Ақсу ауданы білім саласы бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Ауданның білім саласының жұмысы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-ші шілдедегі «Білім туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2011–2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына бағытталған.
2016 жылы ауданда50 білім ұйымдары жұмыс жасады:
- 41 жалпы білім беретін мектеп ( 1 мектеп жанындағы интернат қосқанда);
(оның ішінде 24-і орта, 10-ы негізгі орта, 7-і бастауыш мектеп)
- 7 балабақша және 23 шағын орталық;
-2 қосымша білім беретін мекемелер:
(1.Сағабүйен ауылында «Саз» мектебі, 2. Жансүгіров ауылында
«Өнер» мектебі)
Жалпыға бірдей міңдетті орта біліммен қамту.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1997 жылғы 4-ші желтоқсандағы № 000 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердегі 6 жас пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, аудан бойынша әр елді мекендерде шағын аудандарды араланып, ауыл әкімдерімен келісе отырып, балаларды есепке алу жылына екі рет ретжүргізілді;(тамыздың 15 мен 15 қыркүйекке дейін,қаңтардың 10- нан ақпанның 10- дейін) 2016 жылы ұйымдастырушылық шараларының жоспарына сәйкес, оқушылардың толық сабаққа қатысуы қамтамасыз етілді;
Аудан бойынша шағын аудандардың саны -399 (2015 жылы-397)
Оқушы саны:
- 2016 жылы оқушы саны-6809 (2015 жылы-6600),(2017 жылы-7126) 1-4 сыныптар-3133; 5-9-2904;10-11-772; 0 – 18 аралығындағы балалар саны 12843 Білім сапасы: Білім сапасы 2016 жылдын қорытындысы бойынша – 54,9 (емтихандарды қосқанда). (2015 жылы-54,0) ( оқу жылының басында бала саны-6809) (оқу жылының аяғында бала саны - 6799) 1-4 сыныптар-3143, 5-9сыныптар -2876, 10-11сыныптар -780, бітірушілер саны-384
Үздіктер саны-1414; екпінділер - 2342
Мектепке дейінгі білім беру
2016 жылы ауданымызда 7 балабақша (941 бала), 23 шағын орталық (824 бала) жұмыс жасады. Олардағы тәрбиеленушілер саны-1765. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балалар саны-1772, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған бала саны-1500 . Аудан бойынша 3-6 жас балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 84,7 пайызды көрсетті. 9,6% 2015 жылдан жоғары.
«Кәусар» және «Қарлығаш» балабақшаларында инклюзивті біліммен қамтылған бала саны – 3.
2016 жылы жұмыс істеп тұрған шағын орталықтардан қосымша топ ашу арқылы:
Н. Есеболатов ауылындағы Н. Есеболатов атындағы орта мектебінде қосымша 25 орын, Көкөзек ауылындағы Қ.Терібаев атындағы орта мектеп ішіндегі 25 орынды шағын орталыққа қосымша 25 орын, Кенжыра ауылындағы Кенжыра орта мектебінің ішіндегі 25 орынды шағын орталыққа қосымша 25 орын, Арасан ауылындағы Б. Сырттанов атындағы орта мектебінде қосымша 25 орынды шағын орталықтарды күрделі жөндеу арқылы ашылды. (Барлығы 100 орын)
Мектеп жанынан шағын орталық ашу арқылы:Көшкентал орта мектебі жанынан 25 орынды, Алажиде ауылындағы Алажиде орталау мектебі жанынан 25 орынды, Молалы ауылы М.Әуезов орталау мектебі жанынан 25 орынды шағын орталық ашылды. (Барлығы 75 орын). 2016 жылы қыркүйек айында барлығы 175 орын ашылды.
Ақсу ауданыңда мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында Жансүгіров ауылдық округінен 50 орындық жекеменшік балабақша ашу ушін жер бөлініп отыр.
Педагогикалық кадрмен қамтылу
2016 жылы 1183 мұғалім аудан мектептерінде қызмет етті. (2015 жылы-1117 мұғалім болған) Жоғары санатты-176 мұғалім; бірінші санатты-347 мұғалім; 12-санатты-362 мұғалім; 523-жоғары, бірінші санатты ұстаздар. Барлық мұғалімдер санынан 44.2% құрайды. (2015 жылы - жоғары санат-148; І - санат-349; 12 санат-320)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы шыққан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 13 маман көтерме жәрдемақы алды -1млн 930 мың теңге, 7 маман тұрғын үй алуға бюджеттік несие алды 22 млн 258,5 мың теңге. (2015 жылы 15 маман көтерме жәрдемақы алды -2млн 930 мың теңге, 9 маман тұрғын үй алуға бюджеттік несие алды 23 млн 482 мың теңге.)
2016 жылы мектептерге орналасқан жас мамандар саны-56 (2015 жылы-40)
2016-жылы 48 маманға қажеттілік болды.36 маманға төмендеді. (2015 жылы-84 маманға қажеттілік болған)
«Жыл мұғалімі – 2016» байқауында Жансүгіров атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңіне қатысып, алғыс хатты иеленді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу
2016 жылы аудан бойынша мектеп бітірген түлектердің саны -384 (2015жылы-378)
2016 жылы ҰБТ бойынша орта балл –76,0 (2015 ж. – 74,8). 9 - «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің 5-і ақтады (55,5% ) (2015 жылы 12-дың 8-і ақтады-66,6%). Ерекше үлгідегі аттестатқа 8 түлек ие болды.(2015 жылы-4)
Халықаралық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздарының саны – 3 (Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының түлектері).(2015 жылы -3)
Грант иегерлері-104,(2015 жылы-90)
Үйде оқылатын мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс
Аудан бойынша 2016 жылы 17 мектепте үйден оқитын оқушылар саны – 34 (2015 жылы – 28). Оқушылар – жалпы білім, көмекші және ЗПР бағдарламаларымен үйден оқытылады. Үйден оқитын даму мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны – 27.
№ | Мектеп | Оқу бағдарламалары | Барлығы | |
Жалпы білім бағдарла масы | Көмекші бағдарлама | ЗПР бағдарла масы | ||
1 | Қ.Сәтбаев ат. о/мг. | 2 | 4 | 6 |
2 | Ж. Сыдықов ат. о/м. | 2 | 4 | 6 |
3 | Е. Сихимов ат. о/м. | 3 | 3 | |
4 | Қаракемер о/м. | 2 | 2 | |
5 | Матай о/м. | 1 | 1 | 2 |
6 | Ю. Гагарин ат. о/м. | 1 | 1 | |
7 | Е. Жайсаңбаев ат. о/м. | 1 | 1 | |
8 | Н. Есеболатов ат. о/м. | 1 | 1 | |
9 | Т. Тоқтаров ат. о/м. | 1 | 1 | |
10 | Жансүгіров ат. о/м. /Қ-А/ | 1 | 2 | 3 |
11 | Ғ.Мұратбаев ат. о/м. | 1 | 1 | |
12 | Б. Сырттанов ат. о/м. | 1 | 1 | |
13 | Сағакүрес н/м. | 1 | 1 | |
14 | Мамания о/м. | 1 | 1 | |
15 | Қарасу н/м. | 1 | 1 | |
16 | Қарашілік о/м. | 1 | 1 | |
17 | Көлтабан | 1 | 1 | |
18 | Шолақөзек б/м. | 1 | 1 | |
Барлығы | 15 | 18 | 1 | 34 |
Даму мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушылар мен олардың ата - аналарымен жоспарлы түрде іс – шаралар атқарылып отырады. Атап айтқанда – «Жұлдызай» шығармашылық фестивалі, «Жаныңда жүр жақсы адам», «Жақсылыққа жаным жақын» - кездесулер, балаларды қорғау күніне орайластырып «Аяулы алақан» акциясын өткізу дәстүрге айналған. Е. Сиқымов атындағы орта мектебінің базасында 2016 жылдың 13 қазанында «Жақсылыққа жаным жақын» тақырыбында кездесу, Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінің базасында 2016 жылдың 27 желтоқсанында «Қош келдің Жаңа жыл» шыршасы өткізілді.
Инклюзивті оқыту.
Аудан бойынша 2016 жылдың қыркүйек айындағы есеп бойынша даму мүмкіндігі шектеулі балалардың саны – 123. 2016 жылы 64 / 2015 жылы – 48/ оқушы, яғни жалпы оқушы санының 24 % инклюзивті білім берумен қамтылды.
Арнайы мамандары бар инклюзивті мектептер саны – 8, балабақшалар саны – 2. 2016 жылы 7 дефектолог, 5 логопед балалармен коррекциялық, дамытушылық жұмыстар жасауда.
Арнайы мамандар мен инклюзивті оқумен қатылған оқушылардың сандық мәліметі
№ | Білім мекемелері | Штаттық бірліктер | Инклюзивті оқытумен қамтылған оқушылар саны | |
дефектолог | логопед | |||
1 | Қ.Сәтбаев ат. о/мг. | 1 | 1 | 19 |
2 | Ж. Сыдықов ат. о/м. | 1 | 1 | 13 |
3 | Е. Сиқымов ат. о/м. | 1 | 1 | 8 |
4 | Б. Сырттанов ат. о/м. | 1 | 8 | |
5 | Ғ.Орманов ат. о/м. | 1 вакант | 4 | |
6 | Матай о/м. | 1 | 5 | |
7 | Жансүгіров ат. о/м. / Қ-А/ | 1 | 3 | |
8 | Е. Жайсаңбаев ат. о/м. | 1 | 4 | |
Барлығы | 7 | 5 | 64 |
Ғ.Орманов атындағы орта мектепте логопед штаттық бірлігі вакантта.
Ақпараттандыру
Аудан бойынша 5 мектеп (Қ.Сәтбаев ат ОМГ, Ж. Сыдықов, Е. Сиқымов, Жансүгіров /Қ-ш/, Ғ.Орманов ат. ОМ) кең ауқымдағы ғаламтор желісіне қосылып, «E-learning» электронды оқыту жүйесі енгізіліп, 6 мектепте ОН-ЛАЙН жұйесі бойынша Қ.Сәтбаев ат ОМГ, Ж. Сыдықов ат ОМ, Е. Сиқымов ат ОМ, Мамания, Жансүгіров /Қ-ш/, Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектептері тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
2015 жылы 6 мектеп «Білім-медия груп» ресурсына қосылды (Қ.Сәтбаев ат. ОМГ, Ж. Сыдықов, Е. Сиқымов, Жансүгіров /Қ-ш/, Ғ.Орманов, Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектептер).
Балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында заман талабына сай мектептердің барлығы интернет желісіне қосылған. 2015 жылы мектеп директорларының сұраныстарына сәйкес аудан мектептеріне 90 ноутбук әкелінді. Компьютерлер саны – 1813, бір компьютерге 5,3 оқушыдан келеді.
Ауданымыздың 34 мектебінде 89 интерактивті тақта орнатылып, жаңа модификациялы 54 кабинет бар:оның ішінде 16 мектепте жаңа модификациялы физика (45,7 %), 9 мектепте биология (25,7 %), 12 мектепте химия (22,8 %) және 17 мектепте (48,5 %) мультимедиялық-лингофонды кабинеттер.
2016 жылы 12 млн. теңгеге 31 мектепке мультимедиялық проектор жылжымалы тақталарымен алынды. Ауданың 12 ШЖМ мектептеріне 2 комплектіден компьютерлермен проекторлар мен жылжымалы тақтамен жабдықталды.
Тасымалдауды ұйымдастыру
2016 жыл: 49 елді мекеннің 11 елді мекенінде мектеп жоқ, оның біреуінен («Казсельхозтехника» ауылы) - 25 бала тасымалданады және міндетті орта білімді алу мақсатында тиісті мектебі жоқ 4 елді-мекеннен Шолақөзек-8, Таусамалы-22 (Энергетик), Қызылжар-12, Ақтоған-17 (Заречное) ауылдарынан 59 бала орта мектептерге тасымалданады. Барлығы 84 оқушы тасымалданады.(2015 жылы-89 бала)
Тасымалдайтын автобус(газельдер) саны–5,оның 4-уі білім беру мекемелерінің газель - автокөліктері.
Қызылжар ауылынан Ю. Гагарин атындағы орта мектебіне тасымалдайтын автобус жалға алынып отыр.
Ресурстық орталық
Аудан бойынша 41 мектептің 26-і шағын жинақталған мектеп(63.4%), ондағы оқушы саны - 1845.
Жалпы орта білімнің қолжетімді болуы және білім сапасын көтеру мақсатында ауданымызда 2011 жылы Е. Сиқымов атындағы орта мектебінің базасында ресурстық орталық ашылып, жұмыс жүргізілуде. Тірек мектептер: Қ.Терібаев атындағы орта мектебі (директоры Е. Ноғайбаев), Қаракемер орта мектебі (А. Жазылбекова), Т. Тоқтаров атындағы орта мектебі (К. Базарбаева), Қарашілік орта мектебі (А. Урисбаев)
Ыстық тамақты ұйымдастыру
2016 жылы26 мектепте асхана жұмыс жасады. Ондағы балалар саны 6146, яғни 86,2% және 409 аз қамтылған балаға (100%) тегін ыстық тамақ берілді.(2015 жылы тегін ыстық тамақ-510 аз қамтылған балаға берілді)
2016 жылы міндетті оқу қорынан ыстық тамақ бөлінген қаражат-19 млн.747 мың.(409 оқушыға)Ауданның 3 мектебінде қоғамдық тамақ ұйымдастырылған (Е. Сиқымов, Көшкентал орта, Сағакүрес орталау мектептері).
41 мектептің 12 мектебінің ғимараттары бейімделіп салынғанына байланысты ыстық тамақты ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ (мектеп асханаларын қосымша салу қажет етеді).2017 жылы-27 асхана жұмыс жасайды. 2017 жылы Е. Сиқымов атындағы орта мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылды, тегін ыстық тамақ 13 оқушыға беріледі.
Тегін ыстық сүтпен қамту
Аудан бюджетінен 2 млн. 933 мың. 300 теңге бөлініп - Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы, Ж. Сыдықов, Е. Сиқымов, Қ.Терібаев, Н. Есеболатов атындағы және Қаракемер орта мектептерінің 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық сүт берілді. Ондағы балалар саны 894 (2015 жылы -969).(2015 жылы 2 млн. 700 мың) 2017 жылы 3 млн 600 мың тенге бөлінді.
Міндетті оқу қоры
2016 жылға – 34млн. 823 мың 800 теңге: тамақтануға – 19 млн.747 мың 200 теңге (409 бала); сауықтыру мен демалысқа – 8 млн. 420 мың теңге (400 бала); киім-кешекке – 7 млн.656 мың 800 тенге (469 бала).2015 жылға міндетті оқу қорына бөлінген қаражат - 25 млн.185 мың тенге.2017 жылға бөлінген қаражат-37млн.261 мың.тенге.: тамақтануға – 19 млн.747 мың 200 теңге (409 бала); сауықтыру мен демалысқа – 8 млн. 420 мың теңге (400 бала); киім-кешекке – 7 млн. 656 мың 800 тенге (469 бала).
Білім беру нысандарының құрылысы және күрделі жөндеу туралы
12-жылдыққа көшу мақсатында білім саласы бойынша жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда. 2015 жылы Е. Сиқымов атындағы орта мектебінде қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаражат 613 млн. 500 мың теңге.
2016 жылдың қыркүйек айында осы мектептің (Е. Сиқымоват. ОМ) базасында 81 балаға арналған мектеп жанындағы интернат ашылды.
2016 жылы Қапал ауылында Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектебін күрделі жөндеуыаяқталуда (бөлінген қаражат – 93 млн.950 мың теңге) және Көшкентал (3млн.415 мың 180 тенге),Б. Сырттанов атындағы орта мектептерінің қазандықтары жаңадан қойылды (5 млн445 мың) , Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебінің жылыту қазандығын сыртқа шығарылды (бөлінген қаражат 2 млн.787 мың 600 теңге).
2017 жылға жоспарланды:Тарас негізгі орта мектебіне қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары(бөлінген қаражат 6 млн.993 мың теңге) және бұған қосымша 120 орынға Қарагөз ауылындағы Б. Садырбайұлының мектебінің ғимараты қайта салынуы.
Қосымша білім беру мекемелері:
Ақсу ауданы әкімдігінің И. Исабаев атындағы «Өнер мектебінде» 2016 жылы 397 бала оқыды.2016 жылының қыркүйек айынан бастап, 8 оқушы олардың 5 оқушысы қобыз мамандығы бойынша, 3 оқушы вокал мамандығы бойынша қабылданып, «Өнер мектебінде» 405 бала дәріс алуда. Сағабүен саз метебінде-110, барлығы-515, қамтылу-7,2 пайыз (7126 оқушыдан) Филиал-кластары Қапал, Көкөзек, Б. Сырттанов,Қарашілік ауылдарында ашылған.
Оқушылардың жетістіктері
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды негізге ала отырып, алған білімдерін кез–келген ортада пайдалана білетін, дарынды балалармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2016 оқу жылында аудандық пән олимпиадасына 568 оқушы қатысты. Барлығы 209 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық пән олимпиадасына 25 оқушы қатысып, оның 21-і (84%) жүлделі орындармен марапатталды. (2015 жылы 21 оқушы қатысып, оның 14-і (66%)
«Дарын» ғылыми жобаның облыстық кезеңіне 21оқушы қатысып, нәтижесінде 14 оқушы жүлделі орынға ие болды.(2015 жылы-11 оқушы қатысып, нәтижесінде 11 оқушы).Облыстық Кіші ғылыми-практикалық конференциясына 16 оқушы қатысып, барлығы 11 жүлделі орындарға ие болды. (68,7%)
Жансүгіров атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерғазы Жансая физика бағыты бойынша Республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді, жетекшісі Муналбаева Жазира Рымкабыловна.
V облыстық Махамбет оқуларына Қарашілік орта мектебінің 9 сынып оқушысы Заманбек Назерке қатысып 2 орынды иеленді.
2016 жылы Қ.Сәтбаев ат. о/мг-ның оқушылары Мұрат Сымбат халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба жарысында I орынды, Нұрғалымов Нұр, Смағұлов Еділ халықаралық «Адам-Жер-Космос» ғылыми зерттеу жоба жарысында III орынды, жеңіп алды.
Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуындаІIІ орынды Егінсу орта мектебінің 7 сынып оқушысы Бердалы Еркебұлан иеленді.
Ұстаздардың жетістіктері:
Облыстық «Үздік ауыл мектебі-2016» байқауының жеңімпазы Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектеп - гимназиясы иеленді. (1 орын). Республикалық, Облыстық, байқаулар: | ||||
Р/с | Байқаудың аты | Орыны | Мұғалімнің аты-жөні | Мектебі |
1 | Облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауы | I орын | Қ.И. Сәтбаев ат. ОМГ ұжымы | |
2 | «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» облыстық байқауы | I орын | Егінсу ОМ | |
3 | «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-2016» облыстық байқауы | III орын | Н. Байсерикова | Мамания ОМ |
4 | Облыстық «Үздік қосымша білім беру мекемесі-2016» байқауы | II орын | Отызбекова Маржан | Өнер мектебі |
5 | Облыстық «Үздік бастауыш сынып-2016» байқауы | номинация | Жиенбаева Айнагүд Нұрболатқызы | Е. Сиқымов ат. ОМ |
6 | Облыстық Менделеев олимпиадасы (химия пәнінен) | II орын | Құнайып Әсетбек | Б. Сырттанов ат. ОМ |
7 | "Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе - уақыт талабы" II Республикалық Педагогикалық оқулары | II орын | ЖұмахановБекболатЖұмаханұлы | Аудандықәдістемеліккабинеті |
8 | II орын | Е. Сиқымоват. ОМ | ||
9 | III орын | ӘлімғалиеваЖаухарӘлімғалиқызы | Н. Есеболатоват. ОМ | |
10 | III орын | ИсабековаАйгүлКәрібайқызы | Қарашілік ОМ | |
11 | «С. Мұратбеков шығармашылығы: ұлттың рухани-мәдени дамуындағы рөлі, әдебиеттану мәселелері және педагогикалық ізденіс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурс | I орын | БайтухановаШолпанДайырбекқызы | Жансүгіроват. ОМ /Қ-ш/ |
12 | I орын | ҚауысовЕлжасМухаметсапаевич | М. Маметоваат. ОМ | |
13 | II орын | БайболовАдилетАсхатулы | Қ.Сәтбаеват. ОМГ | |
14 | Үздік "Activ Studio" облыстық байқауы | II орын | ШатырбаеваГүлжанСейілханқызы | І. Жансүгіроват. ОМ /О-н/ |
15 | "Үздік география пәні мұғалімі" облыстық байқауы | II орын | ҚыдырханұлыЖарас | Көлтабан НМ |
16 | "Үздік математика пәнінің мұғалімі" облыстық байқауы | III орын | ХасеноваАйгульХасеновна | Қ.Сәтбаеват. ОМГ |
17 | Қ.Бітібаеваның технологиясы үлгісінде «Абай және Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытудың инновациялық әдістемесі» облыстық байқауы | III орын | БайтухановаШолпанДайырбекқызы | Жансүгіроват. ОМ /Қ-ш/ |
18 | "Үздік информатика пәнінің мұғалімі" облыстық байқауы | III орын | НүсіповЕрнарКененбайұлы | Егінсу ОМ |
19 | "Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2016" облыстық байқауы | III орын | Мамания ОМ | |
«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт - 2015» Республикалық педагогикалық байқауы | номинация | ФазылжановаЗауреЕсимжановна | Қ.Сәтбаеват. ОМГ | |
20 | « Мәңгілік ел-ұлттың ұлы мұраты» тақырыбында өткізілген облыстық эссе байқауы | II орын | ЖұмахановБекболатЖұмаханұлы | Аудандықәдістемеліккабинеті |
21 22 | «Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі» тақырыбында өткізілген облыстық байқауы | II орын | АдильбековаАнарБолатовна | Ғ.Ормановат. ОМ |
II орын | КыдырмановСакенСерикович | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ | ||
23 | «Педагогикалық олимп» атты облыстық байқауы | I орын | Мамания ОМ | |
24 | II орын | ЖанболатоваЖазира | Матай ОМ | |
25 | «Үздік тарихшы-2016» облыстық сырттай байқауы | I орын | Омаров Еркеғали | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ |
26 | Облыстық «Үздік тәрбиеші-2016» байқауы | номинация | ЕрмековаАрдақБейсембековна | «Қарлығаш»балабақшасы |
27 | Облыстық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің портфолиосы» сырттай байқауы | III орын | ҚыдырмановаАрдагүлНұрхановна | Е. Сиқымоват. ОМ |
28 | Облыстық «Үздік математика пәні мұғалімі» сырттай байқауы | II орын | МолдағалиеваГүлмираАмирхановна | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ |
29 | Облыстық «Бастауыш сыныпта оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі» тақырыбында өткізілген педагогикалық оқу | II орын | Ж. Капышева | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ |
30 | II орын | Н. Шорина | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ | |
31 | III орын | А. Амангельдина | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ | |
32 | III орын | А. Нургалиева | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ | |
33 | III орын | Л. Турусбекова | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ | |
34 | III орын | М. Рахимберлина | Қ.И. Сәтбаеват. ОМГ | |
35 | III орын | Естібаева Эльмира Даулетовна | Жансүгіроват. ОМ /Қ-ш/ | |
36 | « Үздік психолог-2016» облыстық байқауы | номинация | А. Чинибекова | І. Жансүгіроват. ОМ |
Жазғы демалыспен қамту
Ақсу ауданы бойынша 2016 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалуы, денсаулығын нығайту, жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру барысында Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы «2016 жылдың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы» № 000 қаулысы басшылыққа алынып Ақсу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 000 қаулысы негізінде комиссия құрамы және іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жазғы каникул бірегей білім беру үрдісінің бөлігі болып табылатындықтан, демалыс кезеңі де балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі
тартымды шаралармен толықтырылғаны жөн. Үстіміздегі жылы сауықтыру демалысы мен уақытты мәнді өткізудің барлық түрлерімен және жұмыспен 6449 оқушы қамтылды. Оның ішінде сыртқы лагерлерде демалатын балалардың саны 500. Мектеп жанындағы алаңдарда - 2420. Мектеп жанындағы спорттық, өлкетану және жаз кезінде тіл үйренуге қамтылған бала саны 1246. Қосымша 1112 бала мектеп алаңындағы көгалдандыру учаскелерінде, 35 бала құрылыс-жөндеу бригадаларында, 77 оқушы ата-аналарымен бірге және 124 бала аула клубтарына қамтылса, 50 бала әр түрлі мекемелердегі клубтарға және қызығушылықтарына байланысты үйірмелерге қатысты. Сонымен қатар 1760 бала туристік жорықтар мен экскурсияларға шықты.
Жазғы кезеңде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, толық емес, аз қамтылған, мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылар балаларын, өмірде қиын жағдайға тап болған, мүгедек және даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін жолдамалармен қамтамасыз ету бірінші кезекте тартылды.
2016-2017 оқу жылында 31 қазан – 6 қараша аралығында 18 оқушы Түркістан қаласына туристтік саяхатқа жіберілді.
Бөлім басшысы


