95,5% құрады, кезеңге жоспар 42 522,4 млн. теңге болғанда, 40 587,8 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1 934,6 млн. теңге (жалпы сомадан 1 270,8 млн. теңге - республикалық трансферттер, 99,7 млн. теңге – ҚР Ұкіметінің резерв есебінен трансферттер, 63,0 млн. теңге – республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер, 501,1 млн. теңге – өз қаражаты).

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Облыстық бюджет бойынша атқару 97,4% немесе 33 087,4 млн. теңге құрады, кезеңге жоспар 33 959,3 млн. теңге болғанда, игерілмегені 871,9 млн. теңге.

Аудандар және Орал қаласы бюджеттері бойынша орындау орташа есеппен 95,7% құрады. Игерудің ең үлкен пайызы Қаратөбе – 99,5%, Сырым – 99,3%, Шыңғырлау – 99,2%, Ақжайық – 99,0% аудандары бюджеттері бойынша құрады, ең төмен игеру Бөрлі – 80,8% ауданы бойынша. Орал қаласы бойынша шығыстарды орындау – 95,0% құрады.

Республикалық трансферттер 82,9%-ға игерілді, жоспар 7 439,6 млн. теңге болғанда 6 168,8 млн. теңгеге атқарылды, игерілмегені 1 270,8 млн. теңге, соның ішінде облыстық бюджет бойынша игермеу сомасы – 842,9 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттер бойынша – 427,9 млн. теңге. Оның ішінде Бизнестің Жол картасы – 2020 нысаналы трансферттері бойынша 281,1 млн. теңгеге немесе 55,1%-ға атқарылды, игерілмегені 228,7 млн. теңге, Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020 нысаналы трансферттері бойынша атқарылуы 100,0% немесе 273,3 млн. теңге.

2011 жылдың 1 шілдесіне облыстық бюджеттің қалдықтары 317,8 млн. теңге құрады.

Қаржы басқармасы

бастығының орынбасары А. Жабалбаева