Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігі

Д. Серікбаев атындағы

ШҚМТУ

Министерство

образования и науки

Республики Казахстан

ВКГТУ им. Д. Серикбаева

БЕКІТЕМІН:

ТКМФ деканы

______________

«____» ____________ 2013 ж

ӨНДІРІСТЕ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

5B012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының сырттай оқитын студенттеріне жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар

ОБЕСПЕЧЕНИЕ ИНДИВИДУАЛЬНОЙ И КОЛЛЕКТИВНОЙ ЗАЩИТЫ НА ПРОИЗВОДСТВЕ

Рабочая программа, методические указания и контрольные задания

для студентов заочной формы обучения для специальности 5В012000 «Профессиональное обучение»

Өскемен

Усть-Каменогорск

2013

УДК 658.345:66 (035)

Өндірісте жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету: 5B012000 «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының сырттай оқитын студенттеріне жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар / ,

ШҚМТУ – Өскемен, 2013. –12 бет.

Тау – кен металлургиялық факультетінің оқу – әдістемелік кеңесінде бекітілген.

Хаттама №---------------- -------------------- 2013 ж.

© Д. Серікбаев атындағы

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Шығыс Қазақстан

Мемлекеттік техникалық

университеті, 2010

Өндірісте жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету: 5B012000 «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының сырттай оқитын студенттеріне жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар /

ШҚМТУ – Өскемен, 2013. – 12 бет.

Бағдарлама «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отырысында қаралған

Кафедра меңгерушісі М.Қ. Жаманбаева

Хаттама № _______ __________ 2013 ж.

Тау - Кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталды

Әдістемелік комиссияның төрайымы Н.Ә. Нұрбаева

Хаттама № _______ __________ 2013 ж.

Бағдарламаны құрастырғандар

Норма бақылаушысы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

5

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

6

1.1

Пәнді оқудың мақсаты

6

1.2

Пәнді оқудың міндеті

6

2

Жалпы әдістемелік нұсқаулар

6

3

Жұмыс бағдарламасы

6

3.1

Жеке қорғаныс құралдарының жоспарлы жұмыс жүйесіндегі еңбек қорғау

6

3.2

Сақтандыру костюмдер

7

3.3

Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары

7

3.4

Арнайы киім

7

3.5

Көзді және бетті қорғайтын жеке бас құралдары

7

3.6

Басты және есту мүшелерін қорғайтын жеке бас құралдары және басқа да қорғауды қалыптастырулар

7

3.7

Қолды қорғайтын жеке бас құралдары

7

4

Лекциялар мен тәжірибелік дәрістер тақырыптары, олардың мазмұны, сағаттық көлемі және өздік жұмыс

8

4.1

Лекциялық сабақтардың тақырыптары мен сағат көлемі

8

4.2

Тәжірибиелік сабақтардың тақырыптары мен сағат көлемі

8

5

Бақылау жұмысы

8

5.1

Бақылау жұмысын орындауға тапсырма және әдістемелік нұсқаулар

8

5.2

Бақылау жұмысына арналған тапсырмалар

9

5.3

Бақылау жұмысына арналған сұрақтар

10

6

Ұсынылған әдебиеттер

12

КІРІСПЕ

Жеке қорғаныс құралдары қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге қолайсыз әсерден ескерту әдістерінің бірі болып табылады. өндірістік факторладың зиянды және қауіпті әсері адамның өндірістік жабдықтармен, материалдармен және бұйымдармен тікелей қатынасқа түсуінің нәтижесінен, не болмаса өндірістік процестердің нәтижесінде ластанған және өзгерген ауа, кейде су орталары арқылы жүзеге асады. Жұмысшыларды сенімді және тиімді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету еңбек қауіпсіздігін жоғарылатады, өндірістік жарқаттардың және кәсіби ауруларын төмендетеді. Жеке қорғаныс құралдары қолдану тиімділігі көбінесе оларды дұрыс таңдауға және қолдануға тәуелді. Жеке қорғаныс құралдары таңдау кезінде өндірістік процестің жағдайын анық ескеру керек, жұмыыс істеушілерге қауіпті және зиянды өндірістік факторды түрі мен ұзақтылығы, сонымен қатар жұмысшылардың жеке басының ерекшеліктері. Жеке қорғаныс құралдары тек қана дұрыс пайдалану ғана жұмыс орнында, оларды қолдануда жоғары қорғаныс эффектісін қамтамасыз ете алады. Осы үшін өндірістің және ұйымның жұмысшылары жеке қорғаныс құралдары ассортименті мен қабылдануын білуі керек.

Берілген әдістеменің негізгі тапсырмасы болып «Жеке қорғау құралдары» курсын меңгеру кезінде студенттерге тәжірибелік көмек көрсету.

Курстың оқу бағдарламасында жеке қорғаныс құралдарын терең меңгеруге және тиімді пайдалануға жағдай жасауға зертханалық жұмыстар көрсетілген. Берілген оқу-әдістемелік құрал жеке қорғаныс құралдарын таңдау кезінде студенттерге бағыт алуға және өндірістікпроцестердің нақты жағдайын зиянды факторлардың жұмысшыларға әсер ету түрі мен ұзақтылығын, сонымен қатар жұмысшылардың жеке басының ерекшелігін ескеруге көмектеседі.

Берілген әдістемелік басқарма негізінде студенттер, болашақ ретінде, өндірісте еңбек қауіпсіздігін жоғарлатуды, өндірістік жарақаттануды және кәсіби ауруларды төмендетуді қамтамасыз етуді, жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен сенімді және тиімді қамтамасыз етуді білуі керек.

1 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1 «Өндірісте жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету» пәнін оқудың мақсаты

Пәннің мақсаты – студенттерді келешекте, жұмысшылардың жеке басты қорғау құралдарымен жабдықтау бойынша нормативті және заңды базасын білетін еңбекті қорғау маманы ретінде даярлау.

1.2 «Өндірісте жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету» пәнін оқудағы міндет

Болашақ маманды үйрету:

-  жұмысшыларды жеке басты қорғау құралдарымен жабдықтауда дұрыс шешім қабылдау;

-  жеке басты қорғау құралдарын сақтау және таратып беру бойынша ғылыми – техникалық құжаттардың есебін жүргізү;

-  жеке басты қорғау құралдарының негізгі талаптарымен және олардың мінездемесімен танысу;

-  жеке басты қорғау құралдарының жұмысшыларға әсерін бағалау.

2 ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттердің өз бетімен курспен жұмыс істеуі ұсынылған оқу әдебиетін жүйелі меңгеру, тәжірибелік жұмыстардың есебі мен амалдарды және бақылау тапсырмасын орындауға негізделген. Курстың тақырыптарын келесі ретпен оқу ұсынылады: оқылатын тақырыпқа байланысты әдебиеттегі деректі зейінмен оқып шығып, оқылған деректі қысқаша баяндамалау.

Курстағы материалмен танысқаннан кейін студент бақылау тапсырмасының сынақ кітапшасының соңғы екі санына сай келетін нұсқасын орындап, тексеруге жіберуі керек. Бақылау тапсырмасынан жақсы баға алған жағдайда студент тәжірибелік сабақ пен сынаққа жіберіледі. Оқу жылы бойы және емтихандық сессия кезінде курстың негізгі тараулары бойынша шолу лекциялары оқылады. Сол уақытта топтық және жекелеген сабақтар, қосымша және тәжірибелік жұмыстар орындалады.

Бақылау тапсырмасы орындалып, қорғалса, тәжірибелік сабақта қарастырылған тапсырма орындалған жағдайда ғана емтихан алынады. Емтиханда студенттерге жұмыстық бағдарламаға сай келетін, оқылған тақырыптар көлемінде ғана талаптар қойылады.

3 ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

3.1 Жеке қорғаныс құралдарының жоспарлы жұмыс жүйесіндегі еңбек қорғау

Зиянды және қауіпті өңдірістік факторлар. Зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардың гигиеналық мөлшерлі қағидалары. Жеке басты қорғау құралдарының түрлері. Жеке басты қорғау құралдарының қолданудағы және таратудағы түрлі нормалар. Жеке басты қорғау құралдарының әр - түрлі класстарының белгіленулері және баға қағидасының сапасы. Жеке басты қорғау құралдарының жұмысшыларының мекемедегі басқару жүйесі - өтініштерді толтыру тәртібі, қабылдау, сақтау, тарату тәртібі, қолдану және күту басқармасы.

3.2 Сақтандыру костюмдер

Арналымы, түрлері, жалпы техникалық талаптар. Конструктивтік ерекшелері, шлангілік және автономды сақтандыру костюмдердің қорғаныс және пайдалану қасиеттері.

3.3 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары

Арналымы, түрлері және негізгі техникалық талаптар. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарының сапа көрсеткіштері. Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарының конструктивтік ерекшелері. Жіңішке талшықты сүзілетін материалдар. Жеңіл газды-шаңды қорғағыш респираторлар. Шаңға қарсы респиратор.

Өндірістік сүзуші противогаздардың тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары. Сүзуші респираторлар мен противогаздардың конструктивтік ерекшелері.

3.4 Арнайы киім

Жалпы техникалық талаптарға арналған түрлері. Материалдар. Стандартизация мөлшері. Механикалық әсерлерден, жоғары және төмен температуралардан, радиоактивты заттардан, улы емес шаңдардан, судан, сілтіден, қышқылдар ерітінділерінен, мұнай және мұнайлы өнімнен және тағыда басқа жалпы өндірістік ластанулардан. Қорғайтын арнайы киімдердің конструктивтік ерекшеліктері.

3.5 Көзді және бетті қорғайтын жеке бас құралдары

Жалпы техникалық талаптарға арналған түрлері. Қорғайтын көзілдіріктер, жарық фильтрлері және шынылар. Механикалық жарақаттанудан, химиялық әсер етулерден және зиянды сәулелерден, көзді және бетті қорғайтын қаптардың, көзді қорғайтын көзілдіріктердің конструктивтік ерекшеліктері.

3.6 Басты және есту мүшелерін қорғайтын жеке бас құралдары және басқа да қорғауды қалыптастырулар

Жалпы техникалық талаптарға арналған конструктивтік ерекшеліктердің түрлері. Жер асты жұмыстарына арналған каскалар, жалпы және арнайы қорғау каскаларының конструкциялары. Каскаларды таңдау, күту және сақтау.

3.7 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары

Негізгі талаптарға арналған конструктивті ерекшеліктердің түрлері. Механикалық жарақаттардан және дірілден, судан, қышқыл ерітінділерінен, сілті және ерітінділерден, мұнай және мұнай өнімдерінен, элекрт тоғынан жеке басты қорғайтын құралдар.

4 ЛЕКЦИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІСТЕР ТАҚЫРЫПТАРЫ, ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ, САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІ ЖӘНЕ ӨЗДІК ЖҰМЫС

4.1 Лекциялық сабақтардың тақырыптары мен сағат көлемі

4.1.1 Жеке қорғаныс құралдарының жоспарлы жұмыс жүйесіндегі еңбек қорғау – 2 сағат

4.1.2 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары – 2 сағат

4.1.3 Арнайы киім және аяқ киім – 2 сағат

4.1.4 Көзді, бетті, басты және есту мүшелерін қорғайтын жеке бас құралдары – 2 сағат

4.1.5 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары және басқа да қорғауды қалыптастырулар – 1 сағат

4.2 Тәжірибиелік сабақтардың тақырыптары мен сағат көлемі

4.2.1 Кәсіпорындағы жеке басты қорғау құралдарының сақтайтын арнайы қоймалардың жұмыс істеу тәртібін үйрену – 2 сағат

4.2.2 Өндірістерге жеке басты қорғау құралдарының қажеттілігін есептеу және оны таратып беру тәртібі – 2 сағат

4.2.3 Жеке қорғаныс құралдарының пайдалану және оларды күтуді ұйымдастыру тәртібін үйрену – 2 сағат

4.2.4 Пневмокостюмдерді пайдалану ережелері мен олардың конструктивтік ерекшеліктерін зерттеу – 2 сағат

5 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

5.1. Бақылау жұмысын орындауға тапсырма және әдістемелік нұсқаулар

Сырттай оқитын студент бақылау жұмысын орындағанда үш сұраққа жауап беріп және бір есепті шығаруы керек. Бақылау жұмысының нұсқасы төменде көрсетілген 1 кесте бойынша студенттің сынақ кітапшасының соңғы екі санмен байланысты анықталып орындалады.

Пайдаланған әдебиеттер көрсетіліп, барлық жауаптар жеткілікті толық болуы қажет. Анықтама (энциклопедия) көлеміндегі бірыңғай жауаптар есептелмейді.

Бақылау жұмысы анық және айқын сиямен жазылуы тиіс. Эскиз сызбалары қарындашпен орындалады. Сұраққа жауаптар эскиздерді көрсету, техникалық сызу және сурет ережелеріне сәйкес орындалады. Кітаптардан, журналдардан, басқа да әдебиет көздерінен қиып алған кесінділер есепке алынбайды және жұмысты аяғына дейін орындау үшін кері қайтарылады.

Студент бақылау жұмысының соңында пайдаланған әдебиеттерді көрсетеді, шифрын, күнін, қолын қояды.

Кесте 1 – Есептер мен сұрақтар нөмірлері

Сынақ кітапшасы нөмірінің соңғы саны

Сынақ кітапшасы нөмірінің соңғысының алдындағы саны

1; 4; 7;0

2; 5; 8; 4

3;6;9

сұрақ нөмірлері

1

1

11

21

2

2

12

22

3

3

13

23

4

4

14

24

5

5

15

25

6

6

16

26

7

7

17

27

8

8

18

28

9

9

19

29

0

10

20

30

тапсырмалар нөмірлері

1

1

1

Толық орындалған жұмыс тексерілгеннен кейін «Қорғауға» не «Толықтыруға» деген жазбалардың бірімен қайтарылады. Әр студент қорғауға арналған бақылау жұмысын өзі емтихандық сессия уақытында қорғайды. Сынақтан өткен бақылау жұмысы студентке қайтарылмайды.

5.2 Бақылау жұмысына арналған тапсырмалар

5.2.1 Тапсырма 1.

Жеке қорғаныс құралдарының деген қажеттілікті есептеу әрбір мамандықтағы жұмысшылар саны туралы жоспарлық бөлім мәліметтерінің негізінде жасалады, яғни алдыңғы орта тізімдік санмен жұмыс күшінің қажеттілігін есептей отырып, келесі жылдын өзгертілген жоспардан да қамтитыз.

Арнайы киім мен аяқ киім қажеттілігі мына формуламен анықталады:

Пс=Пви+Пук+Оож (1)

Мұндағы: Пс – арнайы киім мен аяқ киімге деген қажеттілік;

Пви - қолданыстағы орына келетін жеке басты қорғау құралдарының деген қажеттілік;

Пук - жоспарланған жылда жұмысшылардың санын көбейтуді көздейтін жеке басты қорғау құралдарына деген қажеттілік;

Оож – жоспарланған жылдың жеке басты қорғау құралдарының болжалған қалдығы.

Пви мен Пук мәндерін жоспарланған жылға сәйкес жұмысшылардың санымен анықталады, сонымен қатар бұйымдалдың шығындалу нормасына байланысты мына формуламен анықталады:

Нt = tр/tс (2)

Мұндағы:Нt – шығындалу нормасы;

tр - 12 айға тең, есептік кезені;

tс - бұйымнең қызмет мерзімі (аймен).

Егер қалған (tр) ұсталу мерзімі – 2 айға, ал (tс) - 12 айға тен болса, Нt = 6 тең.

5.3 Бақылау жұмысына арналған сұрақтар

5.3.1 Зиянды және қауіпті өңдірістік факторлар.

5.3.2 Жеке қорғаныс құралдарының түрлері.

5.3.3 Жеке қорғаныс құралдарының қолданудағы және таратудағы түрлі нормалар.

5.3.4 Жеке қорғаныс құралдарының әр - түрлі класстарының белгіленулері және баға қағидасының сапасы.

5.3.5 Жеке қорғаныс құралдарының жұмысшыларының мекемедегі басқару жүйесі - өтініштерді толтыру тәртібі, қабылдау, сақтау, тарату тәртібі, қолдану және күту басқармасы.

5.3.6 Сақтандыру костюмдер. Арналымы, түрлері, жалпы техникалық талаптар.

5.3.7 Сақтандыру костюмдердін конструктивтік ерекшелері, шлангілік және автономды сақтандыру костюмдердің қорғаныс және пайдалану қасиеттері.

5.3.8 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдары. Арналымы, түрлері және негізгі техникалық талаптар.

5.3.9Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарының сапа көрсеткіштері.

5.3.10 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдарының конструктивтік ерекшелері.

5.3.11 Арнайы киім. Жалпы техникалық талаптарға арналған түрлері. Материалдар. Стандартизация мөлшері.

5.3.12 Арнайы киімнің механикалық әсерлерден, жоғары және төмен температуралардан қорғайтын ерекшелері.

5.3.13 Қорғайтын арнайы киімдердің конструктивтік ерекшеліктері.

5.3.14 Көзді және бетті қорғайтын жеке бас құралдары. Жалпы техникалық талаптарға арналған түрлері.

5.3.15 Қорғайтын көзілдіріктер, жарық фильтрлері және шынылар.

5.3.16 Механикалық жарақаттанудан, химиялық әсер етулерден және зиянды сәулелерден, көзді және бетті қорғайтын қаптардың, көзді қорғайтын көзілдіріктердің конструктивтік ерекшеліктері.

5.3.17 Басты қорғайтын жеке бас құралдары. Жалпы техникалық талаптарға арналған конструктивтік ерекшеліктердің түрлері.

5.3.18 Жер асты жұмыстарына арналған каскалар, жалпы және арнайы қорғау каскаларының конструкциялары.

5.3.19 Каскаларды таңдау, күту және сақтау.

5.3.20 Зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардың гигиеналық мөлшерлі қағидалары

5.3.21 Арнайы киімнің радиоактивты заттардан, улы емес шаңдардан, судан, сілтіден, қышқылдар ерітінділерінен қорғайтын ерекшелері.

5.3.22 Арнайы киімнің мұнай және мұнайлы өнімнен және тағыда басқа жалпы өндірістік ластанулардан қорғайтын ерекшелері.

5.3.23 Кәсіпорындағы жеке басты қорғау құралдарының сақтайтын арнайы қоймалардың жұмыс істеу тәртібі

5.3.24 Өндірістерге жеке басты қорғау құралдарының қажеттілігін есептеу және оны таратып беру тәртібі

5.3.25 Жеке басты қорғау құралдарының пайдалану және оларды күтуді ұйымдастыру тәртібі

5.3.26 Пневмокостюмдерді пайдалану ережелері мен олардың конструктивтік ерекшеліктері

5.3.27 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары. Негізгі талаптарға арналған конструктивті ерекшеліктердің түрлері.

5.3.28 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары. Механикалық жарақаттардан және дірілден қорғайтын құралдар.

5.3.29 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары судан, қышқыл ерітінділерінен, сілті және ерітінділерден қорғайтын құралдар.

5.3.30 Қолды қорғайтын жеке бас құралдары мұнай және мұнай өнімдерінен, элекрт тоғынан жеке басты қорғайтын құралдар.

6 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  , и др. Средства индивидуальной защиты работающих, на производстве: Каталог справочник. М.: Профиздат,1988-175 с.

2.  , Найденко , спецобувь и средства индивидуальной защиты для строителей.- М.; Стройиздат, 1972-140с.

3.  Каминский индивидуальной защиты: Справочное пособие. - Л.;Химия,1989.-400 с.

4.  Симонов , спецобувь и средства индивидуальной защиты для строителей.- М.;Стройиздат, 1994-200с.

5.  , , Жуков индивидуальной защиты: Справочное пособие. Л.: Химия,1989.-400 с.

6.  Симонов , спецобувь и другие средства индивидуальной защиты для строителей. М.: Стройиздат, 1994-200с.

7.  и др. «Лепесток». Лёгкие респираторы. - М.: Наука, 1984.- 216 с.

8.  Хакімжанов Т. Е. Еңбек қорғау. Жоғары оқу орындары үшін оқу құрал., Алматы,2008.-236 бет.

9.  Правила обеспечения работников средств индивидуальной, коллективной защиты, санитарно - бытовыми помещениями, устройствами и лечебно - профилактическими средствами. Правила утверждены по приказу Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 июля 2007 года .