A) Театр-рлар.

B) Баяндау-ыш.

C) Та-рақ.

D) Бір-ыңғай.

E) О-тан.

100. Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.

A) Дыбыс үндестігі.

B) Ілгерінді ықпал.

C) Кейінді ықпал.

D) Сингармонизм.

E) Тоғыспалы ықпал.

101. Үндестік заңының нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 1.

B) 2.

C) 3.

D) 4.

E) 5.

102. Кейінді ықпал заңдылығына байланысты сөзді табыңыз.

A) Ұшқышсың.

B) Тал ек.

C) Әлдеқашан.

D) Жанбады.

E) Ешқашан.

103. Ілгерінді ықпалды сөзді табыңыз.

A) Беру.

B) Жабу.

C) Секіру.

D) Ашса.

E) Ашу.

104. Түбір сөзді көрсетіңіз.

A) Кемпірқосақ.

B) Ағайын-жұрт.

C) Көк жүзі.

D) Тау.

E) Тау-тас.

105. Қосымшаның түрі нешеу екенін көрсетіңіз.

A) 2.

B) 3.

C) 4.

D) 1.

E) 5.

106. «Характеристика» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

A) Мінездеме

B) Хаттама

C) Қаулы

D) Қарар

E) Жарғы

107. Туынды сөзді табыңыз.

A) Айбындылық, ұрыншақ.

B) Мектеп, мол.

C) Сау, көр.

D) Бала, шәкірт.

E) Мұғалім, емтихан.

108. «Резюме» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

A) Түйіндеме

B) Өмірбаян

C) Мінездеме

D) Өтініш

E) Хабарландыру

109. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

A) Көк(құтан), көк(жиек).

B) Көк(шөп), көк(базар).

C) Қол(қою), сары(май)..

D) Ат(қора), қол(сұғу).

E) Көк(көз), көз(жұму).

110. Жалқы зат есімнің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Біркелкі заттардың жалпы атауы.

B) Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.

C) Заттың сынын білдіреді.

D) Нақтылы тануға болатын зат атуы.

E) Адамның ойлауы нәтижесінде танысатын атау.

111. «Сарт-сұрт», «тарс-тұрс» сөздерін қай категорияға жатқызуға болады

A) Еліктеуіш

B) Одағай

C) Шылау

D) Үстеу

E) Есімдік

112. Жедел сөзі үстеудің қай түріне жатады

A) Қимыл-сын

B) Мекен

C) Мезгіл

D) Күшейткіш

E) Мақсат

113. 1845 жылы қазіргі Семей облысының территориясында дүниеге келген қазақ  поэзиясының классигі кім?

A) Абай

B) Ыбырай

C) Шоқан

D) Мағжан

E) Шәкерім

114. Жалпы зат есімді белгілеңіз.

A) Байжан.

B) Теміртау.

C) Құлагер.

D) Адам.

E) “Ақжелкен” журналы.

115. Зат есімге лайық қатарды табыңыз.

A) Етістік.

B) Көмекші сөздер.

C) Бейтарап сөздер.

D) Еліктеу сөздер.

E) Есім сөздер.

116. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

A) Балықшы.

B) Кітапхана.

C) Әке.

D) Бұрғы.

E) Егін.

117. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.

A) Маңайда.

B) Клубтан.

C) Көркемөнер.

D) Мектептің.

E) Сөзге.

118. Тәуелденген зат есімді көрсетіңіз.

A) Үйлерге.

B) Қонақтар.

C) Атыңыз.

D) Темірсің.

E) Таумен.

119. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.

A) Баласын.

B) Жиенсің.

C) Студентпіз.

D) Келгенбіз.

E) Адаммын.

120. Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.

A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.

B) Кең болсаң, кем болмайсың.

C) Ол әрең келеді.

D) Абай қатты қуанды.

E) Мұның тамыры тереңде.

121. Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.

A) Ажарлы.

B) Шашыраңқы.

C) Күллі, тегіс.

D) Әкелді.

E) Келді.

122. Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.

A) Өнерлі өрге жүзер.

B) Айдар сымбатты болды.

C) Ала жаздай үй салумен болды.

D) Оқу үшін осында келдім.

E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.

123. Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын белгілеңіз.

A) Барғалы, аздыр.

B) Қалашық, айтқыш.

C) Өнерпаз, намысқой.

D) Пой-пой, пәлі.

E) Он жеті, елу мың.

124. Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.

B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.

C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.

D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.

E) Заттың мезгіл-мекенге қатыстылығын білдіретін сын есім.

125. Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз.

A) Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.

B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыратын сын есім.

C) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.

D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін білдіретін сын есім.

E) Заттың сынын білдіретін сын есім.

126. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.

A) Ағырақ, көкше.

B) Қуаң, бозаң.

C) Сұрша, бозғыл.

D) Аппақ, аса терең.

E) Сарғылт, күреңдеу.

127. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.

A) Ұп-ұзын.

B) Сұп-суық.

C) Үлкенірек.

D) Аппақ.

E) Тым биік.

128. Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.

Ен бір артық көркемсің.

A) Сен.

B) Бір.

C) Артық.

D) Жоқ.

E) Көркемсің.

129. Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.

Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.

A) Өлеңмен.

B) Сөзді.

C) Желдей.

D) Құйындатқан.

E) Жоқ.

130. Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.

A) Нешінші?

B) Қанша?

C) Нешеу?

D) Қай шамасы?

E) Нешеден?

131. Топтау сан есімін көрсетіңіз.

A) Үштің бірі.

B) Жүзінші.

C) Жетеу.

D) Жүз-жүзден.

E) Мыңдап.

132. Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.

A) Он төртінші.

B) Он төрт.

C) Төрт-төрттен.

D) Он-оннан.

E) Оннан екі.

133. Жинақтық сан есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Бес жерде бес – жиырма бес.

B) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

D) Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

E) Елу – ердің жасы.

134.  Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз.

A) Жиырмабес.

B) 25 ке толды.

C) 5 сынып.

D) 8наурыз.

E) 7-қазан.

135.  Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.

A) 23 қатар.

B) 105-мектеп.

C) 10 мектеп.

D) X

E) XX-ғасыр.

136.  Қате жазылған болжалдық сан есімді табыңыз.

A) 1000-дап.

B) 100-деген.

C) Сағат 5-терде.

D) 10 даған.

E) Қырық-елу.

137.  Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.

A) Сіз келесіз.

B) Атаның баласы.

C) Қалаға бару.

D) Көзбен көру.

E) Болат келді.

138.  Белгісіздік есімдікті табыңыз.

A) Бәріміз.

B) Баршамыз.

C) Біздің.

D) Қайсыбіреу.

E) Өзіміздің.

139. Сілтеу есімдігінің септелу түрін анықтаңыз.

A) Әркімдер.

B) Бұған.

C) Бәріне.

D) Маған.

E) Өздері.

140. Сілтеу есімдігінің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A) Олар, менмін.

B) Кетір, оқыт.

C) Соныңыз, мынауыңыз.

D) Ақшыл, сенсің.

E) Оған, маған.

141. Жалпылау есімдігін анықтаңыз.

A) Ана, мына.

B) Ақылды, бәрі.

C) Күллі, барша.

D) Түгел, ақылды.

E) Ата, сол.

142. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.

A) Заттың қимылын білдіреді.

B) Заттың атын білдіреді.

C) Заттың түрін білдіреді.

D) Заттың санын білдіреді.

E) Заттың көлемін білдіреді.

143. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.

A) Біз тыңдап отырмыз.

B) Олар келе жатыр.

C) Ол оқып отыр.

D) Мен мектептен келдім.

E) Ерік әдебиет оқып отыр.

144. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз.

A) Арман сабақ оқып отыр.

B) Балалар мектепте отыр.

C) Сен кешке кел.

D) Ол келмеді.

E) Сізді көрдім.

145.  Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз.

A) Оқы, көр.

B) Жасар, бірік.

C) Кір, шық.

D) Жүрді, тұрады.

E) Тұрды, отыр.

146. Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7