ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

МИНИСТРЛІГІ

БҰЙРЫҚ

МИНИСТЕРСТВО

ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ПРИКАЗ

Астана қаласы город Астана

______________№_________________

Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары

туралы ай сайынғы ақпаратының нысандарын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-3-бабы 1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратының нысандары:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қызметін, ұялы байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен кіріс телефон трафигін өткізу бойынша қызметін, тіркелген телефон байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен кіріс телефон трафигін өткізу бойынша қызмет көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін (ұялы байланыс опереторлары үшін);

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті телефон байланысы қызметін, жергілікті телефон байланыс абоненттерін ұялы байланыс абоненттерімен қосуды ұсыну бойынша қызметін, жергілікті телефон байланысы арқылы қалааралық (аймақ ішіндегі) телефон байланысын ұсыну бойынша қызметін, жергілікті телефон байланысы арқылы халықаралық телефон байланысын ұсыну бойынша қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалааралық және халықаралық деңгейлердегі байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу бойынша қызметін, жергілікті, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосылған, тіркелген байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен кіріс қалааралық, халықаралық телефон трафигін өткізу бойынша қызметін, жергілікті және (немесе) қалааралық деңгейлерде (транзит) қосылған, байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен (не) қалааралық, халықаралық және ұялы телефон трафигін телекоммуникация желісі арқылы (реттелетін нарық субъектісі) өткізу қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы тұтынушылар үшін Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы Интернет желісіне қол жеткізу (байланыс операторлары үшін) қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мерзімді баспа басылымдарды жеткізу, тарату және тасымалдау бойынша қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс хаттарын жеткізу бойынша қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей желіні (желіні) және тікелей парды (желіні) жалға беруді ұсыну бойынша қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлау құралдарды пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телеграфтық байланыс қызметін көрсететін (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар) реттелетін нарық субъектілері үшін;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша антенна-діңгек құрылыстарда орындарды жалға беруді ұсыну бойынша қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телерадиолық хабар тарату спутниктік байланыс арқылы телевизиялық және дыбыстық бағдарламаларды тарату бойынша қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқ арқылы радио тарату қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан телерадиокомпанияларымен жасалған шарттарға сәйкес кәбілдік теледидар желісі бойынша телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәбілдік теледидар желісі бойынша телевизиялық бағдарламаларды (телебағдарламаларды) тарату қызметін көрсететін реттелетін нарық субъектілері үшін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р. Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің назарына жеткізуiн қамтамасыз етсiн.

3. «Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 000 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 5 қазанда № 000 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 мамырда № 000-193 жарияланған).

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жұмағалиев

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің төрағасы

___________ Ә. Смайылов

2012 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы «___» _________

№ ___ бұйрығына

1-қосымша

Нысан

Ұялы байланыс қызметін көрсететін, реттелетін нарық субъектілері үшін өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпарат

20__ жылғы _________

(айы)

Реттелетін нарық субъектінің атауы: ________________________________________________

Мекенжайы: _____________________________

Телефоны:___________, факсы: ___________, эл. поштаның адресі: __________________

№ т/р

Қызметтердің атауы

Өндірілетін (өткізілетін)

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) көлемдері

Өндірілетін (өткізілетін)

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босату бағалары, теңгемен (ҚҚС-сыз) *

Өндірілетін (өткізілетін)

тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) табыстылық деңгейі, %

Өлшем бірлігі

Заттай

мәнінде

Құндық мәнінде, теңгемен

(ҚҚС-сыз)

1

2

3

4

5

6

7

1

Дауыстық байланыс қызметі

Желі ішінде

Басқа ұялы байланыс операторлар желісіне

Жергілікті (тіркелген) телефон байланысы желісіне

Халықаралық бағытта**

2

Қысқа мәтінді хабарламаларды жіберу қызметі ****

Желі ішінде

Басқа ұялы байланыс операторлар желісіне

Халықаралық бағытта**

3

Қосымша ұялы байланыс қызметтері

(абоненттің өтініші бойынша)

Бейнеқоңырау

Желі ішінде

Басқа ұялы байланыс операторлар желісіне

Халықаралық бағытта**

MMS

Интернет желісіне қол жетімділік

WAP

GPRS/

EDGE

3G

4

Барлығы:

Ескертпе:

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6