Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2. Бағдарламаға қатысу тәртiбi

  Бағдарламаға қатысу мәлiмдемелiк сипатқа ие және мемлекеттiк қолдау келесi схема бойынша ұсынылады:
  1. Өтiнiм берушi Бағдарлама операторына жүгiнедi және қажеттi құжаттар пакетiн (оның iшiнде белгiленген талаптарға сәйкес тiзбедегi консалтингтiк компаниямен бiрлесе отырып әзiрленген немесе консалтингтiк компанияның сараптамасы бар инвестициялық жобаның кешендi жоспарын) ұсынады.
  2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетiне сараптамалық бағалау әзiрлейдi. Сараптамалық бағалау Мемлекеттiк бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына сәйкестiгi және еңбек өнiмдiлiгi мен энергия тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн салыстыру туралы қорытындыдан, сондай-ақ консалтингтiк компаниямен инвестициялық жобаның кешендi жоспарының немесе консалтингтiк компания әзiрлеген инвестициялық жобаның кешендi жоспарын сараптамалық бағалау негiзiнде жаңғыртуды өткiзу және мемлекеттiк қолдау ұсыну қажеттiлiгi туралы ақпараттан тұруы қажет.
  3. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкiмшiсiне, өтiнiм берушiге және құрал операторына жiбередi.
   Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 № 000 Қаулысымен.
  4. Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлiмiнiң «Бағдарлама құралдары» деген 4-кiшi бөлiмiне сәйкес кешендi инвестициялық жобаның жоспарын әзiрлеу немесе  сараптау кезiнде келтiрiлген шығындардың бiр бөлiгiн қатысушыға төлейдi.
  5. Одан әрi өзгеде құралдарды алу қажет болса, өтiнiм берушi құрал операторларына жүгiнедi.
  6. Құрал операторы белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтiнiм берушiнi және Бағдарлама операторын қабылданған шешiм туралы хабардар етедi.
  7. Құрал операторының оң шешiмi болған кезде, Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi келiсiм жасасады, онда мыналар көзделедi:
  тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
  құралды енгiзу нәтижелерiнiң индикаторлары;
  құрал операторының және қатысушының жауапкершiлiгi және т. б. көзделедi.
   Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 № 000 Қаулысымен.
  8. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының iске асырылуының мониторингiн Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық iске асырылу мерзiмiнде жүзеге асырады.  Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының iске асырылуының мониторингiнiң нәтижелерi ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
  9. Бағдарламаны iске асыру регламентiн, өтiнiм нысандарын, өтiнiм берушi ұсынатын құжаттар тiзбесiн, өтiнiмдердi қарау мерзiмдерiн, келiсiмнiң үлгiлiк нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың iске асырылу мониторингiнiң нысандарын және мерзiмiн, инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейiн Бағдарлама әкiмшiсi бекiтедi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

3. Консалтингтiк компанияларға қойылатын өлшемдер

  Инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу немесе сараптама үшiн тартылатын консалтингтiк компаниялар мынадай өлшемдерге сәйкес келуi тиiс:
  компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеушi өнеркәсiп жобалары бойынша зерттеулер жүргiзу саласында бiлiктiлiгi мен жұмыс тәжiрибесiнiң 3 жылдан кем емес болуы;
  компанияның активiнде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеушi өнеркәсiп жобалары бойынша зерттеулер жүргiзу саласында iрi  жобалардың 3-тен кем емес болуы;
  салық төлеушiнiң салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы.
  Консалтингтiк компаниялар тiзбесiн Бағдарламаның операторы консалтингтiк компания өтiнiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейiн Бағдарламаның әкiмшiсi бекiтедi.
   Ескерту. 3-кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 № 000 Қаулысымен.

4. Бағдарлама құралдары

  Бағдарлама шеңберiндегi мемлекеттiк қолдау мынаны бiлдiредi:
  инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлегенi немесе сараптама жүргiзгенi үшiн төлемдер;
  ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды беру;
  бiлiктi жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тарту (технологиялық жабдықтарды таңдау, сатып алу, орнату және iске қосуды жүзеге асыру кезiнде жобаны бiлiктi сүйемелдеудi қамтамасыз ету);
  инвестициялық гранттар беру;
  жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тарту;
  қазiргi заманғы басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзу (кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн арттыратын технологиялар, оның iшiнде автоматтандырылған басқару жүйелерi, басқарудың халықаралық стандарттары, ЕRР, Lеаn, Кайдзен және басқалар).
  Мемлекеттiк қолдау құралдары былайша жүзеге асырылады.  Консалтингтiк компанияның кешендi жоспарды әзiрлегенi немесе сараптама жүргiзгенi үшiн төлемдер:
  Бағдарлама шеңберiнде консалтингтiк компанияның инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлегенi немесе сараптама жүргiзгенi үшiн кеткен шығыстардың 50%-ын, бiрақ 7,5 млн. теңгеден артық емес төлемдер қарастырылған.
  Бағдарлама әкiмшiсiнiң қатысушыға консалтингтiк компанияның кешендi жоспарды әзiрлегенi немесе сараптама жүргiзгенi үшiн төлем тетiктерi:
  1. Өтiнiм берушi инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу немесе сараптама жүргiзу үшiн бекiтiлген тiзбеден консалтингтiк компанияны өз еркiмен айқындайды.
  2. Өтiнiм берушi және консалтингтiк компания инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеу немесе сараптама жүргiзу туралы шарт жасасады.
  3. Өтiнiм берушi Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетiн ұсынады.
  4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негiзiнде Бағдарлама әкiмшiсi Бағдарлама операторына бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде бөлiнген қаражатты аударуды жүзеге асырады.
  5. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкiмшiсi аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшiн сыйақы көзделмеген.
  Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды ұсыну:
  Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы - «Қазақстанның даму банкi» акционерлiк қоғамының еншiлес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлiк қоғамы.
  Өтiнiм берушi ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны iске асыруда лизинг мәнiнiң жалпы құнының 15%-нан кем емес мөлшерде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуi қажет.
  Лизинг мәнiнiң жалпы құны 150 млн. теңгеден кем болмауы тиiс.
  Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қатысушыға арналған қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы 7,5 %-дан аспауы тиiс.
  Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды ұсыну тетiгi:
  1. Құрал операторына ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруға өтiнiш берудi қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейiн белгiленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
  2. Құрал операторы белгiленген тәртiппен өтiнiмдi қарастырады және ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешiм шығарады.
  3. Құрал операторының оң шешiмi болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизингi шартын жасасады.
  Бiлiктi жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тарту:
  Бiлiктi жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тарту технологиялық жабдықтарды таңдау, сатып алу, орнату және iске қосуды жүзеге асыру кезiнде жобаның бiлiктi сүйемелдеудi қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырылады.
  Құрал операторы - негiзгi қызметiнiң мәнi инновациялық даму үдерiстерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге және мемлекеттiк қолдау шараларын беруге және/немесе елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыруға жәрдемдесу, оның iшiнде жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
  Бағдарлама шеңберiнде бiлiктi жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартқаны үшiн республикалық бюджеттен 30%, бiрақ 1 (бiр) инвестициялық жобаға 30 млн. теңгеден артық емес мөлшерде шығыстарды бiрлесiп қаржыландыру қарастырылған.
  Бiрлесiп қаржыландыру қатысушыға жобалық және инжинирингтiк компаниялар көрсеткен қызмет нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
  Бiлiктi жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тарту тетiктерi:
  1. Бiлiктi жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға құрал операторына өтiнiм берудi қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейiн бекiтiлген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
  2. Құрал операторы белгiленген тәртiппен өтiнiмдi қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешiм шығарады.
  3. Құрал операторының оң шешiмi болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келiсiм жасасады.
  Инновациялық гранттар беру:
  Инновациялық гранттар жаңа жобаларды iске асыру үшiн, сондай-ақ өндiрiстi жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған iске асырылып жатқан жобалар бойынша берiледi.
  Құрал операторы - негiзгi қызметiнiң мәнi инновациялық даму үдерiстерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге және мемлекеттiк қолдау шараларын беруге және/немесе елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыруға жәрдемдесу, оның iшiнде жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
  Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Инновациялық гранттарды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
  Жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тарту:
  Жоғары бiлiктi шетелдiк инженерлiк-техникалық мамандарды тарту технологиялық үдерiстердi жетiлдiру және жабдықтарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру үшiн жүзеге асырылады.
  Құрал операторы - негiзгi қызметiнiң мәнi инновациялық даму үдерiстерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге және мемлекеттiк қолдау шараларын беруге және/немесе елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыруға жәрдемдесу, оның iшiнде жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
  Бағдарлама шеңберiнде жоғары бiлiктi шетелдiк инженерлiк-техникалық мамандарды тарту үшiн республикалық бюджеттен  50%, бiрақ жылына 1 (бiр) маманға 9 млн. теңгеден аспайтын және бiр инвестициялық жоба бойынша 3 (үш) маманнан көп емес мөлшерде шығындарды бiрлесiп қаржыландыру көзделедi.
  Бiрлесiп қаржыландыру қатысушыға шетелдiк инженерлiк-техникалық мамандар көрсеткен қызметтерiнiң нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
  Жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тарту тетiгi:
  1. Жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға құрал операторына өтiнiм берудi қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейiн бекiтiлген нысанға сәйкес жүзеге асырады.  2. Құрал операторы белгiленген тәртiппен өтiнiмдi қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешiм шығарады.
  3. Құрал операторының оң шешiмi болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келiсiм жасасады.
  Қазiргi заманғы басқару және өндiрiстiк технологияларды енгiзу:
  Отандық кәсiпорындардың басқару деңгейiн өсiруге ынталандырудың және олардың жасырын тиiмдiлiк әлеуетiн iске асыру қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзу арқылы жүргiзiледi.
  Құрал операторы - негiзгi қызметiнiң мәнi инновациялық даму үдерiстерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге және мемлекеттiк қолдау шараларын беруге және/немесе елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыруға жәрдемдесу, оның iшiнде жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын заңды тұлға.
  Кәсiпорындарда басқару технологияларын енгiзу нәтижелерi қосымша капитал салымдарынсыз өндiрiстi ұйымдастыру тиiмдiлiгiн және еңбек өнiмдiлiгiн арттыру болып табылады, яғни кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн арттыратын технологияны, оның iшiнде автоматтандырылған басқару жүйелерiн, басқарудың халықаралық стандарттары, Lеаn, Кайдзен және басқаларды енгiзу көзделедi.
  Бағдарлама шеңберiнде басқару және өндiрiстiк технологияларды енгiзу жоспарын әзiрлеу үшiн тартылған консультанттар қызметтерiне ақы төлеуге республикалық бюджеттен 70%, бiрақ 5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде бiрлесiп қаржыландыру, сондай-ақ республикалық бюджеттен бiр жоба бойынша басқару және өндiрiстiк технологияларды енгiзу жоспарын iске асыруға кеткен шығындарды 30%, бiрақ 10 млн. теңгеден аспайтын мөлшерiнде бiрлесiп қаржыландыру көзделген.
  Бiрлесiп қаржыландыру консультанттың қатысушыға көрсеткен қызмет нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
  Басқару технологияларын енгiзу тетiктерi:
  1. Басқару технологияларын енгiзуге құрал операторына өтiнiм берудi қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейiн белгiленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
  2. Құрал операторы белгiленген тәртiппен өтiнiмдi қарайды және құралды ұсыну (ұсынбау) туралы шешiм шығарады.
  3. Құрал операторының оң шешiмi болған жағдайда, құрал операторы мен қатысушы құралды ұсыну туралы келiсiм жасасады.
  Бағдарлама әкiмшiсi құрал операторы мен қатысушылар арасында құралдарды беру туралы келiсiмдер негiзiнде құрал операторының шоттарына қаражатты аударады. Құралдарды беру туралы келiсiмдер шарттары қатысушылар тарапынан орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, құралдарды беру туралы жасалған келiсiмдер бойынша пайдаланылмаған қаражатты кейiнгi қаржы жылында орындалмаған жобаны қаржыландыру үшiн құрал операторы қайтадан бөледi немесе құрал операторы мақұлдаған басқа жобаларды қоса қаржыландыруға қайта бөлiнедi.
   Ескерту. 4-кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.01 № 000 Қаулысымен.

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

  Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 19,9 млрд. теңге көзделiп отыр.
  Бағдарламаны одан әрi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат, сондай-ақ мемлекеттiк қолдаудың жеке құралдары бойынша тартылған сыртқы қарыздар шеңберiнде жүзеге асырылады.

7.«Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I кезең)

Р/с

Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

Болжанатын шығыстар (млн. тенге)

Қаржыла ндыру көздерi

Бюджеттi  бағдарла ма № (егер бар  болса)

1-шi жыл

2-шi жыл

3-шi жыл

4-шi жыл

5-шi жыл

6-шi жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Нормативтiк құқық актiлердi қабылдау

1.

Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде  ведомстволық комиссия құру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭДСМ, мүдделi  мемлекттiк органдар, ЖАО

2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

2.

Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi  құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭДСМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

3.

Консалтингтiк компаниялардың тiзбесiн бекiту

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствалық комиссия

2011 жылғы сәуiр

талап етiлмейдi

4.

Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеу

құрал операто рының шешiмi, ведомст оарал ық комиссия  хаттама сы

құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)

2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 000 қаулысымен бекiтiлген Инновациялық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу

ҚР Үкiметi қаулысының жобасы

ИЖТМ, ЭДСМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

2011 жылғы сәуiр

талап етiлмейдi

6.

Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiм қабылдау

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)

келiп түсуiне байланысты

талап етiлмейдi

7.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама

сараптамалық қорытынды

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiм берушi

келiп түсуiне байланысты

талап етiлмейдi

8.

Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы

құрал операторының шешiмi

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

келiп түсуiне байланысты

талап етiлмейдi

9.

Құралды ұсыну туралы келiсiмдер жасасу

келiсiм

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

келiп түсуiне байланысты

талап етiлмейдi

10

Мемлекеттiк қолдау құралдарын ұсыну

шарттар

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлар  (келiсiм бойынша)

келiп түсуiне байланысты

4900,8

РБ

011 «Өнiмдiлiк  2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiсте құруды, жұмыс iстеп  тұрған кәсiпорындарды жаңғырту және сауықтыруды қолдау»

15000

РБ

051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самрұқ-Қазына» АҚ-на кредит беру»

11

Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу

ИЖТМ-ге ақпарат

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

үнемi

талап етiлмейдi

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
ЖАО -  жергiлiктi атқарушы органдар
РБ - республикалық бюджет
«ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3