«Білім жарысы» №7 (1ж.
Оқу ордасының жеңімпаздары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының білім нәрін алып жатқан тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша Қостанай облысының құрама командасына қатысып, спорт шеберінің нормативтерін орындап, күндізгі оқыту факультетінің 3 курс тыңдаушысы Ғаппас Қасиет Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды. Жеңімпазымыз 2015 жылы Астана қаласында самбо спорт түрі бойынша өткізілетін шараға қатысады. Сонымен қатар 3 курс тыңдаушысы Аманбек Жаманқараев, 2 курс тыңдаушылары Саят Аринов және Дәурен Қусаинов қола медальмен марапатталды. Аталған жеңімпаздарды Академияның әскери және жауынгерлік даярлық кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Ержан Кабидуллинов дайындады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызылов «Қазақстан Республикасының Чемпионы атану, біз үшін үлкен қуаныш. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің беделін, болашақ жастардың спортқа деген патриоттық рухын, оқу ордасының мәртебесін көтеру, Отанымыздың өркендеуі мен гүлденуі жолындағы игі істері болашақ офицерге тән қасиет. Спорттың биік шыңдарынан көріне беріңіздер!» деп тілегін білдірді.
Естелік үшін, Академия бастығы, полиция полковнигі М.Қызылов жеңімпаздармен суретке түсті.

Баспасөз қызметі
О. Уақпаева


