Шахтинск қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 31 қаңтардағы

3/28 қаулысымен

бекітілген

«Долинка кенті әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

Шахтинск қаласы 2013 жыл

1. Жалпы ереже

1.«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты), Қазақстан Республикасының заң шығару тәртібімен белгіленген, мемлекеттік басқару және бақылау аясында басшылық ететін, кент әкімі қызметінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамсыздануын қамсыздандыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.Кент әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілерге, және де осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.Кент әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

4.Кент әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы ретінде шығуға құқы бар, егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса.

5.Кент әкімі өз құзыреті мәселесі бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте кент аумағында міндетті күші бар өкім және шешім түрінде актілер шығарады.

6.Кент әкімі аппаратының құрылтайшысы Шахтинск қаласының әкімдігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.

7.Кент әкімі аппаратының құрылымы және шекті штаттық саны әрекет ететін заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Кент әкімі аппаратының мекен-жайы: Индекс Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Долинка кенті, Садовая көшесі, 58.

9.Кент әкімі аппаратының толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима поселка Долинка».

10.Бұл Ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

11.Кент әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12.Кент әкімінің аппаратына, кент әкімі аппаратының қызметі болып табылатын мінддеттерді орындау керек болса, кәсіпкерлік субъектілерімен келісімдік қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер кент әкімінің аппаратына заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда бұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет табысына жолданады.

2. Кент әкімі аппаратының миссиясы, негізгі тапсырмалары, қызметтері, құқықтары және міндеттері

13.Кент әкімі аппаратының миссиясы: Долинка кенті аумағында Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін және жоғарыдағы атқарушы биліктің қаулыларын, сондай-ақ кентті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.

14. Кент әкімі аппаратының негізгі тапсырмалары:

1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін, конституциялық құрылымын, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау және нығайту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру;

2)Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және кентте әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару;

3)қоғамдық келісімнің және саяси тұрақтылықтың конституциялық қағидаттарын сақтауды қамсыздандыру, мемлекеттік өмірдің өзекті мәселелерін демократиялық тәсілдермен шешу;

4)заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықты ұғыну деңгейін арттыру және еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық жайғасымы бойынша шараларды жүзеге асыру;

5)кенттің кешендік әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыру мәселелері бойынша қала әкімінің аппаратымен, қалалық мәслихат аппаратымен өзара әрекеттестікте болу;

6)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да нормативті құқықтық актілермен белгіленген құзыреті шеңберінде кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

15.Кент әкімінің аппараты өз құзыреттілігінің аясында келесі қызметтерді атқарады: кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамсыздандыруды жүзеге асыру.

16.Кент әкімінің аппараты кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау қамсыздандыруды жүзеге асыра отырып:

1)кенттегі ішкі саяси және экономикалық жағдайды талдауды жүргізеді, оның дамуын болжайды, қоғамдық пікірді зерделейді, кент әкіміне сұраған мәселелер бойынша ақпарат әзірлейді;

2)ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады және кент әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;

3)Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді;

4)кент әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;

17.Кент әкімінің аппараты кент әкімінің қызметін ұйымдық-құқықтық қамсыздандыруды жүзеге асыра отырып:

1)аппарат жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлайды, оларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;

2)кент әкімі шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әзірлейді;

3)Қазақстан Республикасы заңдарының, актілердің, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімнің, қала мен облыс әкімдігінің тапсырмаларын ұйымдастырып, орындалуын қамтамасыз етеді;

4)кадр саясаты мен мемлекеттік қызметтің жағдайын, кент әкімі аппаратының қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейіне талдау жасайды;

5)лауазымға тағайындағанда және лауазымнан босатқанда материалдар ресімдейді, мемлекеттік қызметті өтумен, кадрларды іріктеп алу және орналастырумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

6)кент әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

7)кент әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді;

8)аппаратта құқықтық жалпыға міндетті оқуды ұйымдастырады;

9)кент әкімімен шығарылған актілерді тіркейді;

10)іс жүргізу ережелеріне сәйкес құжаттардың сақтылығын және қалалық мұрағатқа берілуін ұйымдастырады;

11)қызметтік құжаттарды, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен үндеулерін қарастырады;

12)азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

13)мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шаралар қабылдайды;

14)жұмыс стилін және тәсілін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды ендіру бойынша жұмыс жүргізеді;

15)кент аумағында мекемелер мен ұйымдармен өзара қарым-қатынасты қамсыздандырады және әкімнің құзіреті шеңберінде олардың қызметтерін үйлестіреді;

16)сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылдайды;

17)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамсыздандырады;

18)кент аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік бойынша іс шараларды өткізуді қамсыздандырады;

19)қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

18.Әкімнің, кент әкімінің аппараты қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық және қаржылық-шаруашылық қамсыздандыру.

19.Осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен қызметтерді іске асыру үшін кент әкімінің аппараты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға, құқық тәртібі, заңдылық және қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге құқылы.

3. Кент әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

20.Кент әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің өкілі болып табылатын әкім басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалады немесе сайланады, лауазымнан босатылады.

21.Әкім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген өз құзыреті шеңберінде кент аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.

22.Әкім кент әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады және қала әкімінің алдында оған жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға жеке жауап береді.

23.Бұл мақсаттарда ол:

1)кент әкімінің аппараты қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды;

2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кент әкімі аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады, оларды тәртіптік жазаға тартады;

3)өзінің өкілеттігі шегінде қызметтік және қаржылық құжаттарға қол қояды;

4)қала әкіміне кент әкімі аппаратының ережесін бекітуге, құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстарды ұсынады;

5)кент әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынас жасайды, келісім-шарттар жасасады;

6)аппарат шығындарының сметасын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаржылық қаражатты басқарады;

7)кент әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманының орындалуын қадағалайды;

8)ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

9)жоғары тұрған орган құжаттарының орындалысын және сақталуын қадағалау бойынша кент әкімі аппаратының жұмысын үйлестіреді;

10)азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

11)кент әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу шарты және еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес анықталады;

12)қала әкімімен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген басқа қызметтерді жүзеге асырады;

13)сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалысы үшін жеке жауап береді;

14)мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының жоқ болған уақытында, өкілеттігі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес орнын басушы тұлғамен орындалады.

4. Кент әкімі аппаратының мүлкі

24.Кент әкімінің аппараты заңнамамен қарастырылған жағдайда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.

25.Кент әкімі аппаратының мүлкі оған меншіктенушіге берілген мүлік есебінен, сонымен қатар (ақшалай табысты қосқанда) жеке меншік қызметі нәтижесінде сатып алынған және Қазақстан Республикасның Заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де негіздерден қалыптасады.

26.Кент әкімінің аппаратымен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27.Кент әкімінің аппараты өзіне жүктелген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен, егер өзге түрі заңнамамен белгіленбесе, иелік етуге құқығы жоқ.

28.Кент әкімі аппаратының қаржыландыруы, егер өзге түрі заңнамалық актілермен бекітілмесе, мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады.

29.Кент әкімінің аппараты бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есеп ұсынады.

5. Кент әкімі аппаратындағы жұмыс тәртібі

30.Кент әкімі аппаратының жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен орнатылады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының ережесіне қайшы болмауы тиіс.

6. Құрылтай құжаттарына өзгерістер

мен толықтырулар енгізу тәртібі

31.Кент әкімі аппаратының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оларды тіркеу, Қазақстан Республикасның заңнамасаына сәйкес жүргізіледі.

7. Кент әкімінің аппаратын қайта құру және жою

32.Кент әкімінің аппаратын қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Кент әкімі аппаратының бөлімшелері

мен өкілдіктері туралы мәлімет

33.Кент әкімі аппаратының бөлімшелері мен өкілдіктері жоқ.

Долинка кентінің әкімі М.-