«Бекітілді»
АТУ-дың Ғылыми Кеңесі
« 28 » маусым 2012 ж.
« 11 » хаттама.
Алматы технологиялық университетінде
азаматтық-патриоттық білім және тәрбие
беру жұмыстарының 2012-2013 оқу жылына арналған
ЖОСПАРЫ.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Алматы технологиялық университетінің тәрбие беру қызметінің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдары мен АТУ-дың нормативті құжаттарына сәйкес, студенттерді азаматтық патриотизмге, кәсіби даярлығына жауапкершілікке, еңбек сүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандығын сыйлауға, шығармашылық әлеуетін шыңдауға баули отырып, рухани дамыған, заманауй өмір талаптарына бейімделген, еңбек нарығындағы бәсекелестікке қабілетті маман қалыптастыру болып табылады.
№ | Өткізілетін шаралардың мазмұны | Аяқталу нысаны | Жауапты құрылымдар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1.Ұйымдастыру жұмыстары
| ||||
1 | ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын орындаудың шаралары | БжҒМ-не ақпарат, әр бөлімнің хабарламасы | Ректорат, деканаттар, құрылымдық бөлімдер | Оқу жылы ішінде |
2 | Университеттегі тәрбие жұмыстарын « ж. ж. арналған Стратегиялық Жоспарға» сәйкес жүргізу. | Жоспарлар, барлық шаралар | Факультеттер, құрылымдық бөлімдер | Оқу жылы бойына |
3 | 1-курс студенттерін АТУ-дың «Ішкі тәртіп Ережелерімен», «Студенттің ар-намыс, мінез-құлық Кодексімен» таныстыру мақсатында жиналыстар өткізу | Хаттамалар | Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, деканаттар | Қыркүйек |
4 | Кафедралар бойынша эдвайзер-кураторлардың жаңа құрамын іріктеу | Хаттамалар | Кафедра меңгерушілері | Қыркүйек |
5 | Оқу топтарына эдвайзер-кураторлар бекіту, олардың есептерін тыңдап отыру | Хаттамалар | Кафедралар, деканаттар | Қыркүйек және жыл бойы |
6 | Оқу ғимараттарындағы кафедралардың кезекшілігін бақылау | Хабарлама | Ректорат | Үнемі |
7 | «Технолог» газетіндегі айдарлы мақалалардың тәрбиелік мазмұнын жақсарту | «Технолог» газеті | Декандардың орынбасарлары, Редакция алқасы | Оқу жылы ішінде |
8 | Тәрбие және оқудан тыс жұмыстардың сапа менеджменті жүйесіне сәйкес болуын қамтамасыз ету | Хабарлама | Құрылымдық бөлімдер басшылары | Үнемі |
2.Университеттің 55 жылдығына арналған шаралар
| ||||
9 | Университеттің 55-жылдығына арналған ғылыми конференция | Конференция материалдары | Ректорат | Қазан-қараша |
10 | Жаңа ғимараттың салтанатты ашылуы | Салтанатты жиын | Ректорат | Қараша |
11 | «ЖасSTAR» жас дизайнерлер байқауы | Байқау қорытындысы | ЖӨжД факультеті | Сәуір |
12 | Минифутболдан ректордың Кубогі үшін ЖОО арасындағы біріншілік | Жеңімпаздарды марапаттау | Жастар кеңесі, Дене тәрбиесі кафедрасы | Қазан-қараша |
13 | Оқу топтарында «АТУ-ға 55 жыл» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізу | Хаттамалар | Топ жетекшілері | Қыркүйек-қазан |
14 | «АТУ-55 жыл» тақырыбында қабырға газеттерінің конкурсы | Топ аралық сайыс | Топ жетекшілері, Жастар Кеңесі | Қыркүйек-қазан |
15 | «Университетке 55- жыл» атты кітап көрмесін ұйымдастыру | Көрмелер | Кітапхана ұжымы | Қыркүйек-желтоқсан |
16 | «АТУ-ға 55 жыл» атты стенд ұйымдастыру | Стендтер | Ректорат, факультеттер | Қазан айына дейін |
3. Азаматтық-патриоттық тәрбие
| ||||
17 | Жастарды Отанды сүюге тәрбиелеу, «Ұлтаралық келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі» шарасы | БжҒМ-не ақпарат, шаралар, байқаулар | Ректорат, құрылымдық бөлімдер | Жыл бойы |
18 | «Ел Басы-ұлт көшбасшысы» жастар жобасы | Форум | Жастар Кеңесі | Желтоқсан |
19 | «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» акциялары арқылы студенттерді адамгершілікке, ұлттық дәстүрлерді сақтауға баулу | Жылдық есептер | Ректорат, факультеттер,құрылымдық бөлімдер | Жыл бойы |
20 | «Менің елім-Қазақстан», «менің Туым», «менің Әнұраным» акциялары. Рәміздер күнін салтанатты жағдайда атап өту | Байқау, жиын. БжҒМ-не ақпарат. | Деканаттар, эдвайзер-кураторлар | Факультеттердің жоспары бойынша. 4- маусым. |
21 | Студенттер арасында “Патриоттық әндер” байқауын өткізу | Марапаттау | Декандардың орынбасарлары, жастар Кеңесі | Ақпан |
22 | Шет елдік студенттерді АТУ-дың білім жүйесі мен дәстүрлеріне бейімдеп, тәрбиелеу | Хабарлама | Факультет, кафедралар, жастар Кеңесі | Үнемі |
23 | Соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қамқорлық көрсету | Алмалы, Әуезов әкімдіктеріне ақпарат | Әкімшілік, Жастар Кеңесі | Сәуір-мамыр |
24 | «Қазақ елінің ғұламалары» стендін жасақтау | Стенд | ӘГП кафедрасы | Қыркүйекке дейін |
25 | «Қарттарым-қазынам» акциясы | АТУ ардагарлері-мен кездесу | Жастар Кеңесі | Қазан-қараша |
4.Рухани-адамгершілік тәрбие
| ||||
26 | Рухани-адамгершілік тақырыбында пікір-сайыстар ұйымдастыру | БжҒМ-не ақпарат, хаттамалар | Факультеттер, жастар Кеңесі | Оқу жылы барысында |
27 | Басқа ұлт өкілдері арасында «Қазақ тілі-менің тілім» байқауын өткізу | Ақпарат | Мемлекеттік және шеттілдер кафедрасы | Жоспар бойынша |
28 | «Үздік академиялық топ», «Үздік бөлме» «Белсенді студент»байқауларын ұйымдастыру | Өкім, марапаттау | Факультеттер, жастар Кеңесі | Ақпан |
29 | Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесу | БжҒМ-не, әкімдіктерге ақпарат | Жастар Кеңесі | Келісім бойынша |
30 | Жарнамалар мен көрнекті үгіт құралдарының «Тілдер туралы»Заңға сәйкес болуын қамтамасыз ету | Хаттамалар | Қазақ тілі қоғамы, тілдер кафедрасы, жастар Кеңесі | Оқу жылы ішінде |
31 | Деканаттар мен кафедралар деңгейінде қазақ тілінің оқу процесінде қолдану дәрежесін тексеру | Хабарлама | Ректорат, қазақ тілі қоғамымен бірге | Қаңтар |
32 | «Қазақфильм» студиясы туындыларын студенттер арасында көрсету | Көрсетілімдер | Жастар Кеңесі | Ай сайын |
5. Құқықтық тәрбие | ||||
33 | Жастарға құқықтық тәрбие беруді күшейту және маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы күрестің пәрменділігін арттыру шаралары | Жоспарлар | Фаультеттер, құрылымдық бөлімдер басшылары | Үнемі |
34 | Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру | БжҒМ-не, әкімдіктерге ақпарат. | Ректорат, деканаттар | Жоспар бойынша |
35 | Тәрбие берудегі оқытушылырдың ролін арттыру, олардың есептерін тыңдап отыру | Хаттамалар | Кафедралар | Жүйелі түрде |
36 | Университетте еңбек және оқу тәртібін қатаң сақталуын қамтамасыз ету | Нұсқаулар, өкімдер | Ректорат, персоналды басқару бөлімі, | Ұжымдық шартқа сәйкес |
6. Салауатты өмір салты, еңбек тәрбиесі | ||||
37 | Оқу ғимараттары мен жатақханаларда санитарлық гигиеналық талаптардың орындалуына жетісу | Хабарлама | Құрылымдық бөлімдер | Жыл бойы |
38 | Студенттер арасында өндірістік тәжірибенің маңызы туралы әңгімелер өткізу | Хаттамалар | Факультет басшылары, эдвайзер-кураторлар | Оқу жылы ішінде |
39 | Алматы қаласындағы салалық кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру | Фотоальбом | Кафедралар, эдвайзер-кураторлар | Келісім шарт негізінде |
40 | «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру | Ауылға жолдама | Факультет, кафедралар | Үнемі |
41 | Әрбір факультетте «Студенттік құрылыс отрядтары» мен « Жасыл ел» топтарын құру | Отрядтар мен топтардың құрамы | Деканаттар | Ақпан, наурыз |
42 | Студенттер арасында «Табиғатты қорғау» акциясын өткізу | Акциялар, хабарлама | Факультеттер, жастар комитеті | Аудан, қала әкімшілігінің жоспарына сай |
43 | Салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты қабырға газеттері мен стендтер ұйымдастыру | Газеттер, стендтер | Жастар Кеңесі, жатақхана студенттер кеңесі | Жыл бойы |
44 | Наркология және «СПИД» орталықтары мамандарымен кездесулер ұйымдастыру | Хабарлама | Наркоорталық дәрігерлері | Орталықтар жоспары бойынша |
45 | 1-2 курс студенттері арасында есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдалану деңгейін анықтау үшін тестілер өткізу | Хабарлама | Наркоорталық дәрігерлері | Орталықтар жоспары бойынша |
46 | Студенттер арасында факультет аралық жарыстар ұйымдастыру | Жеңімпаздарды марапаттау | Кафедра, жастар Кеңесі, кәсіподақтар | Календарлық жоспарға сай |
47 | Спорт түрлерінен «Оқытушылардың 2-ші спартакиадасы» | Хабарлама | Кафедра, кәсіподақ ұйымы | Жыл бойы |
48 | Салауатты өмір салты тақырыбында лекциялар оқу, кездесулер ұйымдастыру | Хаттамалар | Декандардың орынбасарлары | Кафедралар жоспарына сай |
49 | Университет, аудан және қала әкімшілігі белгілеген «тазалық сенбіліктеріне» қатысу | Әкімдіктерге ақпарат | Құрылымдық бөлімдер | Жыл бойы |
50 | «Білім және мансап», «Жұмыс орындары жәрменкелері» көрмелеріне қатысу | Хабарлама | Кафедралар | Жоспарға сай |
7. Әлеуметтік-психологиялық қолдау | ||||
51 | Студенттердің мақсатты топтарын анықтап, әлеуметтік көмек көрсету | БжҒМ-не, әкімдіктерге хабарламалар | Ректорат, факультеттер, кәсіподақтар | Үнемі |
52 | Оралман-студенттерді АТУ өмірі мен дәстүрлеріне бейімдеу | Әңгіме, хабарлама | Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор | Жыл бойы |
53 | Оралмандармен жұмыс істеудің ерекшелігі туралы эдвайзер, тьюторлармен әңгіме өткізу | Хаттамалар | Факультет басшылары | Қыркүйек |
54 | Диспансерлік есепте тұратындарды анықтап, көмек көрсету | Көмек | Дәрігерлік пункт, кәсіподақ комитеті | Қыркүйек-қазан |
55 | Студенттер мен қызметкерлердің дәрігерлік қаралудан өтуін қадағалау | Дәрігерлік анықтама | Дәрігерлік пункт, кәсіподақ комитеті | Денсаулық деп. жоспарымен |
56 | Туберкулез және басқа да әлеуметтік ауруларға қарсы күрестің пәрменділігін арттыру | Түрлі шаралар | Факультеттер, студенттік емханамен бірге | Оқу жылы ішінде |
57 | Университет намысын қорғап жүрген спортшы-студенттерге моральды- материалдық қолдау көрсету | Көмек | Кафедра, кәсіподақ ұйымы | Үнемі |
8.Мәдени-эстетикалық тәрбие | ||||
58 | Мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру | Хаттамалар, фото-альбомдар | Факультеттер, Жастар Кеңесі, кәсіподақ комитеті | Әкімдіктердің келісімімен |
59 | Даталы күндерге байланысты кештер, диспуттар, кездесулер өткізу, кітап көрмелерін ұйымдастыру | Хаттама, көрмелер | Кітапхана ұжымы, кураторлар | Жоспарға сай |
60 | Мәдениет жылына арналған «Күн мен Ай» байқауын ұйымдастыру | Әкімдіктерге ақпарат, «Технолог» газетіне мақала | Факультеттер, Жастар Кеңесі, кәсіподақ комитеті | Наурыз |
61 | Көркемөнерпаздар үйірмелері мүшелері мен жастар комитетінің белсенділерін материалдық ынталандыру | Ынталандыру шаралары | Ректорат, кәсіподақ ұйымы | Жыл бойы |
62 | «Халықтар достығы» мерекесін өткізу | Газетке мақала | Деканат, кафедра, жастар комитеті | Желтоқсан |
63 | “Біз таланттарды іздейміз” байқауын өткізу | Өнерпаздар тізімі | Жастар Кеңесі | Қыркүйек |
64 | «Тәуелсіз елдің ұландары» факультет аралық КТК(КВН) сайысын өткізу | «Технолог» газетіне мақала | Факультеттер, Жастар Кеңесі | Қараша |
65 | Алматы қаласы мен облысының тарихи және мәдени орталықтарына саяхаттар жасау | Ақпарат | Факультеттер, кафедралар, жастар Кеңесі | Факультет жоспарына сай |
9.Кәсіптік бағдар беру жұмыстары | ||||
66 | «Мамандығым-мақтанышым!» акциясы аясында байқау, конкурстар өткізу | Жеңімпаздарды марапаттау | Факультеттер, кафедралар | Жоспарға сәйкес |
67 | Тамақ және жеңілөнеркәсіп қызметкерлері күндерін салтанатпен атап өту | Хабарлама, мақалалар | Декандар, кафедра меңгерушілері | Факультет жоспарлары бойынша |
68 | Қала аудандары мен облыстар мектептерін факультеттерге бекіту | Бұйрық, кесте | Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, декандар | Қазан - қараша |
69 | Мектеп түлектері үшін «АТУ шақырады» ашық есік күндерін өткізу | Хабарлама | Факультеттер, қабылдау комиссиясы | Әр аптаның сенбі күндері |
70 | Оқытушылардың мектептерде болу кестесін бекіту | Өкім, кесте | Декандар, кафедра меңгерушілері | Қазан |
71 | Жарнамалық өнімдер мен құжаттардың сапасын арттыру | Сапалы өнімдер | Факультеттер, қабылдау комиссиясы | Жыл бойы |
72 | Жарнама көшбасшыларын іріктеп, дайындау | Жаңа құрам | қабылдау комиссиясы | Қазан айына дейін |
73 | Республиканың облыстарына үгіт топтарын жіберу | Іссапар | Декандар | Жыл бойы |
10.Жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес шаралары | ||||
74 | Жемқорлық пен парақорлық тақырыптарында заң органдары өкілдерімен кездесулер өткізу | Хабарламалар | Факультеттер басшылығы | Факультет жоспарына сәйкес |
75 | Студенттер арасында ҚР-ның «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен жемқорлыққа қарсы күрестің Мемлекеттік бағдарламасын насихаттау және түсіндіру | БжҒМ-не, әкімдіктерге хабарламалар | Факультеттер басшылығы | Факультет жоспарына сәйкес |
76 | Жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күресте «Нұр Отан» ХДП-ның бағдарламасын басшылыққа алу | «Нұр Отан» ХДП-мен бірдескен шаралар | Ректорат, факультеттер басшылығы | Оқу жылы ішінде |
77 | «Сенім телефондары» мен «Ректор поштасының» жұмысын қадағалау | Талдаулар | Персоналды басқару бөлімі | Үнемі |
78 | «Оқытушы-студенттің көзімен» сауалнамасын жүргізу | Қорытынды анықтама | Жастар Кеңесі | 2-рет |
79 | «Әділ сессия»операциясы | Анықтама | Жастар Кеңесі | 2-рет |
80 | «Жемқорлық пен парақорлыққа жол жоқ» тақырыбына кураторлық сағаттар өткізу | Кураторлық сағаттар, хаттамалар | Кафедралар, Эдвайзер-кураторлар | Кураторлық жоспарға сәйкес |
81 | Түлектердің университет басшылығымен кездесулерін ұйымдастыру | Ректор, проректорлардың түлектерді қабылдауы | Әкімшілік, ректорат | Мамыр-маусым |
82 | Жемқорлық пен парақорлық фактілерінің «Технолог» газеті арқылы жариялылығын арттыру | Газетке мақалалар | Ректорат | Үнемі |
11.Діни экстремизмге қарсы күрес шаралары
| ||||
83 | Дін жолына түскен студенттерді дербес зерттеу | Тізім | Декандардың орынбасарлары | Қыркүйек |
84 | Ұлттық қауіпсіздік және прокуратура қызметкерлерінің тақырыптық лекциялар циклын ұйымдастыру | БжҒМ-не, әкімдіктерге ақпарат | Факультеттер, кафедралар | Тиісті органдардың жоспарына сай |
85 | Діни, экстремистік идеяларды насихаттаушыларға қарсы күресті күшейту | Теологтарменкездесулер | Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор | Қалалық юстиция жоспарына сәйкес |
86 | «Тәуелсіз Қазақстандағы дінге көзқарас» тақырыбына лекциялар циклы | Жергілікті басқару органдарына ақпарат | Факультеттер, «Орталық» мешіттің наиб-имамдары | Жыл бойы, келісім шарт негізінде |
87 | Кітапханалар мен оқу залдарын діни-ағартушылық бағыттағы әдебиеттермен толықтыру | Әдебиеттер тізімі | Кітапхана меңгерушісі | Үнемі |
88 | Діни ұстанымдағы студенттерді қоғамдық-көпшілік, мәдени-спорттық шараларға тарту | Түрлі шаралар | Факультеттер басшылығы | Жыл бойы |
89 | «Дін және қоғам» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізу | Хаттамалар | Эдвайзер-кураторлар | Жоспарға сәйкес |
12. Өзін-өзі басқаруды дамыту
| ||||
90 | Жастар Кеңесі мен факультеттердегі жастар комитеттерінің жаңа құрамдарын бекіту | Жаңа құрамдар | Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, декандар | Қыркүйек |
91 | Пікір сайыс клубтарының жұмысын жандандыру | Хаттамалар | Жастар Кеңесі, факультеттер | Жыл бойы |
92 | Оқу ғимараттары мен жатақханаларда тәртіпті қамтамасыз ету, шылым шегуге қарсы күрес | Тазалық пен тәртіп | Жастар Кеңесі, факультеттер | Оқу жылы ішінде |
93 | Университет басшылығының белсенді студенттермен кездесуін ұйымдастыру | Хаттама, шешімдер | Ректорат, Жастар Кеңесі | Ректораттың жоспарына сәйкес |
94 | Университеттің үздік түлектері мен белсенділерін Мемлекеттік рәміздер жанында суретке түсіріп, марапаттау | БжҒМ-не, әкімдіктерге ақпарат. Алғыс хаттар | Жастар Кеңесі | 4- маусым |
95 | Студенттер арасында университет пен жатақханалар мүлкін сақтауға, электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеуге бағыталған шаралар өткізу | Оқу ғимараттары мен жатақханалардағы шаралар | Факультеттер, Жастар Кеңесі | Үнемі |
96 | “Тәртіпті қамтамасыз ету студенттік отрядының” (СТОП) жұмысын күшейту | Хабарлама | Жастар Кеңесі | Жыл бойы |
97 | Қалалық, аудандық және қоғамдық жастар ұйымдарымен корпоративті байланысты күшейту | Бірлескен шаралар | Жастар Кеңесі | Оқу жылы ішінде |
13.Жатақханалардағы тәрбие жұмыстары
| ||||
98 | Жатақханалардағы студенттік Кеңестердің құрамын жаңарту | Хаттамалар | Жастар Кеңесі | Қыркүйек-қазан |
99 | Деканаттар және жастар Кеңесінің ұсыныстарымен студенттерді жатақханаларға орналастыру | Тұрғындар-дың тізімі | Декандар, кәсіподақ комитеті | Қыркүйек |
100 | Студенттерді жатақханада тұру және ішкі тәртіп Ережелерімен таныстыру | Хаттамалар | Декандардың орынбасарлары | Қыркүйек |
101 | Жатақханалар мен оқу ғимараттарының қысқы маусымға әзірлігін тексеру | Ақпарат | Кәсіподақ ұйымы, комиссия | Қазан-қараша |
102 | Жатақханаларда факультеттер кезекшілігін ұйымдастырып, кафедра күндерін өткізу | Өкімдер, хабарлама | Факультеттер, кафедралар | Жоспарға сай |
103 | Саяси, мәдени, ғылыми және көпшілік клубтар ұйымдастыру, әдеби-көркем үйірмелер ашу | Клубтар мүшелерінің құрамы | Студенттік және Жастар Кеңестері | Жыл бойы |
104 | Жатақханаларда «АТУ-ға 55 жыл» атты стендтер ұйымдастыру | Алмалы, Әуезов әкімдіктеріне ақпарат | Факультеттер, шаруашылық жөніндегі проректор | Қазан-қараша |
105 | «Жатақхана-өз үйің» акциясы бойынша бөлмелерді жеңіл жөндеуден өткізу | Жөндеу жұмыстары | Коменданттар, тұрғындар | Маусым |
106 | Жатақхана тұрғындарын уақытша тіркеуге алу, есептен шығаруды жолға қою | Нақты есеп | Коменданттар, студенттік Кеңестер | Оқу жылы ішінде |
107 | Жатақханалардың санитарлық-гигиеналық жағдайына рейдтер жүргізу | Хаттама, хабарламалар | Жастар Кеңесі | Жыл бойы |
Университет көлемінде өткізілетін дәстүрлі мәдени-көпшілік шаралардың күнтізбесі
| ||||
№ р/с | Шаралар мазмұны | Мерзімі | Орындаушылар | |
1 | «Тәуелсіз елдің Ата Заңы»- Конституция күні | 30-тамыз | Факультеттер, Жастар кеңесі, кәсіподақтар | |
2 | Білім күні | 1 қыркүйек | Жастар кеңесі, қабылдау комиссиясы, көркемдік жетекші | |
3 | «Кел! Танысайық» атты корпоративті кештер | Қыркүйек | Факультеттер, Жастар кеңесі, кәсіподақтар | |
4 | Халықаралық тілдер мерекесі | Қыркүйек | Тілдер кафедрасы | |
5 | Алматы қаласы күні, мұғалімдер күні, | Қазан | Жастар кеңесі | |
6 | Студент қатарына қабылдау | Қазан | Ректорат | |
7 | Халықаралық студенттер күні | Қараша | Жастар кеңесі, факультеттер, кәсіподақ ұйымы | |
8 | Қаржыгерлер күні | Қараша | Экономика және бизнес факультеті | |
9 | Халықтар достығы мерекесі | Желтоқсан | Кафедралар жоспарына сай | |
10 | Тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің күні | Желтоқсан | Тамақ өнеркәсібі факультеті | |
11 | Тәуелсіздік күні | 16 желтоқсан | Ректорат, факультеттер, жастар кеңесі, көркемдік жетекші | |
12 | Жаңа жылды қарсы алу | 30 желтоқсан | Ректорат, факультеттер, жастар кеңесі, көркемдік жетекші | |
13 | «Жігіттің сұлтаны» байқауы | Ақпан | Жастар кеңесі, декандардың орынбасарлары | |
14 | «Мен-АТУ-дың патриотымын» байқауы | наурыз | ИжАТ факультеті | |
15 | Халықаралық әйелдер күні | 8 наурыз | Жастар кеңесі, кәсіподақ ұйымы | |
16 | «Күн мен ай » байқауы | Наурыз | Жастар кеңесі | |
17 | Наурыз мейрамы | 22 наурыз | Ректорат, факультеттер, көркемдік жетекші | |
18 | «Қазақтың салт-дәстүрлері» мерекесі | Сәуір | ЖӨжД факультеті | |
19 | «АТУ-дың аруы» байқауы | Жоспарға сай | Жастар кеңесі, факультеттер | |
20 | Қазақстан халқының бірлігі күні | 1 мамыр | Жастар кеңесі, факультеттер | |
21 | Жеңіс күні | 9 мамыр | Ректорат, жастар кеңесі | |
22 | «Қозы мен Баян» мерекесі | Мамыр | Жастар кеңесі, тілдер кафедрасы, кәсіподақ ұйымы | |
23 | КТК (КВН) іріктеу және ақтық ойындары | Жоспарға сай | Жастар кеңесі, көркемдік жетекші | |
24 | Мемлекеттік рәміздер күні | 4 маусым | Ректорат, жастар кеңесі | |
Келісілді: Бірінші проректор . |
Тәрбие жұмысы жөніндегіпроректор Қ.С. Батхолдин. |


