Білім басқармасының

2014 жылғы «____»________

№ ____ бұйрығына

1 қосымша

8-10 сынып оқушыларына арналған «Туған өлке»

атты облыстық білім беру байқауының

Е Р Е Ж Е С І

І. Кіріспе

Байқауға қатысушылар өз өлкесін біліп қана қоймай, біріккен білім беру қорлары мен туристік бағыттар құру, өз жұмыстарын ұсыну және қорғау мүмкіндігіне ие болады.

II. Байқаудың мақсаты:

Байқау өз өлкесін, өз Отанын зерттеуге бағытталған азаматтық және патриоттық тәрбие жүйелерін дамытуға мүмкіндік тудыратын қызметті қолдау мақсатында өткізіліп отыр. Байқау оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен интерактивті тақтаны белсенді қолдану бойынша түйінді білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

III. Байқаудың негізгі міндеттері:

· туған өлке тарихын зерделеу;

· оқушылардың туған өлкесіне деген қызығушылықтарын арттыру, өз халқының мәдени, тарихи салт-дәстүрін дамыту және сақтауды қамтамасыз ету;

· оқушылардың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивтік құрылғылардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану іскерлігін дамыту.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

IV. Байқауды ұйымдастырушылар:

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы.

Байқау құжаттарының тізбесі, қатысушылардың саны және өткізілу уақыты облыстық білім басқармасымен бекітіледі.

V. Байқауға қатысушылар:

Байқауға команда болып қатысу қаралған. Байқауға Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары команда құрып қатыса алады. Команда құрамы 3 оқушыдан құралады. Байқауға бір білім беру мекемесінен 3 оқушыдан тұратын тек бір команда ғана қатыса алады. Команда барлық байқауға қатысуға міндетті. Команданы байқауға жеткізу және оның өткізілуі кезінде оқушылардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктелетін команда жетекшісі басқарады. Өткен жылдардағы байқаулардың жеңімпаз командалары байқауға қатыстырылмайды.

VI. Байқаудың мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі – 2014 жылғы 21-25 сәуір

Байқау туралы хабарлау, командалар құру. Командалар «шығармашылық ұжым» қағидасы бойынша қалыптасады.

Өтініштер қабылдау, командаларды тіркеу. Байқауға қатысу туралы өтінішті 2014 жылдың 25 сәуіріне дейін факсына және *****@***ru электрондық адресіне «Туған өлке» атауымен жолдау қажет.

Іріктеу кезеңі – 2014 жылғы 28 сәуір - 13 мамыр

Ережені, жұмыс нәтижелерін рәсімдеу және ұсынуға қойылатын талаптарды, іріктеу турының жұмыстарын жоспарлау және орындау бойынша ұсынымдарды түсіндіру.

Байқауға қатысушылардың іріктеу турының нәтижелерін зерделеу.

Осы кезеңнің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге өтетін командалар анықталады.

Іріктеу кезеңінің тапсырмалары:

Zooburst-та «Сүйемін сені, туған өлкем!» атты кітап жасау.

Кітапты жасау шарттары:

· http://en. /read/caa4a1b711 сілтемесі арқылы кіріп, кітап жасау бойынша нұсқаулықты оқыңыз;

· http://www. сайтына тіркеліңіз. Кітап жасап болғаннан кейін сіздің кітабыңызға сілтеме шығады, осы сілтемені сіздің жұмыстарыңызды бағалап, үздіктерін облыстық кезеңге іріктейтін ұйымдастыру комитетіне жолдайсыз;

· Кітап сіздің туған өлкеңіз туралы фотосуреттен және мәтіндік ақпараттан тұрады. Ол табиғат, сіздің өлкеңіздің бір ерекшеліктері, сізге ерекше, әрі қызықты болып көрінетін барлық дүниелер болуы мүмкін. Сіздің өлкеңіз, оның көрікті жерлері, сіздің оны не үшін жақсы көретініңіз туралы қысқаша әңгіме;

· Кітап жасалып болғаннан кейін сілтеме 2014 жылдың 13 мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне жолдануы тиіс.

Іріктеу турының нәтижелері 2014 жылдың 15 мамырында www. сайтына орналастырылады, сондай-ақ ұйымдастыру комитетімен команда жетекшілеріне жеткізіледі.

Облыстық кезең2014 жылғы 21 мамыр

Облыстық кезеңнің шарттары:

· 21 мамыр күні сағат 1000-де командалар арасында жеребе таңдау өткізіледі;

· Таңдау нәтижесінде әр командаға тапсырма ретінде Орал қаласының бір көшесінен тиеді, олар осы көшелермен жұмыс жасауды бастайды. Көше атауы жұмбақ түрінде беріледі, әрбір командаға ол қай көше екенін табу қажет;

· Содан кейін барлық командаға ноутбукқа олардың қозғалу маршрутының сызбасы жүктеледі.

    Сызбада жеребе таңдау барысында командалармен шешілген көшенің атауы көрсетіледі. Осы көшенің негізгі нысандарының бірі үзінді түрінде беріледі (барлық фотосурет болмайды), бұның не нысан екенін анықтау қажет (ол ғимарат немесе ескерткіш болуы мүмкін). Көмекші сөзді қолдануға болады. Нысанды анықтағаннан кейін шыққан терезеде оның қазіргі атауын теру қажет, сонан соң келесі тапсырма жасырынған жасырын жердің фотосуреті пайда болады. Жасырын жерден табылған сұраққа жауап беріп, тағы бір нысан орналасатын келесі көшені анықтау қажет. Нысан тағы да фотосурет үзіндісі түрінде көрсетіледі. Қосымша көмекші сөзді қолдануға болады. Шыққан терезеде нысанның қазіргі атауын жаза отырып, командалар келесі жасырын жердің фотосуретін табады. Осы жасырын жерде тапсырма ретінде Батыс Қазақстан облысынан шыққан атақты адамдардың өмірбаяндары болады (тарихи немесе заманауи). Өмірбаяны бойынша тұлғаны табу қажет. Маршрут соңында әр командада екі тарихи табылған нысан және табылған тұлға шығады; Шешілген тарихи және сәулет ғимараттары мен ескерткіштерді зерттеу және олардың ерекшеліктерін анықтау, ғимараттардың бұрынғы және бүгінгі күнгі функционалдық мәнін салыстырмалы түрде көрсету қажет; Зерттеу нәтижесі бойынша ізденіс барысында жиналған материалдар негізінде Power Point бағдарламасында презентациялық жоба немесе бейне-ролик (таңдау бойынша) жасау қажет, атақты адамдардың өмірбаяны бойынша тапсырмаға сәйкес өмірбаянды оқып шығып, дұрыс жауабын беру (ауызша); Жұмысты қорғауға 8-10 минут уақыт беріледі; Жұмыстарды қорғау 21 мамыр күні сағат 1600-де С. Есқалиев көшесі, 72 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

VII. Байқаудың қазылар алқасы

Қазылар алқасы:

ü орындалған жұмыстардың мазмұнын бағалайды;

ü қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келіспеушіліктерді шешеді және талқылайды;

ü байқаудың жүлделі орындары мен жеңімпаздарын анықтайды;

ü байқауға қатысушылармен бірге орындалған тапсырмалардың талдауын жүргізеді;

ü байқаудың қорытындысы туралы есеп ұсынады.

VIII. Байқауға қатысушыларды марапаттау.

Байқауда 3 жүлделі орын мен номинациялар қарастырылған. Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

IX. Байқауды қаржыландыру.

Іссапар шығындары іссапарға жіберуші мекеменің есебінен төленеді.

Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге кететін шығындар облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен төленеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Орал қаласы, С. Есқалиев көшесі, 72.

Байланыс телефоны:

e-mail: *****@***ru (ұйымдастыру комитеті үшін)

веб-сайт: www.