ВОЗМОЖНОСТИ ПОДГОТОВКИ СПЕЦИАЛИСТОВ НА ПРИНЦИПАХ БОЛОНСКОГО ПРОЦЕССА

БОЛОН ҮДЕРІСІ ҚАҒИДАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

доцент м. а Турметов Исраил Құдайбергенұлы

Республика Казахстан является первым Центрально-Азиатским государством - членом Болонского процесса и полноправным участником Европейского пространства высшего образования. Цель участия Казахстана в Болонском процессе - расширение доступа к европейскому образованию, дальнейшее повышение его качества,  а также повышение мобильности студентов и преподавательского состава посредством принятия сопоставимой системы ступеней высшего образования, использования системы кредитов, выдачи выпускникам казахстанских вузов общеевропейского приложения к диплому.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген.

    Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу маңызды, алған білімі мен біліктілігі негізінде өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін  тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылған.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа ақпараттық технологиялар кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады.

Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік, ресейлік және т. б. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің біріңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.

Болон үдерісі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. 

Болон процесі – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).

Болон процесі:

- жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

-  Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;

-  ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

-  жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;

-  академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

-  білім сапасын бақылау;

-  студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

-  нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Сонымен, осы құжатта балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамтамасыз ету, оқытудың 12 жылдық моделін енгізу,  техникалық және кәсіптік білім беруді экономика талаптарымен үйлестіру, кәсіптік стандарттарды әзірлеу және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері көтерілген.

  Еліміз бұл үдеріске 2010 жылдың 11 наурызда Венгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды.

 Болон үдерісі дегеніміз - жоғары білімнің ортақ еуропалық кеңістігін құру мақсатында Еуропа елдерінің білім жүйелерін жақындастыру және үйлестіру үдерісі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда бұл - еуропалық білім кеңістігін құруға бағытталған кешенді шара. 1088 жылы Италияның Болонья қаласында іргесі қаланған Болон университеті әлемдегі тұңғыш жоғары мектеп болып саналады. Болон  үдерісіне  қосылу  қазақстандық жоғары  оқу  орындарына  отандық білім  беру бағдарламаларын  еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге, студенттер мен  оқытушылардың  академиялық  икемділігін  қамтамасыз  етуге,  қазақстандық дипломдардың  Еуропада  танылуына  және  түлектердің  шетелдерде  жұмысқа  орналасуына  мүмкіндіктер береді.

Үш деңгейлі білім беру жүйесі негізінде бакалавр, магистр, доктор дәрежелері бойынша білім алып шыққан мамандар еліміздің еңбек нарығындағы сапалы адам ресурстарын құрамақ.

Болон үдерісінің негізгі қағидалары.

Міндетті қағидалар Еуропалық жоғары білім  аймағын құру және еуропалық жоғары білім жүйесін әлемге тарату үшін  аса маңызды деп қарастырылады.

Болон үдерісінің міндетті қағидалары:

-  Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

-  ECTS академмиялық несиелер;

-  Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушыларының, және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильдігі;

-  Дипломға берілген еуропалық қосымша;

-  Жоғары білімнің сапасын бақылау;

-  Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

Ұсынымдық шамалардың ұсынымдық сипаты бар және де Болон үдерісі қағидаларын таратуда бұлар маңызды болып табылады.

Болон үдерісінің ұсынымдық қағидаларына:

-  Біртұтас еуропалық бағалаулар;

-  Студенттердің белсенді қатысуы;

-  Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау;

-  Өмір бойы білім алу.

Факультативтік қағидалар жұмыс берушілердің  мүдделері және  қоғам талаптарын есепке алынып  оқу үдерісін  жоспарлауда және ұйымдастыруда аса маңызды болып келеді.

Болон үдерісінің факультативтік қағидаларын:

-  Дайындау бығыттары бойынша білім беру  мазмұнын үндестіру;

-  Студентердің дәстүрлі емес оқу траекториясы, таңдау бойынша курстар;

-  Модульдік жүйе;

-  Қашықтықтан оқыту, электрондық курстар;

-  Оқытушылар мен  студенттердің академиялық рейтингтері.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары білім беруді дамытуда мемлекеттік бағдарламасы нормативтік құжат ретінде білім берудің стратегиялық даму саласын, әлемдік және ұлттық қоғамдық проблемаларды анықтау есебінде қызмет ету, білім беру жүйесінде жаңғырту әрекетін түсіну қажеттіліктерін, сонымен қатар білім берудің инвестициясын көтеру жағдайында, халықаралық деңгейдегі оның сапасы мен әлемдік сатыға шығуы барлық басты сәттерді көрсетеді.

Қазіргі білім беруді жаңғыртудың маңызды бағыты интеграция болып табылады. Қазіргі заманның жаһандануы, жеке адамның қоғам мен мемлекеттің өмірлік қызметі, өндіріс, ғылым, білімнің өзара байланысын күшейту қоғамдық дамудың жетекші факторлары болып табылады.

Бүгінгі таңда Болон декларациясы бастамасы бойынша ғылым мен жоғарғы білім аймағында әлемдік мемлекеттер қатынастары күшейе түседі. ХХІ ғасырда жағдайында жаһандану контексі маңызын ұлғайтты: өмірге халықаралық көрсеткіш әкелді; студенттер, оқытушылар, зерттеушілер және басқарушыларға халықаралық академиялық еркіндік беріледі; жоғарғы білім беру сапасы аймағында ынтымақтастықты дамыту; кредиттік жүйедегі оқытуды қолдану; салыстырмалы дәреже жүйесін енгізу болып табылады.

Болон процесі 2010 жылдан бері мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуді көздеуде:

-  жоғары білімнің Еуропа аймақтық ортақ кеңістігін қалыптастыру. Бұл азаматтардың осы елдер арасында ешбір кедергісіз жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді;

-  Еуропаның интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық әлеуетін қалыптастыру және нығайту; әлемде еуропалық жоғары мектептің беделін арттыру;

-  еуропалық жоғары оқу орындарының басқа білім беру жүйелерімен салыстырғанда, бәсекеге қабілеттілігін күшейту; ұлттық жоғары білім беру жүйесінің сәйкестігіне, жоғары білімнің сапасына қол жеткізу;

-  университеттердің еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы орталық ролін күшейту, бұл ретте университеттер еуропалық сананың ордасы, әрі жалғастырушысы ретінде қаралады.

-  Басқа елдер Болон процесіне ерікті түрде қатыса алады. Декларацияға қол қою арқылы олар өздері орындауы тиіс міндеттемелер алады. Бұл міндеттемелердің бірқатары мынадай мерзімдермен шектелген:

-  2005 жылдан бастап. Болон процесіне қатысушы елдердің жоғары оқу орнын бітіруші барлық түлектеріне бакалавр және магистр дипломдарына бірдей үлгідегі тегін еуропалық қосымша беру;

-  2010 жылға дейін Болон процесінің негізгі талаптарына сәйкес, ұлттық білім беру жүйесін реформалау.

-  Енді Болон процесінің негізгі өлшемдеріне келейік. Олар мыналарды қамтиды:

-  Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;

-  ECTS академиялық несиелері;

-  ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен басқарушыларының академиялық икемділігі (ортақ білім кеңістігі бойынша еркін жүріп-тұруы);

-  дипломға еуропалық қосымша беру;

-  жоғары білім сапасын қадағалау;

-  біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

-  Болон процесінің ұсынбалы өлшемдеріне мыналар жатады:

-  ортақ еуропалық бағалау;

-  студенттердің белсенді түрде қатысуы;

-  тұрмысы нашар студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету;

-  өмір бойы білім беру.

-  Болон процесінің факультативтік өлшемдеріне төмендегілер жатады:

-  білім мазмұнын дайындық бағыттары бойынша үйлестіру;

-  студенттердің өз таңдаулары бойынша іріктеліп алынған курстар арқылы оқыту;

-  модульдік жүйе;

-  қашықтан оқыту, электрондық курстар;

-  студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері.

Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары халықаралық стандарттау ұйымы /ISO – International Standard Organisation/ дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ISO 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады.

Кредиттік оқыту технологиясы- пәнді оқытуда білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің жинақталған өлшемі ретінде кредитті пайдалана отырып, шығармашылығын арттыруға және білімін өзіндік жоспарлау негізінде жүргізуге бағытталған оқу жүйесі.

Кредиттік технологияны іске асырудың мүмкіндігі – стандартқа жүгінген оқулықтардың модульдік технология жүйесіне бағыну заңдылығы. Бүл заңдылық оқулықтағы модульге жіктелген нысаналардың теориялық негізінің тәжірибедегі көрінісін үйлесіммен берілуіне қолайлы жағдай туғызады. Кредиттік технологияның іс-әрекеті өнімді нәтижеге жетуі үшін модульдік технологияны ұтымды пайдалану көзделеді7

Кредит (Credit, Credit-hour)- білім алушының, оқытушының оқу жұмысының көлемінің өлшем бірлігі. Бір кредит академиялық кезең ішінде білім алушының 1 аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең. Лекциялық, практикалық, семинарлық және студиялық сабақтың әрбір академиялық сағаты студенттің өзіндік жұмысының 2 сағатымен -100 минут есептеледі.

Білім беру үдерісінің түрлері:

– дәріс, жоғары оқу орындарының білім беру жүйесімен;

– семинар – оқу топтарының тәжірибешілік сабағы;

– зертханалық сабақ – техникалық құралдармен, арнаулы аппараттармен, сарапатама өткізумен, тәжірибе – эксперимент жүргізумен, зерттеумен ерекшеленетін сабақ;

– табиғатқа саяхат, мұражайда, көрмелерде сабақ өту;

– белгілі бір тақырыптар немесе мәселелер жайлы топтық және жеке кеңес өткізу сабағы;

– сынақ сабағы – белгілі бір курстан кейін білім тексеру сабағы;

– емтихан сабағы – пәннің бағдарламасын меңгеру деңгейін тексеру сабағы.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Аcтана, 2012 ж.

2.  ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері».- Астана.2008.

3.  ”Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі туралы” ҚР БжҒМ бұйрығы. №

4.  Технология обучения в системе высшего образования.-М,1986.-58б.

5.  ;Педагогика и прогрессивные технологии обучения./-М.,1995.-412 б.