«Порядок и право» №43 (5октября 2014г.

Мемлекеттік - құқықтық пәндерді оқытудың кейбір мәселелері

2014 жылдың 23 қазанында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты аясында «Мемлекеттік-құқықтық пәндерді оқытудың кейбір мәселелері» атты дөңгелек үстөл өткізді.

Дөңгелек үстөл жұмысына педагогика және құқық саласының жетекші мамандары қатысты: з.ғ.к., доцент , құқық магистрі , Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының аға оқытушысы , ҚР ІІМ Қостанай академиясы біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының бастығы, п.ғ.к., полиция полковнигі , ҚР ІІМ Қостанай академиясы заң институтының бастығы, з.ғ.к., полиция подполковнигі , Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының магистранттары, ҚР ІІМ Қостанай академиясының магистранттары. Дөңгелек үстөлдің жұмысына, сонымен қатар ҚР ІІМ Қостанай академиясы сырттай оқыту факультеті қызметкерлері мен Академияның біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлері белсене қатысты.

Дөңгелек үстөлдің барысында оқу үрдісіне қазіргі замануи оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін енгізу сияқты мәселелер бойынша әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстөл барысында қатысушыларға ой салатындай «Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» негізгі ережелерін оқу үрдісінде, сонымен қатар тәжірибелік бағытта қолдану жөнінен әңгіме көтерілді.

Дөңгелек үстөлдің қорытындысы бойынша ұсыныстар енгізілді және қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Р.Бекмағамбетов

ҚР ІІМ Қостанай академиясы,

МҚП кафедрасының бастығы

полиция полковнигі