ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық технологиялар институты
Желілер мен жүйелерді программалық қамтамасыздандыру кафедрасы

«Бекітемін»
Институт директоры
_______________
«___»_______________2007 ж.
КУРС ПРОГРАММАСЫ (SYLLABUS)
“Программалық қамтаманы өңдеу технологиясы” пәні бойынша: Есептеу техникасы және программалық қамтамасы - 050704 мамандығы үшін
Оқу түрі – күндізгі(бакалавриат)
Барлығы 3 кредит
Курс 4
Семестр 8
Дәріс 30 сағат
Лабораториялық сабақтар 15 сағат
Аралық бақылау 2
СӨЖ 45 сағат
СОӨЖ (аудит.) - 15 сағат
(офис.) - 30 сағат 45
Барлық дәрісханалық сағат 60
Барлық дәрісханадан тыс сағат 75
Еңбек көлемі 135 семестр
Курстық жұмыс 8 семестр
Емтихан 8 семестр
АЛМАТЫ 2007
Курс программасын Какенова Оразгайша Салимхановна, ГОСО-ҚР-4.0 бағаланған мазмұнымен және мамандық мінездемесі негізінде құрастырған.
Желілер мен жүйелерді программалық қамтамасыздандыру кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
«___»__________________2007ж. Хаттама № ___
Каф. меңгерушісі Өскенбаева Р.Қ.
Ақпараттық технологиялар институтының Әдістемелік Кеңесімен бекітілген
«___»__________________2007ж. Хаттама № ___
ОӘК төрағасы
Оқытушылар жайындағы ақпарат:
С.- математик, желі мен жүйелерді программалық қамту кафедрасының аға оқытушысы, білімі жоғары, КазҰУ, Механикалы - математикалық факультетін бітерген, жалпы жұмыс тәжірибесі-39 жыл, ҚазҰТУ жұмыс тәжірибесі-35 жыл, ғылыми-әдістемелік еңбектер 20-дан астам.
С. - Техникалық ғылымдардың кандидаты, Желілер мен жүйелерді программалық қамтамасыздандыру кафедрасының доценті, білімі-жоғарғы, ҚазҰТУ-дың Автоматика және телемеханика факультетін бітірген. Жалпы жұмыс істеу мерзімі – 39 жыл, ҚазҰТУ-да 18 жыл, ғылыми - әдістемелік еңбектері – 30-дан сатам.
.
Кеңсе: Желілер мен жүйелерді программалық қамтамасыздандыру кафедрасы, 1012 ауд,
Мекен-жайы: Алматы, Сәтбаев көшесі 22а, 1012 ауд
Тел.: , ішкі телефон 2-38
Факс:________________________
E-mail:_______________________
1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
1.1 Жалпы мәліметтер
«Программалық қамтаманы өңдеу технологиясы» пәнінің негізгі мақсаты жобаларды басқару, талаптарды талдау, архитектураны құру, бөлшектеп жобалау,қолданушы интерфейстерін құру және тестілеу әдістері сияқты сұрақтарды қамтитын программалық жүйелерді өңдеу технологияларының негізін үйрету болып табылады. Түсініктемелер объектілі модельдеу тілі – UML көмегімен объектілі-бағытталған программалық қамтаманы өңдеу мәселесіне негізделген.
«Программалық қамтаманы өңдеу технологиясы» курсы программалық қамтаманы құру технологияларын оқып жүрген студенттерге, сондай-ақ тереңдетілген программалау технологиялары, программалық қамтама спецификациясы, баідарламалық жүйелерді құру мен өңдеу сияқты өзара байланысты курстардың материалы ретінде қолданылуға арналған.
«Программалық қамтаманы өңдеу технологиясы» курсының негізі ретінде Есептеу техникасы ассоциациясы (АСМ) мен Электротехника мен электроника бойынша инженерлер институты (ІЕЕЕ) мақұлдаған компьютерлік ғылымдар негізін құрайтын Computing Curricula 2001 (Программалық қамтама инженериясы) құжаты болып табылады.
1.2 Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері
Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің міндеттері:
- программалық қамтама инженерияның не екенін білу және оның маңыздылығын түсіну;
- программалық қамтаманы құру үрдісі және осы үрдіс модельдерінің негізіндегі концепцияларды білу;
- программалық қамтаманы құру үрдісінің негізгі модельдері туралы түсіну және оларды қолданылу орны мен тәсілін меңгеру;
- программалық қамтамаға қойылатын талаптарды қалыптастыру үрдісі, оны құру мен тестілеу ержелерін білу;
- программалық қамтамаға қойылатын талаптарды құжаттау стандарттарын білу;
- жүйенің объектілері мен мәліметтер моделінің концепцияларын білу;
- жүйені модельдеуде қолданылатын құралдарды білу.
1.3 Пререквизиттер
«Программалық қамтаманы өңдеу технологиясы» пәні 050704 мамандығы бойынша техника және технология бакалаврларына тілдік-технологиялық дайындықтың соңғы пәні болып табылады.
1.4 Постреквизиттер:
«Программалық қамтаманы өңдеу технологиясы» курсының мазмұны компоненттер архитектурасымен, сервистік-бағытталған архитектурамен, аспектілі-бағытталған программалаумен, активті программалық қамтаманы құрумен, мультипарадигмалық жобалаумен және т. б. байланысты программалық инженерияның қазіргі заманғы технологиялары мен ойларын меңгеруге мүмкіндік береді.
2 БІЛІМ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
ҚазҰТУ–да бүкіл семестр ішінде студенттердің оқуын бақылау үшін жиі және жүйелі түрде бақылау жүргізіліп тұруы үшін рейтингілік білімді бақылау қолданылады.
Қортынды ретінде курстық жұмыс болып табылады, ол сәйкесінше 20 балмен және емтихан максималды 40 балмен бағаланады.
Семестр ішінде 2 аралық бақылау (8-ші және 14-ші апталар), әрқайсысы 10 балдан. Рейтінгілік балдардың таратылуы көрсетілген. (1- кесте)
Студенттердің білімін бақылау үшін 8 семестрлік жұмыс, 5 лабораториялық жұмыс орындаудан тұрады.
Ағымдық бақылау қорытындысын өткізу мерзімі пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленген (2-кесте).
1-кесте
Бақылау түріне байланысты рейтинг баллдарын тарату
Семестр № | Қорытынды бақылау түрі | Бақылау түрлері | % |
3 | Емтихан | Қорытынды бақылау | 100 |
Аралық бақылау | 100 | ||
Ағымдық бақылау | 100 | ||
Курстық жұмыс | 100 |
2-кесте
“ Программалық қамтаманы әзірлеу технологиясы” пәні бойынша барлық бақылау түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі.
Апта | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Апталық бақылау саны | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Бақылау түрлері | Өж1 | Өж 2 | Л ж 1 | Ө ж 3 | Л ж 2 | Өж 4 | Өж 5 | АБ | Л ж 3 | Өж 6 | Л ж 4 | Ө ж 7 | Л ж 5 | Өж8 АБ | Кж |
Студент емтиханға жіберіледі, егер семестр ішіндегі оның суммалы рейтенгтік балы 30 балға тең немесе артық болса. Емтихан 20 балл және одан да, жоғары жиналған кезде тапсырылған болып есептелді. Пән бойынша қорытынды баға шкала бойынша анықталады.( 3 кесте).
3-кесте
Студеттердің білімдерін бағалау
Баға | Әріптік эквивалент | Проценттік берілуі % | Баллмен берілуі |
Өте жақсы | А | 95-100 | 4 |
А- | 90-94 | 3,67 | |
Жақсы | В+ | 85-89 | 3,33 |
В | 80-84 | 3,0 | |
В- | 75-79 | 2,67 | |
Қанағаттанарлық | С+ | 70-74 | 2,33 |
С | 65-69 | 2,0 | |
С- | 60-64 | 1,67 | |
D+ | 55-59 | 1,33 | |
D | 50-54 | 1,0 | |
Қанағаттанарлық емес | F | 0-49 | 0 |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 |


