Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Кемелердің авариялық жағдайларын тергеу ережесін бекіту
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шiлдедегi № 000 Қаулысы
"Казахстанская правда" от 01.01.2001 г., № 000-); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 46, 619-құжат
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағыны𜿁) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң
2011 жылғы 3 шiлдедегi
№ 000 қаулысымен
бекiтiлген
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңiз кемелерiмен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Осы Қағида жүзу кезiнде немесе тұраққа кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу тәртiбiн белгiлейдi.
3. Осы Қағиданың қолданысы:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын;
2) олардың жүзуi немесе Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi су жолдары тұрағы кезiнде шетел туын көтерiп жүзетiн пайдаланудағы теңiз кемелерiне таралады.
4. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерiнiң және шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерiнiң туын көтерiп жүзетiн кемелерге қолданылмайды.
5. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жағдай - апатқа ұшырауға және теңiзде жүзу сапасын жоғалтуға әкеп соқтырған кемемен болған оқиға, кемемен басқа кеменi (кемелердi), навигациялық жабдық құралдарының, жағалау құрылыстарын, су асты кабелiн, су асты құбыр жолдарын зақымдау, кеменiң тiркеп сүйреткен объектiсiн жоғалтуы;
2) Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшесi;
3) навигациялық қауiпсiздiк - навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткiлiктiк пен дәлдiгi дәрежесi, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруi туралы навигациялық жедел ақпараттың, уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудiң толықтығы мен сенiмдiлiгi, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы жүзудiң қауiпсiз жолдары туралы ұсынымдар және теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және басқа факторлары;
4) пайдаланылу шектеулерi - авариялық жағдайдың нәтижесiнде пайда болған техникалық жай-күйi деңгейiнiң төмендеуiн және/немесе теңiзде жүзу сапасының нашарлауын, жабдықтауда кемшiлiктердiң пайда болуын, жабдықтаудың толық болмауын ескере отырып, кеменi пайдалану кезеңiнде уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарды белгiлi бiр қолданудан шығару;
5) сюрвейер - кемелердi және жүктердi тексерумен айналысатын және олардың жай-күйi, авариялық жағдай кезiнде бұзушылықтардың мөлшерi туралы, кеменiң теңiзде жүзуi туралы қорытындыны беретiн сарапшы;
6) теңiзде жүзу сапасы - кеменiң берiктiлiгiне, орнықтылығына, жүзушiлiгiне және батпаушылығына қойылатын талаптар жиынтығы;
7) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi.
6. Авариялық жағдайды тергейтiн орган теңiз портының капитаны басқаратын Теңiз портының әкiмшiлiгi (бұдан әрi - ТПӘ) болып табылады.
7. Әр түрлi кеме иелерiне тиесiлi кемелердiң соқтығысумен байланысты авариялық оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңiз портының акваториясында болған авариялық оқиғаларды ТПӘ аварияға ұшыраған кеме иесi өкiлдерiнiң қатысуымен тексередi.
8. Навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудiң кемшiлiктерiнен болған авариялық оқиғаны ТПӘ Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз күштерi өкiлдерiнiң қатысуымен тергейдi.
9. Шет мемлекеттердiң мүддесiн қозғайтын авариялық жағдайларға, мұзды жерлерде жүзу кезiнде, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде, навигациялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiлмейтiн аудандарда немесе жағдайларда жүзу кезiнде болған кеменiң зақымдануын, ТПӘ тергейдi.
10. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кемемен болған авариялық жағдайды ТПӘ тергейдi.
11. Кеме капитаны болған авариялық жағдай туралы кеме иесiне дереу хабарлайды. Егер авариялық жағдай Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе қазақстандық порт акваториясында болса, хабарлама ТПӘ-ге де жiберiледi, ол болған авариялық жағдай туралы Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiне және көлiк прокуратурасына дереу хабарлайды.
Комитеттiң аумақтық бөлiмшесi авариялық жағдайды дереу уәкiлеттi органға хабарлайды.
12. Шетелдiң аумақтық суларында орын алған авариялық жағдай туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн кеме капитаны кеме иесiне, уәкiлеттi органға, дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге хабарлайды.
Болған авариялық жағдай туралы кеме сақтандырылған сақтандыру ұйымының өкiлiне де хабарланады.
13. Кеме иесi навигациялық жабдық құралдарының барлық зақымдану жағдайлары туралы ТПӘ-ге, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерiнiң тиiстi қызметiне немесе зақымдалған жабдық кiмнiң қарауында болғанына байланысты су қатынасы мемлекеттiк кәсiпорнына дереу хабарлайды.
14. Барлық авариялық жағдайлар туралы кеме иесi ТПӘ-ге хабарлайды.
15. Авариялық жағдайлар туралы хабарлама мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) кеменiң атауы, шақыру белгiлерi, типi (сериясы), жасалған жылы мен орны. Мұздан болған авариялық жағдай кезiнде корпустың мұзға қарсы күшейтiлуiнiң нақты санаты көрсетiлсiн;
2) күнi, кемедегi уақыт;
3) аудан (порт, айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, iшкi және аумақтық сулар, ашық теңiз), координаттар;
4) кеменiң соңғы шыққан пунктi және оның баратын бағыты;
5) жүкпен немесе тепе-тең, жүктiң түрi (егер кеме сұйық жүк таситын болса, онда газдан тазарту, инерттi газдардың жүйесi туралы мәлiметтер);
6) гидрометеорологиялық жағдайлар (желдiң бағыты және күшi, теңiздiң толқындауы, кiшкене толқындар, ағысы, көру мүмкiндiгi, мұз жамылғысының сипаты, ауа-райы болжамы);
7) бортта лоцманның болуы, тiркеп сүйреудi пайдалану;
8) авариялық жағдайдың мән-жайы:
соқтығысу кезiнде: бағыт, жылдамдық, вахтаның құрамы, кеменi кiм басқарды, жағдай (басып озу, қарсы жүзу, қиылысатын бағытпен жүзу);
қайраңда тұрған кезде: топырақтың сипаттамасы, авариялық жағдайға дейiн және кейiн шөгуi (алдыңғы, артқы жағымен), шөгудi жоғалту, қисаю, бағыт, тасу мөлшерi, бiр сантиметр шөгуге келетiн тоннаның саны, трюмдар, танктер бойынша жүктердi орналастыру, кеме бетiндегi палубадағы жүк, тiркеме арқанның және брагаға арналған арқанның болуы және өлшемi;
9) авариялық жағдайға тап болған кемелердiң атауы, олардың туы, тiркелген порты, иелерi туралы мәлiметтер;
10) кемелердiң теңiзде жүзу қабiлеттерiн жоғалтуы, айлақтың (объектiнiң) пайдаланудан шығарылуы;
11) тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы көрсетiлген зардап шеккен адамдардың саны;
12) су ортасын ластау, кемеден тасталған мұнай өнiмдерiнiң және басқа зиянды заттардың көлемi, орны, болжамды себебi, түрi және мөлшерi;
13) адамдарға көмек көрсету және құтқару, зақымдануларды және теңiздi ластау салдарын жою жөнiнде қабылданатын шаралар. Суға түсiрiлген құтқару құралдарының саны және типi;
14) өмiршеңдiк үшiн күрес жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру, кемелермен және жағалаулық станциялармен байланыс;
15) капитанның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, бiлiмi, капитан лауазымындағы жұмыс өтiлi, осы кемеде жұмыс iстеген уақыты;
16) авариялық жағдайдың мән-жайын және оның зардаптарын сипаттайтын қосымша мәлiметтер
2. Авариялық жағдайларды тергеу тәртiбi
16. Авариялық жағдайды тiркеу үшiн авариялық жағдайға ұшыраған кеме капитаны, кеме немесе оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн болған авариялық жағдай туралы кеме иесiне хабарлайды, сондай-ақ жиырма төрт сағаттың iшiнде ТПӘ-не теңiз порты капитанының атына авариялық жағдай туралы жазбаша және олар бекiткен техникалық актiнi ұсынады немесе жолдайды.
17. Авариялық жағдай туралы жазбаша өтiнiш еркiн нысанда жазылады, онда авариялық жағдайға кiм ұшырады, күнi, уақыты, болған жерi көрсетiледi.
18. Техникалық актiде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
1) күнi, орны, кеменiң борты;
2) актiнi жасаған тұлғалардың лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) авариялық жағдайдың түрi, орны және күнi;
4) зақымданулардың толық сипаттамасы және залалды атап көрсету;
5) зардап шеккен адамдардың тiзiмi, жоғалған жүктiң (мүлiктiң, керек-жарақтың, жабдықтардың, жабдықтаудың, радиограммалар көшiрмелерiнiң) тiзбесi;
6) актiнiң соңында актiнi жасаған тұлғалардың қолы қойылады.
19. Авариялық жағдайды ТПӘ лауазымды тұлғасы авариялық жағдай туралы өтiнiштi және техникалық актiнi алған кезде Авариялық жағдайларды тiркеу журналына тiркейдi.
ТПӘ Авариялық жағдайларды тiркеу журналына авариялық жағдайларды сыныптау туралы мәлiметтердi енгiзедi.
ТПӘ кеме капитаны берген құжаттарды қарағаннан кейiн авариялық жағдайды сыныптайды.
20. ТПӘ кеме капитанынан тергеуге қажеттi құжаттарды уақтылы беруiн талап етедi.
21. Кеме капитаны авариялық жағдай туралы құжаттарды тергеу органдарына бередi және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу заңнамасына сәйкес теңiздiк наразылықты ресiмдейдi.
22. Кеме капитаны кеме немесе оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен соң үш тәулiк iшiнде ТПӘ-ге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн түрде жазылатын авариялық жағдайдың жай-күйiн, себептерiн, салдарын оған қатысты тұлғаларды көрсетумен авариялық жағдай туралы толық хабарлама;
2) кеме құжаттарынан көшiрмелер;
3) авариялық оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлердiң түсiнiктемелерi;
4) қажет болған кезде - өзi жазатын ленталар, олардың мағынасын ашу, төсеммен бiрге жол картасы;
5) маневрлеу сызбасы, радиолокациялық планшеттер;
6) зақымданудың сызбалары мен кескiндерi;
7) ТПӘ-нiң талабы бойынша авариялық жағдайға қатысты құжаттар.
23. Тергеу процесiнде кеме капитаны ТПӘ талап етуiмен авариялық оқиға нәтижесiнде болған кеменiң зақымдануын бағалауға мүмкiндiк беретiн мынадай қосымша құжаттарды бередi:
1) сүңгуiрдi қарап тексеру байқау және/немесе доктық қарап тексеру;
2) сыныптамалық қоғам немесе Кеме қатынасы тiркелiмi қызметкерлерiнiң техникалық қарап тексеру актi;
3) зақымданулардың фотосуреттерi;
4) жөндеудiң алдын ала калькуляциясы;
5) авариялық зақымдарды жоюды жүргiзген мамандандырылған ұйымдардың шоттары;
6) кеменiң зақымдануын бағалауға мүмкiндiк беретiн құжаттар.
7) авариялық жағдай кезiнде кеме иеленушi қол қоятын шығындар мөлшерi туралы анықтама, мынадай мәлiметтердi қамтиды:
кеменiң атауы, кеме иесiнiң атауы;
авариялық жағдай болған күнi және орны;
авариялық жағдай бойынша шығындардың жалпы сомасы (мыңның оннан бiрiне дейiнгi дәлдiкпен, теңгемен);
кеменiң теңiзде жүзу сапасын қалпына келтiру үшiн авариялық зақымдануларды жоюдың құны;
құтқару операцияларының және/немесе авариялық кеменi тiркеп сүйреудiң және/немесе онымен iлесiп жүрудiң құны;
жоғалған жүктiң құны және/немесе авариялық жағдайдың нәтижесiнде оның зақымдануынан, қайта қалаудан, артық тиеуден келген шығындар.
ТПӘ объективтi себептермен көрсетiлген құжатты бере алмаған жағдайда, кеме капитаны өз бетiнше болмаса тәуелсiз сюрвейердiң көмегiмен авариялық жағдай бойынша шамамен алынған шығын есебiн жасайды және ұсынады.
24. Авариялық жағдай туралы дәлелдердi iздеу қажет болған кезде авариялық жағдайға тартылған кемелер келiп тоқтаған теңiз порттарының капитандары қажеттi ақпаратты жинауға қатысады.
25. Авариялық оқиғалар:
1) кеменiң апатқа ұшырауы;
2) авария;
3) авариялық оқиға;
4) пайдаланылу зақымдары болып жiктеледi.
26. Кеменiң апатқа ұшырауына мынадай:
1) кеменiң қирауы немесе оның толық конструктивтiк бұзылуы нәтижесiнде қалпына келтiрiп жөндеу мақсатқа сай болмаса;
2) кеме сүйретiп келе жатқан объектiнiң жоғалуы нәтижесiнде болған авариялық жағдайлар жатады.
27. Аварияға мынадай авариялық жағдайлар жатады:
1) адам (адамдар) өлiмiне әкелген жағдай. Оқиға егер адам өлiмi авариялық жағдай салдарынан болса авария болып жiктеледi.
2) жолаушылар кемесiндегi авариялық жағдай, кеменiң зақымдануы нәтижесiнде болған кем дегенде теңiзде жүзудiң бiр сапасын жоғалтатын немесе белгiлi бiр пайдаланымдық шектеулердiң пайда болуына байланысты өндiрiстiк қызметте кедергiнiң пайда болуына әкелетiн жағдай.
28. Авариялық оқиғаларға мынадай авариялық жағдайлар жатады:
1) нәтижесiнде кеменiң зақымдануына әкелген, теңiзде жүзудiң кем дегенде бiр сапасын және/немесе белгiлi бiр пайдаланылу шектеулерiнiң пайда болуына байланысты өндiрiстiк қызметте кедергiнiң пайда болуына әкелетiн;
2) нәтижесiнде кеменiң су асты кабелiне, су асты құбыр өткiзгiштерiне, навигациялық жабдық құралдарына, жағалау құрылыстарына және өзге объктiлерге зақым келiп, олардың пайдаланудан шығуына әкелген;
3) нәтижесiнде кеме алынған және/немесе келтiрiлген зақымданудың өлшемi мен сипатына қарамастан 24 сағаттан артық қайраңда тұрған;
4) нәтижесiнде кемедегi тасымалданатын жүк жылжып кетсе және/немесе ең болмағанда бiр кеменiң теңiзде жүру сапасын жоғалтуға әкеп соғатын кеменiң физикалық-химиялық қасиеттерi өзгерсе;
5) нәтижесiнде кемеге басқа кеменiң зақым келтiруi, қандай да бiр пайдаланылу шектеулерiне байланысты кеменiң (кемелердiң) өндiрiстiк қызметiне кедергi жасайтын жағдайлар;
6) арқандардың және/немесе торлардың еспелi винттерге және/немесе рульге оралуы орын алса, қандай да бiр пайдаланылу шектеулерiне байланысты кеменiң (кемелердiң) өндiрiстiк қызметiне 48 сағатқа және оданда артық уақытқа кедергi жасайтын жағдайлар.
29. Пайдаланылу зақымдануына мынадай авариялық жағдайлар жатады:
1) нәтижесiнде осы Қағиданың 28-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетiлген белгiлерге сай келмейтiн кеменiң физикалық-химиялық қасиеттерiнiң өзгеруi және/немесе оның және басқа кеменiң зақымдануы немесе тасымалданатын жүктiң орын ауыстыруы;
2) жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан нәтижесiнде мұзды жерлермен жүзу кезiнде экипаждың дұрыс әрекет етуi кезiндегi кеме зақымдары;
3) нәтижесiнде теңiзде жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан, навигациялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiлмеген жағдайда аудандарда немесе жүзу кезiнде экипаждың заңды әрекетi кезiнде кеменiң зақымдануы болған;
4) нәтижесiнде теңiзде жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан авариялық-құтқару операциялары жүргiзу уақытында экипаждың заңды әрекетi кезiнде кеменiң зақымдануы болған;
5) нәтижесiнде кеменi пайдаланудан шығаруға әкелмеген навигациялық жабдық құралдарына зақымын тигiзген;
6) осы Қағиданың 28-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген белгiлерге жатпайтын, нәтижесiнде экипаждың теңiзде арқанмен байлау және/немесе жүк арту және/немесе бункерлiк операцияларды жүргiзу уақытында заңды әрекетi кезiнде кеменiң зақымдануы;
7) нәтижесiнде кеме жиырма төрт сағаттан кем қайраңда тұрған болса, және бұл ретте кемiнде бiр теңiзде жүзу сапасын жоғалтуға әкелетiн және/немесе қандай да бiр пайдаланымдық зақымданулардың пайда болуына байланысты өндiрiстiк қызметiне кедергi келтiретiн зақымдану болмаса;
8) кеменiң су асты кабельдерiн, су асты құбыр өткiзгiштiктерiн, жағалау құрылыстарын оларды пайдаланудан шығаруға әкелмеген басқа объектiлердi елеусiз зақымдаумен байланысты авариялық жағдай.
30. Авариялық жағдайлар түрлерi, себептерi, салдары бойынша авариялық жағдайларды жiктеу кестесiне сәйкес жiктеледi.
31. Авариялық жағдайды тергеу мерзiмi оның тiркелген кезiнен бастап есептеледi, бұл жөнiнде уәкiлеттi органға және аумақтық уәкiлеттi органға хабарланады.
Авариялық жағдайды тергеудi оның тiркелген күнiнен бастап отыз күн iшiнде ТПӘ жүргiзедi.
Тергеу нәтижелерi бойынша ТПӘ қорытынды жасайды және тергеу материалдарының көшiрмелерiн уәкiлеттi органға, кеме иесiне және көлiк прокуратурасына бес жұмыс күнi iшiнде жiбередi. Құқық бұзушылықтар табылған жағдайда көрсетiлген материалдардың көшiрмелерi құқық қорғау органдарына жiберiледi.
32. ТПӘ-нiң әрбiр негiзделген ұсынымы бойынша уәкiлеттi орган тергеу мерзiмiн он жұмыс күнiне ұзартады.
33. Авариялық жағдайды тергеу нәтижесiнде ТПӘ мыналарды белгiлеуi тиiс:
1) кеменiң, экипаждың, жарақтардың, жабдықтың белгiленген талаптарға сәйкес келуi;
2) навигациялық жағдайды талдау;
3) авариялық жағдайға әкелген жағдайлар мен мән-жайлар;
4) авариялық жағдайға себептер, оның салдары мен сыныпталуы;
5) авариялық жағдайға қатысты адамдардың әрекетiн оларға сыртқы факторлардың әсерiн есепке алып, бағалау, олардың психологиялық жай-күйi, шаршау деңгейi;
6) авариялық оқиғаға әкелген немесе болуына әсерiн тигiзген, кiмнiң нұсқауымен және қандай нормативтiк талаптардың бұзылғандығын, орындалмағандығын, сақталмағандығын көрсетуiмен лауазымды тұлғалардың тiзбесi;
7) ақталған тәуекелдi есепке алып, жасалған әрекеттердiң теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бойынша белгiленген талаптарға сәйкес келуi.
Тәуекел бiр уақытта мынадай жағдайларда ақталған болып танылады:
1) тәуекел өзi арналған мақсатқа сәйкес болуы тиiс;
2) мақсатқа қарапайым, тәуекелмен байланысты емес әрекеттермен қол жеткiзiлуi мүмкiн емес;
3) тәуекел жалған залал келтiруге шамадан өтпеуi керек;
4) материалдық объектiлер, тәуекел нысаны болып табылады.
34. ТПӘ-нiң лауазымды тұлғасы авариялық жағдайды тергеу барысында авариялық жағдайға қатысы бар адамдарға және куәгерлерге сұрау жүргiзедi.
Авариялық жағдайға қатысы бар адамдарға мен куәгерлерге сұрау жүргiзген кезде сұрау хаттамасы жүргiзiледi.
Авариялық жағдайға қатысты тұлғалар мен куәгерлердi сұрау үшiн шақыру кеме иесiн немесе кеме капитанын ресми түрде ескерту жолымен жүргiзiледi. Егер сұралуға тиiстi тұлға тергеу органы орналасқан жерде болмаса, тергеу органының жеке тапсырмасы бойынша сұрау осы тұлғаның немесе куәгердiң тұрған жерi бойынша ұқсас тергеу органында жүргiзiледi. Егер сұралатын адам сұрау жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, аудармашы шақырылады, оның қатысуы хаттамада көрсетiледi.
35. ТПӘ жүргiзетiн тергеу процесiне аудармашылар, тиiстi мамандар тартылуы, зертханалық және басқа талдамалар немесе сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
Тергеуге аудармашыларды, тиiстi мамандарды тарту, зертханалық немесе өзге де талдауларды, сараптамалар мен тәжiрибелер жүргiзу қажеттiлiгiн ТПӘ-мен белгiлейдi.
Кеме иесi ТПӘ-ге авариялық жағдайды тергеу жүргiзуде барлық көмектi көрсетедi.
36. Кеме иесi ТПӘ-нiң қорытындысымен келiспеген жағдайда кеме иесi тергеу материалдарын алғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде өзiнiң наразылығын уәкiлеттi органға жiбередi. Наразылық хаттың көшiрмесi ТПӘ-ге де жiберiледi.
37. Уәкiлеттi орган ТПӘ-нiң қорытындысы мен авариялық оқиға бойынша материалдарды ол берiлген күнiнен бастап отыз жұмыс күн iшiнде қарайды, осыдан кейiн ол бойынша егер орын алса, кеме иесiнiң наразылығын есепке алып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды, егер мұндай жағдай орын алса:
1) қорытындыны бекiтедi;
2) қорытынды бойынша ескертудi көрсетiп пысықтауға жiбередi;
3) отыз күнтiзбелiк күн мерзiмге қосымша тергеуге жiбередi.
38. Кеме иесi қорытындыны алғаннан кейiн алдағы уақытта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмайтын профилактикалық шаралар жүргiзедi, әрекеттерi авариялық жағдайға әкелген және/немесе ықпал еткен қызметкерлердi тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартады, сондай-ақ кеменiң техникалық жай-күйiн, одан әрi пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында сыныптау қоғамға куәландыруға немесе Кеме қатынасының тiркелiмiне жiбередi.
Егер авариялық жағдай кеменi уәкiлеттiк органға куәландыруға ұсынуға мүмкiндiгi жоқ шетел портында немесе осындай бiрiншi кiру порты болып табылса, онда бұл кеме Қазақстан Республикасы таныған шетелдiк сыныптау қоғамына ұсынылады.
39. Авариялық жағдай кезiнде ТПӘ-нiң есепке алуына кеме иесi ұсынатын мынадай шығындар жатады:
1) кеме апаты болған жағдайда - кеме апатқа ұшыраған айдың алдындағы бiрiншi күнiне (тозуды есепке алмағанда) оның баланстық құны;
2) авариялық жағдай нәтижесiнде пайда болған бұзылуды жөндеудiң құны:
кеменiң теңiзде жүзу сапасын қалпына келтiруге кеткен шығындар;
құтқару операцияларының немесе авариялық кеменi тiркеп сүйреудiң құны;
авариялық жағдай нәтижесiнде жүктiң зақымдануынан келген шығындар және/немесе шығындардың құны.
Авариялық жағдай нәтижесiнде болған зақымдануларды жоюдың құнын анықтау үшiн авариялық зақымдануларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға арналған сметалық калькуляцияны пайдалану керек, бұл осы жұмыстарды орындаған (қазақстандық немесе шетелдiк) ұйымның есептерiне сәйкес жасалады. Сметалық калькуляцияға жұмыс күшiнiң шығыны, пайдаланылған материалдар, кеменi жөндеушi ұйымның үстеме шығындары мен доктау құны кiредi.
Егер авариялық жағдайлар бойынша шығындар еркiн айырбасталатын валютамен берiлсе, онда оның сомасы авариялық жағдай оқиға болған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгеге аударылады.
40. Уәкiлеттi орган бекiткен ТӘП қорытындысы бойынша кеме иесi жүргiзетiн iс-шараларды бақылауды аумақтық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
41. Авариялық жағдайды тергеу аяқталғаннан кейiн тергеудiң барлық материалдары жеке папкаға тiгiледi, беттерi нөмiрленiп, құжаттар тiзбес жасалады. Папка «Авариялық iс» деп аталады.
42. Тергеу органы уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты негiзiнде авариялық жағдайды тергеудi тоқтатыла тұрылуына негiз болған жағдайлардың мән-жайлар толық немесе iшiнара жоққа шығарылғанға дейiн тоқтата тұрады. Жоққа шығарылғанда ол уәкiлеттi органның шешiмiмен қайта басталады.
Тергеу тоқтатыла тұрған жағдайда тергеу органы тергеудiң тоқтатыла тұрғаны және оның тоқтата тұру негiздерi туралы мүдделi тұлғалар мен көлiк прокуратурасына үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
Авариялық жағдайды тергеу мынадай жағдайларда толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады:
1) заңда көзделген тәртiппен куәландырылған, авариялық жағдайға қатысты тұлғаның уақытша психикалық бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
2) авариялық жағдайға қатысты тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуы;
3) авариялық тергеудiң одан әрi жүргiзiлуiне кедергi болатын еңсерiлмейтiн күштiң әрекетi;
4) тиiстi сараптама жүргiзу.
Көрсетiлген мән-жайлар жойылғаннан кейiн, осы Қағидада белгiленген тәртiпке сәйкес авариялық жағдайды тергеу жүзеге асырылады.


