Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
дербес деректердi иесiздендiру – жасалуы нәтижесiнде дербес деректердiң нақты пациентке тиесiлiгiн анықтау мүмкiндігі болмайтын iс-әрекеттер;
электрондық медициналық жазба элементі – электрондық медициналық жазба құрамына кіретін және пайда болу ұйымында сақталатын ақпараттың құрамына жауап беретін, нақты автормен сипатталатын медициналық көмек көрсету субъектісіне қатысты нақты клиникалық үдерістерді сипаттайтын ақпарат;
медициналық қызметтер көрсету кезеңі – медициналық көмек көрсетуге құзыреттер шеңберінде пациент пен медициналық қызметтер берушісі арасындағы бір немесе одан да көп байланыстар пайда болатын уақыт аралығы;
7. Осы регламентте мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
ЕТҚ – Есептеуіш техника құралдары;
ЭМЖ – Электрондық медициналық жазба;
ЭМЖЭ – Электрондық медициналық жазбаның элементі;
АЖО –автоматтандырылған жұмыс орны;
ҰКО – ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы;
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
ДҚ – Деректер қоры;
АҚ– Ақпараттық қауіпсіздік;
АЖ –Ақпараттық жүйе;
НҚА – Нормативтік құқықтық актілер;
2. Электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне кіру рұқсатын беру қағидалары
8. Денсаулық туралы дербес ақпарат оларды алу, өңдеу мен пайдалану жиналатын мақсаттармен шектелетін құпиялы электрондық ақпараттық деректер санатына жатады. Е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері тек медициналық көмек көрсету мақсаттары мен медициналық қызмет көрсету кезі үшін ғана денсаулық туралы дербес ақпараттың сақталуын және қолжетімділігін шектеу мен қолданылуын қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық деректерін қалыптастыру үшін арналған пациенттің денсаулық жағдайы туралы мәліметтер пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша рұқсатымен ұсынылады.
8. Азаматтың немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз, дәрігерлік құпия болып табылатын мәліметтер мынадай жағдайларда ұсынылады:
жағдайына байланысты өз еркін білдіре алмайтын азаматты тексеру және емдеу мақсатында;
қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулардың таралу қаупі пайда болғанда;
тергеу жұмыстарының жүргізілуіне немесе сотта істің қаралуына байланысты тергеу, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;
заңды өкілдерін хабардар ету үшін жасы кәмелетке толмаған немесе ақыл-ой кемістігі бар тұлғаға медициналық көмек көрсету кезінде;
азаматтың денсаулығына зиян құқыққа қайшы ерекеттер нәтижесінде келтірілу негіздемесі болған жағдайда.
10. Пациенттің жазбаша келісімі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
11. Ақпараттық жүйелерде медициналық персоналға медициналық көмек көрсету мақсатында пациенттің дербес медициналық деректері ұсынылуы тиіс.
12. Пациент немесе оның заңды өкілі денсаулық туралы дербес деректерді қарау үшін порталдағы «Пациенттің жеке кабинетін» пайдаланады. Пациенттің қарауы үшін қолжетімді ақпаратты емдеуші дәрігер айқындайды.
13. Статистикалық, әлеуметтік, ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін денсаулық туралы дербес деректерді пайдалану кезінде иесіздендірілген деректерді қолдану қажет. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері субъектіге медициналық қызметтерді көрсетуге тікелей байланыссыз статистикалық және талдама ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде ақпараттық жүйелерден әртүрлі есептерді алу үшін иесіздендірілген деректерді қолдануы тиіс.
14. Денсаулық туралы дербес ақпаратты жинау және өңдеу оның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Денсаулық туралы дербес ақпаратты қорғау мынадай мақсаттарда шаралар кешенін, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдану жолымен жүзеге асырылады:
- жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұқпау құқығын іске асыру;
- олардың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету;
- олардың құпиялылығын сақтау;
- оларға қолжетімділік құқықтарын іске асыру;
- олардың заңсыз жиналуының және өңделуінің алдын алу.
15. Ақпараттық жүйелер:
- дербес деректерге рұқсат етілмеген қолжетімділіктің алдын алуды;
- егер рұқсат етілмеген қолжетімділіктің алдын алу мүмкіндігі болмаса, сондай-ақ рұқсат етілмеген қолжетімділіктің орын алуына күдік пайда болса, дербес деректерге рұқсат етілмеген қолжетімділік фактілерін уақытылы анықтауды;
- дербес деректерге рұқсат етілмеген қолжетімділіктің жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз етеді.
16. Денсаулық туралы дербес ақпаратқа барлық өзгерістер мен толықтырулар медицина қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталады. Медициналық қызметкерлер ЭЦҚ жасау үшін қажетті барлық кілттерді және сертификаттарды Ұлттық куәландырушы орталықтан алады. Денсаулық туралы жеке ақпаратқа өзгерістер мен толықтыруларға аудит жүргізуді қамтамасыз ететін логтағы жазба денсаулық туралы дербес ақпаратта іске асырылған өзгеріс сипаттамасынан, өзгеріс енгізу күні мен уақытынан, өзгеріс енгізген, ақпаратты қараған, көшірме немесе басып шығаруды жүзеге асырған медицина қызметкерінің сәйкестендіргішінен тұрады.
17. Ақпараттық жүйелер түрлі деңгейлерде құпия деректерді (модуль, медициналық ұйым, тұтынушы және басқалары) қарау жағдайларын логирлеудің теңшелімдерін конфигурациялауды қамтамасыз етеді.
3. Қолжетімділік субъектілері мен объектілері
18. Электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және құпия ақпаратқа қолжетімділік субъектілері мыналар болып табылады:
пайдаланушылар – электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне және құпия ақпаратқа кіру рұқсаты бар денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері;
әкімші - электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне кіру рұқсаты бар, электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін және ақпаратты қорғау құралдарын әкімшілдендіруді және жұмысқа қабілеттілігіне қолдау көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымның қызметкері;
ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымның қызметкері, ақпаратты қорғау және ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды орындау бойынша талаптардың орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асыратын жауапты тұлға;
қолжетімділік субъектісі тұлға және осы субъектінің атынан іске қосылған ақпараттық жүйедегі үдеріс, сондай-ақ ұйым басшысының шешімімен құпия ақпаратпен танысу және оны өңдеу үшін рұқсат берілген шеттен келген тұлға бола алады.
19. Қолжетімділік объектілері электрондық денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелері, ақпарат тасығыштар мен есептеуіш техника құралдары жадындағы кез келген құпиялы ақпараттық ресурстар болып табылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 |


