** - барлық өтініштер негізделген болып табылмайды
Желтоқсан айында Агенттікке банк қызметі мәселелері бойынша 112 өтініш келіп түскен, оның 42-сі ҚР мемлекеттік органдарынан келіп түскен.
Төменде алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген ***.
2-кесте
№ | Қаржы ұйымының атауы | Алдыңғы есепті кезеңдерде келіп түскен және қаралуы 01.12.09 ж. дейін аяқталмаған өтініштер
| |||
Саны | Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, % | Қаралуы 2009 жылғы желтоқсан айында аяқталған, саны** | Есепті кезеңнің аяғына қаралу барысында тұрғандар, саны | ||
1 | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | 17 | 16.03 | 14 | 3 |
2 | «БТА Банк» АҚ | 16 | 15.09 | 15 | 1 |
3 | «Альянс Банк» АҚ | 13 | 12.26 | 10 | 3 |
4 | «Қазкоммерцбанк» АҚ | 12 | 11.32 | 10 | 2 |
5 | «БТА Банк» АҚ ЕҰ –«Темірбанк» АҚ | 11 | 10.38 | 10 | 1 |
6 | «АТФ Банк» АҚ | 8 | 7.55 | 8 | 0 |
7 | «Цеснабанк» АҚ | 6 | 5.66 | 6 | 0 |
8 | «Валют-Транзит Банк» АҚ(таратылатын банк) | 5 | 4.72 | 5 | 0 |
9 | «Банк ЦентрКредит» АҚ | 5 | 4.72 | 4 | 1 |
10 | «Kaspi Bank» АҚ | 3 | 2.83 | 2 | 1 |
11 | «Нұрбанк»АҚ | 2 | 1.89 | 1 | 1 |
12 | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | 2 | 1.89 | 2 | 0 |
13 | «Наурыз Банк» АҚ (таратылатын банк) | 2 | 1.89 | 2 | 0 |
14 | «Хоум Кредит Банк» АҚ («Алма-Ата» МБ» АҚ) | 2 | 1.89 | 2 | 0 |
15 | «KRAMDS BANK» АБ ААҚ (таратылған банк) | 1 | 0.94 | 1 | 0 |
16 | «Еуразиялық банк» АҚ | 1 | 0.94 | 1 | 0 |
ЖИЫНТЫҒЫ: | 106 | 100 | 93 | 13 |
**- барлық өтініштер негізделген болып табылмайды
***- алдынғы есепті кезеңдегі мәліметтер нақтыланған
Сонымен бірге, 3-кестеде екінші деңгейдегі банктердің қызметі мәселелері бойынша есепті кезеңде қаралған шағымдар мен өтініштердің, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын және/немесе банктік қызмет көрсету шарттарының талаптарын бұзушылықтарының негізділік көрсеткіштері келтірілген:
3-кесте
№ | Қаржы ұйымының атауы | Қаралуы 2009 жылғы желтоқсан айында аяқталған
| ||||
КСаны | Негізделген шағым-талаптар | Негізделгендердің жалпы санының ішіндегі негізделгендер% | ҚР заңнама және/немесе шарт талаптарын бұзушылықтары анықталған шағым-талаптар | Анықталғандардың жалпы санындағы анықталғандар % | ||
1 | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | 18 | 4 | 66.67 | 4 | 57.14 |
2 | БТА Банк» АҚ | 16 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
3 | «Қазкоммерцбанк» АҚ | 17 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
4 | «БТА Банк» АҚ ЕҰ –«Темірбанк» АҚ | 13 | 2 | 33.33 | 2 | 28.57 |
5 | «Альянс Банк» АҚ | 12 | 0 | 0.00 | 1 | 14.29 |
6 | «Валют-Транзит Банк» АҚ (таратылатын банк) | 12 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
7 | «АТФ Банк» АҚ | 10 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
8 | «Цеснабанк» АҚ | 7 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
9 | «Банк ЦентрКредит» АҚ | 6 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
10 | «Kaspi Bank» АҚ | 5 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
11 | «Наурыз Банк» АҚ (таратылатын банк) | 3 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
12 | «Еуразиялық банк» АҚ | 3 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
13 | «Хоум Кредит Банк» АҚ ( «Алма-Ата» МБ» АҚ) | 3 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
14 | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ | 2 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
15 | «KRAMDS BANK» АБ ААҚ(таратылған банк) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
16 | «Нұрбанк» АҚ | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
17 | «Орта-Азиялық ынтымақтастық және даму банкі » ЖАБ | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
18 | «Қазэнергопромбанк» ААҚ (таратылған банк) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
19 | "Казтрансбанк" АБ (таратылған банк) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
20 | «Көмірбанк» ААҚ (таратылатын банк) | 1 | 0 | 0.00 | 0 | 0.00 |
ЖИЫНТЫҒЫ: | 133 | 6 | 100 | 7 | 100 |
Халық үшін мынадай мәселелер өзекті болып қалуда:
- банктердің теңгенің есепке алу бағамының заемды беру күніндегі және заемды өтеу күніндегі шетел валютасына қатынасы ретінде есептелетін төлемдерді индекстеу коэффициентін қолдануының күшін жою бойынша жәрдем көрсету;
- банктердің ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудан бас тартуы және ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыруға берілген өтініштерді ұзақ қарауы;
заемдарды өтеудің мерзімін ұзарту, ипотекалық заемдар бойынша сыйақы ставкаларын азаю жағына қайта қарау және заемдар бойынша өсімпұлды алып тастау арқылы заемдарды қайта құрылымдау;
- кепілдікке қойылған мүлікті соттан тыс сату;
- банктік заем бойынша ай сайынғы төлемнің есептелуі дұрыс емес;
Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде ҚР резиденті еместердің барлық жоғарыда көрсетілген және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
По всем указанным выше и иным запросам физических и юридических лиц, в том числе нерезидентов РК, были предоставлены соответствующие разъяснения.
Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Агенттік қызметтерінде мынадай жөнсіздіктерді анықтады:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ:
- екі өтініш берушіге жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан өтініш берушілердің банктік шотына аударған кезде комиссиялық ақы заңсыз есептелген, осыған байланысты Агенттік Банктің және Қордың атына Банкпен қызмет ақысы есебіне ұсталынған сомаларды өтініш берушілерге қайтару және Қордың банктік қызмет көрсетулерге ақы төлеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау жөніндегі нұсқаулары бар хаттар жіберді.
- нотариустың сұратуына Банк клиентінің шоттарындағы ақша қалдықтары туралы жалған ақпарат берілген. Осыған байланысты Агенттік Банктің атына нотариустың сұратуына жалған ақпарат беру фактілеріне жол беруге болмайтыны туралы, өйткені ондай ақпарат мұрагерлік істерді дұрыс ресімдеу үшін қажет екені туралы хат жіберді;
- банктік салым шарты бойынша сыйақы сомасы толық есептелмеген, осыған байланысты Агенттік Банкке салым бойынша сыйақы сомасын қайта есептеп, өтініш берушіге айырмасын төлеу туралы хат жібереді;
«БТА Банк» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ:
- кредитті Банк клиентінің мүдделеріне қысым жасалуына, сондай-ақ оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешім қабылдаудың созылуына әкелетін қате ақпарат берілген. Осыған байланысты Агенттік Банктің атына осы мәселені өзара келісе отырып реттеу және Банктің қызметкерлерімен осыған ұқсас факторларды келешекте болдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін өтініш берушінің өтінішін қайталап жіберді;
- банктік заем үшінші тұлғаға өтініш берушінің құжаттарын пайдалана отырып, заңсыз берілген, осыған байланысты Агенттік банкке қатысты әкімшілік іс қозғады;
«Альянс Банк» АҚ банктік заем шартында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының (Банктер туралы Заңы) 39-бабын бұзып, жылдық тиімді сыйақы ставкасының шынайы емес мөлшері көрсетілген. Банк Агенттікке қазіргі уақытта болдырған бұзушылық жою бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқаны туралы ақпарат жіберді.
Алдыңғы есепті кезеңдерде Агенттік жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын және өтініштерін қарау нәтижесінде қызметінде мынадай бұзушылықтар анықталды:
«БТА Банк» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ банктік құпия болып табылатын ақпарат заңсыз ашылған. Осыған орай Агенттік Банкке қатысты жазбаша ескерту шығарды;
«Альянс Банк» АҚ банктік заем шартында Банктер туралы Заңының 39-бабының талаптарын бұзып жылдық тиімді сыйақы ставкасының жалған мөлшері көрсетілген. Осыған байланысты Агенттік Банкке қатысты жазбаша ескерту шығарды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 |


