Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Дүние жүзі тарихы пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.
2.Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізуге әзірленген тест.
3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының Дүние жүзі тарихынан білім деңгейлерін анықтау.
4.Тест мазмұны:
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.
Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№ | Тақырып | № | Тақырыпша |
01 | ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері | 01 | XVII-XVIII ғғ. Англия |
02 | ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция | ||
03 | ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия, Италия, Австрия. | ||
04 | XVIII ғ. Солтүстік Америка | ||
05 | XVIII ғ. Ресей | ||
02 | XVII-XVIII ғғ. Азия мен Африка елдері | 01 | Қытай. Жапония |
02 | Үндістан. Иран. Осман империясы | ||
03 | Азии және Африка елдері ХVІІ-ХVIII ғғ. | ||
04 | XVII-XVIII ғғ. мәдениет пен ғылымның дамуы | ||
03 | XIX ғ. –XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері | 01 | XIX ғ – XX ғ басындағы Ұлыбритания |
02 | XIX ғ – XX ғ басындағы Франция | ||
03 | Германия және Италияның бірігуі | ||
04 | Австро-Венгрия | ||
05 | XIX ғ – XX ғ басындағы Ресей | ||
06 | АҚШ | ||
04 | XIX ғ. –XX ғ. басындағы Азия және Африка | 01 | Қытай және Жапония |
02 | Үндістан | ||
03 | Осман империясы. Иран және Араб елдері | ||
04 | Мәдениет пен ғлымның дамуы | ||
05 | Халықаралық қатынастар | ||
05 | ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әлем | 01 | Бірінші дүниежүзілік соғыс |
02 | ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы | ||
03 | ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы АҚШ - тың әлеуметтік-экономикалық дамуы | ||
04 | ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы | ||
06 | ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері | 01 | Шығыс Азия елдерінің экономикалық және саяси дамуы (Жапония, Қытай және Монғолия) |
02 | Үндістан, Иран, Ауғанстан және Түркия | ||
03 | Азия, Африкадағы араб елдері | ||
07 | Екінші дүниежүзілік соғыс | 01 | Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. КСРО-дағы Ұлы Отан соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы |
5. Тест жоспары
1- ші жартыжылдық: | ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері | - 5 тапсырма |
XVII-XVIII ғғ. Азия мен Африка елдері | - 5 тапсырма | |
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері | - 5 тапсырма | |
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Азия және Африка | - 5 тапсырма | |
1- ші жартыжылдық: | ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері | - 3 тапсырма |
XVII-XVIII ғғ. Азия мен Африка елдері | - 3 тапсырма | |
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері | - 3 тапсырма | |
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Азия және Африка | - 3 тапсырма | |
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әлем. | - 3 тапсырма | |
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері. | - 3 тапсырма | |
Екінші дүниежүзілік соғыс. | - 2 тапсырма |
6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар Қазақстан тарихы курсынан меңгеруі тиіс:
Кезеңнің хронологиялық шеңбері мен негізгі сипаттамасы; ХVIII-ХІХғғ әлеуметтік күрестің түрлері; түрлі елдер мен аймақтардағы буржуазиялық революцияның ерекшелігі мен нәтижесі; ХVIII-ХІХ ғғ Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың нығаюы, отарлау жүйесінің қалыптасуы; өнеркәсіп төңкерісінің себептері; капиталистік қатынастардың орнығуы; буржуазиялық елдерде биліктің түрлері; отарлау саясаттың қалыптасуы; отаршылдыққа қарсы күрестің себептері мен түрлері; кезеңнің негізгі деректері мен оқиғалары; атақты тарихи тұлғалар, мәдени ескерткіштер мен оқиғалар. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы хронологиялық шеңбері мен негізгі сипаты; капиталистік қатынастардың дамуының ерекшеліктері; ХХ ғасырдағы буржуазиялық революциялар; ХХ ғасырдағы партиялар мен қоғамдық қозғалыстар; Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының оқиғалары.
7.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Нұсқалардың санын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі анықтайды. Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.
9. Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушыға 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.


