***- алдыңғы есеп беру кезеңдеріндегі мәліметтер нақтыланған
Сонымен қатар 3-кестеде есепті кезеңде екінші деңгейдегі банктер қызметіне қатысты қаралған шағымдар мен өтініштердің, сондай-ақ айқындалған ҚР заңнамасын және/немесе бағалы қағаздар нарығында қызметтерді ұсыну жөніндегі шарттар талаптарын бұзу негізділігінің көрсеткіштері келтірілген:
3-кесте
№ | Қаржы ұйымының атауы | Қаралуы 2009 жылғы наурыз айында аяқталған өтініштер | ||||
Саны | негізделген шағымдар | негізделгендердің жалпы санының негізделгендер % | анықталған ҚР заңнамалығын және/немесе шарт талаптарын бұзушылықтарымен шағымдар | анықталғандардың жалпы санының анықталғандар % | ||
1 | «Альянс Банк» АҚ | 30 | 7 | 58.33 | 7 | 58.33 |
2 | «БТА Банкі» АҚ ЕҰ -«Темірбанк» АҚ | 14 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
3 | «Казкоммерцбанк» АҚ | 14 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
4 | «БТА Банкі» АҚ | 13 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
5 | «Валют - Транзит Банк» АҚ (таратылатын банк) | 9 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
6 | «Қазақстан халық банкі» АҚ | 9 | 1 | 8.33 | 1 | 8.33 |
7 | «АТФ Банкі» АҚ | 9 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
8 | «ЦентрКредит Банк» АҚ | 9 | 2 | 16.67 | 2 | 16.67 |
9 | «Kaspi Bank» АҚ | 7 | 2 | 16.67 | 2 | 16.67 |
10 | «Қазақстанның Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | 5 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
11 | "Еуразиялық Банк" АҚ | 4 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
" Цеснабанк" АҚ | 4 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 | |
12 | «Нұрбанк» АҚ | 3 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
13 | "Delta Bank" АҚ | 2 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
14 | "Қазақстан Даму Банкі" АҚ | 2 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
15 | "RBS (Kazakhstan)" ЕБ" АҚ | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
16 | "Алау" АБ (таратылған) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
17 | "Астана-Финанс" Банкі" АҚ | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
18 | "Қазагропромбанк" ААҚ (таратылған) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
19 | "Қазэнергопромбанк" ААҚ (таратылған) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
20 | "Торгбанк" ААҚ | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
21 | «Орта Азия келісу және даму банкі» ЖАҚ | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
ЖИЫНТЫҒЫ: | 141 | 12 | 100 | 12 | 100 |
Мынадай мәселелер халық үшін өзекті болып қала береді:
- Үкімет, Ұлттық Банкі және Агенттіктің бірлескен іс-әрекеттерінің жоспарына сәйкес заемдарды қайта қаржыландыруға көмек көрсету;
- банктер шетел валютасында заем беру күні өтеу күнгі бағамына теңгенің есептеу бағамына қатысты болып есептелінетін төлемнің индексациялау коэффициентін қолданудың күшін жою бойынша көмек көрсету;
- екінші деңгейдегі банктердің кредиттер бойынша аса көтерілген сыйақы ставкаларын және банктік қызмет үшін комиссиялық төлемдерді өндіріп алуы;
- заемдарды өтеу бойынша мерзімін ұзарту мүмкіндігін беруге, кепілге салынған мүлікті (ипотеканы) өткізуге, ипотекалық заем бойынша сыйақы ставкасын азайту жағына қарай қарастыруға, заем бойынша өсімпұлды алып тастаға көмек көрсету;
- банктер заемдар шарттарында заемды мерзімінен бұрын өтеген үшін комиссия мөлшерінің не оны белгілеу тәртібіне сілтемелердің көрсетілмегені;
- банктер кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіпте өткізу рәсімін бұзуы.
Жоғарыда көрсетілген барлық жеке және заңды тұлғалардың сұратулары бойынша тиісті түсініктемелері берілді.
Есепті кезеңде Агенттік жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарастыру нәтижелері бойынша мыналар қызметтерінде мынадай бұзушылықтар анықтады:
- «Альянс Банк» АҚ:
1) клиенттеріне уақтылы және толық көлемде ақшаны оның шотына аудару бөлігінде банктік шот шартының талаптары бұзылған, осыған байланысты Агенттік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі атына Банктің ақшаны аударуды жүргізу бойынша жұмысын тексеру және өтінішке қатысты тиісті шаралар қолдану үшін өтініш берушінің шағым өтінішін (13.02.09ж. кіріс № 000) жіберді;
2) клиенттің ақшаны аудару жөнінде нұсқауын ұақтылы және дұрыс орындамау бөлігінде банктік шот шартының талаптары бұзылған (06.02.09ж. кіріс № 000 және 10.02.09 ж. № 000). Осы факт бойынша Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 169-бабының 1-тармағына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
3) Агенттік 3 өтінішті қарау нәтижесінде Банк клиенттерднің өтініштері бойынша ақшаны уақтылы бермеу бөлігінде банктік салым/шот шартының талаптарын бұзғанын айқындады (19.02.09 ж. кіріс № Ф-205, 26.02.09 ж. № 000, 17.02.09 ж. № 000). Осыған орай бір өтініш бойынша материалдар Банкке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қабылдану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіге жолданды және екі өтініш бойынша Агенттік қазіргі уақытта міндеттемелерін уақтылы орындамау үшін Банкке қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі мәселені қарау үстінде;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген клиенттердің төлем тапсырмасын орындау мерзімі (02.03.09 ж. кіріс № Ю-36, 13.02.09 ж. № 000) бұзылған. Осыған орай Агенттік қазіргі кезде бір өтініш бойынша Банкке қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі мәселені қарау үстінде, екінші өтініш бойынша материалдар Банкке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қабылдану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке жолдады;
7) Агенттік сұратуына жауап бермегендіктен, Банкке қатысты жазбаша ұйғарым шығарылды;
- «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ заемшыны Банк көрсеткен бағалаушысында өз есебінен кепілге салынған мүлікті бағалауды мәжбүрлеп өткізу бөлігінде кредиттік желісін, банктік заем және кепіл шарттарын ұсыну жөніндегі Келісім талаптарын бұзған (02.02.09ж. кіріс № 000). Осыған орай Агенттік Банкке Келісімге және банктік заем мен кепіл шарттарына тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгізгенге дейін өз есебінен кепілге салынған мүлікті бағалауды өткізу талабымен хат жолдады;
- «Kaspi Bank» АҚ:
1) Банк банктік заем бойынша сыйақы ставкасын бір жақты тәртіпте өсіру бөлігінде банктік заңнамасының талаптары бұзылған (05.03.09ж. кіріс №Ф-351). Қазіргі кезде осы факт бойынша сотта істі қарауды жүргізуде;
2) Банк программаның істен шығуына байланысты клиенттің жинақ шотынан соманы жаңылысып есептен шығарған (13.02.09ж. кіріс №Ю-9). Осыған орай Агенттік Банкке осындай фактілерді болдырмау мақсатында ақшаны автоматты түрде есептен шығаруды көздейтін программаның істен шығу жағдайында клиенттердің банк салымдары ахуалын бақылауды күшейту қажеттілігі жөнінде талабымен жат жолдады;
- «ЦентрКредит Банк» АҚ:
1) банктік заем шартында жылдық тиімді сыйақы ставкасы көрскетілмеген (12.02.09ж. №Ф-135). Осыған орай Агенттік қазіргі кезде Банкке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі мәселені қарау үстінде;
2) заемшыға Банк қызметкерлерінің немқұрайлығынан ипотекалық заем шарты бойынша (18.02.09ж. № 000) қамтамасыз ету болып табылатын депозит шотындағы ақша берлген. Осыған байланысты Агенттік Банкке ескерту хатын жолдайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 |


