Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2. Функционалдық мүмкiндiктердi дамытуды талдау

Мемлекеттiк органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары және мiндеттердiң атауы

Мемлекеттiк органның 2013 жылға стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын iске асыру бойынша жоспарланған iс-шаралардың қол жеткiзуi

2013 жылы нақты орындау

(есеп кезеңдегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң нәтижелерiн жақсартуға бағытталған iс-шаралар)

Қол жеткiзбеу себептерi

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ұлттық экономиканы жаңғырту

1-мақсат. 2020 жылға қарай қазақстандық экономиканың 2009 жылғы деңгейге қатысты нақты мәнде үштен бірінен аса артуын қамтамасыз ету

1.1-міндет. Болжанатын көрсеткіштер шегінде экономиканың дамуын қамтамасыз ету

1.2-міндет. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту

1.3-міндет. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

1.4-міндет. Макроэкономикалық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік саясатты және бюджеттік жоспарлауды жүргізу

1.5-міндет. Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған салықтық және кеден саясатын жүргізу

1.6-міндет. Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу салаларындағы саясатты жетілдіру

1.7-міндет. Макроэкономикалық тұрақтылықты және Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясатын жүргізу

1.8-міндет. Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған көші-қон саясатын жүргізу

Задача 1.9. Шикізаттық емес және жоғары технологиялық өндірістерге инвестицияларды тарту үшін жағдайлар жасау

2-мақсат. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге интеграциялау арқылы республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құру

2.1-міндет. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау

2.2-міндет. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыруды аяқтау

2.3-міндет. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру

2.4-міндет. Қазақстан Республикасының жетістіктерін халықаралық нарықтарда позицияландыру

2-стратегиялық бағыт. Нәтижелі мемлекеттік секторды құру

1-мақсат. 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есеп беру қағидаттарында мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу

1.1-міндет. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру

1.2-міндет. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және оның толыққанды жұмыс істеуі

1.3-міндет. Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру

2–мақсат. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жүйесін жетілдіру

1. Министрлік әзірлеген және (немесе) қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі

Жарты жылда бір рет

Нормативтік жарлықтар мониторингі бойынша ақпарат ҚР Президент Әкімшілігіне әр тоқсан сайын ұсынылады.

2013 жылғы бірінші тоқсан үшін ақпарат 2013 жылғы 28 наурызда № 35-2-4/694-Д хатпен жіберілді;

Ағымдағы жылдың екінші тоқсаны үшін 2013 жылғы 26 маусымда № 35-2-4/694-Д,

2013 жылғы үшінші тоқсаны үшін 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 31-2-4/694-Д

Ал, 2013 жылғы төртінші тоқсаны үшін 2013 жылғы 13 желтоқсанда № 35-2-4/694-Д хаттармен жіберілді.

Нормативтік құқықтық актілердің (заңдар, қаулылар және бұйрықтар) мониторингі бойынша жартыжылдық ақпарат ҚР Әділет министрлігіне ұсынылады.

2013 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР Әділет Министрлігіне 2013 жылғы 26 маусымда № 35-2-4/34-И хатпен ақпарат жолданды;

2013 жылдың екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша – 2013 жылғы 30 желтоқсанда № 35-20/86-И хатпен жолданды.

ҚР ЭБЖМ-нің бұйрықтар Тізбесі бойынша тоқсан сайын ақпарат ҚР ӘМ-не ұсынылады.

Сондай-ақ, ақпараттар ЭБЖМ-нің бұйрықтар Тізбесі бойынша 2013 жылдың I тоқсан қорытындысы үшін ӘМ-не 2013 жылғы 10 сәуірде № 35-20/25-И хатпен жіберілді.

Ал, II тоқсан үшін 2013 жылғы 2 шілдеде № 35-2-4/35-И хатпен жіберілді;

III тоқсан үшін 2013 жылғы 8 қазанда № № 35-20/51-И,

2013 жылғы IVтоқсан үшін 2014 жылғы 9 қаңтарда № 35-20/3-И хаттармен жолданды.

2. Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Тұрақты негізде

Шетелдерге біліктіліктерін арттыруға мемлекеттік қызметшілерді іріктеу бойынша жүргізілген конкурстық комиссия отырыстарының қорытындыларына сәйкес 2013 жылы Министрліктің 24 қызметкері шет елдерде (ҚХР, ОК, Біріккен Вена Университеті, Жапония) оқытылды.

2013 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында қайта даярлаудан 19 адам және 30 адам біліктілікті арттырудан өтті.

3. Кадрлар ағымының тұрақты динамикасын қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

Кадрлардың жиі ауысуына жол бермеу мақсатында қызметшілерді Министрлікте жұмыс істеуге ынталандыратын монетарлық емес әдіс қолданылады. 2013 жылдың ішінде Министрлік қызметкерлерінің ішінен 6 адам ҚР мемлекеттік наградаларына, 12 қызметкер ҚР Премъер-Министрінің алғысына және Министрліктің құрмет грамотасы мен мақтау хаттарына 102 адам ие болды.

Құрылымдық бөлімшелер қызметшілеріне жарты жылғы және жылдық жұмысты бағалаудың қорытындысы бойынша материалдық түрдегі көтермелеулер көрсетілді.

Министрліктің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 000 бұйрығымен Министрліктің қызметкерлеріне некеге тұруына, балалы болуына, жақын туыстарының қайтыс болуына орай материалдық көмек көрсету шаралары қарастырылған.

4. 2016 жылға қарай биліктегі әйелдердің шешім қабылдау деңгейіндегі 30% өкілдігіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылдау

Жыл сайын

2013 жылы кадр резервінің тізімінен 2 әйел Министрліктегі жоғары санаттағы бос лауазымға қабылданды.

Министрліктегі жоғары санаттағы лауазымдарға 36 мемлекеттік қызметші тағайындалып, оның 50%-ы әйелдер болды.

2013 жыл бойынша

Министрліктегі әкімшілік мемлекеттік қызметші-әйелдердің 52%-ы басшы лауазымдағылар.

5. Министрліктің қолданыстағы құрылымын талдау және Министрлік жүйесі ішіндегі міндеттер мен өкілеттіктерді нақты бөлу мақсатымен қажет болған жағдайда оны өзгерту

Тұрақты негізде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»

ҚР Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 000 Жарлығын жүзеге асыру үшін қайта құрылған ҚР ЭБЖМ жаңа құрылымы мен штаттық кестесі Министрліктің 2013 жылғы 25 ақпандағы бұйрығымен бекітілді. ҚР ЭБЖМ құрылғаннан бері құрылым мен штаттық кестеге өзгерістер енгізілген жоқ.

6. Халықаралық қаржылық ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, елдермен өзара іс-қимылдар

Тұрақты негізде

2012 жылға арналған, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген Экономикалық даму бағдарламасы бойынша ЮСАИД-тың Жылдық есептемесіне қол қойылды (ЮСАИД-тың 19.11.2013 ж. хатымен берілген.)

2013 ж. маусымында Қазақстан Азия даму қорына донорлық жарна салды.

2013 жылдың 18 маусымында ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Азия даму банкінің арасында бірлескен білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы» № 000 қаулысы қабылданды. Меморандумға 18.06.2013 ж. қол қойылған.

2013 жылы мемлекеттік органдардың қатысуымен Standard&Poor's, және Moody's рейтингтік агенттіктердің кездесу ұйымдастырылды.

Fitch агенттігінің сұраным бойынша, кездесу орнына ҚР Ұлттық банкімен Conference-call

Болып өтті.

7. Ақпаратты жинау және пайдалану жүйесінің еңбек сыйымдылығын реттеу және қысқарту, Министрліктің қызметкерлерін Интернетке, заң және ақпараттық базаларына қол жеткізумен қамту

Жыл сайын

Тұрақты негізде Министрлік қызметкерлерінің ақпараттық деректер базасына қол жеткізуімен қамтуды ұлғайту жұмысы жүргізілуде.

Министрлік қызметкерлерін заң базасына және ақпараттық деректер базасы жүйесіне қол жеткізумен қамтуды ұлғайту мақсатында «Параграф» ақпараттық жүйесі қолданылады. АЖ «Параграф» «Строй Мастер» комплектісін қамтиды, ол Министрліктің 34 жұмыс орнында қолданылады, Минстрліктің 6 жұмыс орнында қолданылатын «Кеден одағы» континент комплектісі және 1 жұмыс орнында Заң департаментте қолданылатын «Гарант-Максимум» комплектісі.

Ғаламтор жүйесіне кіру мүмкіндігіне 243 қызметкер ие.

8. Министрліктің интернет-ресурстарын жетілдіру, оның өзекті жаңартылуы, сондай-ақ оның ішінде азаматтардың Министрлік басшылығымен «жанды қатынасына» мүмкіндік беретін арнайы веб-парақтар ашу

Қажеттілігіне қарай

Жаңалықтар таспасы өзектілігінің көрсеткішін жоғарылату мақсатында сайтта Министрліктің жұмысы туралы ақпараттық материалдарды жариялаудың мезгілі көбейтілді. Жаңалықтарды жариялағанда материалға қатысты фото суреттер мен бейнелердің болғаны абзал. Кең тұрғыда насихаттау үшін ақпараттар Министрліктің әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында да (, , ) жарияланады.

Министрліктің ресми Интернет-ресурсын рәсімдеу барысында мультимедиалық ақпарат ретінде көбейетін болады. Алдағы уақытта мультимедиалық ақпараттардың саны көбейетін болады. Сондай-ақ Министрліктің бірінші басшыларының сөз сөйлеулері көрсетілетін аккаунт, бейнепорталында іске қосылды.

Сайттағы ақпараттарды оңай табу үшін кілт сөздерді қолдану қызметі қол жетімді болды. Аталмыш қызмет қолданушыларға кілт сөздер арқылы қызықтырған ақпараттар мен бір тектес тақырыптардағы мәліметтерді табуға мүмкіндік береді.

Orphus жүйесі жарияланған материалдардағы қателерді табуға көмектеседі.

Жоғарыда аталғандарды хабарлай отырып, Министрліктің ресми интернет-ресурсын жетілдіру мақсатында күнделікті түрде жұмыс жүргізіліп отырады. Министрліктің қызметін әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық қолдауға бағытталған іс шаралар кешені күйшейтілді. Сайт қолданушыларының санын арттыру мақсатында бірегей және эксклюзивті жаңалықтарды жариялау міндеті алдыға қойылды.

Министрліктің minplan. ресми Интернет-ресурсында «Сұрақ-жауап» арнайы бөлімі ашылып, азаматтарға өз сұрақтары бойынша жауап алуға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ, тұрақты түрде мемлекеттік органдар басшыларының ресми блог платформалары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

9. Ақпараттық ресурстарда Министрліктің қабылданатын шешімдерді жариялауды қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

Министрліктің minplan. ресми Интернет-ресурсының «Жаңалықтар» бөлімінде Министрліктің қызметі туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ, аталмыш материалдарды кең тұрғыда насихаттау үшін әлеуметтік желілеріне қоса орналастырылады.

Сондай-ақ, ақпараттық материалдарды жариялау үшін жіберу арқылы БАҚ-на ұсынылады.

10. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тұрақты негізде

Министр мүшесі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствааралық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.

Мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздік үшін жауапты бөлімшелердің құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы заңына” толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар министрлікпен “ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат туралы” бірлескен бұйрық келісілді. Қазіргі саясатта ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қойылатын талаптар, ИТ-бөлімшелер мен ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелеріне жекелеген талаптарды қарастырады. Осы саясатқа сәйкес мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс.

Осыған байланысты Министрлік құрылымында ақпараттық қауіпсіздікке тікелей жауапты болатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздік басқармасы құрылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жыл 14 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кейбір шаралар туралы» № 000 қаулысымен «Kaztranscom» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ғаламтор жүйесіне қосылған барлық ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілер ғаламтор жүйесіне қосылудың быріңғай шлюзі арқылы қосылған.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған, ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілердің сүйемелдеуінсіз ғаламтор жүйесіне кіруге байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тұрақты негізде мынадай іс-шаралар жүргізіліп жатыр:

- Ақпарат алмасу процесіндегі күмәнді оқиғаларды тіркеу және талдау кезіндегі оқиғалардың аудиті мен мониторингі.

- Ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы немесе бұзылу қаупі оқиғасы туындағанда еленуі.

- Ақпаратты қорғаудың озық әдістерін құру және енгізу.

- Вирустық және хакерлік шабуылдардан қорғану.

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес ақпарттық алмасу ортасында пайдаланушылардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, пайдаланушыларды басқару.

11. Министрлік әзірлейтін заң жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауы (жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауы тиіс санынан)

Тұрақты негізде

«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi. 2013 жыл бойы Сарапшылық кеңестердiң қарауына 16 Қазақстан Республикасы қаулы жобасы, Қазақстан Республикасы Заңдардың 3 жобалары және 3 Министрліктің бұйрықтың жобалары енгізілді.

12. Министрліктің мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тартылған қызметкерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу қағидаларына оқыту

Жыл сайын

2013 жылы мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тартылған Министрліктің қызметкерлерін оқытуға Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспарымен 429 мың теңге көзделген болатын. «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-да 2 адам (1 адам - Мемлекеттік сатып алу басқармасының жаңадан келген қызметкері, 1 адам – Ішкі аудит және бағалау басқармасының қызметкері) оқыды.

13. Министрлік басшыларының республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен Министрлік қызметінің негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша кездесулерін ұйымдастыру

Жыл сайын

2013 жылы Министрлік басшыларының республикалық және аумақтық БАҚ мен келесі кездесулер өткізілді:

2013 жылғы 1 ақпанда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Т. М. Жақсылықовтың «Казахстанская правда» газетінде «Найти оптимальный баланс» атты мақаласы жарияланды.

26 шілдеде Интернет порталында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі ің «Экономическая политика нового курса» атты мақаласы жарияланды.

2013 жылдың 11 қыркүйегінде Vласть интренет порталының негізінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Е. Досаевтің сұхбаты өткізілді. Сұхбат шеңберінде ішімдік және темекі акциздардын көтеру, сондай-ақ, жеке тұлғалардың мүліктерінің салық мөлшерлемелерін олардың базалық құнына сәйкестендіру мәселелері талқыланды.

2013 жылдың 24 қыркүйегінде Министрлік ғимаратында телеарналар және ақпараттық агенттіктер өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Аталмыш брифингтің мақсаты салық заңнамасындағы өзгертулерге түсініктеме беру. ҚР ЭБЖМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Мәди Такиев көлік салығының ұлғаюы және көлікке деген салықтық жеңілдіктерді жою туралы баяндады.

2013 жылдың 1 қазанында «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде ҚР ЭБЖМ Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Айнұр Құдайбергенова қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді. Сөз бірқатар жаңа енгізулер тіралы, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар жобаларының талқылауда халықтың қатысуы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді жоғарылату,

азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық бақылаун жүргізуі және қызмет алушылардың өтініжтерін қарау мерзімдерін қарау.

2013 жылдың 16 қазанында интернет-порталының базасында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі М. Абылкасымовның сұхбаты өткізілді. Сұхбат шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаған кезде жемқорлық критерийлерін қалай ескертілетіні туралы айтылды.

2013 жылғы 21 қарашада «ҚАЗАҚПАРАТ» ақпараттық агенттінің негізінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі М. Абылкасымовның ел экономикасының дамуы мен экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкіметтің қолданылатын шаралары туралы сұхбаты өтті.

2013 жылғы 4 желтоқсанда Интернет порталының негізінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Е. Досаевтің қатысуымен онлайн-конференциясы өткізілді. Сұхбат барысында қойылған сұрақтарға жауап берді. Республикалық бюджеттің құрылуы, Қазақстанның салықтық саясаты және т. б. сұрақтар талқыланды. Жалпы Министрліктің атына 60 астам сұрақ қойылып, жауап берілді.

26 желтоқсанда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі Е. Досаев БАҚ қатысуымен өткен ОКҚ брифингте жылдың экономикалық қорытындылары туралы баяндады.