Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі |
2 | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | 2014 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын» іске асыру мақсатында |
3 | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға соқтырмайды |
4 | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді |
5 | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау рәсімдерін регламенттеу мақсатында |
6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы № 000 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2014 жылғы 28 ақпандағы № 000 қаулысы, «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 000 қаулысы, «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 000 қаулысы. |
7 | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Талап етілмейді |
8 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Жоқ |
9 | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
10 | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
12 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.aci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
Қазақстан Республикасының
Байланыс және ақпарат
агенттігінің Төрағасы А. Жұмағалиев


